Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары 8 сынып

Қысқа мерзімді сабақ жоспары 8 сынып



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Сабақ жоспары: Информатика 8 а сынып

1 - апта

03.09.13ж.

1-сабақ .

Сабақтың тақырыбы:

Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Жалпы мақсаттар:

Оқушылардың техника қауіпсіздігі туралы білімдерін қалыптастыру;


Міндеттері:

1 .Оқушыларда компьютер кабинетіндегі техника қауіпсіздігін сақтау ұғымы, оны қолдана білу туралы толық ой қалыптастыра отырып, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;

2.Оқушыларға тақырыпты өз бетінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, топта өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстай білуге тәрбиелеу;

3.Оқушыларды практикалық жұмыс арқылы, компьютермен жұмыс істеуге қызығушылығын арттыру.

Дереккөздер:

Кітап : Информатика 8 сынып. Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева

Реферат, интернеттен алынған қосымша мәліметтер, слайд.

Оқыту нәтижелері:

1.Оқушылар топ болып жұмыс істейді, топтық белсенділкке қол жеткізеді.

2.Оқушылар өз ойларын еркін айта біледі.

3. Оқушылар компьютерлік кабинеттегі техника қауіпсіздігін толық сақтай біледі,алғашқы көмек көрсету туралы мағлұмат алады.

4.Көз, қолға арналған жаттығуларды орындауды үйренеді..

Сергіту сәті

Көз, қолға арналған жаттығулар.

Жаттығулар:

1.Қауіпсіздік сөзіне ассоцияция.


2.Тақырыпқа Power Point редакторында презентациялармен кіріспе беру.


3. Сергіту сәті «Қол, көзге арналған жаттығулар


4. Жаңа тақырып бойынша топтарға берілетін сұрақтар:

1 топ «Жалпы ережелер түрлері»

2 топ «Алғашқы көмек қалай көрсетіледі»


1. Әр топтан оқушылар осы сөзге байланысты өз ойларын айтады.

2.Мұғалімнің тақырып бойынша кіріспе сөзі. Оқушылардың ойы қорытылады. РР дайындалған қосымша мәліметтермен танысады.

3. Сергіту сәті. Қол, көзге арналған жаттығулардың түрлерін орындаймыз.


4.Әр топқа жаңа тақырып бойынша сұрақтар беріледі. Орындауға уақыт беріледі. Әр топ тапсырмаларды орындап болған соң, постерін қорғап шығады. Оқушыларды ойландыратын сұрақтар қойылады.


Тапсырмалар

1.Алғашқы көмек кезінде керекті медициналық корапша ішіндегі дәрі-дәрмектермен танысып, неге керек екенін түсіндіреді.

2. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап алу.

Бағалау:

Топтық бағалау. Әр топтың жұмыстарын бағалайды.

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазу.

Оқуға арналған тапсырмалар:

Қауіпсіздік ережесі туралы сурет құрып келу. Ережені жатқа білу.







Сабақ жоспары: Информатика 8 а сынып

1 - апта

06.09.13ж.

2-сабақ .

Сабақтың тақырыбы:

Санау жүйелері (екілік, сегіздік, ондық, он алтылық). Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне аудару

Жалпы мақсаттар:

Оқушыларды санау жүйесімен, кодалау түрімен таныстыру; бір жүйеден екінші жүйеге аударуға жаттығу.

Тақырыпты өз бетерінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру, жаңа

тақырыпты ұғындыру. Ойын жинақтауға, өз пікірін білдіруге үйрену.


Міндеттері:

Слайдтағы тақырыпты ашқанда, оқулықтағы тақырыпты жұптасып өз ойларын бөліскенде қысқа нақты сөйлеу. Өз ойларын жүйелі жеткізе білу.Термин сөздерді анық жеткізу.

Дереккөздер:

Кітап : Информатика 8 сынып. Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева

Реферат, интернеттен алынған қосымша мәліметтер, слайд.

Оқыту нәтижелері:

Позициялы және позициялы емес санау жүйелері турлы түсініктері қалыптасты. Екілік, сегіздік, ондық, оналтылық сандарды ондық сандарға ауыстыра алады. Арифметикалық амалдар қолдана білді. Санау жүйелерімен есеп шығара білді.

Сергіту сәті

«Маған ұқсайды...» Сыныпта өздеріне ұқсас оқушыларды тауып, жасалған шеңберде бір-біріне жақсы тілектер айту


Тапсырмалар:

1.Слайдты қарау Көзбен көретін айғақтармен жұмыс



2.ЖИГСО әдісімен жұмыс..





3.Есептер шығару. Ойлан-жұптас-бөліс




4. Үлдірленген критерийлер бойынша бағалау




1.Оқушылар слайдқа қарап, өз ойларын айтады.Сандар тарихынан мәліметтер беріледі.


2. Санау жүйесі бойынша әр топтағы оқушыларға тақырыптағы тақырыпшаларды бөліп береміз. Олар оқып бір -бірімен талқылайды. Одан кейін алғашқы топтарына барып, тақырыпты ашады.

3 .Берілген тапсырманы жұптасып ондық, екілік,сегіздік, оналтылық сандарды ондық сандарға ауыстырады, талқылайды. Ойларын сыныппен бөліседі.


4. Оқушылар мұғалімнің таратып берген карточкалары арқылы бүгінгі сабақты қалай түсінгендерін түйіндейді



Бағалау:

Үлдірленген критерийлер бойынша өзін-өзі бағалау



Рефлексия

Сабақты қорытындылау.

Оқуға арналған тапсырмалар:

Оқулықтағы есепті шешіп келу.Тақырыпты толық оқу. Реферат Сандар тарихы.




Сабақ жоспары: Информатика 8 а сынып

2 - апта

10.09.13ж.

3-сабақ .

Сабақтың тақырыбы:

Логика және логикалық операциялар

Жалпы мақсаттар:

Оқушыларды логика ұғымымен, компьютер өңдейтін логика түрлерімен таныстыру. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және шапшаңдыққа баулу. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру


Міндеттері:

Сұрақтарға жауап бергенде, постер арқылы жаңа сабақты ашу кезінде қысқа нақты сөйлеу. Өз ойларын жүйелі жеткізе білу.

Дереккөздер:

Кітап : Информатика 8 сынып. Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева

Оқыту нәтижелері:

Тақырып бойынша термин сөздерді таба білді және мағынасын түсіндірді.

Үй тапсырмасы бойынша нақты жауап берді. Сұрақты қоя білді.Тақырыпты өз беттерімен меңгере білді.Логиканың не екенін түсінді.

Сергіту сәті

Көз, қол жаттығуларын орындау

Тапсырмалар:

1.тапсырма «Ортадағы қаламсап»

.


2 тапсырма Топтық жұмыс.

(Жаңа сабақ материалы)










3 тапсырма Көзбен көретін айғақтармен жұмыс


4 тапсырма Дәптермен жұмыс. Сәйкестендіру кестесі

Уйге берілген тапсырманы сұрау. Жеке жұмыс


Оқушыларға жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында топқа оқулықтан оқуға тапсырма беремін.

Әрбір топқа жұмыс парағын беремін. Онда сұрақ/тапсырмалар жазады.

Оқушылар сұрақтарды оқып 2 минут ішінде параққа фактілер қосады. Уақыт біткен соң сағат тілімен келесі топқа береді. Барлық топ фактілерді қосып біткен соң тапсырма аяқталады

«Кір жаятын жіп» әдісіне жаңа термин сөздерді жазады және мағынасын түсіндіреді.Постермен қорғау.

Берілген терминнің мағынасын сәйкестендіру.

Бағалау:

Топ бойынша бағалау бетшесіне жиынтық баллы шығарылады, критерийі бойынша бағаланады.

Рефлексия

Өз көңіл – күйлерін стикерге жазады.

Оқуға арналған тапсырмалар:

Логика және логикалық операциялар











Сабақ жоспары: Информатика 8 а сынып

4 - апта

24.09.13ж

7 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар. Ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары

Жалпы мақсаттар:

Оқушыларға ақпаратты қорғау, ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары туралы түсінік беру, антивирустық қорғауды, ақпаратты сығуды үйрету.

Міндеттері:

1.Оқушыларда компьютерлік вирус ұғымы, ақпаратты қорғау, антивирустық программалар, ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары туралы толық ой қалыптастыра отырып, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру;

2.Оқушыларға тақырыпты өз бетінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, топта өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстай білуге тәрбиелеу;

3.Оқушыларды практикалық жұмыс арқылы, компьютермен жұмыс істеуге қызығушылығын арттыру.

Дереккөздер:

Кітап : Информатика 8 сынып. Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева

Реферат, интернеттен алынған қосымша мәліметтер, слайд.

Оқыту нәтижелері:

1.Оқушылар топ болып жұмыс істейді, топтық белсенділкке қол жеткізеді.

2.Оқушылар өз ойларын еркін айта біледі.

3. Оқушылар компьютерлік вирус, архивация терминдерімен танысады, антивирустер туралы, архивтен шешу туралы толық мағлұмат алады.

4.Компьютерді, флешканы антивируспен емдеуді үйренеді.

5.Папкаларды, файлдарды архивтеуді біледі.

Сергіту сәті

«Маған ұқсайды...» Сыныпта өздеріне ұқсас оқушыларды тауып, жасалған шеңберде бір-біріне жақсы тілектер айту

Тапсырмалар:

Блум жүйесі бойынша

1 тапсырма. Диалог арқылы


2 тапсырма Жаңа тақырып бойынша «Білу»


3 тапсырма «Түсіну»

4 тапсырма «Қолдану»



5тапсырма «Талдау»




6тапсырма «Жинақтау»



7 тапсырма «Баға беру»

Үй тапсырмасын пысықтау.


Оқулықтан тақырыпты оқығаннан кейін бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр.

Термин сөздердің мағынасын түсіндір.

А) Практикалық жұмыс: Флешканы вируска тексеру

Ә) Практикалық жұмыс: Папканы сығу.

А)Кестедегі мәліметті тілсызық арқылы сәйкестендір.

Ә)Кестеде адам мен компьютердің жұқпалы ауруларын салыстыру.

А)Вирусқа қарсы программалар туралы білгеніңді жинақта.

Ә) Тест жұмысы

Постер арқылы қорғауға тапсырма беру:

«Антивирус не үшін керек?»

«Архивация керек пе?»

Бағалау:

Өзін-өзі бағалау. Оқушыларға бағалау критерийлерін ұсыну, сол бойынша әр оқушы өз-өзін бағалайды.

Рефлексия

Көңіл күйлерін смайликтер арқылы көрсету.

Оқуға арналған тапсырмалар:

Интернеттен реферат іздеу.

Сабақ жоспары: Информатика 8 а сынып

9 - апта

29.10.13

16 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Тармақталу операторлары. Шартты көшу операторлары

Жалпы мақсаттар:

Оқушыларды тармақталу,шартты көшу операторлармен таныстыру; пайдалану жолдары мен тәсілдерін үйрету.

Міндеттері:

Алгоритмдік ойлау стилін дамыту; Тапсырманы тиянақты, өз мезгілінде орындаужауапкершілігіне тәрбиелеу.Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істеу шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және

осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.

Жүйелікке, еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа

тәрбиелеу.

Дереккөздер:

ЭО, ДК, оқулық 9 сынып

Оқыту нәтижелері:

Электронды оқулықтан өз беттерімен білім алды. Алған білімдерін тапсырма орындау кезінде қолдана білді.Компьютермен жұмыс жасай алды. Берілген тапсырмаға алгоритм құра білді.

Сергіту сәті

Музыка ырғағымен жаттығулар жасау.

Тапсырмалар:

Блум жүйесі бойынша

1 тапсырма. Сәйкестендіру кестесі



2 тапсырма Жаңа тақырып бойынша «Білу»


3 тапсырма «Түсіну»



4 тапсырма «Қолдану»


5тапсырма «Талдау»


6тапсырма «Жинақтау»


7 тапсырма «Баға беру»


Уй тапсырмасындағы термин сөздердің мағынасымен сәйкестендіру.


Мағынаны тану. Электронды оқулықтан өз беттерімен танысып шығу.


Ақпараттық диктант орындау. Түсіп қалған сөздерді табу.


Практикалық жұмыс


Берілген алгоритмнен не орындалатынын табу.

Тест жұмысы


Алгоритм, программа құру деген не? Эссе жазу.

Бағалау:

Сабақ барысында әр оқушының орындаған жұмыстарының ұпай сандары бағалау парағында белгіленеді, сабақтың соңында нәтижесі есептелініп, өздерінің қаншалықты дәрежеде тақырыпты меңгергендігін анықтайды, бағалау парағы бойынша оқушылардың білімін бағаланады.


Рефлексия

Бас бармақ арқылы бүгінгі сабақты бағалау.

Оқуға арналған тапсырмалар:

Тақырып соңындағы есепті шешу.




Сабақ жоспары: Информатика 8 а сынып

2- апта

14.09.13

4 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Ақиқат кестелері. Компьютердің логикалық негіздері

Жалпы мақсаттар:

Компьютердің логикалық элементтері, ақиқаттық кестелерін құру туралы білімдерін қалыптастыру.

Міндеттері:

Сұрақтарға жауап бергенде, өз ойларын қорғағанда қысқа нақты сөйлеу.

Есеп шығарғанда ақиқат кестелерінің шешу әдістерін пайдалану.

Дереккөздер:

ЭО, ДК, оқулық 9 сынып

Оқыту нәтижелері:

1. Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді

2. Өзара пікірталасты, өз көзқарастарын қорғады.

3 Ақиқат кестелерін құра білді.

4 . Топпен жұмыс жасағанда өзгенің сөзін білмей шыдамдылықпен тыңдады.

Сергіту сәті

Қол, көзге арналған жаттығулар.

Тапсырмалар:

Блум жүйесі бойынша

1 тапсырма. «Жуан және жіңішке» сұрақтар

2 тапсырма Жаңа тақырып бойынша «Білу»

3 тапсырма «Түсіну»



4 тапсырма «Қолдану»




5тапсырма «Талдау»



6тапсырма «Жинақтау»



7 тапсырма «Баға беру»


Уй тапсырмасын тексеру, пысықтау.


Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр.

Логикалық көбейтудің, қосудың, теріске шығарудың Эйлер-Венн диаграммасын сыз.

Логикалық жалғаулықтарды пайдаланып, қарапайым пікірлерден күрделі пікір құрыңыз және оның ақиқаттығын анықтаңыз.

Суреттерге қарап қандай функцияның Эйлер-Венн диаграммасы бейнеленгенін анықтау?

Сызбадағы мәліметті тілсызық арқылы сәйкестендіруді орындау


Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.

Бағалау:

Сабақ барысында әр оқушының орындаған жұмыстарының ұпай сандары бағалау парағында белгіленеді, сабақтың соңында нәтижесі есептелініп, өздерінің қаншалықты дәрежеде тақырыпты меңгергендігін анықтайды, бағалау парағы бойынша оқушылардың білімін бағаланады.


Рефлексия

Бас бармақ арқылы бүгінгі сабақты бағалау.

Оқуға арналған тапсырмалар:


Өзіңе белгілі логикалық жалғаулықтарды қатыстырып 10 пікір құр.










8 сынып

31.10.-03.11.2014ж

Сабақтың тақырыбы:

Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі.

Жалпы мақсаттар:

Дербес пайдаланылатын компьютердің архитектурасымен, оның құрылғыларының міндеттерімен таныстыру. Топпен бірлесе отырып жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Компьютер, Дербес компьютер сөзінің мағынасын білу.

2. Қазіргі заманғы ДК түрлері және қолдану міндетімен танысу.

3. Компьютердің негізгі және қосымша құрылғыларын білу.

4.Қорытынды жасауға үйрену.


Дереккөздер:

Оқулық. ДК. РР дайындалған слайд Суреттер

Оқыту нәтижелері:

Ұжымдасып жұмыс жасады. Бір-бірін тыңдады, бағалады, өз көзқарастарын қорғады. Ортақ пікірге келді. Компьютер түрлерімен танысты. Топпен жұмыс жасағанда өзгенің сөзін бөлмей шадамдылықпен тыңдады.

Сергіту сәті

«Арқаға сурет салу»

Топ ішіндегі ынтымақтастық орнату, бір-бірін түсіну қаншалықты маңызды екенін түсіндіру.

Тапсырмалар:


Жаңа сабақты бірінші өздеріне тапсырдым бір біріне түсіндіру. Сосын өзім түсіндіремін.

Жаңа тақырып бойынша дайындалған слайдты түсіндіріп шығамын, қойылған сұрақтарға жауап беремін.


Дәптермен жұмыс


«Бес қадам» басу арқылы сабақтан алған білімдерін жинақтау, талдау


Жаңа сабақтың матеиалдарымен танысады, оқиды. Бір – біріне түсінідіру.






Берілген тапсырмаларды орындау. Толтыру.


Бұрыннан білемін, Білгім келеді, Білмеймін

Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін жинақтау, талдау жазады. Белсенді қатысу.

Бағалау:

Бағалау критерийі бойынша. Оқушылар тапсырма орындаған соң топ басшылары бағалап отырады


Рефлексия

Кері байланыс . Сабақтың өту барысында оқушылар стикерге өз әсерлерін

жазды

Оқуға арналған тапсырмалар:















Сабақ жоспары: 8 а сынып Информатика


10- апта

12.11.13

18 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Өздік жұмысы

Жалпы мақсаттар:

Сызықтық, тармақтық алгоритмдерге программа құра білу.

Міндеттері:

1.Арифметикалық өрнектерді программалау тілінде жаза білу.

2. Енгізу, шығару операторларын айыра білу.

3.Сызықтық алгоритмге программа құра білу.

4.Тармақтық алгоритмге программа құра білу.


Дереккөздер:

Оқулық. ДК. Тапсырмалар

Оқыту нәтижелері:

Топта ұжымдасып жұмыс жасады. Бір-бірін тыңдады, бағалады, өз көзқарастарын қорғады. Ортақ пікірге келді. Берілген алгоритмдерге программа құра білді. Арифметикалық өрнектің жазу ережелерін сақтай білді.

Сергіту сәті

Музыкалық ырғаққа қозғалыстар жасау.

Тапсырмалар:


1 тапсырма «Ортадағы қаламсап»


2 тапсырма Сәйкестендіру кестесі

3 тапсырма Практикалық жұмыс


4тапсырма Тест жұмысы


5тапсырма Венн диаграммасы

Өткен тақырыптар бойынша қайталау сұрақтары.

Сәйкес терминдерді тілсызық арқылы қосу.

Берілген тапсырма бойынша программа құрып компьютерде орындау.

Өткен тақырып бойынша білімдерін жинақтау.

Тізбектік және тармақталған алгоритм бойынша ұқсастық пен айырмашылықтарын таба білу.

Бағалау:

Бағалау критерийі бойынша. Оқушылар тапсырма орындаған соң берілген критерийлер бойынша өздерін бағалау.

Рефлексия

Кері байланыс . Сабақтың өту барысында оқушылар стикерге өз әсерлерін

жазды

Оқуға арналған тапсырмалар:











hello_html_m6b6854b6.jpg

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-499603

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>