Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Қысқа мерзімді жоспар

Қысқа мерзімді жоспар

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: География Сыныбы: 8 класс

Сабақтың тақырыбы:

§22.Ауаның қысымы және желдер

Мақсаты:

Оқушыларға Қазақстан аумағында ауа қысымының қалай таралғанын, Қазақстанда желдің тарлуында қандай заңдылықтарды байқауға болатынын түсіндіру.Желдің пайдасы мен зиянды әрекеттерін анықтай білу.

Міндеттері:

Ауаның температурасы мен қысымның арасында қандай байланыс бар екенін біледі;

Қазақстан аумағында ауа қысымы қалай таралғанын түсіндіре алады;Қазақстанда желдің таралуын анықтай алады.

- жеке,топпен тапсырмаларды орындайды, мәтінді жан - жақты зерттеп, талдайды, жинақтап қорытынды шығарып бағалайды.

Оқыту нәтижесі:

  1. Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясы картасы.
    Негізгі ұғымдар:
    Ауа қысымы,желдердің түрлері

Түйінді идея:

Жел дауылды шақырады,бұлт жауынды шақырады.

Әдіс-тәсілдер:

Психологиялық тренинг «Мен елімді сүйемін.......себебі»?»,топқа бөліну, «Өзіңдң өзің тексер!» ИӘ/ЖОҚ тапсырмасы,миға шабуыл, «Біреуі үйде,үшеуі қонақта»,ой-толғаныс,АКТ,бағалау парақшасы

Сабақтың барысы

Уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурс

2 мин

Психологиялық тренинг «Мен елімді сүйемін.......себебі»

Психологиялық жағынан жағымды ахуал қалыптастыру, ынтымақтастыққа, патриоттық сезімге баулу.

Оқушылар еліне деген сүйіспеншілігін жүректен шыққан жылы сөзбен айтып жеткізеді.

Патриоттық ән. «Көк тудың желбірегені»

2 мин

«Желдің түрлеріне» байланысты топқа бөліну.Топ атауларына қысқаша сипаттама беру.

Оқушылар топқа бөлініп болғаннан кейін,өз топ атауларына қысқаша сипаттама беріп кетеді.

«Бриз», «Самум», «Торнада», «Муссон»

5 мин

«Өзіңді өзің тексер!» «Ия / жоқ»

1. Қазақстан климатына әсер ететін экваторлық ауа массасы
2. Ауа райының көпжылдық қайталануы
климат деп аталады
3. Қазақстан тропиктік климаттық белдеуде орналасқан
4. Қазақстан аумағына теңіздік ауа массасы Атлант мұхитынан келеді.
5. Бұл ауа массасын кейде иран ауасы деп те атайды.
6. Қазақстан - қоңыржай климаттық белдеудің солтүстігінде
7.Тынық мұхит Қазақстан климатына әсер етпейді
8. Қазақстан климаты шұғыл континентті
9. Атлант тан келетін ауа – континенттік деп аталады.
10. Тропиктік ауа массасы Жамбыл, Алматы облыстарын қамтиды.
11. Қазақстан климатына Атлант, Солтүстік Мұзды мұхиттары ғана әсер етеді.

12.Ауаның бір жерден екінші ауданға ауысуынан қасиетінің өзгеруі конденсация деп аталады.

13.Солтүстікте жылына орта есеппен 260 ұдайы ашық күн болса,оңтүстікте-120 күн 14.Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның қосындысын жұтылған радиация деп атаймыз.

15.Қазақстанның климаты бес фактормен анықталады

16.Жер бетіне түсетін күн сәулесінің 20%-ын атмосфера шағылыстырады.

«Өзіңді өзің тексер!» «Ия / жоқ» тапсырмасын орындай отырып,

оқушылар Қазақстанның климатына байланысты алған білімдерін түйіндейді


3 мин

«Миға шабуыл» Бейне фильм

Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы арқылы жаңа тақырыптың мағанасын ашу


Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы

Оқушылар бейне фильмдегі суреттерді көріп талдайды,жауабын шешеді.


Интеративті тақтадан бейне слайдтар көрсету

25 мин оқу






Мағананы ашу.

«Біреуі үйде,үшеуі қонақта»

I-топ-Қазақстан аумағына атмосфералық қысымның және желдің таралуын анықтау.

ІI-топ.Ебі желі мен Сайқан желінің таралуын анықтау.

ІІI-топ- Шілік және Арыстанды-Қарабас желдердің пайда болуын анықтау.

ІV-Қордай мен Мұғалжар желдерінің Қазақстан аумағына таралуын анықтау.

 Бірлескен оқу.

Мәтінмен,берілген қосымша материалдармен танысады.

Әр топ өз бетінше талдап талдап, басқа топ мүшелеріне түсіндіреді.



1.Интеративті тақта;

2.Казақстанның физикалық картасы;

3.Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясы картасы;

4.Стикер,маркер,формат;

5.Оқулық 8 класс;

6.Атмосфералық қысым ережесі

1 мин

Сергіту сәті.

Оқушылар «Улыбнись» тренингін тыңдайды


3 мин

Ой толғаныс

Пікірталас

Бриз,Самум тобы-желдің пайдасын анықтау

Торнадо,Муссон тобы- желдің зиянын анықтау

Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы



2 мин

Бағалау

Әр топқа «Ағаштың діңіне көтерілген адамдардың суретін беру».Оқушылар өздерінің ағашқа өрмелеу арқылы бүгінгі білімдері қай деңгейде тұрғанын анықтайды.

«Ағаштың діңіне көтерілген адамдардың суреті»

1 мин

Кері байланыс

Бір жұлдыз, бір тілек

Смайликтер

1 мин

Үйге тапсырма;

§22 Мәтінді оқу, сұрақтар мен

тапсырмалармен жұмыс.

Жұмыс дәптерлерін толтыру




Краткое описание документа:

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: География Сыныбы: 8 класс

§22.Ауаның қысымы және желдер

Оқушыларға Қазақстан аумағында ауа қысымының қалай таралғанын, Қазақстанда желдің тарлуында қандай заңдылықтарды байқауға болатынын түсіндіру.Желдің пайдасы мен зиянды әрекеттерін анықтай білу.

Ауаның температурасы мен қысымның арасында қандай байланыс бар екенін біледі;

Қазақстан аумағында ауа қысымы қалай таралғанын түсіндіре алады;Қазақстанда желдің таралуын анықтай алады.

- жеке,топпен тапсырмаларды орындайды, мәтінді жан - жақты зерттеп, талдайды, жинақтап қорытынды шығарып бағалайды.

Автор
Дата добавления 04.06.2015
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров308
Номер материала 299107
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх