(Ж)
«Сөз түйіні» ойын-жаттығу арқылы мәтінмен жұмыс жасау.
1.
«Көріпкел» мәтінін оқып, көріпкел деп кімді, не үшін атағанын түсіну.
Мәтінді көзбен түсініп оқу, оқи отырып, түсінігі қиын сөздерді белгілей
отыру және негізгі ойды білдіретін сөздерді анықтап отыру.
Сөздікпен
түсіндірме жұмысын ұйымдастыру.
2.
Кітаптарын жауып, қолдарына парақ пен қарындаш алып, жұптаса, ақылдаса
отырып, мәтіннің негізгі ойын білдіретін он шақты сөздер немесе сөз
тіркестерін жазады.
Мысалы:
Әбіқай, Алмат би, Арқа даласы, жылқы, ит, көріпкел, ерекше, шешен, ақын
т.б.
Жазылған
сөздерді тақтаға іліп, бірнеше оқушыдан не үшін осы сөздерді алғанын сұрау.
-
Неге Әбіқай деген сөзді жаздың?
-
Мәтін кейіпкері Әбіқай.
-
Ерекше деген сөзді не үшін жаздың?
-
Әбіқай ерекше жаратылған шешен, ақын адам болған. т.с.с.
Мәтіннің
негізгі ойын ашатын түйінді сөздерді дұрыс жазған оқушылар мадақталады.
3.
Флипчартқа немесе тақтаға оқушылардың жазған түйінді сөздері қорытындыланып
жазылады. (Мұғалім жазады).
-
Әбіқай ата бие мінген, төбет ерткен жолаушы ауылға келе жатқанын қайдан
білді?
-
Автор Әбіқай ата бейнесі арқылы қандай адамдық қасиеттерді дәріптейді?
«Адам
өзінің байқағыштық, зеректік, аңғарымпаздық қасиеттерін қалай жетілдіруіне
болады» деген тақырыпта ғаламтордан ақпарат іздеуге тапсырма беру.
Ойсергек
өткізу, оқушылардың қасиеттерін анықтау арқылы эпитетті түсіндіру.
-
Тізбек бойынша бір-біріңнің ерекше жақсы қасиеттеріңді бір ауыз сөзбен айтып
шығыңдар.
Мысалы:
Ұқыпты Мәдина, алғыр Мәди, есепке
жүйрік Құрман, биші Айгүл, суретші Марат, ақын Ақнұр
т.с.с.
(МК)
Барлығыңда да ерекше қасиеттер бар. Әр оқушының өзгеше, өзіне тән қасиеттерін
анықтадыңдар. Ендеше адамның, заттың, құбылыстың өзгеше белгілерін көрсету - эпитет
деп аталады. Эпитетке тән сұрақ -«қандай?»
Табиғи
құбылыс - жаңбыр сөзінің сипатын анықтайтын сөздер: қарлы жаңбыр, суық
жаңбыр, өткінші жаңбыр т.б.
Зат
- кітап сөзінің сипатын анықтайтын сөздер: қызықты кітап, мазмұнды
кітап, суретті кітап т.с.с.
Оқулықтағы
анықтамаға назар аударту, оқыту.
Көркем
мәтінде автор адамның, заттардың, басқа да құбылыстардың ерекше қасиеттерін,
сапасын, сипатын айқындайтын суретті сөздерді қолданады. Оны эпитет деп
атайды. Мысалы: әділ би, жібі түзу адам, батыл бала, пысық қыз, қоңыр күз,
өкпек жел, соқыр жауын т.б.
(Ө)
Екінші бағандағы сөздердің сипатын анықтайтын сөздерді бірінші бағаннан тап.
Ол сөздер қалай аталады?
жаңбырлы
айлы
тәртіпті
мейірімді
көріпкел
самал
жүйрік
қабаған
|
адам
оқушы
түн
жел
ит
ат
күз
қыз
|
Суреттерді жанына шағын бөліктерін ғана үйлестіріп
беру: айлы түн, жаңбырлы күз, тәртіпті оқушы, қабаған
ит,самал жел, жүйрік ат
|
Қандай
құбылыстарға зер салып қарап, ертеңгі ауа райын болжауға болады? Мысалы:
Ай
шалқайып туса, сол айда күн жайсыз, суық болады.
Ай
еңкейіп туса, сол айда күн жайлы, жылы болады.
Ай
туғанда, бұрынғысынан үлкендеу көрінсе, сәулесі қызғылт болса, жауын
жауатынының белгісі.
Жұлдыз
шақшиып тұрса, күн аязды болады.
Шолпан
күзде таңертең көрінсе, қыс жұмсақ болады.
Шолпан
күзде кешке таман көрінсе, қыс қатты болады.
(Оқушы
ойы тыңдалады)
(Ө)
1.«Көріпкел» әңгімесінен эпитеттерді тауып, көшіріп жаз.
2.
Суреттерді мұқият қарап, тесік шелектің жауабын жаз.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.