Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / ''Ықшамсабақ '' 7 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Физика

''Ықшамсабақ '' 7 сынып

библиотека
материалов


Сынып: 7 қазақ

Сабақтың тақырыбы: Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар.Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері

Сабақтың мақсаты:

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар ұғымдарын айналадағы мысалдар арқылы түсіндіре отырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсақтықтарын білуге үйрету

Сабақтың міндеттері:

а) Білімділік: Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарға,  жылдамдық және оның бірліктері  туралы түсінік  беру.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып,қозғалыс   туралы білімдерді жетілдіру.

б) Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, белсенділікке,

жауапкершілікке, іскерлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ


Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру.


Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері. Бағалау. АКТ қолдану. Бағалау.


Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар:  интерактивті тақта, бағалау парағы,  магнит, А-3 қағаздар, түрлі түсті қағаздар, маркер, қарындаштар, клей, т.б.


Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі мен әдебиет.


I.Үйымдастыру кезең:

а) Сәлемдесу.

ә) Оқушыларды түгендеу.  Психологиялық ахуал жасау.


hello_html_m2738b6ed.jpghello_html_2c8264c9.jpg




«Мен нені білемін?, Мен нені білгім келеді?, Мен нені білдім?» кестесі таратылады.

Топқа бөлуі.

Әр топтың жетекшісілерін сайлаймыз.Топ жетекшілерінің мақсаты: топтағы оқушылардың білімдерін сабақ барысында бағалап,бағалау парағына түсіріп отыру.


Тренинг.

- Оқушылар , өткен сабақта қандай  ұғымдармен таныстыңыздар , қане естерімізге түсірейік:  Материалдық нүкте .  Қозғалыстың салыстырмалылығы. Жол  және орын ауыстыру. Траектория.


II.Үй тапсырмасын тексеру (5мин) 1. Сұрақ – жауап.

Оқушылар, өткен тақырыпты еске түсірейік. Әрбір  оқушы өздеріне қойылған сұрақтарға қысқа және нақты жауап беруге тырысыңыздар.

1.   Материалдық нүкте деген не? (Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады.)

2.   Қозғалыс траекториясы деген не? (Дененің немесе материалдық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі)

3.   Дене қозғалысының түзусызықты немесе қисықсызықты екенін қалай ажыратамыз?

( Траекторияның түріне қарап ажыратады. Мысалы, шеңбер бойымен парабола бойымен т.с.с)

4.    Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай? Жауабы:  қисық сызықты қозғалыс (шеңбер бойымен).

5.   Жүрілген жол дегеніміз не ? (Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады. Оны S әрпімен белгілеу  белгілейді)

6.   Орын ауыстыру деп нені атайды?(Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын осы бағытталған кесіндіні айтады.Орын ауыстыру векторлық шама болғандықтан,  оны нұсқама  қойып, S әрпімен белгілейді)



hello_html_m38bfb1e6.jpghello_html_m76a90671.jpg



hello_html_m73bd71f5.jpg



Сiздер  екi бағанадан тұратын кестені көріп тұрсыздар .  Бірінші бағанада  жол  , екінші бағанада уақыт  .  Сіздің міндетіңіз теңдікті түрлендіру. Тапсырманы  орындауға 3 минутты уақыт беріледі. Сәттілік  тiлеймiн! (берілген тапсырманы жұмыс дәптерлеріне орындайды)



Тапсырма орындалды. Дәптерлеріңіді топ жетекшілері бір-біріңізбен алмастырып, қолыңызға қалам алып, экранға назар аударыңыздар. Сіздер дұрыс жауапты көріп тұрсыздар , берілген тапсырманы өзіңіз тексеріңіздер.  Кестеге дұрыс жауап санын көрсетіңіздер. Ендеше, біз бүгінгі сабағымыздың бірінші  нәтижесін  алдық . Бұл нәтижелерді есептер шығару кезінде міндетті түрде ескереміз.

Енді бүгінгі тақырыбымызға көшейік: экранға назар аударыңыздар. Тақырыпты бастамас бұрын мына видеоны қараңыздар. Видео көріп болғасын, оқушылар тақырыпты ашады.

Дұрыс, бүгін сіздермен  «Бір қалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар», Жылдамдық және оның бірліктері» -  туралы негізгі ұғымдармен танысамыз.


Сабақтың жоспары:


o Бірқалыпты қозғалыс .

o Бірқалыпты емес қозғалыс.

o Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

ІІІ.  Жаңа сабақ. (10 мин). 

  Біз көріп жүрген денелердің,  көлік түрлерінің қозғалуы, жол жүруі әр түрлі болуы мүмкін. Бір денелер, мысалы атарба, бірқалыпты қозғалып отыруы мүмкін.Ал автомобиль  қаланың ішінде ақырын жүріп келе жатып, одан шыққан соң бірте-бірте тезірек жүріп  кетуі, яғни автомобиль бірқалыпты қозғалмауы мүмкін. Олай болса, қозғалыс екі түрлі болады.   


Бірқалыпты қозғалыс
 Дене кез келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол жүрсе,ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс   деп аталады.

  Мысалы, тегіс жердегі арықпен ағып жатқан су қозғалысы бірқалыпты қозғалыстың мысалы бола алады.Сағат тілінің айналуы, жаңбыр тамшысының да қозғалысы  бірқалыпты қозғалысы.Пойыз ұзақ жолға шыққанда да бірқалыпты қозғалуы мүмкін. Ал ол қалаға жақындағанда қозғалысын бәсеңдетуі тиіс.Сөйтіп, пойыз бүкіл жолының бойында біраз бірқалыпты қозғалып келіп, аяғында қозғалысын баяулатып,бірқалыпсыз қозғалысқа  түсуі мүмкін.

Қысқасы, қозғалған дене не бірқалыпты қозғалуы мүмкін,немесе әрі бірқалыпты ,әрі бірқалыпсыз қозғалуы да мүмкін.Сонымен бірқалыпты қозғалыс механикалық қозғалыстардың ішіндегі ең қарапайым түрі.


hello_html_m3267d03e.jpghello_html_m4df73fb9.jpg



Бірқалыпты емес  қозғалыс

·   Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.

Біз күнделікті тұрмысымызда, негізінен, бірқалыпты емес қозғалысты көбірек кездестіреміз.Күнделікті көлік түрлерін пайдаланғанда да біз қозғалыстың осы түрімен жиі  кездесеміз.Шынында да, біз пайдаланатын автобустың, жеңіл машинаның  қайсысының болмасын қозғалысы бірқалыпты емес.Олар әрбір аялдамаға тоқтап, қайтадан қозғалып, қозғалысын біраз шапшаңдатып барып,тағы қозғалысын бәсеңдетеді.



hello_html_m161ddf53.jpghello_html_58d12d21.jpg

hello_html_76f53b73.jpg

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды бақылау үшін мынадай тәжірибе жасауға болады. кішкентай арбашаның үстіне тамызғыш орнатылған. Тамызғыштан 20 м/с жылдамдықпен бірқалыпты өзара тең уақыт аралығы өткен сайын су тамшылап тұрады. Арбаша қозғалғанда қағаз бетіне тамған тамшылардың ара қашықтыктары бірдей. Демек, арбаша бірдей уақыт аралығында ұзындықтары бірдей жол жүреді, яғни бірқалыпты козғалады. Тамызғыштың шүмегін кеңірек ашып, тамшы жиі таматындай етіп, тәжірибені қайталайық. Бұл жағдайда да тамшылар бірдей кашықтықтарға түседі. Демек, өзара тең аз уақыт аралығында да арбаша ұзындығы бірдей жол жүреді, яғни ол бірқалыпты қозғалады.


Жылдамдық -  физикалық шама.


Бірқалыпты қозғалатын  дененің жылдамдығын анықтау үшін оның берілген уақыт ішіндегі орын ауыстыруын сол уақыт аралығына бөлу керек:

Енді жылдамдықты  әрпімен, орын ауыстыруды S әрпімен, уақытты  t әрпімен белгілесек. Жоғарыдағы тұжырымымыз  былай жазылады:  

S  орын ауыстыру, t - уақыт.hello_html_m4191ea94.png

 Дененің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығы белгілі болса, сол арқылы дененің белгілі бір уақыт ішінде жүрген  жолын анықтауға болады:
  Егер дененің бірқалыпты қозғалысының жылдамдығы  мен жүрген жолы белгілі болса,сол қозғалысқа кеткен уақытты табуға болады:

 Оқушылар өз бойларының ұзындығын метрмен, өлшейді.Дәптердегі жазу жолдарының аралығын миллиметр, сантиметрмен өлшейді. Екі ауылдың арасын километрмен өлшейді.Бұл келтірілген өлшемдер ұзындықтың өлшемі.Дәл сол сияқты , жылдамдықтың өз өлшем бірліктері бар: м/с; мм/с; км/ сағ; м/ мин;  см/с

Әр түрлі өлшем бірліктермен жазылған жылдамдықты тек бір бірлікпен жазамыз немесе оны халықаралық бірліктер жүйесі (ХБЖ)  деп атайды,ол м/с 


Сыныпқа сұрақ: м/с; мм/с; км/ сағ; м/ мин; см/с қайсысын айналдырамыз?

 Жылдамдықты басқа бірліктермен , мысалы, секундына метр есебімен өрнектеуге болады.Ол  үшін  километрді  метрге, сағатты секундқа айналдырамыз.

Мысалы:  72 км =72 000 м; 1 сағ = 3600 с

 Сонда  72 км /сағ = 72х1000/3600с =20 м/с.

Мысалы:   ұшақтың жылдамдығы 400 м/с,

жарықтың таралу жылдамдығы   300 000 000 м/с,

жүрдек пойыздың жылдамдығы 72 км/сағ,

 дыбыс жылдамдығы 340 м/с 

  тасбақаның жылдамдығы  0,05 м/с.

 

Сіз  білесіз бе?

1.   60 км/сағ жылдамдықпен  қозғалатын автомобиль секундына 17 м жол жүреді.

2.    Спортшы 100 м қашықтыққа  жүгірген кездегі шамамен сағатына 35 км/сағ жылдамдықпен қозғалады.

ІV. Сабақты пысықтау. Карточкамен жұмыс

Ендеше келесі кезекті есепке берейік.

Әрбір топ берілген есептерді  орындайды. Әрбір топ өздеріне берілген есептерді  тақтада орындап, шығру жолдарын түсіндіреді.


Есептер шығару

 

1. Теңдікті түрлендір:

36 км /сағ =  10  м/с ; 6 км/мин =  100м/с ;

   54 км/сағ = 15 м/c ; 100 см/с  = 1 м/с ; 

   250см/с  =  2,5м/ с ;  7,9 км/с = 7900м/с


hello_html_66bee06c.jpghello_html_m36df0c99.jpghello_html_6e7907db.jpg




2

І топ

а)   Ақтау  мен Жаңаөзеннің арақашықтығы 150 км ,  Жаңаөзеннен шыққан жеңіл машина Ақтауға дейін 2,5 сағат жол   жүрді.Жеңіл машинаның жылдамдығын анықтау керек.

 Берілгені: Формуласы: Шешуі:

S = 150 км

t  =  2,5 сағ V = S / t V = 150 км / 2,5 сағ = 60 км / сағ

табу керек :V-? Ж:  Жеңіл машинаның жылдамдығы сағатына  64 км/сағ


hello_html_1a7a1fb4.jpg




ІІ топ

б)   Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30мин ішінде 9 км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с – пен есептеп табыңдар.

  Берілгені: ХБЖ   Формуласы:   Шешуі :

  t  =  30 мин   t=1800 V = S / t   V= 9 000м / 1 800 =5м/с  м/с

  S =  9 км S = 9000 м 

  Жауабы: V = 5 м/с

 табу керек : V-?


hello_html_m3ba0c5e7.jpg



ІІІ топ

в)  750 км/сағ жылдамдықпаен қозғалатын ұшақ 6 сағ  ішінде қандай аралықты ұшып өтеді?

 Берілгені:

= 750км/сағ

 t   =  6 сағ     S =750км/сағ . 6 сағ =4 500 км

  т/к :  S=?





hello_html_117700af.jpg







V. « Кім жылдам?»

VІ. Сабақты қорыту, бағалау.

Постер құру:   Топтастыру әдісімен жылдамдық, бірқалыпты қозғалыс,бірқалыпты емес қозғалыстарға анықтама  берейік.(5мин)

Оқушыларға қойылатын сұрақтар



hello_html_2be15f8e.jpghello_html_5eff6ba8.jpg

hello_html_7febab3e.jpghello_html_6a578921.jpg








1.Бірқалыпты  қозғалыс деген не?  Мысал келтір.

2.Бірқалыпты  емес қозғалыс дегеніміз не?  

3.Қозғалыс жылдамдығы  дегеніміз не ?

4 Жылдамдықтың  қандай өлшеу бірліктерін білеміз ?

5. Жылдамдықты қандай әріппен белгілейміз ?

6. Барлық  денелердің жылдамдықтары  бірдей ме ?

7. Жылдамдық пен уақыт арқылы жүрілген жолды қалай өрнектейміз?









Сергіту сәті:

«Жұмбақ шешейік»



hello_html_49be8800.jpg


1-жұмбақ. 3- жұмбақ

Жердің жүзін шарлайсың, Қозғалыста сипатта шапшаңдықта,

Онсыз еш жерге бармайсың. Тағыда бір белгісіз шама шықты.

Көлікпен де, жаяу да, Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Саралайсың, таңдайсың Шешеді бұл жұмбақты қаңдай мықты

(Жол) (Жылдамдық)



2- жұмбақ.

Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың?

(Уақыт)



VІІ.Үйге тапсырма беру

§17 Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.

§18.   Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

  5  жаттығу ( 4  )


Оқушыларға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, ілу тапсырылады.

Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап тілектер жазады. 


hello_html_m7f9bed19.jpghello_html_m7886467b.jpg

hello_html_m410ad063.jpg
























Автор
Дата добавления 16.04.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров225
Номер материала ДБ-035612
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх