Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Конспекты / ІШЕКҚУЫСТЫЛАР ТИПІ 7 СЫНЫП

ІШЕКҚУЫСТЫЛАР ТИПІ 7 СЫНЫП

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:



Күні: 07.10.13. Пәні: Биология Сыныбы: 7 «ә»

Сабақтың тақырыбы. §41. Көпқармалауышты маржандар (полиптер) мен табақшатәрізді медузалардың (сцифоидтар)көптүрлілігі, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға ішекқуыстылар типін түсіндіріп, көпқармалауышты маржандар ,табақшатәрізді медузалар жайлы білімдерін тереңдету,түрлерімен таныстыру.

ә) дамытушылық:Оқушыларға ішекқуыстылардың тип, класы түрлерімен таныстырып, білімдерін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамыту, ой өрісін, ізденімпаздығын дамыту.

б)тәрбиелік:оқушылардың игерген білімдерін ортаға салуға, ойын еркін жеткізуге, сөз мәнерін сақтауға тәрбиелеу.hello_html_m51a7186.png

Сабақтың түрі. Аралас

Сабақтың өту әдісі: СТО,ауызша, баяндау

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кесте ,суреттер,

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, түгелдеу, оқушы назарын сабаққа аудару, сыныпты қалыпқа келтіру.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

  1. «Құпия сандар»

  2. «Сәйкестігін тап»

  3. «Біліміңді тексер» тест сұрақтары.

1.«Құпия сандар» Берілген сандар бойынша дұрыс жауабын табу: мысалы 1,2,3,4,5,6,7 7.Жойылған дене бөлігін қалпына келтіру.

1.Шаян немесе бунақденелілердің сыртқы қаңқасы.

6.Көбінесе отырықшы ішекқуыстылардың денесі.....болады.hello_html_m6ef84cf.png

4.Көп және аяқ сөздерінің қосындысы.

2.Асқортыу және қозғалыс қызыметін атқаратын қабаты.

3.Ең алғаш тек ішекқуыстыларды пайда болған жүйе.

5. Барлық ішекқуыстылардың сыртқы эктодермада ....... бар. Жауабы: 7,1,6,4,2,3,5

2. «Сәйкестігін тап»

1. Планула

а) Ішкі қабатында

2. Обилия

ә) Жасушалардың қосылу үрдісі

3.Медуза

б) Сыртқы қабаты

4.Эктодерма

в) Аналық жыныс жасушасы

5.Ұрықтану

г) Ішекқуыстылардың дернәсілі

6.Энтодерма

ғ) Көпқармалаушыты жәндік

7. Гаплоидты

д) Жынысты жолмен көбеюі шағын денелі дарақ

жауабы

1-г;2-ғ:3-д;4-б;5-ә;6-а;7-в;


hello_html_5bd8d2f8.png









  1. «Біліміңді тексер» тест сұрақтары.hello_html_m53084876.png

1.Гидра қорегін қалай ұстайды ?

А) қармалауыштарымен

Б) қимыл мүшелерімен

В) бүкіл денесімен

Д) зәр шығару мүшесімен

2. Гидра қалай таныс алады ?

А) өкпесімен

Б) желбезектерімен

В) бүкіл денесімен

Д) аузымен

3. Атпа жасушалардың қызметі қандай ?

А) қорғаныс

Б) тітіркенуді қабылдау

В) реттеуіш

Д) көбею мүшесі

4. Гидраның энтодермасында қандай жасуша түрлері болады ?

А) атпа жасушалары, ас қорытатын, жабын, тыныс алу жасушалары

Б) безді, бұлшық ет

В) жабын

Д) қармалауыш

5. Ішекқуыстылардың ауыз айналасында нелер орналасқан:

А) зәр шығару мүшесі

Б) қармалауыштары

В) көбею мүшесі

Д) жабын

6.Ішекқуыстылардың дернәсілін қалай атайды?

А) гидра Б) медуза В) планула Д) актин

7) Обелияның тңршілік формасы? А) шоғырланып,отырықшы Б) теңізде еркін жүзеді В) бояу қозғалады Д) белсенді қозғаладhello_html_36e8f3f.png

8. Ішекқуыстыларда пайда болғ

А) көбею мүшесі Б) жүйке жүйесі В) қармалауыштары Д) Желбезектері

ІІІ. Жаңа сабақ

сцифоидтар класы маржан полиптер класы

Жалпы сипаттамасы

Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі онтогенездік дамуы барысында тек екі ұрық жапырақшалары қалыптасып және олар ересек особьтарында айқын сақталып, бір-бірінен мезоглея қабатымен бөлінген эктодерма және энтодерма қабаттарын құрайды.hello_html_m7c1b1ff7.png

Осы белгісіне байланысты ішекқуыстылар екі қабатты жануарлар тобына жатады.

Екіншіден - энтодерма кабатындағы клеткалары қуыс ішіне аскорыту сөлін шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған байланысты ішекқуыстылардың дене қуысы гастральды қуыс немесе ішек қуысы деп аталады. Типтің аты да осыған сәйкес берілген.




Белгілерінің тағы бірі - сәулелі симметриясының болуы.

Морфологиялық құрылысы жағынан және тіршілік етуіне қарай ішекқуыстылар тіркелмелі - полиптер және еркін жүзіп жүретін -медузалар болып топтасады.hello_html_386b0756.png

Полиптердің денесі көбінесе цилиндр тәрізді. Табаншасымен субстратқа бекінеді, ал оған қарама-қарсы жағында гастраль қуысына ашылатын қармалауыштармен қоршалған ауыз тесігі болады.

Полиптер тобында жеке тіршілік ететін особьтары өте аз кездеседі, негізінде олар колонияльды формалар. Колониядағы особьтары құрылысы және қызметі жағынан әр түрлі болса, ол - полиморфты, ал бірдей болса - мономорфты колония болады.hello_html_342e5874.png

Медузалар - жеке, шарықтап жүзіп тіршілік ететін организмдер. Денесі шатыр, табақша, қоңырау тәрізді. Колония құрмайды.

Ішекқуыстылардың тағы да бір ерекшелігі - аткыш (күйдіргіш) және нерв клеткаларының болуы.

Ішеккуыстылардың басым көпшілігі теңіздерде, аз ғана өкілдері тұщы суларда мекендейді. Олардың 9000-ға жуық түрлері белгілі. Дене пішіні цилиндр, шатыр, табақша, коңырау тәрізді, ұзындығы 1 мм-ден бірнеше см-ге дейін. Ірі түрлері де кездеседі. Мысалы, алып медузаның көлденеңі 2 м, ал қармалауыштарының ұзындығы 30 м-ге дейін жетеді.hello_html_m7b88c3b4.png

ІҮ жаңа сабақты бекіту.

«Кестемен жұмыс»

Белгілері

Актиния

Түбірауызды

медуза

Мекен ортасы

 

 

Жемі және ұстау әдісі

 

 

Астың қорытылатын орны

 

 

Қозғалуы

 

 

Дене пішіні

 

 

Денесінің реңі

 

 

Дене симметриясы

 

 

hello_html_m5a9dff1b.png



hello_html_2a5dad67.png


Ү Білімді бағалау

ҮІ . Қортындылау. Теңіз ішекқуыстылар жайлы фильм көру.

ҮІІ Үй тапсырмасы: Үй тапсырмасы: 179-180-181

беттерді оқу (§ 41) Қызыл маржандар жайлы мәлімет жинау.







104 жалпы білім беретін мектеп








Ашық сабақ

7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Көпқармалауышты маржандар (полиптер) мен табақшатәрізді медузалардың (сцифоидтар)көптүрлілігі, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы







Өткізген: биология пән мұғалімі

Сайбирова Шолпанай Қожахыметқызы








Алматы - 2013 жыл.

Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров470
Номер материала ДВ-339753
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх