Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Қысқа мерзімді сабақ жоспары 7 сынып

Қысқа мерзімді сабақ жоспары 7 сынып

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

21 сабақ.

Сыныбы: __7__ Күні:________


Сабақтың тақырыбы

Фигураларды салу

Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары

Білімділігі: Оқушыларға Inkscape векторлық графикасында фигураларды салуды үйрету;

Дамытушылық: Inkscape графикалық редакторында фигураларды салу, оны әр түрлі етіп безендіре алатындай дағдылары мен біліктіліктерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Оқып-үйренуден күтілетін нәтиже

  • Inkscape бағдарламасында кез келген фигураларды компьютермен сала алады.

  • Графикалық редакторда құжатты өңдеуді және сақтауды біледі.

  •  Inkscape бағдарламасының фигура салу құралдарын біледі.

Оқытуда қолданылатын әдіс -тәсілдер

Көрнекі-түсіндіру, өз бетінше жұмыс істеу, диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, деңгейлік тапсырмаларды орындау, оқыту үшін бағалау.

Ресурстар (дереккөздер)

  • Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.А.Бекетауов Информатика 7 сынып.

  • Сергей Симонович, Георгий Евсеев Занимательный компьютер

  • www.bilimdiler.kz, www.myxatai2006.narod.ru , www.ustaz.kz, www.kazakh.ru сайттары

Сабақтың типі

Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі

Түсіндірмелі-пікірталас

Оқытудағы әдістемелік нұсқау

Жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, ғылыми-шығармашылыққа баулу.

Сабақтың кезеңдері

идактикалық міндеттер

1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру

1) сынып оқушыларының назарын сабаққа аудару

2) бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру, оқыту тәсілдерін талдау.


2. Оқушылардың алған білімдерін қайталау

  1. Құжаттың өлшемін қалай орнатады?

  2. Бағыттауыштар мен тор не үшін қолданады?

  3. Бағыттауыштардыжасау алгоритмін сипаттаңдар.

  4. Inkscape құжаттарынқандай пішімде сақтау керек?

  5. Қалай сақтау және көшірмесін сақтау бұйрықтарыныңқандай айырмашылығы бар?

  6. Қанша іс-әрекетті қайтаруға болады және оны қалай жүзеге асырылады?

  7. Inkscape сипаттама беріңдер .

3. Жаңа тақырыпты меңгерту

Inkscape графикалық редакторында фигура салу үшінарнайы құралдарды таңдау керек,панель параметрінде қажетті параметрлерді орнатып,контур және құйып бояу түстерін таңдап,кенепте созу қажет.

Inkscape графикалық редакторы сурет салу үшін келесі құралдарды ұсынады.

Тіктөртбұрыш тікбұрыштар мен шаршыларды салуға арналған.

Көлемді тікбұрыш параллелеопипедтерді салуға мүмкіндік береді.

Эллипс эллипстердің,доғалардың және дөңгелектердің кескінін салу үшін пайдаланамыз.

Көпбұрыш тұйық көпбұрыштармен жұлдыздарды саламыз.

Спираль спиральдарды саламыз.

Масштаб суретті үлкейтуге немесе кішірейтуге болады.

Эллипс құралы

Эллипс құралын пайдаланып,сегмент алуға болады (екі радиусы бар,жабық эллипс) немесе доға (жабық емес эллипс).Ол үшін эллипс салып,доға бұрыштарының көлбеуден бастапқы нүктеден шеткі нүктеге дейінгі мағаналарын көрсету керек.Бұрыштардың мағынасы тригонометриялық шеңбер бойымен анықталады.У білігі төмен бағытталған,өйткені экранның жазықтық координаталарының ортасы сол жақ жоғары бұрышта орналасқан.

Көпбұрыш құралы

Екі режимде:Дұрыс көпбұрыш және жұлдыз режімінде жұмыс жасай алады.Режімді параметрлер панелінде таңдауға болады.Бұл құрал үшін төбелер саны Бұрыштар параметрі,дөңгелектеу,бұрмалау,ал жұлыздар үшін -негіз радиусы және сәуле төбесінің параметрлерін беруге болады. Радиустар қатынасы азайған сайын сәуле бұрыштары сүйірленеді,ал көбейген сайын жұлдыз бұрышқк айналады.

Спираль құралы

Спиральдың орамдарынан басқа,орамдар арақашықтығын қаншалықты біркелкі өзгертетіндей етіп және ішкі орамның радиусын орнатуға болады.Көпбұрыш,спираль құралдары параметрлерінің бастапқы қалпын Тастау(Сброс) батырмасын басу арқылы қайтарса болады.


4. Игерген білімді қолдану(деңгейлік тапсырмалар)

1-тапсырма.Inkscape-те фигуралар салу үшін алгоритмін құру.

1............................................................

2............................................................

3............................................................


2-тапсырма. "Фигуралар сөйлейді" кестесін толтыру.

Тіктөртбұрыш

....................................................................................

Эллипс

....................................................................................

Спираль

....................................................................................

Көпбұрыш

.....................................................................................


3 -тапсырма.Көпбұрыш,тікбұрыш,эллипс фигураларын қолданып, ағаш пен күн кескінін салу.

5. Сабақты бекіту, қорытындылау

1. Inkscape -те фигуралар салуға арналған қандай құралдар бар?

2. Эллипсті қандай кескіндер салу үшін қолданамыз?

3.Тастау батырмасының қызметі.

4.Жұлдыз салу үшін қандай фигура пайдаланамыз?

6.Үйге тапсырма

§22 оқу. "Деңгейлік тапсырма" орындау.

7. Сабақты қорыту

1. Не білдім? Не түсіндім? Қолдана аламын! схемасы бойынша талдау

2. Сабаққа белсене араласқан және тақтамен жұмыс жасаған оқушылардың білімін бағалау. Сабақтың мақсатқа жетуіне баға қою.






































Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 10.03.2016
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров146
Номер материала ДВ-516131
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх