Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Рабочие программы / Қысқа мерзімді жоспар. Тақырыбы: "Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Қысқа мерзімді жоспар. Тақырыбы: "Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу"

библиотека
материалов

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар (7 сынып)


Жалпы мақсаты

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Күтілетін оқу нәтижелері

«Жауапкершілік, құқық» туралы түсініктері кеңейеді. Өз ойларын қорытып айту арқылы топтық тапсырмалар орындау барысында оқушылардың білім деңгейі артады.

Түйінді идеялар

Диалог арқылы өз идеясын, жауабын сенімді түрде білдіру дағдысы дамиды, өзгені тыңдауға мүмкіндік береді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты талап етеді.

Сабақта қолданылатын материалдар

Постер немесе А4 қағазы, түсті қағаздар (стикерлер), түрлі-түсті бояулар т.б. Интербелсенді тақта, қанатты сөздер жазылған қағаздар.


Оқыту әдістері

Конференция


Жеке жұмыс

Топтық жұмыс

Дерек көздері

Интернет материалдары, қосымша бейне роликтер

Тапсырмалар

Тақырыпқа байланысты

Ұйымдастыру, шаттық шеңберін құру негізінде

ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 3мин


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе

(5мин)

Кіріспе сөз: Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.
         «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» атты тәрбие сағатымызды бастайық.

Сан мыңдаған жылдар бұрын адамзат пайда болды. Міне сонымен қатар әр түрлі мәселелер де туындай бастады. «Адамдар не істеуге болады,не істей алады? деген сұрақтар туындай бастады.Міне осы кезде әр елдің заңы,ережелері шыға бастады.

Б.з.д Рим құқығы ІХ-VII ғасырда

Б.з.д  V ғасырда «12 кесте заңы» Ежелгі Қытай елінде

Шыңғыс ханның «Ұлы жасасы»,Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы»,Тәуке ханның «Жеті жарғысы».

1885 жылы билер жиналысында ұлы Абайдың «Шар ережесі» қабылданды. Абай бұл заңның мазмұны елін әділдікке жеткізуі, бейбітшілік,тыныштықты сақтайтын нормалар жиынтығы деген. Сонымен қатар қазақ елінің заңын жасауға,әдет-ғұрпының сақталуына,қалыптасуына зор үлесін қосқан үш кемеңгер билеріміз.

Міне, балалар, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап, оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылданған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы», сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқығы Декларациясы», міне осы декларациядан кейін 61 ел қол қойған 1989 ж 20 қарашада «Балалар құқығы туралы Конвенция» қабылданды. Қазірде бұған 191 мемлекет кірген.Конвенция деген-арнаулы мәселелер жөніндегі келісім шарт. Осы Конвенция негізінде 2002 ж тамызда Қазақстанда «Балалар құқығы туралы» заң қабылданды. Бұл заң 9-тарау,53-бап-тан тұрады.Осы ережелерді бұлжытпай орындау-біздің Отанымыз,еліміз,халқымыз алдындағы  парызымыз.Біздің өмірдегі кейбір келеңсіз жағдайлардың көбі біздің осы заң талаптарын,тәртіп талаптарын білмейтінтіндігімізден туындап жататын секілді.

    Заң дегеніміз қоғамның негізгі тірегі Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер.Назарбаев «Конституция-бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің туы, гимні ,елтанбасы секілді қадірлеу, құрметтеу-біздің парызымыз» деген. Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып, жат қылықтар, өрескел тәртіп бұзушылыққа бармау, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заның, халықты құрметтеуі деп білуімізге болады. Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтан да біз оны Ата заң деп құрметтейміз. Әрбір адам өзінің де,өзге елдің де заңына бағынуға міндетті.Әр мемлекеттің өзіне тән заңы бар.

    ХХІ ғасыр адам өқөыөтары мен бостандығын бірінші орынға қойды.Әрбір еркін мемлекет адам құқығын құрметтеуге,оларды қамтамасыз етуге және бұзбауға міндетті.Адам құқықтары халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру арқылы іске асырылады.


Мұқият тыңдайды, сабақтың мақсатын анықтайды.

Топтық жұмыс (15мин)


1-топ: «Сенің құқығың»

2-топ: «Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері»

3-топ: «Қылмыс»

4-топ: «Жауапкершілік»

Оқушылар өз тобының тапсырмаларын орындайды

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, слайдқа назар аударылады.

«Сенің құқығың» - баптарды еске түсірейік.

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған.
1.2. «Сенің құқығың!»
14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды.
15-бап
1. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.
16-бап
1. Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.
17-бап
1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
19-бап
1. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету - көрсетпеуге хақылы.
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым - қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.
22-бап  

1. Әркiмнiң ар - ождан бостандығына құқығы бар.
2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.
25-бап
1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол берiледi.
2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгiленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға берiледi.

Оқушылар «Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері» тақырыбына кластер құрады;

Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері (болжамды жауаптар):

Отбасындағы ақау тәрбие;

Отбасындағы материалдық әл-ауқаты;

жұмыссыздық;

баланың бос уақытының шамадан тыс мол болуы;

ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы;

мінез-құлқының ауытқушылығы;

Рухани құлазуы;

Тапсырма

Бейнероликке назар аударту «Жасөспірімдер қылмысы».

Слайд:

Таразының екі басында тышқан мен мысық бейнеленген. Айтар ойыңыз қандай?

Оқушылар өз ойын ортаға салады.

Тапсырма: Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру)
1. Біреуге ор қазба....(өзің түсесің)
2. Заңның құрығы...(бәрінен ұзын)
3. Ұрлық түбі ...(қорлық)
4. Өтірікшінің құрығы. ...(бір – ақ тұтам)
5. Тура биде. ...(туған жоқ)
6. Туғанды биде. ...(иман жоқ)
7. Қолыңмен істегенді. ...(мойныңмен көтер)
8. Тек жүрсең. ...(тоқ жүресің)
9. Заңды сыйлаған. ...(еркін жүреді)

Қорытындылау

  • Біз мәтінді қалай оқысақ суретті де солай «оқи» аламыз, суретке қарап ой түйеміз.

  • Біз суреттегі көрнекі ақпараттар мен көрнекі символдарға субъективті түрде түсініктеме беріп, пікірімізді білдіре аламыз.

  • Біздің суретке түрліше мән беруіміз мүмкін және суретте бейнеленген адамдарға/оқиғаларға қатысты біздің білімімізге, жеке тәжірибеміз бен нанымдарымызға байланысты түсінік қалыптасады.

Суретке қарап мақал-мәтел құрастыру

Оқушылар өз жауабын айтады, тақтадағы жауаппен салыстырылады, сөйтіп сабақ қорытылады

Рефлексия:

Уйге тапсырма

Құқық бұзушылық туралы эссе






«Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі




«Тексерілді»

директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары_________________

«____»__________20____






Жасөспірімдер арасындағы

құқық бұзушылықтың алдын алу


7б сыныбы

hello_html_11883bb2.jpg





Сынып жетекшісі: Матаева Н.






2015-2016 оқу жылы







































Автор
Дата добавления 20.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Рабочие программы
Просмотров74
Номер материала ДБ-044653
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх