Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Қысқа мерзімді жоспар 5 сынып информатика
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Қысқа мерзімді жоспар 5 сынып информатика

библиотека
материалов

hello_html_m7d77a24e.gifhello_html_m1a0772e.gifhello_html_268218e2.gifhello_html_57cce304.gifhello_html_263e1214.gifИнформатика пәнінен қысқа мерзімді жоспар


Сыныбы: 5 Пән мұғалімі: Жакыпбекова Ш. Б..

Сабақтың тақырыбы

Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері

Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары

Білімділігі: Оқушыларға информатика пәні нені оқытады, оның компьютермен байланысы, оларға ақпарат туралы толық мәлімет беріп, ақпараттың түрлері мен қасиеттерін таныстыру және алған білімдерін толықтыру;

Дамытушылық: Ақпарат, оның мазмұны, түрлерімен қасиеттері туралы нақты мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім-білік дағдыларын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа өз бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Оқып-үйренуден күтілетін нәтиже

  • Информатика пәні нені оқытатыны туралы біледі;

  • Ақпарат, ақпараттың мазмұнын біледі;

  • Адам өмірінде ақпараттың рөлін біледі;

  • Ақпараттың түрлері және қасиеттеріне сипаттама бере алады.

Оқытуда қолданылатын әдіс -тәсілдер

Көрнекі-түсіндіру, салыстыру-талдау, өз бетінше жұмыс істеу, диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, деңгейлік тапсырмаларды орындау, оқыту үшін бағалау.

Ресурстар (дереккөздер)

  • Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов Информатика 5 сынып

  • Сергей Симонович, Георгий Евсеев Занимательный компьютер

  • www.bilimdiler.kz, www.myxatai2006.narod.ru , www.ustaz.kz, www.kazakh.ru сайттары

Сабақтың типі

Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі

Ауызша сұрақ-жауап

Оқытудағы әдістемелік нұсқау

Жаңа тақырыпты түсіндіре отырыпы, оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, ғылыми-шығармашылыққа баулу.

Сабақтың кезеңдері

1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру

1) сынып оқушыларының назарын сабаққа аудару

2) бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру, оқыту тәсілдерін талдау.

Рефлексия. «Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алыңдар.

hello_html_m595cfa89.png




2. Оқушылардың алған білімдерін қайталау.


  1. Жалпы техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелеріне қойылатын қандай талаптар бар?

  2. Компьютерлік сыныпқа кірер алдында қандай талаптар қойылады?

  3. Компьютермен жұмыс істер алдындағы қойылатын талаптарды ата.

  4. Компьютермен жұмыс істеу барысында қандай талаптар қойылады?

  5. Компьютермен жұмысты аяқтағаннан кейінгі қойылатын талаптар.

  6. Электр тогымен зақымданғанда қандай алғашқы көмек көрсету тәсілдері бар?

  7. Күйген жағдайда қандай алғашқы көмек көрсетуге болады?

  8. Талып қалған жағдайда қандай алғашқы көмек көрсетуге болады?

  9. Көз талғанда қандай жаттығулар жасалынады?

3. Жаңа тақырыпты меңгерту

Информатика - адам қызметінің әртүрлі саласында пайдаланылатын ақпаратты жылдам жинау, сақтау, өңдеу, түрлендіру және тиімді тарату әдістерін үйрететін ғылыми пән. «Ақпарат» термині латынның «түсіндіру, баяндау, білу» деген ұғымдарын білдіретін «informatio» сөзінен шыққан.

Информатика пәні компьютермен тығыз байланысты. Бірақ, компьютер – оның көмегі арқылы ақпаратпен жұмыс істеуге болатын құрал ғана.

Информатика-ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.

Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты.

Ақпарат – қоршаған орта мен онда болып жатқан әр түрлі құбылыстар туралы мәліметтердің жиынтығы.

Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81 % -ын көру арқылы, 10%-ын есту, 4%-ын иіскеу, 3%-ын дәм сезу және 2%-ын сезу арқылы аламыз.

Ақпарат - адамнан да ерте туған құбылыс. Табиғат өзінің даму барысында жұмбақталған ақпаратты өсімдіктер мен тірі ағзалар арқылы беріп отырған.

Ақпараттану (Информатика) - электронды есептеу машина (ЭЕМ) арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.

Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.

Ақпарат әртүрлі баланыс желілері арқылы беріледі: электрлық, талшықтық және т.б. қазіргі кезде біртұтас ақпараттық кеңістік пайда болды – компьютерлік желілер құрылып, дами бастады

Адам ақпарат әлемінде өмір сүреді. Уақыт өткен сайын ақпарат өзгереді, адамның өзі де өзгереді (білім, тәжірибе жинақтайды), адамның әлем туралы түсінігі де өзгереді.

Ақпараттың түрлері

Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады. Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі – құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал, ақпаратты қабылдаушы-адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы ақпарат жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады.

Көрінетін ақпарат (көру арқылы)

Ақпаратты қабылдау түрлері



Естілетін ақпарат (есту арқылы)



Дәм сезу арқылы

Сезу арқылы

Иіскеу арқылы






Бір ақпараттың өзі (мысалы, көрінетін) әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде. Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық жәневидеоақпарат болуы мүмкін.

Ақпарат қасиеттері

Адам баласы үшін ақпараттың аса маңызды қасиеттеріне мыналар жатады:

  • Ақпараттың сенімділігі;

  • Ақпараттың толықтылығы;

  • Ақпараттың құндылығы;

  • Ақпараттың дер кезінде берілуі;

  • Ақпараттың түсініктілігі;

  • Ақпараттың қолжетімділігі;

  • Ақпараттың қысқалығы;

  • Ақпараттың нақтылығы.

Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті және өзекті емес болуымүмкін.

4. Тәжірибелік тапсырма

Біздің ақпаратты түрлі арналардан алатынымызды ескере отырып, үлгідегідей кестені толтыру

Зат

Қасиет

Арна

Мүше

1

Қоңыраулы сағат

Шылдыр

Есту

Құлақ

2





3





4





5






5. Жаңа сабақты бекіту


  • «Ақпарат» термині туралы жаңадан не білдіңдер?

  • Сендерге қандай ақпарат тасығыштар белгілі?

  • Қазіргі кезде ақпараттың қандай түрлері бар?

  • Ақпараттың қасиеттерін атап өтеңдер?

  • Адам ақпараттың қандай сезім мүшелері арқылы қабылдайды?

  • Ерте заманда қандай ақпарат тасымалдаушылар болған?

6.Үйге тапсырма

§2 оқу. 16 беттегі бақылау сұрақтарына дайындалып келу.

Өзіңді тексер!

1. Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады?

  1. сезу және көрудің

  2. иіскеу мен естудің

  3. есту мен көрудің

  4. керу және дәмін тату арқылы

2. Сендер электрондық хатта көрген фильмдерің туралы баяндадындар делік. Бұл ақпараттың қай түріне жатады?

  1. есту

  2. сезу

  3. көру

  4. жазбаша

3. Осы информатика оқулығында келтірілген мәліметтер негізі- нен ақпараттыһ қай түріне жатады?

  1. мәтіндік және графикалық

  2. графикалық және естілетін

  3. электромагниттік және көрінетін

  4. цифрлық және музыкалық

4. Ақпаратты сақтау њшін адамдар нені қолданбайды?

    1. қағазды

    2. дискіні

    3. тасты

    4. суды

5. Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адамдар нені пайда ланған?

      1. биді

      2. суреттерді

      3. қимылды

      4. дыбысты

6. Дыбыстық ақпаратты не арқылы жеткіземіз?

  1. кітап

  2. радио

  3. журнал

  4. плакат

7. Сабақты қорыту

1. Не білдім? Не түсіндім? Қолдана аламын! схемасы бойынша талдау

2. Сабаққа белсене араласқан және тақтамен жұмыс жасаған оқушылардың білімін бағалау. Сабақтың мақсатқа жетуіне баға қою.

3. Бүгінгі өтілген сабақ бойынша оқушылардың көңіл-күй рефлекциясын анықтау.

hello_html_m4a746fef.png

















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 10.03.2016
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров344
Номер материала ДВ-514049
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх