Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / Қысқа мерзімді жоспар: Қанықпаған көмірсутектер.Этилен.

Қысқа мерзімді жоспар: Қанықпаған көмірсутектер.Этилен.

  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы 9А

Күні 9.04.2015 ж.

Сабақтың тақырыбы

Қанықпаған көмірсутектер. Этилен.

Мақсаты


Қанықпаған көмірсутектер жайлы жан-жақты түсінікті этилен мысалында қалыптастыру және алкендер жайлы білім беру.

Күтілетіннәтижелер


А. Алкендердің жалпы формуласын біле отырып, құрылымдық формулаларын жазып, номенклатура бойынша атай біледі.

В. Алкендердің қасиеттерін алкандармен салыстыра отырып, айырмашылығын көрсете алады.

С. Алкендер жөнінде алған білімдерін практикалық тұрғыдан нақты жағдаяттарда қолданады.

Керекті жабдықтар


Химия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Оқулық авторлары: М.Б. Усманова, Қ.Н Сақариянова. Өңделіп, толықтырылған 3- басылымы. – Алматы: Атамұра 2013ж

Химия: Әдістемелік нұсқау: Жалпы білім беретін мектептің 9-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Авторлары: - Алматы: Н.Нұрахметов, К.М Жексембина. К.Ә Сарманова «Мектеп» баспасы, 2006ж.

Тақырыптық слайд, бейнекөрсетілім, сурет топтамасы, тапсырмалар, жеміс-жидектер, полиэтилен дорбалар.

Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті



Кіріспе

( 10 мин.)




Ұйымдастыру бөлімі.

Жағымды психологиялық ахуал туғызу:

- оқушылармен амандасып, бүгінгі сабақ бойынша "Сәттілік!" тілеймін;

-кезекшіден оқушылардың сабаққа қатысын және үй тапсырмасын сұраймын.




Топқа бөлу.

Оқушыларды топқа үш түрлі полиэтилен дорбаларды беру арқылы бөлемін. Топ басшысын сайлаймын.

Үй тапсырмасын тексеру.

Топтық жұмыс.

1) Үй есептерін тексеремін.




2) "Бинго" әдісі.

Өткен тақырып бойынша қайталау, қорытындылау сұрақтары. Оқушыларға әр ойын жолағының күрделілігі әртүрлі екені айтылады. Үш жолақ бойынша түгел дұрыс толтырған оқушыны қолпаштап, мадақтаймын.


Оқушылардың сабаққа деген ынталары артады.

Кезекшілер сабаққа оқушылардың қатысын және үй тапсырмасына не берілгенін айтады.

Үй тапсырмасы: §45-46 (оқу)

1-8 есептер (жалпы деңгей есебі) 214-бет.


Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Оқушылар топтық ережені қайталап өтеді.


Оқушылар үй есептерін топта сағат тілі бағытымен дәптерлерін алмастырып, интербелсенді тақтадан салыстыра отырып тексереді. Критерий бойынша бағалайды.

Оқушылар күрделілігіне қарай әр ойын жолағын толтырып, бірінші аяқтаған оқушы "Бинго! Мен ұттым!" деп айтады.

Тұсаукесер

( 5 мин.)

"Мағынаны тану" (жаңа тақырыпты ашып, мақсатын айқындау)

Есеп. Белгісіз газдың сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 14-ке тең. Оның құрамында 85,7% көміртек, 14,3% сутек бар болса, көмірсутектің формуласын анықтаңыздар.

Жауабы: С2Н4-этилен





Оқушылар есепті топпен талқылап, жауабын біріге шығарады.





Жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады.

Сабақтың табыс критериін мұғаліммен біріге отырып құрады.

Табыс критерийі:

-алкендердің жалпы формуласын біле отырып, құрылымдық формулаларын жазып, номенклатура бойынша атай білу;

-алкендердің физикалық, химиялық қасиеттерін алкандардан ажырата алу;

-тақырып бойынша сандық, сапалық есептер шығару.

Негізгі бөлім

( 20 мин.)




1) «Үшке дейін санағандай оңай» ("Так же легко как 1 2 3") әдісі.

1. Қанықпаған көмірсутектердің аталуы, жалпы формуласы, номенклатурасы, изомериясы.

2. Этиленнің алынуы.

4. Этиленнің физикалық қасиеттері.


Толық, нақты дәлелденген жауаптарды қолдап отырамын.






2) Топтық жұмыс.

1 топ. Этиленнің шарөзекті моделін құрастыру.

2 топ. Этиленді бром суы арқылы өткізгенде не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. (бейнекөрсетілім)

3 топ. Этилен жану реакцияларына түседі ме? Полимерлену реакциялары дегеніміз не? (бейнекөрсетілім)



Әр топтағы оқушыларға деңгейлеріне сәйкес бір-бірден 1-3-ке дейін нөмір беремін. Тақтадағы 3 тұжырымды сәйкес нөмірі бар оқушы сыныпқа түсіндіреді. Дайындалуға уақыт беріледі. Түсіндіру барысында қиналған жағдайда басқа топтағы сол нөмірдегі "досыңа қоңырау" шалады. Ақпараттың қалған бөлігін келесі оқушы түсіндіреді.

Топтағы қалған оқушылар тақтаға шыққан сыныптастарын бағалап отырады.


Бірінші топ шарөзекті моделін құрастырады және олардың молекулалық құрылыстары, гибридтенуі туралы айтады.

Екінші және үшінші топ реакция теңдеулерін жазып, бейнекөрсетілім бойынша түсіндіреді.

Топтар жауаптарды "Екі жұлдыз, бір ұсыныс" арқылы бағалайды.

Қорытынды

( 10 мин.)



Бекіту тапсырмалары.

А) "Ақиқат па, жалған ба?" әдісі

1. Қанықпаған көмірсутектердің басқаша атауы алкендер.

2. Алкендердің жалпы формуласы СnH2n

3. Алкендерде көміртек атомының гибридтелген күйі sp3.

4. Этил спиртінен алкендерді алуға болмайды.

5. Алкендер гидрлену, гидратация реакцияларына түседі.

Ә) -Оқушылар, қолдарыңызға берілген ресурс парақтарымен таныса отырып, сабақтың басында топқа бөлінгенде берілген заттарды бүгінгі сабақпен байланыстырсаңыздар.

Үйге тапсырма: §47. Есептер: 224-бет №1-4, 225-бет . №1-2 (жалпы деңгей)

Шығармашылық тапсырма: Сурет бойынша ой-толғау жазу.

C:\Users\User\Desktop\Новая папка\пакеттттт.jpg


Табыс критерийі бойынша оқушылардың өз-өздерін бағалауын ескере отырып қорытынды бағалау.

Рефлексия.


Оқушылар "ақиқат" болса қол шапалақтайды, "жалған" болса аяқтарын топылдатады.









Оқушылар қолдарындағы полиэтилен дорбалар мен жемістерді этиленнің қолданылуымен байланыстырып айтады.

















Оқушылар табыс критерийі бойынша өздерін бағалап, сабақ бойынша рефлексия жасайды.


































http://realestateundressed.com/wp-content/uploads/2006/09/WindowsLiveWriter/BINGONotforme_13764/bingo%5B2%5D.gif



Қаныққан көмірсутектердің бірінші өкілі...



Шалшық газы...



Метанның агрегаттық күйі...



Қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласы...




Химиялық құрылыс теориясын 1861 ж ұсынған орыс ғалымы...



Қаныққан көмірстуек атауының синонимі...

С2Н5; С2Н6; С3Н8, С2Н4 артықтарын тап.

Химиялық құрамы бірдей, бірақ құрылыстары әр түрлі, соған сәйкес қасиеттері де әр түрлі заттар қалай аталады?

Бір-бірінен бір немесе бірнеше СН2тобына айырмашылығы бар, молекула құрылыстары ұқсас заттар қалай аталады?





Үй есептерінің жауаптары:

1

Екі зат өрнектелген. 1) 2,2-диметилпропан; 2) 2-метилбутан.

2

СН3

СН3-С-СН2-СН2-СН3

СН3

3

С8Н18

4

С6Н14

5

а,ә,в,д-изомерлер; б,г-изомерлер.

6

С5Н12, С10Н22

7

5Н11 пентил радикалы

8

СН3 СН3

│ │

СН3-С-СН2-С-СН2-СН3

│ │

СН3 СН3


Оқушының аты-жөні:

______________________

Үй есептерін орындауы

Тақырыпты толық түсініп, есептерді дұрыс шығарған.

Есептер толық шықпаған, тақырып бойынша білімі жетілдіруді қажет етеді.

Тақырыпты толық түсінбеген, есептер шығарылмаған.






Оқушының аты-жөні:

______________________

"Үшке дейін санағандай оңай" тапсырмасы

Ақпаратты толық жеткізді.

Ақпаратты жеткізуде әлі де толықтырулар қажет.

Ақпаратты жеткізуде қиналды.





Оқушының аты-жөні:

__________________

Табыс критерийі

Алкендердің жалпы формуласын біле отырып, құрылымдық формулаларын жазып, номенклатура бойынша атай білемін.

Алкендердің физикалық, химиялық қасиеттерін алкандардан ажырата аламын.

Тақырып бойынша сандық, сапалық есептер шығара аламын.

Алкендер жөнінде алған білімімді практикалық тұрғыдан нақты жағдаяттарда қолдана білемін.






Алкендер

этилен қатары ж.ф:СnН2n

С2Н4

Этен (этилен)

С3Н6

Пропен

С4Н8

Бутен

С5Н10

Пентен

С6Н12

Гексен

С7Н14

Гептен

С8Н16

Октен

С9Н18

Нонен

С10Н20

Декен


Ресурс

Этилен мен оның туындыларының қолданылуы. Этиленнің жеміс-жидектердің пісуін тездететін ерекше қасиеті бар. Алмұрт, қызанақ, қауын, лимон сияқты ауылшаруашылық өнімдерін шала піскен күйінде жинап алып, жабық қойма ауасына этилен жібереді. Осылайша сақталған өнімдер бұзылмайды.

Этиленнен тұрмыс пен техникаға аса қажетті полиэтилен, этил спирті, хлорэтан, дихлорэтан, т.б. заттар алынады.

Полиэтилен - диэлектрик, сондықтан оқшаулағыш материал ретінде электротехникада қолданылады. Су мен газды өткізбейтін болғандықтан, полиэтилен тағамдық өнімдер мен әртүрлі бұйымдарды орап сақтауға және үлкен қабыршақтар мен құбырлар жасауда қолданылады. Сонымен қатар жылыжайлар мен саяжайларда шынының орнына кеңінен пайдаланылады.

Этил спирті - медицинада, тамақ, химия өнеркәсіптерінде кеңінен қолданылатын зат. Одан көксағыз (каучук), резеңке, т.б. заттар алынады.

Хлорэтанның тез буланып кетіп, ортаны қатты суытатын қасиеті бар. Осы қасиетіне байланысты хлорэтан медицинада жеңіл оталар жасаған кезде пайдаланылады.

Дихлорэтан ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу үшін және органикалық заттардың еріткіші ретінде қолданылады. Шайырларды ерітуде, тоқыма материалдарын тазартуда пайдаланылады.


Краткое описание документа:

Қысқа мерзімді жоспар 9 сынып химия курсында "Органикалық химия" тарауы бойынша "Қанықпаған көмірсутектер. Этилен." тақырыбын Кембридж бағдарламасы бойынша оқытуға негізделген. Қосымша ресурстар, тапсырмалар беріліп отыр. Сабақта "Бинго", "Үшке дейін санағандай оңай", "Ақиқат па, жалған ба?" әдістері қолданылды.

Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров273
Номер материала ДВ-339136
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх