Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Қысқа мерзімді сабақ жоспары "ДК сәулетінің даму бағыты" (6 сынып)

Қысқа мерзімді сабақ жоспары "ДК сәулетінің даму бағыты" (6 сынып)



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Информатика 6- сынып қысқа мерзімді жоспар 8- сабақ


Сабақтың тақырыбы: ДК сәулетінің даму бағыты

Мақсаты: ДК сәулетінің даму бағыты туралы мағлұмат беру

Күтілеті нәтижесі: ДК сәулетінің даму бағыты туралы мағлұмат алады, зерделейді

Әдістер: Зерттеушілік әңгіме, еркін талқылау, «инсерт» стратегиясы, Кері байланыс «Блоб ағашы» Формативті бағалау, жұбын бағалау ББТЗО

Ресурстар: Оқулық. Жұмыс дәптер

Электрондық оқулық

Оқулық информатика 11 Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов

Блум

таксономиясы

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті


1 мин

Сергіту сәті-логикалық сұрақтар беріледі



І. Білу.

7 мин.

ІІ. Түсіну.

15 мин.


Өткен сабақты пысықтау

  • Есептеу техникасы— ақпаратты өңдеу мен есептеудің математикалық процестерін механикаландыру және автоматтандыру үшін қолданылатын техника және математикалық құрал- жабдықтар жиынтығы.

  • Ең ерте есептеу құралы- есепшот.

Есептеу техникасының дамуына үлес қосқан ғалымдар

  • Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет «қосу машинасын» құрастырды.

  • Вильгельм Шикард "Есептеуіш сағаттар" деп аталатын төрт амалды орындай алатын калькуляторды ойлап тапты.

  • Лейбниц қазіргі калькулятордың негізін салған арифмометрді ойлап тапты.

Чарльз Бэббидж аналитикалық машинаны ойлап тапты.

Өткен сабақты қайталау

ЭЕМ–нің дамуы 5 буындарға бөлінеді:

І. ЭЕМ-нің бірінші буыны (1945-1954жж.)- шамдар пайдаланылды.

ІІ. ЭЕМ-нің екінші буыны (1950-60 жж.)- жартылайөткізгіш диодтар пайдаланылды.

ІІІ. ЭЕМ-нің үшінші буыны (1960 ж.)- интегралды схема пайдаланылды.

IV. ЭЕМ-нің төртінші буыны (1970 ж. )- қазіргі компьютерлер заманы

V. ЭЕМ-нің бесінші буыны (Жапония, 1980-жылдар)- жасанды интеллект буын

Жаңа сабақ


Сұрақтарға жауап береді, біледі,түсінеді- тәжірибені теориямен байланыстыра алады

Топта жұмыс жасап, мәтінмен танысады,

Зерттеушілік әңгіме жасап, ДК нің даму бағытын зерттейді, топтарда еркін талқылайды




«Инсерт» стратегиясын қолданып дәптерлеріне қажетті мәліметтерді түртіп алады, оқулықтан әр абзацқа белгілер қойып отырады


V

білемін

_

менде қандай күдік туды

+

жаңа , бұрын естілмеген

?

қандай сұрақтар пайда болды

 

 

 

 

 

 


Қолдану

10 мин.

Компьютерлік техниканың даму үрдісі

Бастапқыда компьютерлер толықтай механикалық жүйе болғандығы белгілі.

ХХ ғасырдың 30-жылдары телекоммуникациялық өндіріс электромеханикалық компоненттерді ұсынды, ал 40-жылдары вакуумдық электрондық лампалар негізінде құрылған толықтай электрондық компьютерлер жасалды. 50-60-жылдары лампалардың орнына транзисторлар келді, ал 70-жылдардың басында — қазіргі кезге дейін қолданылатын интегралдық жүйелер (кремний чиптері) пайдаланыла бастады

Компьютерлік техника қолданысының үрдісі

  1. Алғашқы компьютерлер тек қана есептеулер үшін қолданылған болатын.
    Ең алғашқы шыққан бағдарламалау тілі -
    Фортран тілі де осы себепті тек қана есептеулер шығаруға арналған болатын.

  2. Екінші жолы - мәліметтер базасы үшін. Мәліметтер базасын басқару үшін күрделі компьютерлер және ақпаратты енгізу-шығару, сақтауға қажетті күрделі жүйелер қажет болды. Осы мақсаттарда Кобол тілі пайда болды.

  3. Үшінші жолы - әр түрлі құрылғылармен бірге қолдану. Даму жолы
    арнайы мамандандырылған құрылғылардан стандартты компьютерлік жүйеге дейін болды.

Соңында, ақпаратпен орындалатын кез-келген жұмыс (мәтінді енгізу, фильм қарау) компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Компьютерлер қолданылатын салалардың ішіндегі ең күрделі, ең аз дамыған саласы жасанды интеллект - компьютерлерді белгілі бір алгоритм жоқ жерде пайдалану болып табылады.





оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жасау баяндау және қызу ой талқысын жасау, білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылар бірлесіп жұмыс жасайды,

Компьютердің даму үрдімсімен танысады,

Негізгі даталарды есте сақтайды, болашаққа шолу жасайды

IV.Талдау


V.Жинақтау

7 мин.

Алғашқы компьютерлер мен қазіргі заманғы компьютерлерді салыстыру

Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар көптеген тонна салмағы бар, бірнеше бөлмеде орналасқан үлкен құрылғылар болатын.

Олардың қымбат екені сонша, оларды тек үкіметтер мен үлкен зерттеу ұйымдары ғана пайдалана алатын еді.

Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару
болып табылады.

Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады

Компьютерлік техника болашағы

Қазіргі кезде оптикалық компьютерлердің жобасы жасалуда. Бұл компьютерлер электр сигналдарының орнына жарық сигналдарын қолданады.

Басқа перспективті бағыт- компьютерлік технологияда молекулярлық биология және ДНҚ зерттеулерінің жетістіктерін қолдану.

Сонымен қоса, есептеуіш техника саласындағы өте үлкен өзгерістерге әкелуі мүмкін тәсілдердің бірі кванттық компьютерлерді жасауға негізделген

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта  оқушыға қандай пайдасы бар?

Орындалған тапсырмаларды топта талдатады, постер қорғатады,, бағалауға бергізеді

Рефлексия парағын толтырғызады


Оқыған тақырыпты топта талдайды, қорытады

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта  оқушыға қандай пайдасы бар? --сұрақтарын талдайды


Топтарда бұрынғы есептеу техникасы мен казіргі заманғы компьютерлік техниканың даму үрдісін салыстырады, талдайды, болашақтағы компьютерлік техниканың даму мүмкіндіктері жайлы ой толғатады

VI.Бағалау.

5 мин.

Кері байланыс «Блоб ағашы»

Формативті бағалау, жұбын бағалау ББТЗО

Б

Ол туралы мен не білемін?

Б

Нені білгім келеді?

Т

Көбірек ақпаратты мен қайдан таба аламын?

З

Нені зерделеу керек?

О

Одан әрі не істеу керек?








https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcSaxTVLUVHyjkqql_MjcS2foodC-sJA9kOgG_ru39DRkW6DUreejw


Оқушылар өздерін «блоб» ағашы арқылы бағалайды, ББТЗО кестесін толтырадыжұпта , топтар бойынша бағалайды, рефлексия парағын толтырады











57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 05.01.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров145
Номер материала ДВ-307476
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх