Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қысқа мерзімді жоспар "Сөйлем мүшелерін қайталау"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Қысқа мерзімді жоспар "Сөйлем мүшелерін қайталау"

библиотека
материалов

Күні: 29.10. 2016


Мұғалім: Г.Уткельбаева


Тексерілді:

Сынып : 8

Тақырыбы: Тоқсандық қайталау




Сабақ мақсаттары

Бірінші тоқсан барысында алған білімдері бойынша тест, тапсырмалар мен топтық жұмыстар жүргізу арқылы білімдерін бағалау, анықтау


Тілдік мақсат

Оқушылар: сұрақ қоя алады, дебат жүргізеді , талдайды

негізгі сөздер мен тіркестер:

Талқылауға арналған тақырыптар:

Жазылым бойынша ұсыныстар: эссе жазу

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар: сөйлем мүшелері туралы, оның ережесін, жасалуын, түрлерін біледі;

Оқушылардың басым бөлімі: сөйлем мүшелерін қатыстырып сөйлем құрай алады, жаттығу барысында ажырата алады;

Кейбір оқушылар: бастауышпен, баяндауышпен толықтауышты салыстыра алады, ұқсастығы мен айырмашылығын таба алады; тест жұмыстарын дұрыс орындай алады

Бағалау

смайликтер, бағалау парақшалары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

5 минуттық тест

Тапсырмаларды орындау арқылы топқа бөліну

Үлестірме парақшалар

Қызығушылықты ояту  Диалогқа түсу /сыныпқа сұрақ қою/ 

Биыл қандай мерейтойлар тойлануда?

-Бүгінгі сабағымызды тәуелсіздіктің 25 жылдығына арнаймыз!


слайд

«Кубизм» стратегиясы.

. 1. Салыстырыңыз. Тұрлаулы мүше мен тұрлаусыз мүшелерді салыстыр.
2. Талқылаңыз. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не? Түрлерін ата.
3. Ажыратыңыз. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің түрлерін ажырат.
4. Мысал келтір. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге мысал келтір.
5. Қолданыңыз. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді пайдаланып әңгіме немесе эссе жаз.
6.
Зерттеңіз. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің түрлерінің ерекшеліктеріне тоқтал.

Жұмыс дәптері

Тірек сызбаны толықтыру


  1. Енді тұрлаусыз мүшелерге тоқталайық. 1-қатар толықтауыш, 2- қатар бастауыш, 3-қатар-баянауыштың ережесін айту, сызбаны толықтыру

А3 қағазы

Иә не жоқ әдісі (иә жауабына 1 санын, жоқ жауабына 2 санын белгілейді)

  1. Толықтауыш - сөйлемнің тұрлаулы мүшесі

  2. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері - бастауыш пен баяндауыш

  3. Мен сенің досыңмын. Сөйлемде досыңмын сөзі бастауыш

  4. Табыс септігінде түрған сөз жанама толықтауыш болады.

  5. Мен сені түсімде көрдім. Осы сөйлемде жанама толықтауыш бар

Оқушылар жұппен алмасып, дұрыс жауабын тексереді: 21221

5 дұрыс жауап – керемет;

4 дұрыс жауап – жақсы;

3 және одан төмен жауап- қане көмектесейік!


Дәптермен жұмыс

« Мені тап! » ойыны.

  • Оқылған сөйлемдерден 1-топ бастауышты, 2-топ баяндауышты, 3-топ толықтауышты табу керек. 4-топ сөйлем арасына қажетті жеріне сызықша қою қажет



Семантикалық кестені толтыру.

1-қатар:
Біз бүгінгі жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында жеттік.
2-қатар:
Мен тәуелсіз елдің азаматы болғаныма мақтанамын.
3-қатар:
Тәуелсіздік- ата-бабалардың ұлы арманы.


Үй жұмысы:


Үйге тапсырма: «Тәуелсіз елдің ұланымыз» тақырыбына шағын шығарма жазу


Бағалау

Критерийлер арқылы бағалау бағалау.

Бағалау парақшалары

Рефлексия

+,-,қызықты




Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алған. Қазақ халқына тәуелсіздік оңай келген жоқ. Қазақтың көптеген қайсар батырлары қазақ елінің еркіндігі яғни тәуелсіздігі жолында күресіп жеңіске жеткен. Осындай қазақ батырларының ерен ерлігінің  арқасында Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналып отыр. Қазақ елінің тәуелсіздігінің басты белгісі оның рәміздері. Қазақстанның үш рәмізі Ту, Елтаңба, Әнұран.  Сонымен қатар Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғандықтан халқымыздың өзіндік валютасы да бар. 1993 жылы 15 қарашада қабылданған «теңге» Қазақстанның валютасы

Қазақстан дүниежүзі халықтарына танылған мемлекет.

Бастауыш пен баяндауыш арасына сызықша қойыңдар

Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден –ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен.Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы - Тұмар падишаның ерлік істері. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар ғой... Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, - деген Тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғаған. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып олар қарындас» - деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздардың қазақта болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді.

Бастауышты табыңдар


Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдар алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды. Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз» деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?- деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен болды. Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арман-ды. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деп бөркін аспанға атты. Алайда, бұл қуаныш ұзаққа бармады. Қазақтың еркіндігінен қорыққан қызыл империя көсемдері алаш туы астына бірікендердің бәрін біртіндеп құртты. Ең алдымен Жүсіпбек Аймауытовты атты. Қалғандарын, қияндағы Шәкәрімнен бастап қаладағы қазақ оқығандарын түгел қырды. Мұстафа Шоқай шетел асты... Алашорда партичсына мүше болғандардан жалғыз Мұхтар Әуезов қана аман қалды... Алаш деген сөзді тарихи санадан өшіру әрекеті басталды. Дүниедегі ең жек көрінішті сөзге айналдыруға тырысушылардың «еңбегі» зая кеткен жоқ. Әлі күнге дейін кейбіреулер алаш дегенде селк ете қалады... Қазақтың өз билігі өз еркінен кеткен соң қара халықты қалай қорлаймыз деп қызыл империя аса қиналған жоқ.
... 32-33-тің ашаршылығы қолдан жасалды.
...
36-37-нің қырғыны әдейі істелді.


Осыншама нәубеттің ішіндегі ең сұмдығы – 1949 жылдан қазақ халқы атом полигондарының сынағына тасталды. Қазақ қоян құрлы болған жоқ. XX ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел қазақ көрген азапты көрген жоқ. Аяулы Отаным - Қазақстан – ядролық қарудың қасіретін әлем бойынша ең көп тартқан ел. Оның талай ғасырға жететін тарихын қозғасақ, бабалардың басынан кешкенін көзге елестетсек, көздің жасын тия алмаспыз. Қазақстан ядролық инфрақұрылымнан құтылуды әлемге айғақ еткен, әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытқан, еліме тәуелсіздіктің туын желбіреткен елбасы Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз ұшан-теңіз. Атом сынағынан аман өттік, бұл заманға да жеттік. Аяулы Отаным - Қазақстан жерін бабаларымыз ерлікпен қорғап бізге қалдырған,








Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров77
Номер материала ДБ-358513
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх