Инфоурок Начальные классы КонспектыҚысқа мерзімді жоспар. Дүниетану. Ғарыш туралы түсінік.

Қысқа мерзімді жоспар. Дүниетану. Ғарыш туралы түсінік.

Скачать материал

Сабақ тақырыбы

 

Ғарыш туралы алғашқы түсінік. Жұлдыз, ғаламшар, Галактика туралы мәліметтер.

Жалпы мақсаты

 

Ғарыш және Жердің ғарыштағы орны, ғаламшарлар туралы түсінік беру. Күн жүйесінің құрамына кіретін аспан денелерін, галактика неден тұратынын, ғарышты зерттеу шаруашылық үшін маңызын жете түсіндіру;

Сөздік қорын байыту, танымдық ой – өрісін, есте сақтау қабілеттерін, тілін дамыту, қорытынды жасауға үйрету.
Ғарыштық әлемге қызығушылығын ояту. Татулыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Табиғаттағы жайларды бақылауға, зейінділікке, шығармашылыққа  баулу.

Күтілетін нәтижелер

 

·         Ғаламшарлар Күннің төңірегінен айналатынын  біледі.

·         Ғарыш кеңістігіндегі денелерді ажыратуға дағдыланады.

·         Адамдар күннің қуатын пайдаланатыны туралы мәліметтер алады.

Сабақ түрі

 

Топтық  жұмыс, жеке жұмыс.

Керекті жабдықтар

Дүниетану оқулығы К.А.Аймағамбетова, Н.А.Ким, Г.Д.Мырзақанова, Т.Г.Напалкова  Алматыкітап 2015, «Ғарыш туралы түсінік» тақырыбында слайд, қима карточкалар, тірек сызба, «ЭСС» (энциклопедия солнечной системы) дискі, естелік ашық хат

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

ресурстар

Кіріспе

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алаұанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан- жағым.

 

Тұсау кесер

І. Үй тапсырмасын тексеру

Тақтада 15 сурет артқы бетінде сұрақтар жазылған, әр оқушы жауап беріп, суретті оң қаратып іліп шығады. Барлық оқушылар айтып болған соң, мұғалім:

·         Балалар осының бәрі туған өлке өсімдіктерімен жануарлары екен! Осы табиғатты қорғау сендердің қолдарыңда.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

-Сендер күнделікті өмірде қолданып жүрген күн тәртібін айта аласың ба?

-Міне балалар, демек біз таңертең тұрамыз аспанға қараймыз , күнді көреміз, күн батқанда аспаннан ай шығады, сосын жұздыздар. Дұрыс енді менің қолымда аспан, күн, ай, жұлдыздар деген сөздер бар соларды ретімен орналастырып қойып шықсақ бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбын оқи аласыңдар!

Оқушылар үй тапсырмасында сұрақтартарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

3-4 оқушыға күн тәртібін айтқызамын.

 

 

Оқушылар сөздер арқылы, жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

Суреттер, сұрақтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қима сөздер

Негізгі бөлім

Жаңа материалды түсіндіру кезеңі.

·         Балалар біз бүгінгі сабақта тақырыпқа сай, ғарышқа ұшып саяхатқа шығамыз. Ракетамыз қонған әрбір ғаламшарда берілген тапсырмаларды орындау арқылы келесі ғаламшарға ұшып қонып отырамыз. Берілген тапсырмаларды орындап, кездескен кедергілерді жеңе білейік! Іске сәт!

НЕПТУН 1.Суреттер сөйлейді .

Лайка –Стрелка, Н.Терешкова. Ю. Гагарин, Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев. Ракета. Костмонавтың суреттері бойынша түсіндіремін.

Жерді қоршаған бүкіл дүние –ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады.

Адам ерте кезден –ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты.Ол—Ю.А. Гагарин.

Оқулық бойынша қосымша материалмен таныстыру.

 

Уран 2. Сен білесің бе?

Жұлдыз --жерден өте алыс орналасқан орасан зор шарлар. Ең ірілері күннен бірнеше есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар. Жұлдыздар саны әлденеше миллиардтан асып кеткен.Жерге ең жақын жұлдыз---Күн. Оның төңірегінде аспан денелері ғаламшарлар (планеталар) айналып жүреді.

(планета –грекше адасушы жұлдыз деген сөз)

Ғаламшарлар —өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді.Планеталардың айналасында серіктері айналып жүреді. Жер серігі-Ай. Күн және күнді айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды.Күн жүйесі –Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады..

Жер-Күн жүйесіндегі Күннен бастап санағандағы үшінші планета. Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде Жер мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Ал Жер тұрпаттас планеталардың (Меркурий, Шолпан, Жер, Марс)ішіндегі ең үлкені. Жер-шар тәрізді екенін бұрынғы адамдар білген жоқ. Олар жүре берсек жердің шетіне шығамыз деп ойлаған. Келе-келе жиһанкездер қаншама жүргенімен жердің шетіне шыға алмайтынын білді. Жер шар сияқты екеніне тұжырым жасаған грек ғалымдары. Олар бұған дәлел ретінде  Ай тұтылғанда оны қалқалаған Жер көлеңкесінің дөңгелек болатындығын келтіреді. Орта ғасырлардағы дүние- жүзін айналу саяхаттары Жердің шар тәрізді екенін дәлелдеді. Еуропадан шыққан теңізшілер үнемі шығыстан батысқа қарай жүзіп отырды. Сонда өзінің шыққан жеріне қайта оралған. Барлық Жердің шар тәрізді екенін дәлелдейтін мысалдарды айтып,түсінік беру.

Глобус –латын тілінен аударғанда шар деген мағына береді. Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі ГЛОБУС деп аталады.

Глобуста Жер шары ондаған млн.есе кішірейтіліп алынады. Жер шарының мұндай алғашқы үлгілері орта ғасырларда жиһанкездер дүние жүзін айналып шыққаннан кейін жасала бастады. Глобуспен түрлі тәжірибе жасауға болады.Жердің өз білігінен айналуын және Күнді айнала қозғалуын, олардың қандай құбылыстар тудыратынын глобусты пайдалану арқылы оңай түсінуге болады.

САТУРН 3. Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.

ЮПИТЕР 4. Дәптермен жұмыс.

Күн , Ай, Жер –ғарыштық денелер. Ендігі кезекте Ай жердің серігі болғандықтан Жер мен Күнді Венн диаграммасы бойынша салыстырып ортақ қасиетін табамыз,- деп дәптерге орындатамын. 1-2 оқушы тақтадағы Венн диаграммасын толтырып жазып айтады.

Марс 5 . Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бір отырып , бір тұрып,

Орнымызға қонамыз.

Жер 6. Сұраққа-жауап.

Жер басқа ғаламшарлардан несімен ерекшеленеді?

Шолпан 7. Кім шапшаң?

Жұмбақ жасырылады , шешуін оқушылар табады. Жұмбақтың жауабы аспан денелері, жұлдыз, ай, күн, жер туралы.

МЕРКУРИЙ 8. Жұлдыздар жарқырайды!

Бірнеше жұздызша болады. Артқы бетінде сұрақтар берілген, соларға жауап береді.

1.    Жұлдыз деген не ?

2.    Ғаламшармен жұлдыздың қандай айырмашылығы бар?

3.    Күн жүйесіне нелер кіреді?

4.    Ғарыш кеңістігіндегі денелерді ата.

5.    Қазақстанда ғарышты бағындырған қандай ғарышкерлерді білесіңдер?

6.    Ғарышқа алғаш рет ұшқан кім?

7.    Т.Әубәкіров пен Т.Мұсабаев туралы не білесің?

 Бір-біріне сәттілік тілейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыстанады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім бастап мәнерлеп оқиды, оқушылар тізбектей оқып жалғастырады.

1-2 оқушы тақтадағы Венн диаграммасын толтырып жазып айтады.

 

 

Музыкамен сергіту сәтін жасайды.

 

 

 

Оқушылар өз ойларын айтып шығады. Сосын жер сөзіне топтастыру жазады.

Жұмбақ шешеді.

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап алынады.

 

«Ғарыш туралы түсінік» тақырыбында слайд

 

 

 

 

Ғарышкер-лердің суреттері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қима карточка-лар, тірек сызба

Қорытынды

1.-Мінекей, балалар, біз күн жүйесінің құрамын толық зерттеп шықтық. Сендер қалай ойлайсыңдар ,неліктен, біз күнге қонып зерттемедік? Себебі күннің қызуы біздің ракетамызды жарып жіберуі әбден мүмкін болғандықтан 8 ғаламшарға ғана саяхатқа шықтық.

2. Шығармашылық тапсырма.

Ермексаздан ғаламшарларды мүсіндеп жаса. Оларды қатты қағаз бетіне ғарышта орналасу ретімен орналастыру, аттарын жазу.

 

Ғарыш туралы түсініктерін қорындылайды.

 

 

 

 

 

Ермексазбен жұмыстанады

Ермексаз-дан мүсіндер

Бағалау

5-тік баға алған оқушылар күндей жарқырап жүрсін деп күнмен, 4-тік баға алған оқушылар жұлдыздай жайнап жүрсін деп, жұлдызшамен бағаланады.

Оқушылар бағаланады.

Стикер, күн, жұлдызша

Үйге тапсырма

94-97 беттерді оқу, мазмұнын айту. Дәптерге Күн жүйесін, ғарыштың анықтамасын жазып алу.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қысқа мерзімді жоспар. Дүниетану. Ғарыш туралы түсінік."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 647 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.11.2015 1505
    • DOCX 28.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Себепова Акторгын Талаповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Себепова Акторгын Талаповна
    Себепова Акторгын Талаповна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 27666
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 958 человек из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 689 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции