Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Рабочие программы / Қысқа мерзімді жоспар ағылшын тілі 8-сынып

Қысқа мерзімді жоспар ағылшын тілі 8-сынып



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы 30 Ы.Алтынсарин атындағы ЖОМ Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Г.Алтаева

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ тақырыбы: A very long bike trip

Сабақтың мақсаты:

Әлемді шарлап шыққан Ричард туралы мәнмәтінмен танысу, қимыл-қозғалысқа байланысты қолданылатын шылауларды қолдана алу, сөздік қорын молайту.

Негізгі идеялар: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың бірлесе отырып білім алуы.АКТ-ны сабақта тиімді пайдалану және оқыту мен оқуда жаңа әдіс-тәсілдер қолдану.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың өзін-өзі реттеп оқуға дағдылануы, тақырыпты меңгеру барысында диалогтық оқытуда дұрыс пайымдау, топтық жұмыстағы өзара әрекеттестік, жұптық жұмысты жандандыру.


Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ресурстар, көрнекі құралдар

(2 мин)

Сабақ барысы

І. Кіріспе

Сәлемдесу. Оқушыларды «Жұбыңды тап» әдісі бойынша жұптарға, топтарға бөлу.

«Жұбыңды тап» әдісі бойынша жапсырылған суреттермен өз жұбын іздеп табады. Бір-біріне беттесе тұрып, жақсы тілек немесе бір-біріне комплимент айтады.

Топқа бөлуге, жұптасуға арналған суреттер.

Білу(5мин)

Жаңа сабақтың тұсаукесері.

Жұп бойынша мәнмәтінге шолу жасау мақсатында сұрақ-жауап тізбегін жасауды тапсырамын.

Жұп бойынша мәнмәтінге шолу жасау мақсатында сұрақ-жауап тізбегін жасайды, бірлесе отырып, келесі жұпқа сұрақ қояды және жауап беру барысында тақырыптың не туралы екенін біледі.

Оқулық «Messages» student’s book. Translations by N.Mukhamedjanova

Түсіну (8 мин)

Оқушыларға мәнмәтінді жеті бөлікке бөліп алдарына тастаймын және осы Ричардтың саяхаттаған елдеріне байланысты жиырма түрлі суреттерді қоса бередім. Бұл тапсырма оқушыларды сыни тұрғыдан ойлантуға бағытталған.

Осы суреттерді қарай отырып «Ішіне-сыртына» әдісі бойынша оқушыларда жүйелі түрде ойланды. Мәнмәтіннің әрбір бөлігін оқып-аудару арқылы рет-ретімен орналастыра отырып, оның мазмұнын диалогтық оқыту арқылы түсінеді. Қимыл-қозғалысқа байланысты қолданылатын шылауларға тапсырма орындау барысында назар аударады.



Тақырыпқа байланысты 20 түрлі суреттер және флипчаттар.

Қолдану (10 мин)

«Жигсо» әдісі арқылы суреттер мен мәтін бөліктерін байланыстыру үшін кластер жасату.RAFT әдісі бойынша жұмыс жасауды тапсырамын.

Оқушылар мәнмәтіннің әр бөлігіне байланысты суреттерді «Класстер» әдісі бойынша бір-бірімен сызықтық байланыс арқылы топтастырады. Жигсо әдісі бойынша өзге топтардың жұмысын бақылады, өз топтарына келіп қайта талқылайды. RAFT әдісі бойынша еденге Ричардтың саяхаттаған елдерінің суретін салады және оның роліне еніп, оқиғаны баяндайды.



Түрлі-түсті борлар.

Талдау (7 мин)

Fila кестесі арқылы тақырыпты талдауды ұсыну.

Фила кестесімен қалай жұмыс жасауды түсіндіремін.


Оқушылар кесте бойынша facts бағанына фактілері жазылады. Ideas бағанына аталған ситуацияның тууына себеп болады -ау деген идеяларды жазады. Learning issues бағанына Ideas бағанындағы идеяларды жүзеге асыруға көмектесетін сұрақтарды жазады. Action plan бағанына проблеманы шешетін нақты жоспар немесе өз ұсыныстарын жазады. Осы кесте бойынша оқушылар мәтінді талдап шығады.

Интерактивті тақта, түрлі-түсті маркерлер, флипчаттар.

Жинақтау






Кестемен жұмыс барысында топ мүшелеріне тақтаға өз жұмыстарын іліп, оны қорғауды тапсырамын.

(5 мин)

Топтың 1 немесе 2 мүшесі тақтаға шығып, өз жұмыстарын таныстырады, қорғайды, Ричардтың саяхатына байланысты ары қарай не істейтіндігі жөніндегі өз ұсыныстарын, болжамдарын айтады.

Смайликтер, магнитті тақта

Бағалау

Әр топтың жұмысын салыстырмалы түрде бағалауды топтарға тапсырамын.

(5 мин)

Оқушылар әр топтың кесте бойынша Action plan бағанына жазған ұсыныстарын, болжамдарын тыңдай отырып, бұл жазылғандардың қисынды ма, жүзеге асуы мүмкін бе екенін сараптап, бағалайды.



Сабақтың рефлексиясы.

«Блоб ағашы» және Алан Лэйкеннің «Бес саусақ» әдісі бойынша кері байланыс жасаймын. Формативті түрде бағалаумын.

(3 мин)

«Блоб ағашына» бүгінгі сабақтағы өзінің қай дәрежеде жұмыс жасағанын көрсетеді және Алан Лэйкеннің «Бес саусақ» әдісі бойынша сабаққа байланысты өз көзқарастарын білдіреді.

Түрлі қағаздан қырқылған алақан пішіндері және Блоб ағашы









57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 16.09.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Рабочие программы
Просмотров510
Номер материала ДA-047280
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх