Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Қысқарған сөз 4 сынып

Қысқарған сөз 4 сынып

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сынып: 4

Пән: қазақ тілі

Мұғалім: Тажкенова Майраш Мукешевна.

Тақырыбы: Қысқарған сөз.

Сабақтың мақсаты: Қысқарған сөздер туралы ұғымдарын кеңейту.

Сабақтың міндеті:

1.Қысқарған сөздерді жан- жақты  талдату.

2.Салыстыру, талдау арқылы қорытынды шығара білуге дағдыландыру.

3.Өзін - өзі тәрбиелеуге, іс - әрекетіне баға беруге үйрету.

Күтілетін нәтиже: Қысқарған сөздер туралы толық мәлімет алады, сөйлемдер ішінен ажырата біледі.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: семантикалық карта, топтастыру, «Пальма» әдісі, «Миға шабуыл» әдісі, «ЖИГСО»әдісі, тақырыптық түйінді сөздер, сұрақ-жауап, адасқан әріптер, «РАФТ» әдісі, «Автор орындығы» әдісі.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Кіріктірілген модульдер: СТО, АКТ, ОҮБ, ОБ,  талантты және дарынды       балаларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық, диалогтік оқыту.

Сабаққа қажетті құралдар: интерактивті тақта, плакат, маркер.

Сабақтың жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгелдеу, топ ережесімен, бағалау критерийімен таныстыру, өтілген тақырыптарды қайталау

Өтілген тақырыптар семантикалық кесте арқылы қорытындылау.

мысалдар

Біріккен сөз

Қос сөз

1

Су-су

 

+

2

Тасбақа

+

 

3

Бала-шаға

 

+

4

Еңбеккүн

+

 

5

Ұшып-қонды

 

+

6

Екібастұз

+

 

7

Дәрі-дәрмек

 

+

 І. Қызығушылықты ояту.

«Пальма» әдісі

1.Сабаққа дейінгі көңіл-күйіңіз қандай?

2.Сабақтан не үйренгілеріңіз келеді?

«Миға шабуыл» әдісі

Қысқарған сөздер

Қысқарған сөздер дегеніміз - күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі. Мысалы: ТМД, АҚШ, см, ТУ-154.

ІІ. Мағынаны ажырату. «ЖИГСО» әдісі.

Қысқарған сөздің жасалуының 4 жолы бар. Соны топтарға бөліп беремін.

1.Күрделі атау сөздердің құрамындағы әрбір сөздің тек басқы дыбыстарынан ғана қысқарып бірігеді. Мысалы: БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы), АҚШ (Америка Құрама Штаттары), ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы), см (сантиметр), дм (дециметр).

Бұл жасалу жолы тағы қосымша жалғанса, сызықша арқылы жалғанады. Мысалы: ТМД-ға, АҚШ-қа, см-ге.

2.Күрделі атау сөздердің құрамындағы бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздердің басқы дыбыстарынан қысқарып бірігеді. Мысалы: ТарМУ (Тараз Мемлекеттік Университеті), ҚазМҰУ (Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университеті).

3. Күрделі атау сөздердің құрамындағы әрбір сөздің басқы буындарынан қысқарып бірігеді. Мысалы: физ-мат (физика-математика), ұжымшар (ұжымдық шаруашылық), филфак (филология факультеті).

4. Күрделі атау сөздердің құрамындағы бірінші сөздің басқы буынынан және соңғы сөздің түбір күйінде айтылуынан құралады. Мысалы: пединститут (педагогикалық институт), медколледж (медициналық колледж), медпункт (медициналық пункт).

«Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі

Сөздер банкісі

Біздің тақырып

Әр топқа жеке сөйлемдер беріледі. Сөйлем ішіндегі берілген сөздерді қысқартып жазу.

1.Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы достық қатынаста.

2.Ажар биыл Тараз Мемлекеттік Университетіне оқуға түсуге дайындалып жүр.

3.Ресей Федерациясы ядролық сынаққа біржола тыйым салуды жақтайды.

4.Математика пәнінен үйге сантиметр және дециметрге байланысты мысал есептерді шығарып келуге берді.

ІІІ. Ойтолғаныс.

«РАФТ» әдісі

Р – рөл                                                      Президент      

А – аудитория                                          оқушылар 

Ф – форма                                                 хат

Т – тақырып                                             ҚР-ң білімді азаматтары

«Автор орындығы» әдісі, жазған ойларын автор орындығына отырып оқиды.

«Пальма» әдісі

1.Сабақтан кейінгі көңіл-күйіңіз қандай?

2.Сабақ ойларыңыздан шықты ма? Бағалау:

Критерий бойынша оқушыларды бағалау.

  • Үй тапсырмасы бойынша  жеті сұрақтан тұратын семантикалық карта бойынша жауап.











Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 09.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров186
Номер материала ДВ-320930
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх