Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыҚысқа мерзімді жоспар 4сынып

Қысқа мерзімді жоспар 4сынып

Скачать материал

Мусабекова Ботакөз Дабылқызы

Ж. Қыдыров атындағы №54 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылы

 

       

Мерзімі: 

 

 Пәні:    Ана тілі

Сыныбы:  4 сынып

Сабақтың тақырыбы:

 

   Аққу , шортан һәм шаян

Сабақтың мақсаты:

Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыра отырып, Мысал жанры туралы түсінік беру; оқушының ауызша сөйлеуін, мәнерлеп, түсініп оқуын,өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту; Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу.

 

Күтілетін нәтиже

Оқушының тапсырма барысында қызығушылығы, ойлау жүйесі артады. Сыни көзқарас білдіруді үйренеді. Бағалаудың мақсатын түсінеді.ауызша сөйлеуді, мәнерлеп оқуы, өз ойын жүйелі айта білуі қалыптасады.

Сөздік қоры дамиды.Өзін еркін ұстайды. Ой-өрісі дамиды.

Елін, жерін қорғай білуге тәрбиеленеді, сыныптың реттелігі қалыптасады.

Сілтеме

Оқулық «Ана тілі», Бастауыш сынып әдістемеліктері. Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Негізгі идея:

 

Модулдік әдіс тәсілдер арқылы меңгерту

Сабақтың түрі:

 

Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:

 Сыни тұрғысынан ойлау, жеке жұмыс, топтық жұмыс, бағалау әдісі,   интерактивті әдіс,постер әдісі

Сабақтың көрнекілігі:

Тақта, суреттер, кестелер, плакаттар.

 

Тапсырма көздері:

 

Жұппен жұмыс, топпен жұмыс, сұрақ-жауаптар ,кестелік тапсырмалар

Сабақтың барысы:

 

 І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасы

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Ү. Үй тапсырмасы

ҮІ. Рефлексия

    І. Ұйымдастыру

а) Сәлемдесу

 «Менің көңіл-күйім» жаттығуы  Оқушы көңіл-күйін «бармақпен» бағалау.

1.Миға шабуыл

 

-А.Байтұрсынұлы кім?

Балалардың пікірін,ойларын тыңдау.

  - Балалар, бүгін біз сабақта қазақтың ұлы ақыны А.Байтұрсынұлының шығармашылығымен танысамыз, әдебиеттің мысал жанры жөнінде сөз қозғап, мысал өлеңнің ерекшелігін айқындаймыз.

         Қысқаша деректер. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы ағартушы, ірі ғалым-лингвист, ақын, аудармашы, оқулық авторы. Туған жері – қазіргі Қостанай облысының.Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы. А. Байтұрсынұлы алғашқы «Әліпби» оқулығын жазған. Оның «Қырық мысал», «Маса» деген шығармалар жинағы шыққан. Бар өмірін адал қызмет етуге арнаған оған «халық жауы» деген жала жауып, жазықсыз құрбан болды.

        А. Байтұрсынұлы Крыловтың мысалдарын аударған. Сол аударған мысалдарын «Қырық мысал» деген кітап етіп шығарады. Соның бірі – бүгінгі «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалы.

       Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынұлы – мысал жанрын қазақ әдебиетіне енгізуші аудармашы-ақындар. Ал сендердің 3-кластағы оқыған «Бидай мен Қаңбақ» мысалының авторы Асқар Тоқмағамбетов – жаңашыл мысалшы. Осы ақын-жазушылардың арқасында мысал жанры – қазақ әдебиетіне еніп, дамып келе жатқан жанр.

-Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Балалар топқа бөлінеді.

 Топқа бөлу шарты: Төрт бұрыш қағазға салынған Аққудың, Шортанның, Шаянның суреттері таратылады. Сол сурет бойынша аққулар бір топқа, шортандар бір топқа, шаяндар бір топқа, «мысал» сөзін таңдағандар  бір топқа бірігеді.

Оқулықпен жұмыс:

Мысалды жеке оқуы

Жұпен жұмыс:жұбыңа әңгімеле

 Топпен жұмыс: «Топтас,ақылдас ,талқыла»

    Алдын ала әр топқа әр түлі үй тапсырмалары берілген, олар өз сұрақтары төңірегінде жан-жақты ізденіс жүргізіп, оны тірек-үлгілер арқылы, яғни сызбалар салып, соған жазып түсіндіру қажет.

          І топ:     А. Байтұрсынұлының өмірі.

          ІІ топ:   А. Байтұрсынұлының мысалдары.

          ІІІ топ:   Қандай мысалдарды білесіңдер?

       ІҮ топ: Ал сендердің 3-кластағы оқыған мысалдарды естеріңе түсіріңдер.

      ( Мұғалімнің мысалды мәнерлеп оқуы, балалардың түсінігін тексеру, нақтылау)

-                                   Балалар, олар қайда өмір сүреді?

-                                   Олар не істемек болды?

-                                   Олардың жүктері неге қозғалмады?

-                                   Ақын бұл кейіпкерлер арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр?

Мысалда автордың айтайын деген негізгі ойы болады дедік. Негізгі ой дегеніміз – ақынның айтар өсиеті.

1 – тапсырма. Автордың түйінді, яғни негізгі ойын табу.

-                                          А. Байтұрсынұлының түйінді ойы қай жеде жазылған?

-                                         Мысал бізді неге шақырады?

Мысалдың тәрбиелік мәні – балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру.

Қорытынды: Мысалда негізгі ой шығарманың басында немесе аяғында беріледі. Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады. Ол түйінді ой арқылы ашылып, айқындалады.

2 – тапсырма. Негізгі ойға қатысты ынтымақ, бірлік туралы білетін мақал жазу. Мысалы:

1.                                Бірлік болмай, тірлік болмас.

Әрбір топ жазған мақалының мағынасын түсіндіреді.

3 – тапсырма.Мысалды сахналық қойылым етіп дайындау. Бұл тапсырма бойынша балалармысалды алдын ала диалогке айналдырып алады. Автор сөзі болады. Мысалы, автор «Бір күні Аққу, Шаян, Шортан үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк тиелген үлкен арба тауып алып, қатты қуанады.

 

 

Аққу айтады: – Достар, келіңдер, мына арбаны әуеге тартып шығарайық, - дейді.

Шортан айтады:

– Мұны көлге апарайық, - дейді.

Шаян айтады:

– Жоқ, одан да мұны құмға апарайық.

Автор:

– Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды.»

Осылайша балалардың әрқайсысы өз сөзін айтып, мысалды әр түрлі етіп импровизация жасауға болады.

Сергіту жаттығуы Ал, балалар, тұрайық,

                                    Қане, қанат жазайық.

                                    Аққу болып ұшайық,

                                    Көлде жүзген балықтай,

                                    Жүзіп, жүзіп алайық.

                                    Қане, айналып, қарайық.

Қорытынды. Мақал-мәтелдер:         

1. Алтау ала болса, ауыздағы кетер,               

   Төртеу түгел болса, төбедегі келер.

2. Бірлік болмай, тірлік болмас.

3. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Бағалау:

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қысқа мерзімді жоспар 4сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 097 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.10.2015 1464
    • DOCX 51.5 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мусабекова Ботакоз Дабылкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мусабекова Ботакоз Дабылкызы
    Мусабекова Ботакоз Дабылкызы
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9854
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2688 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 482 человека

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1472 человека из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 794 человека

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Методы и подходы проведения трекинга и менторства

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе