Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі.

Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі.

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

hello_html_m137c184d.gifhello_html_m137c184d.gifhello_html_m137c184d.gifhello_html_mcd93880.gifhello_html_m7b8a45a.gifhello_html_16993b68.gifhello_html_m8b18c51.gifhello_html_m7eb9587.gifhello_html_m7eb9587.gifhello_html_232ef58b.gifhello_html_m27167b31.gifhello_html_m76351563.gifhello_html_1bd738d1.gif






































C:\Users\Кайрат\Desktop\фоны\жыртылдақ\57887161barre-tag16-gif.gif

«Балаға тәрбиені өзінің шамасында

жаратылысына қарай беру керек.

Жас бала-жас шыбық. Жас күйінде

қай түрде иіп тастасаң, өскенде

сол иілген түрінде қатып қалмақ.

Теріс иіліп қалған шыбықты

артынан түзейміз десеңсындырып

аласың. «Баланы бастан» деген

сөздің мәнісі осы».

М.Жұмабаев.

Алғы сөз


Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту-болашақта балаға әрекеттің түрлерін және құндылықтарын, сонымен бірге, ұлттық мәдениетті меңгеруге мүмкіндік беретін базистік мәдениетті қалыптастырудың іргетасы.

Баланың сабаққа деген қызығушылығының тұрақтылығын, үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және көмектесу үшін, тек ойын тәсілдері,ойындық жағдаяттар, қозғалыс жаттығуларын, дидактикалық ойындарды ғана қолданып қоймай, сонымен қатар, сабақтар мазмұндарында баланың белсенділігін арттыру үшін, бала әрекетінің түрлерін ауыстырып қолдану керек.Бұл жинаққтағы сабақтардың мазмұны қоршаған орта, қоғамдық өмірдегі құбылыстар,сөздерді еркін қолдануды,өз пікірін айтуды,салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлануды үйренеді.Сөздік қоры, тіл байлығы артады, сюжеттік әңгімелер құру қабілеті дамиды.


C:\Users\Кайрат\Desktop\фоны\жыртылдақ\57887161barre-tag16-gif.gif


«Таным» білім беру саласы. Экология негіздері.

Тақырыбы: Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі

Мақсаты:

1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.

3. Табиғатты аялауға баулу.


Сөздік жұмыс: жем, нан қиқымдары, кептірілген жемістер,үйшіктер.


Сабақтың көрнекілігі: жылжымалы тақта.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.

Балалармен бірге Ө. Тұрманжановтың төмендегі өлең жолдарын қайталап, бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды.

Кел, балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген некерек,

Көңілді боп жүрейік.

-Балалар өзіміз айтқан өлең жолдарындағыдай көтеріңкі көңіл күймен сабағымызды бастайық.

1. Мен сендерге Т.Молдағалиевтің бір өлеңінен үзінді оқып берейін. Сендер мұқият тыңдап өлең не туралы жазылғанын табыңдар.





-1-

hello_html_m1302b277.gif

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Қыс.

Қыстың ерекшелігі туралы әңгімелеу.

2. «Құстар» дидактикалық ойыны. Шарты: суреттер бойынша құстарды екі топқа топтастыру. Отырықшы және жыл құстары.

hello_html_65ce6689.gif

-2-

hello_html_mf2f999c.gif



hello_html_m2426b81a.gif

-3-

3. «Құстар қалай қыстайды?» ертегісін оқып беру.

hello_html_2e060d2f.gif

-Ертегіде қандай құстар туралы айтылған? Өздерің құстарға қалай көмектесесіңдер?

Балалар сұрақтарға жауап береді,бір-бірінің жауаптарын толықтырады.


-4-

4.Жаңылтпаш жаттау.

Тоқ тоқылдақ

Теректі тоқылдатпайды.


5.Балалар өздері білетін жұмбақтарын жасырады.

6. Балалар құстар атына байланысты еркелететін сөздерді айтады: Көгершінім, Балапаным, Бұлбұлым, Сұңқарым, Қараторғайым т.б.

Сабақты қорытындылау: Балалардың білімін бекіту үшін төмендегідей сұрақтар қойылады.

1.Біздің өлкемізде қандай құстар қыстап қалады ?

2. Олардың тіршілігі туралы әңгімеле ?

3. Қыстап қалатын құстарға адамдар қандай көмек көрсетеді ?

Күтілетін нәтиже: құстардың қысқы тіршілігі оларға қамқорлық туралы өз көзқарасының болуы.

Білуі тиіс: қыстап қалған құстарға қамқор бола білу.

Түсінігі: жыл құстары мен ұшып кететін құстардың айырмашылығын түсіну.

Көрсете білуі: тапсырмаларды дұрыс орындап көрсету.



-5-

lines14

«Қатынас» білім беру саласы. Сауат ашу.

Тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Ә дыбысы мен әрпін таныстыру. Ә әрпіне байланысты сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату, сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: жылжымалы тақта, суреттер т.б.

Әрекет кезеңдері: Тәрбиешіңің әрекеті. Баланың әрекеті.
І. Ұйымдастыру бөлімі.

-Сәлеметсіздерме балалар. Бүгінгі сауат ашу сабағы өзгеше өткелі отыр, оған себеп, бүгін бізге қонаққа апайлар келіп отыр.Солармен амандасып алайық.

ІІ. Психологиялық дайындық.

Қайырлы таң досым.

Қайырлы күн болсын.

Жеті күннің әр кезі,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!


Шаттық шеңберінде тұрып жаттығу жасайды.



-6-

Ұйымдастырушылық, ізденушілік.

-Апайлармен бірге бізге қонаққа әже де келіп отыр. Ол кісі сендерден көмек сұрай келіпті. Әженің Әсет және Әсел деген екі немересі бар екен. Әкі бала ауыл сыртындағы орманға саңырауқұлақ теруге шығып адасып кетеді. Сол балаларды тауып беруіміз керек. Қане әжемізге көмектесеміз бе?

-Иә.

-Ол үшін балалар сендер менің сұрағымды мұқият тыңдап, жауап беріп отырыңдар

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру. «Кім зерек?» ойыны (сұрақ-жауап)

-Өткенде қай әріппен таныстық?

-І дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?

-Неге дауысты дыбысқа жатқызамыз?(ереже)

-Қане, сол Ідыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші.

C:\Users\Кайрат\Contacts\Pictures\2014-05-03\001.jpgC:\Users\Кайрат\Contacts\Pictures\2014-05-03\002.jpgC:\Users\Кайрат\Contacts\Pictures\2014-05-03\003.jpg

-Жуан айтылып тұр ма, жіңішке айтылып тұр ма?

-Дыбыс деген не? (Дыбысты естиміз, айтамыз)

-Әріп деген не? (Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз)

Өте дұрыс, біз әжемізге көмектесуге дайынбыз.


-7-

-Әжеміз келе жатса алдынан бір үлкен өзен шығыпты. Бұл кісіні өзеннен өткізу үшін тапсырма орындауымыз керек.

«Өзеннен өту».


C:\Users\Кайрат\Contacts\Pictures\2014-05-03\006.jpg

Жұмбақтың шешеуін дұрыс шешшеңдер әже өзеннен өтеді.

-Бұрап қойған сағаттай

Айқайлайды таң атпай.(әтеш)

Жарайсыңдар балалар біз әжемізді өзеннен өткәіздік.

-Әтеш сөзі қай дыбыстан басталып тұр?

-Ә дыбысынан. –Бүгін Ә дыбысы және әрпімен танысады екенбіз.

-Ә дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Бұны білу үшін бәріміз Ә деп әндетейік.

-Қандай дыбыс екен? –Дауысты

-Ә ауыз мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болатын жіңішке дауысты дыбыстың таңбасы. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады.

-8-


Өзеннен өтіп орманға келдік.

-Орманды қане көз алдымызға елестетейікші.

(балалар өз ойларын айтады)

-Қандай аңдарды білетін едік?

-Олай болса әжеге кедергі келтіріп тұрған әрі қарай орындап біз әжеге көмектесейік.
C:\Users\Кайрат\Contacts\Pictures\2014-05-03\011.jpg

І-аң қасқыр.

Қасқырдың тапсырмасы: Әәрпінен сөз ойлау, дыбыстық талдау жасау,буынға бөлу.

-Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз.Ә әрпінен басталатын сөздер ойлап, дыбыстық талдау жасаймыз.(дыбыстық талдау)

-Ән, дәрі,әтеш, әке –Өте жақсы.

-Қасқырдың сыйластық жақсы сөзі: Жолың болсын!

Сергіту жаттығуы:

Орнымыздан тұрайық,

Көгершінге ұқсайық.

Кәне қанат қағайық,

Орнымызды табайық.

-9-

Әдемі етіп, жазайық.

Келесі кедергіде тұрған аң-

hello_html_24deded5.png

Қоянның тапсырмасы: оқулықпен жұмыс.

Қоянның сыйластық сөзі: «Саған сәттілік тілеймін!»

Келесі кездесетін аң-аю.

hello_html_mf1ca831.png

Аюдың тапсырмасы: «Ажырату».

а) Сөздерді буынға бөліп көрсет.

Әншілер, әпкелер, бәйшешек.

ә) Буындардан сөз құрау.

ән-ші, кә-рі, шә-лі, т.б.

Аюдың сыйластық сөзі: «Рахмет сау бол!»

Дыбысты біз айтамыз, естиміз.

Әріпті біз жазамыз, көреміз.

-10-

Әріптің баспа, жазба түрі бар. Біз мектепалды даярлық тобында баспа түрімен танысамыз.

Ә әрпін мен тақтаға жазып көрсетемін сендер соны мұқият қараңдар:

Ауада жазу, тақтада жазу.

Дәптермен жұмыс.

Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз. Балалар өткен дыбыстарды еске түсіріп, дауысты, дауыссызын ажыратады. Сұрақтарға жауап береді.

Қорытындылау: -Мінеки, балалар, біз сендермен әжей мен немерелеріне көмектестік. Біз әрқашан әже ақылын тыңдап, әдепті, әдемі, мейірімді болып өсеміз.Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап.Әженің сыйлығы ретінде жұлдызша тарату.

Мұғалімнің айтқанын

Мықтап миға тоқимыз.

Бар ынтамен тыңдасақ,

Кілең беске оқимыз.

Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі: Ә дыбысы мен әрпі туралы ақпарат алды.

-11-

Баланың меңгеруі: дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырату әдісін меңгерді.

Баланың жасай алуы: Өз бетімен оқуды, жазуды үйренді.



lines14

Таным білім беру саласы.Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Сабақтың мақсаты: Балалардың 10 көлемінде сандық есептеу,дағдысын дамыту , сандарды тура және кері санау, сандар көршісін атау, көп,аз,тең таңбалары арқылы сандарды салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту; балалардың тілін дамыту, білімге деген құштарлығын арттыру.
Көрнекілік: суретер, үлестірмелі материалдар ,геометриялық пішіндер.
Әдіс- тәсілдер: шаттық шеңбері, сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, теңестіру, салыстыру, дамытушы ойындар, сергіту жаттығуы.
Мотивациялық қозғаушы: Балалар, бүгін бізде ерекше күн! Бүгін біздің топқа қонақтар келіпті, кәне амандасайық. Ең алдымен бәрімізге нұрын шашып тұрған Күнмен амандасайық.
Сәлем деймін күнге мен!

Сәлем деймін мен саған!

-12-

Сәлем деймін апайға. 
Қонақтарға, баршаға.
-Балалар , енді орнымызға отырайық. Балалар, казір жылдың қай мезгілі?
-Қыс айлары: желтоқсан,қантар,ақпан.
-Балалар,казір қыс мезгілінің кай айы?
-Балалар, қыс айларын кім атап береді? 
-Қазір қыс мезгілінің ақпан айы.
-Балалар қыста қандай өзгерістер болады?
Қыста қар жауады,боран соғады, аяз болады, күн суық болады.Адамдар жылы киінеді.
-Балалар , біз бүгін сабақта әдеттегідей санап, есептеп шығармай саяхатқа барамыз.
Бірақ біз өзіміз барсақ көңілсіздеу болады, өзімізбен бірге достарымызды ала кетейік.Ал саяхатқа біз кімді алып кететінімізді сендер казір жұмбақ шешуін тауып білесіңдер.
Жұмбақ
Тегіс домалақ
Сырты қызарыңқырап әдемі болып піскен.
Терезе алдына суытып қойған.Бұл қай ертегі кейіпкері? \Бауырсақ\

hello_html_m173d677.png

-13-

Бауырсақ домалап көк майсалы жерлерден, кең далалы егістіктерден өтеді. Осылай домалаған күйі қалың қараңғы орманға келеді. Алдынан қоян шығады. C:\Users\Кайрат\Contacts\Pictures\2014-05-03\017.jpg
-Бауырсақ: Сәлеметсіз бе?
-Қоян: Сәлемет пе! Бауырсақ, мен сені әрі қарай жібермеймін.
-Бауырсақ: Қоян, мені жіберші.
-Қоян: Жарайды, егер сен менің тапсырмамды орындасаң мен сені жіберемін, ал егер орындамасаң жеп қоямын. 
Балалар, Бауырсаққа көмектесеміз бе?
Қоян, Бауырсақ келіңдер, балалармен бірге тапсырманы орындайық. 
1-тапсырма. 1-ден 10-ға дейін тура және кері санайық. 
2 – тапсырма.Қажет сандарды тауып орналастыр, 5,6 санының құрамын табу.
3-тапсырма. 4 санының алдында қай сан тұр?
5-тен кейін қай сан тұр?
2 мен 4 ортасында қандай сан тұр?
-14-

6 санының көршілері қай сандар?
4-тапсырма .Көлде балықтар жүзіп жүр екен. Кәне, балалар,балықтарды аулайық.
Балықтың сыртына жазылған тапсырмаларды орындайды.
5-тапсырма.4 қоян мектептен келе жатыр, кенет оларға аралар шабуыл жасайды.2 қоян қашып әрең құтылады. Қанша қоян қаша алмай қалды? \2\
-Жарайсыңдар,Қоянның тапсырмасын орындадыңдар.Қоян,саған тапсырманың жауабы ұнады ма?
Қоян: Өте жақсы ұнады.Бауырсақ, мен сені әрі қарай жіберемін.
Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен домалап,келе жатса оның алдынан Қасқыр шыға келеді.



-Бауырсақ: Сәлеметсіз бе?

-Қасқыр: Сәлемет пе! Сен менің тапсырмамды орындауың керек, әйтпесе мен сені жеп қоямhello_html_52f4396.pngын.

-15-

-Балалар, Бауырсаққа көмектесеміз бе? Қасқырдың тапсырмасы мынадай. 
1.Бұлар қандай пішін. /Тіктөртбұрыш, ұшбұрыш,дөнгелек,\
2.Төртбұрышта неше бұрыш бар?\4\. 
3.Үшбұрышта неше бұрыш бар?\3\ 
4.Дөңгелекте бұрыш болама ?

-Жарайсыңдар! Бауырсаққа Қасқырдың тапсырмаларын орындауға көмектестіңдер. Енді әрі қарай саяхатымызды жалғастырамыз.
Сергіту сәті: «Ұзын құлақ сұр қоян».

Баурсақ орман ішімен домалап келе жатса оған Аю кездеседі.

C:\Users\Кайрат\Contacts\Pictures\2014-05-03\015.jpg


Аю: Бауырсақ, мен сені жеймін.
Бауырсақ: Жеме мені, Аю. 
Аю: Жарайды, тек бір шартым бар . Егер сен маған заттарды салыстыруға көмектессең сонда мен сені жемеймін. 

-16-

-Салыстыруға қандай таңбаларды қолданады?\көп, аз, тең\
-Жарайсыңдар,балалар! Бауырсақа Аюдың тапсырмаларын орындауға
көмектестііңдер.Ол риза болып Бауырсақты жібереді. Бауырсақ домалап-домалап Түлкіге кезікті.
-Енді сен менен кете алмайсың, балалар да саған көмектеспейді.-дейді Түлкі Бауырсаққа.
-Көмектесеміз бе,балалар?\иә\
-Заттардың санына қарай цифрды қой.
-Балалар,Түлкі өзінің бейнесін құрастыруды ұсынады.





-Қандай пішіннен құрастырдың? Түсі қандай... 
-Ал енді Түлкі Бауырсақты жіберуіне тура келеді, өйткені Бауырсақ барлық тапсырманы дұрыс орындады. Ал оған көмектескен сендерсіңдер, балалар. 
Қорытынды.
Балалар, бүгін сабақта не істедік?
Олай болса енді өздеріңнің сабақта орындаған жұмыстарынды бағаландар.Егер сабақ сендерге қызықты болған болса,онда күнді көтеріңдер.


-17-

Ал егер бір жері дұрыс болмаса, онда бұлтты көтеріңдер.

Бүгінгі сабақты көмектескендерің үшін Бауырсақ сендерге алғысын білдіреді.

lines14

«Қатынас» білім беру саласы. Көркем әдебиет.
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы:
Қарлығаш пен Дәуіт (ертегі).
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ертегіні тыңдата отырып, Қарлығаш адамға дос құс екенін, Дәуіттің адалдығын балаларға түсіндіру. Балаларды бір-біріне көмектесуге, қиналған кезде жәрдем беруге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, сахналау.
Сөздік жұмыс: дәуіт, жардың қуысы, амалы таусылып.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Қарлығаш, дәуіт, көкек, жыланның суреттері.
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. 
Балаларға жұмбақ жасырылады.
Жұмбақ:
Қонып алып жарға, қарқылдайды ... ( қарға) 
Өзі жасыл әрі батыр, ол не? ... (дәуіт) 
Өзі қара, бауыры ақ, ол не? ... (қарлығаш) 
Дәптермен жұмыс: «Қарлығаш пен Дәуіт» ертегісін балаларға оқып таныстыру.

-18-

Қарлығаш пен дәуіт

Бір қарлығаш жардың қуысына ұя салып, өмір сүріпті.Қанаты қатпаған балапандары анасы азық әкелуге кеткенде, шыдамсыздана күтумен болады екен. Бір күні балапандарын жемекке қарлығаштың ұясына жауыз жылан өрмелеп шығып бара жатады.



C:\Users\Кайрат\Contacts\Pictures\2014-05-03\018.jpg

Мұны көрген қарлығаш аспан мен жерді шарлап, шыр-шыр етіп , балапандарына арашашы іздейді. Көкектен көмек сұрай барса:

hello_html_2959b088.jpg



-19-

-Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы жатырмын, уақытым жоқ-дейді көкек.

Одан шығып, қарғаға барса:

C:\Users\Кайрат\Contacts\Pictures\2014-05-03\020.jpg

-Үйленгелі жатырмын мазамды алма,-дейді .

Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келе жатады. Бір кезде дәуітті көреді.Дәуіт қарлығаштың шыр-шыр еткен дауысын естіп:

C:\Users\Кайрат\Contacts\Pictures\2014-05-03\021.jpg

-Достым неге зарлайсың?-деп сұрайды.

Қарлығаш сонда:

-Жауыз жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп жетіп қалды.

-20-

Соған не істерімді білмей жүрмін,-деп, қарлығаш көзінің жасын төгіп-төгіп жібереді.

- Олай болса, мені жеткіз тезірек,-дейді дәуіт.

C:\Users\Кайрат\Contacts\Pictures\2014-05-03\022.jpg

Қарлығаш қанатын тосады. Олар көзді ашып-жұмғанша қарлығаштың ұясына жетеді. Жылан ұяға тақап қалған екен. Дәуіт пен қарлығаш енді бір сәтке кешіксе, балапандарды қылғып сап, жұмсақ ұяда масайрап, ұйықтамақшы екен.

Дәуіт аяғымен шаба тырнап, жыланның екі көзін ағызып жібереді.Жауыз жылан сылқ етіп жерге құлап түседі де, мерт болады.

C:\Users\Кайрат\Contacts\Pictures\2014-05-03\023.jpg

-21-

Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болыпты. Содан бері талай заман өтсе де екеуі бір ұяда тұрып, бірге өмір сүреді екен.Балаларды ертегі желісі бойынша рөлдерге бөліп, ойнату.
Бекарыс – Жылан
Балжан – Қарлығаш
Еркежан – Қарға
Нұрай – көкек
Ернұр– дәуіт
Ертегінің мәтіні бойынша сахналық қойылым ойнатылады. Қойылымның соңына қарай балаларға қайталау сұрақтары қойылып, не түсінгендері сұралады.
- Қарлығаштың ұясы қайда орналасқан?
- Жылан не үшін келді?
- Қарлығаш көмекке кімді шақырды?
- Көкек не деді?
- Қарға ше?
- Дәуіт не істеді?
- Қарлығашқа кім көмектесті? 
Тыйым сөздер: сурет бойынша сызбамен жаттау. 
Құстың ұясын бұзба! 
Құстың балапанына тиіспе! 
Құсқа тас лақтырма!
Сергіту сәті:


-22-

Қане қанат қағайық, қарлығаш боп ұшайық, 
Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық. 
Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонайық, 
Сауысқан боп секіріп, тоқылдақ боп шоқиық.
(Қимылмен көрсетеді). 
Дидактикалық ойын: «Ұшты-ұшты».
Ойын шарты: «Ұшты-ұшты қарлығаш ұшты» деген кез¬де балалар қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты айтқанда, қолдарын көтермеуі керек.
Тазша балалармен бірге ойнайды. Өз ризашылығын білдіріп, ертегілер еліне қайтады.
Қорытынды:
- Қарлығаш - адамға дос.
- Дәуіт - адал, достарына көмектеседі.
- Қиындықта достарыңа көмектесу керек.

lines14

«Шығармашылық» білім беру саласы. Мүсіндеу. Сабақтың тақырыбы: Ұйқыдағы мысықтар.

Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: әртүрлі көлемдегі цилиндрден құрастыру; мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру; ұқыпты істеуге үйрету. Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Керекті құралдар мен материалдар:

-23-

Ойыншық мысық, мысықтың суреттері, мысықтың ермексаздан жасалған үлгісі, ермексаз, тақтайша, таяқша.

Балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, таяқша,

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

1.Балалар шеңбер құрып, тәрбиешімен бірге мына өлең жолдарын қайталайды.

Қуан, шаттан, алақай ,

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Жұмбақ жасыру.

Маған тура қарайды,

Бәлкім қамқор санайды.

Ертең гісін тұра сап,

Беті қолын жалайды./ Мысық/.

http://shygys-mysyk.org/wp-content/gallery/kitteng/img_6458.jpghttp://shygys-mysyk.org/wp-content/gallery/kitteng/img_6470.jpg

Кіріспе әңгіме: балалармен бірге мысықтың дене құрылысын, түсін анықтау. Денесін, басын, аяқтарын әртүрлі көлемдегі цилиндрден мүсіндеуге болатынын түсіндіру.

-24-

2.Түсіндіру:ермексаздан ұйқыдағы мысықтың жасалу жолын ретімен көрсете отырып, мүсіндеу тәсілін түсіндіру.

C:\Users\Кайрат\Contacts\Pictures\2014-05-04\002.jpg

Кесек қызыл сары және жарты кесек қоңыр ермексазды жұмсартып алып, қызыл сары ермексазды бірнеше бөлікке бөліп алу.

C:\Users\Кайрат\Contacts\Pictures\2014-05-04\003.jpgC:\Users\Кайрат\Contacts\Pictures\2014-05-04\006.jpg

Қызыл сары ермексаздан домалақ - басын, цилиндр - мойнын, цилиндр - денесін, шұжық аяқтарын (4 дана), цилиндр - құйрығын, үшбұрышты кішкентай шелпек - құлақтарын дайындау.Қоңыр ермексаздан жіңішке шұжық пішінді жолақтар жасап алу.

-25-

Денесін, мойнын, басын біріктіріп, біріктірілген жерді саусақтың көмегімен тегістеу.

Аяғын денесімен біріктіру.

Құйрығын біріктіру.

Жолақтарды жапсыру.

Қара ермексаздың кішкене бөлігінен домалақтап мұрнын жасап алып, басына біріктіру.

Тіс шұқығыш шидің көмегімен көзін, аузын салу.

Оқушыларға мүсіндеу жолдарын айтқызу.

C:\Users\Кайрат\Contacts\Pictures\2014-05-04\007.jpg

3. Өзіндік жұмыс : Балалар жұмыс дәптеріндегі мүсіндеу жұмысының орындалу ретіне қарап, ұйықтап жатқан мысықтың дене мүшелерін ермексаздан илеп біріктіреді, мүсіндейді. Балалар мысықтың түсін қалауларынша өзгертулеріне болады.

-26-

Оқу іс-әрекетін қорыту.

Балалардың жасаған жұмыстарын қарап, мүсіндеген мысықтарын балаларға көрсетіп, бағалау, талдау, мысықтарына ат қойғызу,оларды қандай қамқорлыққа алатындарын айтқызу.

Көрме ұйымдастыру. Жұмыс орнын ретке келтіру.Ойыншық жысықтармен эстафеталық ойындар ойнату.

lines14

Әдептілік-әдемілік

«ертеңгілік»

Мақсаты: «Әдептілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Әдептілік,сыпайылық, ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру.

Сыйластық қарым қатынас дағдыларын дамыту.

Ізеттілікке,сыпайылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қоржын, әр түрлі сюжетті суреттер т.б. Барысы:

Тәрбиеші: -Балалар! Бүгін мен сендерді әдептілік әлеміне шақырамын. Онда ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, адал, еңбекқор балалар туралы айтамыз. Білер қазақ баласы: Сәлем«» - сөздің анасы. Қане балалар, біз кімдермен қалай амандасатынымызды өлең жолдарымен айтып берейік.

-27-

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз,

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

-Сәлеметсіз бе, ағай!-, деп,

-Сәлеметсіз бе, апай!-деп.

--Есенсіз бе, әжей! -деп,

-Амансыз ба,атай!-деп,

Ұл-қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз.

Отырса егер қарсы алда

Жасы келген қарт адам:

-Ассалаумағалейкүм!-

Деп, ұсынып қос қолын,

Ұлдар жасар өз жолын.

«Жақсы сөз-жарым ырыс »-дейді халық,

Әрқашан жүргей соны есіңе алып.

Мектепке біз барғанда,

Жолыққан бар жандарға

Ертемен ақ пейілмен:

«Қайырлы таң!» -деймін мен.

Күндіз де елді елеймін:

«Қайырлы күн!» -тілеймін

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!»-деп, кіремін.

-Мұғалім: үй іші дастарқан басына жайғасар кезде жасы кішілер үлкен адамдар отырып болғанша күте тұруы керек. Нан турасып, ыдыс-аяқ қойысуға, көмектесуге болады. Тамаққа үлкендерден бұрын кірісуге болмайды. Асқа отырғанда, үйдегі үлкен

-28-

адам наннан бастап, «бисмилла иррахман иррахим» деп, дәм татады.

Дастарқанның басында

Әдептен біз озбаймыз:

Үлкендердің қасында

Қолды бұрын созбаймыз

Дастарқан басында өзгелердің тәбетін бұзатын қылық жасама.

Тағамды табаққа езгілеп, берекесін алма, қисынсыз әңгімелер айтпа.

Ас үстінде көп сөйлеп, көп күлуге болмайды.

Тамақ ішер кезде енді

Сөйлемейміз, күлмейміз,

Астан басқа өзгені

Елемейміз, білмейміз!

-Көпшілік ортасында қатты сіңбіру, мұрынды шұқу және түкіру ұят болады.

Жануарларға тән нәрсе адамдарға жарспайды.

Ол үшін қол орамал бар емеспе?

-Ал, көлікте ше?

Автокөлік ыңғайлы-автовусқа мінемін,

Онда қалай отырып-тұру мәнін білемін:

Кимелемей,итермей,алға қарай өтемін,

Билет алып жайғасып,аялдамамды күтемін.

Әдептілік әлібін әр кез сақтап жүремін,

Егер кірсе қарт адам,тұрып, орын беремін.


-29-

Мұғалім: Баспалдақта алысып-жұлысу және оның қанатымен сырғанау әдептілік емес әрі аса қауіпті.

Баспалдақта далақтап,

Ұшып -қонғанҚалтақбай

Сырғанап кеп ,қанаттан

Ұшып түсті қалпақтай.

Мұғалім:-Ал мектепте?

Сабаққа кешігіп келу ұят –ақ

Кешіксе балалар сабаққа,

Сансыз сылтау келтірер:

Бірде барып су баққа,

Бірде «адасып кеттім »- дер.

-Ал сабақта ше?

Бала атанба мазасыз,

Сабақта отыр алаңсыз.

Мұғалімді тыңдағын,

Бейбастықтық қылмағын.

Көңілге ерте сен тоқы,

Ең кішкентай оқушым:

«Оқы,оқы және оқы!»

Оқу- байлық,бақ, күшің!

-Балалар, мына қоржынның ішінде не бар екен көрейік? Бірнеше сұрақтар беріліпті.

Тек алынатын жауап сыпайы сөз болуы тиіс екен.

Сұрақтар:

1. Айдос пен Марат сыныпта қатар отырады мараттың қаламы үйде қалып қойған Ал Айдостың алдында екі қалам тұр. Марат үндеместен Айдостың бір қаламын алды да жаза бастады.

-30-

Мараттың не істегені дұрыс еді? (Рұқсат па? ,Алуға бола ма?)

2. Айнұрдың кітабы қолынан жерге түсіп кетті . Оны көріп тұрған Бекжан жүгіріп келіп кітапты көтеріп, Айнұрдың қолына ұстатты. Айнұр үндеместен кетіп қалды.

Айнұр не деп айтуды ұмытты? (Рақмет)

3.Қанат жүгіріп келе жатып, партада тұрған Айжанның кітабын жерге түсірді. Ол үндемей жүгіре жөнелді.Қанаттың орнында болсаңдар, не істер едіңдер? (Кешіріңіз!)

-Балалар, олай болса мына тақтадағы жеміс ағашына бүгінгі үиренген,келешекте үнемі қолданып жүретін «сыпайы сөздерді» ілейік.

Ол сөздер: (Сәлеметсіз бе! Қайырлы таң! Қайырлы күн! Кеш жарық! Рұқсат па? Алуға бола ма? Кешіріңіз!

-Балалар, бүгін біз әдептілік,сыпайылылық жайлы сөйлестік. Әдепті сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтып жүрелік.

Бүгінгі сабағымызды «Балдырғандар әнін» бірге шырқай отырып аяқтаймыз.

Балдырғандар әні

Сөзін жазған О.Әубәкіров

Әнін жазған Ш.Қалдаяқов

Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.

-31-

Қайырмасы:

Өмір тым жайдары,

Қызықтың қайнары,

Отаным гүлденіп, жайнайды.


Біз-Отанның балдырған ұлдарымыз,

Әдептілік, батылдық-ұранымыз.

Қайырмасы:


lines14

Біз мектепке барамыз
«ертеңгілік»
Зал мерекеге сай безендірілген. Көңілді әуен естіліп тұрады.
Жүргізуші:
- Құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, 1-сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасқалы отыр. Мектепалды даярлықпен бітіруші түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық.
Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа енді жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер!
Айналайын балалар,
Алда Мектеп-Ана бар,
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар
Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

-32-

Қоштасатын кешімізді біз бастайық.
Жүздеріңде көркем шаттық арайы
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың
Ән: «Біз мектепке барамыз» қабыл алыңыздар.
1-бала: Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз

2-бала: Мектепке енді барамыз,
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз
Апайға келіп тұрамыз.
Жалқаубек жүгіріп келеді. Балалар Жалқаубекті қоршап, «Жалқаубек» әнін орындайды.
Жалқаубек: -Балалар, ойын ойнайықшы. Мен жалғыз өзім ішім пысып, сендерді іздеп келдім. Міне, менде көп ойыншық бар. Келіңдер,ойнайық.
Балалар Жалқаубекке бұл ісінің дұрыс емес екенін, өздерінің мектепке баратындарын айтады.
Мұғалім: - Қане, олай болса, Жалқаубекті апайымызға тапсырайық. Ал, біз Жалқаубек жуынып, тазаланып келгенше ән айтайық.
Ән: «Әжемнің шәйі».
Жүгіріп оқушы келеді. Қатарласа Жалқаубек келеді.
Оқушы: - Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен, сендерді өзіммен бірге мектепке ертіп кетуге келдім. Сендер қандай ақылды, тәртіпті баласыңдар. Жолда Жалқаубекті көріп оны да ала келдім. Ол да мектепке барғысы келеді екен.
Жүргізуші: - Балалар, осы мектепалды даярлықта әр күндерің қызықты өтуін қадағалап отырған


-33-

апайларыңа арнаған тілектеріңді, әндеріңді, билеріңді ортаға паш етіңдер!
3-оқушы: Ұстаздардың ұстазы,
Тәрбиенің ұстасы,
Тәрбиеші апайға,
Ырза шеше, әке де.
Бізде мұнда әрдайым
Бәрі-бәрі дап-дайын.
Қамымызды ойлаған
Апайымызға мың алғыс!
«Асатаяқ» биі.
4-оқушы: Талай-талай баспалдақты аттармыз,
Ата-ананың үмітін де ақтармыз.
Апай сізден алған ақылды
Есімізде өмір-бақи сақтармыз.
Хор: «Білімім бұлағым».
Саят: Даярлықтағы күндерді
Есімізде сақтаймыз.
Апай сіңірген
Еңбегіңізді ақтаймыз.
5-оқушы: Баулып, баптап өсірген,
Балалық істі кешірген
Тәрбиелік сөздеріңізді
Ұмытпаймыз өздеріңізді.
6-оқушы: Күннен-күнге біздер өсіп барамыз,
Үлкен болып қиындықты жеңеміз
Сіздердің біздер үшін сіңірген
«Еңбектеріңіз еш болмайды» деп сенеміз.
Апайларға мың алғыс!
Жүргізуші: -Балалар, сендерге кішкентай бөбектер ән, билерін ала келіпті. Қане, өнерпаздарға кезекті берейік.
-34-

«Көбелек »биі.
«Бауырсақ» ертегісінен сахналық көрініс.
6-оқушы: «Шығыс биі».
7-оқушы: Тіс ауырса, іш ауырса,
Бізге дәрі береді.
барлық бала, барлық ана
оны жақсы көреді.
Ән: «Ерте,ерте,ертеде».
«Жігіттер биі» барлық ер балалар билейді.
Ойын: «Күн шуағы» Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, күннің айналасына шуақтарын жапсырады
Жүргізуші: - Жарайсыңдар, балалар! Міне күн құрастырдыңдар. Әрқашан күн сөнбесін! Күн шуағы сіздерге нұр сыйласын! Сапарларың сәтті болсын!
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені, - дегендей түлектердің орындауында
«Атамекен» әні.
Би:»Қыздар биі»
Ән: «Қуыршағым»
Би: «Балдырғандар вальсы»
Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Мектеп алды даярлық қош-сау бол!
Жүргізуші: - Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті.


-35-

Сіздерге ақ жол тілеймін, балалар. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер!

lines14


Мектепалды даярлық тобында балаларды дамытуға арналған ойындар мен жаттығуларды

сабақ үрдісіне ендіру

Бала тәрбиесі-ұрпақ тәрбиесі, үлкен маңызы бар мәселе. Мектепке дейінгі ересек балаларды мектепте оқуға даярлау-мектепке дейінгі мекеменің басты міндеттерінің бірі. Мектепке бару- бала өміріндегі маңызды оқиға. Мектептегі оқу-баладан дайындықты талап ететін қиын еңбек.

Өз мінез- құлқын басқару, оны негізгі мектеп ережелеріне бағындыру, өзін қоршағандардың ойымен келісу, кездескен қиындықтарды жеңу-бұл мектептің болашақ бірінші сынып оқушысына қойылатын талаптардың бірі. Осы талаптарды орындау үшін ол ұйымшылдық, өз бетімен жұмыс істей алу, табандылық, тәртіптілік сияқты адамгершілік-еріктік қасиеттерін иемделуі қажет.

Мектептегі оқуға дайындық дегеніміз-балалардың арнайы оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруі және оқушылар ұжымына енуі үшін алға шарт жасау. Бала мектепте оқуы үшін жалпы және арнайы дайындықтан өтуі қажет. Жалпы дайындық баланың дене және психикалық дамуына қарай анықталады. Арнайы дайындық баланың ақыл-ойына салмақ түсіретін .пәндердің негізі болып табылатын білімді, ұғымды, іскерлікті игеруі.


-36-

Мектепке дейінгі шақтағы оқыту-балалардың үйрену қабілетін дамыту, оларды қарапайым білім жүйесімен таныстыру мақсатында жүзеге асады.

Мектепалды даярлық сыныбында сабақтар түрлері тақырып мазмұнына қарай анықталады. Ал оның сапалы болу-сабақтың жүиелі құрылған жоспарына, бала мен тәрбиешінің ынтымастығына байланысты.

Сабақты жоспарлауда мұғалімнің білімділігі, ізденімпаздығы, жаңа технологияларды қалай меңгергені,педагогикалық шеберлігі үлкен роль атқарады. Сабақ үстінде баланың көңіл-күйін, зейінін әрекеттерін бақылау, қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа баулу, ойлануға, талдау жасауға үйрету, танымдық, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мұғалімге байланысты. Бүгінгі мұғалім өз рөлінің қандай екенін сезінуі керек. Ол баланы жігерлендіруші, қуат беруші. Сабақ уақытында мұғалім әр баланың жеке ерекшіліктерін, мүмкіндіктерін ескеруі қажет.

Мектепалды даярлық тобындағы тәрбие-мектептегі сабақ үрдісімен мақсаттас болғанымен, тұрпаты бөлек жұмыс. Мұндағы дидактикалық мақсаттар төте жолмен тікелей атқарылмайды. Олар ойын, серуен, әңгіме барысында жүзеге асырылады. Халық даналығындағы: «ойнай білмеген, ойлай да білмейді, ойында озған -өмірде де озады »

-деген аталы сөздің сырына жүгінсек мектепалды баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп есейгенде де жалғаса береді.Ойын- баланың негізгі әрекеті. Ойын үрдісінде бала өзін қоршаған үлкендер сияқты,

-37-

өзінің сүйікті әңгімелері мен ертегілеріндегі кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолдану мен бірге ойлауға, шығармашылығын байытуға бағыт алады. Ойын мен жаттығулар бала белсенділігін арттырады, дүние танымын кеңейтеді,сөздік қорларын молайтады.Ойын барысында сыныптағы барлық балалардың қатысуына ерекше көңіл бөлген дұрыс.

Мен ойындар мен жаттығуларды барлық сабақтарда кеңінен пайдаланамын. Мысалы: баланың зейінін аудару қабілетін дамыту мақсатында төмендегідей жаттығулар жүргізуге болады. Балаларға әр түрлі сөздерді атау. Аю,ешкі, қасық, үстел, дәптер, кітап,орман, қоян т.б. Аңдарды білдіретін сөздерді айтқанда қол соғады. Балалар шатасса тапсырманы қайталау керек. Екінші көкөністерді атаған кезде екі рет қол соғады. Үшінші суреттен көкөністерді, жемістерді ажыратып көрсету. Мұндай ойындарды жарыс түрінде балалар тобымеен жүргізген қызықты. Зейінді шоғырландыруды дамыту жаттығулары. Суреттер 10 шақты. 2жұбын салыстыру. Анықтап қара не көріп тұрсың? Не бар ? Не жоқ ? Сұрақтары арқылы зейінін шоғырландыруға болады. Бірінші суретте ағаш, екіншісінде де ағаш. Біріншісінде жапырақ, мысық отыр. Екіншісінде жапырақ бар, мысық жоқ. Сол сияқты әр түрлі суреттерді салыстырып, жұмыс жасау. Суреттер көрсетіп бірінші бөлігі боялғандай, екінші бөлігін бояту. Оқи алатын балаларға әр жолда 10 әрптен 5жол бар. Осы жолдағы әріптерден сөз құрату. Зейіннің тұрақтылығын дамыту барысында балаларға шағын жазылған мәтін беріп а дыбысының астын тауып

-38-

қарындашпен сызуға болады. Уақытын, қатесін белгілеу жарыс түрінде өткізуге болады.

Қабылдауды дамыту және қалыптастыру жаттығулары.

  1. Балаларға түрлі заттар бейнеленген суреттер ұсынылады. Баланың бұл затты білетіндігін тексеру қажет. Содан кейін кез келген сөзді айтып , баладан сол дыбыстан басталатын затты көрсетуін талап ету қажет. Мысалы: Сүт десе сиырдың суретін көрсетеді. Себебі екеуі де «с» дыбысынан басталады.

  2. Балаға геометриялық фигуралар салынған суреттерді көрсету. Оларды анықтау, атау білмегенін мұғалім өзі түсіндіруі қажет. Келесі жолы геометриялық пішіндерді (қиылған) топтастыру тапсырылады. Төрт бұрыш қанша? Үшбұрыш қанша? Шаршы нешеу? Дөңгелек нешеу? Жеке-жеке іріктеледі.

Ойлауды дамыту жаттығулары.

1. Балаларға көкөніс пен гүлдердің суретін көрсету. (бірнешеу) . Олардың атын атау, санату. Көкөністер қанша? Гүлдер нешеу?

2. Сөздерді айту, жалғастыру. Күн жарық, түн қараңғы. Машина жүреді, ұшақ ұшады. Балық суда жүзеді, жылан жорғалайды. Сауысқан шықылықтайды, ит үреді т.с. с. Баланың өзіне жалғастырту.

Ой жылдамдығын дамыту жаттығулары.

1. « Менің не айтқым келеді?» ойыны. Алғашқы буынға сөз қосып сөз құрау. Мысалы: ба-та, ба-ла, ба-ға,ба-ла-пан. Мұндай ойындар балалардың ойлау қабілетін жетілдіру мен қатар,

-39-

тапқырлығын, тілдік, сөйлеу белсенділігін арттырады. Артық сөзді тап, артық суретті тап ойындары да ойлау қабілеттерін жетілдірууге де көмегін тигізеді.

Балалардың логикалық ойлауын дамытуға арналған жатттығулар.

Мысалы: Көкөністер мен жеміс-жидектер берілген.

Балалар жеке іріктейді, санайды, екі корзинаға бөліп салады. Салыстырады, екеуі тең екенін анықтайды т.б .

Есті дамыту жаттығулары.

Бір өлең шумағын оқып таныстыру, екі жолын айту, қайталау арқылы есте сақтау қабілетін дамытамыз. «Телефон» « Мен қапқа салдым», «Кім жылдам?»

« Күн мен түн » ойындары арқылы да баланың есте сақтау қабілетін дамытуға болады.

Қиялды дамыту жаттығулары.

Ойлан тап ойыны. Бір қимылды көрсету қажет. Мысалы: Қоянның секіргені, аюдың қорбаңдап жүргені.

Еркін сферасын қалыптастыру және дамыту жаттығулары.

Мысалы: Әр түрлі геометриялық пішіндерді бояу. Сызықтан аспай бояулары қажет. Бала ұқыпсыздық жасаса жүмыс тоқтатылып, қайта басталады. Бұл іс-әрекетті ерікті реттеуінің, онша қызықты емес үздіксіз

жұмысты орындауда шыдамдылық танытудың жоғарғы көрсеткіші.

-40-

Сауат ашу пәні бойынша әріптер және дыбыстар мен танысқан кезде Сыр сандық ойынын қолдандым. Дыбыс сөздің басында кездеседі.(бірінші сандыққа) , сөздің ортасында кездеседі (екінші сандыққа), сөздің соңында кездессе (үшінші сандыққа) дыбысқа қатысты суреттерді салу.Қолды соғу ойыны өткен дыбысты қайталау барысында қолдануға болады. Мысалы: «Т »дыбысынан басталатын сөздерді атағанда қолдарын шапалақтайды, басқа сөзді айтқанда тоқтайды. Ойын осылай жалғаса береді. Немесе шарларға әріптер жазылып тақтаға ілінеді. Ішінен өткен әріптерді анықтайды, көрсетеді.Сөздер құрап, хормен оқиды. Қонақ келді ойыны арқылы буынға әріпті қосып, сөз құратуға болады. Буынға буын қос ойыны арқылы да сөз құрайды. Текшелер арқылы дыбыстардың дауысты және дауыссыз екенін анықтайды. Дабыл соғу, Кім жылдам, Өзжауабыңды тап, Қол соғу тағы басқа ойындар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Сонымен қатар жұмбақтар жасыру, жаңылтпаштар айтқызудың да бала тілін дамытып, ойлау қабілеттерін жетілдіруге тигізер әсері мол.

Сауат ашу пәні бойынша сөз, сөздерді буынға бөлу, сөйлем құрау мақсатында: Бүгін бізде қонақта, Өз орның ды тап, Кім жылдам?, Күн мен түн ойындарын қолданып, түрлі суреттер, ойыншықтарды пайдаланып сабақты қызықты өткізуге болады.

Математика пәні бойынша үлкен –кіші, биік-


-41-

аласа, алдында- артында, соңында ұғымдарымен танысқанда ертегілер желісімен өткізген өте тиімді. Мысалы: Шалқан ертегісінің мазұмынын түсіндіріп, ондағы атасы , немересі, күшік, мысық, тышқанның орнын ажыратып, осы ұғымдарды түсінуін тереңдетемін. Үш аю ертегісі бойынша ыдыстарды салыстыра отырып әр түрлі ұғымдармен балаларды таныстыруға болады. птер жазылып тақтаға ілінеді. Ішінен өткен әріптердітайды, көрсетеді.Сөздер құрап, хормен оБаланың ойын кезіндегі қимыл -қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, іс-әрекеттегі амал-тәсілдері ой-сананың дамуына ықпал етеді. Ал қарым-қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным, түсінік, мінез-құлық әдептерін бекітуге әсер етеді.

Баланың жан-жақты дамуына ойындар мен әр түрлі жаттығуларды сабақта қолданудың тигізер әсері мол. Мектепалды даярлық сыныбында жүргізілетін сабақтар, ойындар мен жаттығулар арқылы қызықты өткізілсе, баланың ойлау, қиялдау, қабылдау, есте сақтау қабілеттері жақсы дамып, жан-жақты жетіледі,белсенділіктері артады.











-42-

Пайдаланған әдебиеттер



І.Педагогикалық ізденіс Құрастырушы И.Н.Баженова-Алматы. Рауан.1990ж.

2.Әдептілік-әдемілік. Алматы кітап. 2004.

3.Баланы мектепке дайындаймыз. Астана-Қарағанды 2003.

4. «Балбөбек» бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының республикалық баспа бөлмесі. - Алматы қ., 1999.

5. Е. Өтетілеуов, «Балақай» - Алматы қ.: Жалын баспасы, 1986 ж.

6. «Кел, ойнайық» (Әлем балаларының ойындары). Құрастырған және аударған Қ. Толыбаев. - Алматы: Өнер, 1990.









-43-

Мазмұны













Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту.



Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңының негізгі міндеттерінің бірі баланың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттесе, Қазақстан Республикасының дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған білім беру кеңістігін туғызуды талап етеді. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативтік – құқықтық құжаттары адамның шығармашылығын дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Сондықтан жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын әрбір адамның жаңа білімді игеруіне, интеллектісі мен ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. [1]

Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті үрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлей мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Дамыта оқытудың да басты мақсаты баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.

В.Д.Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық – бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін-өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады».

« Шығармашылық » сөзінің төркінң «шығу», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Көрнекі психолог Л.С. Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған.

Шығармашылық дегеніміз – адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену керек.

Баланы жастайынан шығармашылық өнеріне қалай баулу керек? Оның жолдары, әдіс – тәсілдері, мазмұны қандай? Психологтардың зерттеуі бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай ерекше қабілет, бейімділік бар екен.

Сонымен оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталмақпыз:

  • Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл – күй тудыру арқылы оқушылардың назарын бір нәрсеге бағыттау керек.

Яғни, оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін, үнемі шығармашылық тапсырма – міндеттер, жаттығу, ойын түрінде ұсынған жөн.

  • Шығармашылық жатығу, ойын – тапсырмалардың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек.

Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: бірінші – «сәтсәздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген қорқыныш сезімі, екінші - өзіне - өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшінші – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдары:

  • Оқушылардың шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау;

  • Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсіру үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс – тәсілдерді қолдау болып табылады.

Олар мынадай:

  • Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау;

  • Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру;

  • Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу;

  • Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын мәтін әңгіме құру);

  • Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу;

  • Қиялдау арқылы сурет салғызу;

  • Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру;

  • Ой шапшаңдығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру;

  • Мәтін, әңгіме, ертегіні өз бетінше аяқтау.

Ал, сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жұмыс түрлері:

  • Мұражайға апару;

  • Әртүрлі кездесулер өткізу;

  • әртүрлі тақырыпта пікірталас, сайыс өткізіп, алған әсерлерін шығарма етіп жаздыру;

  • Балаларға арналған журналдарды сабақ кезінде үнемі пайдалану.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуше зор әсерін тигізеді.

Бала бойындағы қабілетті ашу – оқушының шығармашылық бағытта дамуына жеке мән беру болып табылады.

Шығармашылық жұмыстар оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.



Мәселен, тірек сөздер беру арқылы жұмбақ құрау.

_ _ _ _ _ _жұмсақ, Тоны сондай жұмсақ,

_ _ _ _ _ _қорқақ. Өзі бірақ қорқақ. (Қоян)



_ _ _ _ _ _домалақ, Резеңке домалақ,

_ _ _ _ _ _домалап. Тоқтамайды домалап. (Доп)



Берілген сөздерді солдан оңға қарай оқы,жаңа сөз жаса: қыран – нарық, есек – кесе, сүт – түс.

Ертегі құрауға үйрету.

Ертегіні құрауға қойылатын талапта әңгіме құрауға қойылатын талап секілді. Тек ерекше назарда болатын нәрсе ертегі болу үшін өмірде болмайтын, орындалмайтын ғажайып нәрселер, оқиғалар жүзеге асып жатуы керек.

А) «Терек пен алма ағашы» ертегі тұтас беріледі.

Қарт бағбан ерте көктемде бақтың ортасынан ыңғайлы жер сайлап, терек пен алма ағашының талдырмаш шыбықтарын отырғызыпты. Құнарлы жерге түскен әрі күтімі жақсы жас ағаштар демде – ақ көгеріп, бүршік атып, жапырақ жая бастапты. Бірнеше жылдан соң, олар жайқалған үлкен ағаштар болып шығады. Терек ағашы болса, бұтақтарын кең жайып, ақ гүл жарады.

Есейе келе бұлардың арасындағы бұрынғы достық суыса түседі.Терек өзінің биіктігіне мақтанып, алма ағашына менсінбей қарайды. Тіпті бірге өскен досына өктем сөйлейтін болды.

Ал алма ағашы өте әдепті еді. Ақылсыз досын кешіріп, терекке күнде күн шапағымен бірге амандасады екен.

Алма ағашы күні бойы жас гүлдерін мәпелеп, уақыттың қалай өткенін білмей қалады.Ал терек мойынын көкке созып, мақтанумен болады.

Ә) Ертегі желісін оқушылар өз ойларымен жалғастырады. Тірек сөздер: бағбан, қызы, алма ағашы, терек, балта.

Б) Кейіпкерге мінездеме Венн диаграммасы арқылы сипаттама беріп, салыстырады.

Осындай жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға зор үлесін тигізеді.

Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқушыларын танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын арттыра түседі.











Қолданылған әдебиеттер



  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007ж.

  2. C.Қ.Мұхамбетова. Педагогика. Ақтөбе:- 2006ж

Г.Нұрахметов.Шығармашылық жұмыстар – оқушының қозғаушы күші./Бастауыш мектеп/ №























Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Краткое описание документа:

«Таным» білім беру саласы. Экология негіздері.

Тақырыбы: Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі

Мақсаты:

1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.

3. Табиғатты аялауға баулу.

Сөздік жұмыс: жем, нан қиқымдары, кептірілген жемістер,үйшіктер.

Сабақтың көрнекілігі: жылжымалы тақта.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.

Балалармен бірге Ө. Тұрманжановтың төмендегі өлең жолдарын қайталап, бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды.

Кел, балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген некерек,

Көңілді боп жүрейік.

-Балалар өзіміз айтқан өлең жолдарындағыдай көтеріңкі көңіл күймен сабағымызды бастайық.

1. Мен сендерге Т.Молдағалиевтің бір өлеңінен үзінді оқып берейін. Сендер мұқият тыңдап өлең не туралы жазылғанын табыңдар.

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Қыс.

Қыстың ерекшелігі туралы әңгімелеу.

2. «Құстар» дидактикалық ойыны. Шарты: суреттер бойынша құстарды екі топқа топтастыру. Отырықшы және жыл құстары.

3. «Құстар қалай қыстайды?» ертегісін оқып беру.

-Ертегіде қандай құстар туралы айтылған? Өздерің құстарға қалай көмектесесіңдер?

Балалар сұрақтарға жауап береді,бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

4.Жаңылтпаш жаттау.

Тоқ тоқылдақ

Теректі тоқылдатпайды.

5.Балалар өздері білетін жұмбақтарын жасырады.

6. Балалар құстар атына байланысты еркелететін сөздерді айтады: Көгершінім, Балапаным, Бұлбұлым, Сұңқарым, Қараторғайым т.б.

Сабақты қорытындылау: Балалардың білімін бекіту үшін төмендегідей сұрақтар қойылады.

1.Біздің өлкемізде қандай құстар қыстап қалады ?

2. Олардың тіршілігі туралы әңгімеле ?

3. Қыстап қалатын құстарға адамдар қандай көмек көрсетеді ?

Күтілетін нәтиже: құстардың қысқы тіршілігі оларға қамқорлық туралы өз көзқарасының болуы.

Білуі тиіс: қыстап қалған құстарға қамқор бола білу.

Түсінігі: жыл құстары мен ұшып кететін құстардың айырмашылығын түсіну.

Көрсете білуі: тапсырмаларды дұрыс орындап көрсету.

Общая информация

Номер материала: 283176
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>