Инфоурок / Биология / Презентации / Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе. Гормондардың қасиеттері, мүшелер жұмысын реттеудегі маңызы. Бүйрек үсті бездерінің гормондары: адреналин, норадреналин, олардың қызметі. Гипофиз. Өсу гормоны. Гипофиздік ергежейлілер мен алыптар
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе. Гормондардың қасиеттері, мүшелер жұмысын реттеудегі маңызы. Бүйрек үсті бездерінің гормондары: адреналин, норадреналин, олардың қызметі. Гипофиз. Өсу гормоны. Гипофиздік ергежейлілер мен алыптар

библиотека
материалов

Бекітемін: _________

Күні: 06.10.2015ж. Пәні: Биология. Сыныбы: 8а

Сабақтың тақырыбы: Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе. Гормондардың қасиеттері, мүшелер жұмысын реттеудегі маңызы. Бүйрек үсті бездерінің гормондары: адреналин, норадреналин, олардың қызметі. Гипофиз. Өсу гормоны. Гипофиздік ергежейлілер мен алыптар.


Сабақтың мақсаты:

І. Білімділік мақсаты: Оқушыларға алған білімдерін пысықтай отыра, гуморальдық реттелу жайында түсінік қалыптастыру арқылы білім деңгейлерін нығайту.

ІІ. Дамытушылық мақсаты: Гуморальдық реттелу мен жүйкелік реттелудің маңызы ағзаның жұмыс қызметі үшін ерекше екендігі мысалдар арқылы айта отыра оқушылардың білімдерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру арқылы олардың құзырлығын қалыптастыру.

ІІІ. Тәрбиелік мақсаты: Отансүйгіштікке, елбасын қүрметтеуге, қоршаған орта мен табиғатты аялауға, салауатты өмір салтың ұстануға, өздерінің жеке гигиеналарын дұрыс қалыптастыруға, денсаулықтарын күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың өтілу әдісі: Ауызша әңгімелеу, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, плакаттар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  3. Оқушыларды сабаққа дайындау.

  4. Оқушылардың субьекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі.

  1. Мүше дегеніміз не?

  2. Мүшелер жүйесі дегеніміз не?

  3. Тыныс алу жүйесінің мүшелерін атаңдар.

  4. Эндокриндік жүйе қандай рөл атқарады?

  5. Асқорыту жүйесінің организмдегі рөлі қандай?

  6. Неліктен организм біртұтас болып қызмет атқарады?



  1. Жаңа сабақты оқып – білу кезеңі.

Жаңа тақырып: Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе. Гормондардың қасиеттері, мүшелер жұмысын реттеудегі маңызы. Бүйрек үсті бездерінің гормондары: адреналин, норадреналин, олардың қызметі. Гипофиз. Өсу гормоны. Гипофиздік ергежейлілер мен алыптар.

Гуморальдық реттелу. Физиологиялық процестердің гуморальдық реттелуі биологиялық белсенді химиялық заттар гормондар көмегімен жүзеге асырылады. Гормондарды арнайы бездер бөліп шығарады, олар қан мен лимфаға түсіп, содан кейін бүкіл организмге таралады. Қызметті реттеудің осы әдісінің артықшылығы — химиялық заттар барлық ұлпалар мен дене мүшелеріне жеткізіледі, бірақ өте аз мөлшерде де өте белсенді әрекет етеді. Таралу барысында жартылай ыдырап, организмнен шығарылады. Гормондар мүшелер мен ұлпаларға түсіп, оларға белгілі бір әсерін тигізеді. Мысалы, сүйектердің өсуіне, жүрек жиырылуының ырғағына (ритм) әсер етеді және т.б.

Гормондардың ерекше қасиеті бар, яғни белгілі бір ұлпаларға немесе мүшелерге әсер етеді. Сыртқы секреция бездері де бар, олардың секреті (сөл) (ауыз, асқазан, ішек) немесе сыртқы ортаға бөлінеді (қас, май, сүт бездері және т.б).

Ішкі секрецияның маңызды беэіне гипофиз (массасы 0,5— 0,7г) жатады. Ол анатомиялық әрі қызметтік тұрғыда мимен байланысты. Гипофиз баска бездердің қызметін реттеуге әсер ететін гормондар өндіреді. Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары организмнен зәрдің бөлінуін азайтады, зат алмасуды өзгертеді, ұсак артериялардың жиырылуын күшейтеді, артериялық қысымның жоғарылауына септігін тигізеді. Артқы бөлік гормондарының жеткіліксіз бөлінуі бүйрек қызметінің бұзылуына апарып соғады, соның нәтижесінде көп мөлшерде зәр бөлінеді (тәулігіне

20 л-ге дейін).

Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары жыныс бездерінің дамуы мен өсу процестерін реттейді; сүт бездерінде сүттің түзілуін (лактация) реттейді, қалқанша бездің дамуы мен бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының өсуіне әсер етеді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің басқа гормондары өсу гормонын түзеді де, көмірсулар, майлар мен нәруыздарды қаркынды синтездеу арқылы өсуді реттейді.

1921 жылы америкалық ғалымдар гипофиздің өсу гормонын бөлетіні туралы ең алғаш пікір айтқан еді. Өсу гормонының жеткіліксіздігі шеміршекті сүйектенуінің баяулауына, кейде ергежейлілікке апарып соғады. Осы гормонның артық мөлшері алыптыққа (гигантизм) әкеледі. Адамның бойы жасына байланысты. Бой 18—23 жасқа дейін өседі де, шамамен 50 жасқа сақталады, содан кейін әрбір 10 жыл сайын 1 – 2 см кемиді. Өсу көрсеткіші өзгеріп тұрады. Әйелдердің орташа бойы 160 см, ал ерлерде 170 см деп қабылданған. Бойы 140 см-ден төмен адам аласа, ал 195 см-ден жоғары адам бойы биік деп саналады.

Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің төмендеуі өсуді тоқтатады. Кейбір адамдардың бойы, мысалы, 60 см-ден 1 м-ге дейін болады, оларды гипофиздік ергежейлілік деп атайды.

Египеттік ергежей Агибаның бойының биіктігі 38 см ғана болған. Алып адамдар Рим императоры Максимилианның бойы 2,5 м, ал орыс шаруасы Махновтың бойы 2,85 м болтан. Ең биік әйелдің бойы 2,35 м болғаны тіркелген.

Жас ұлғайған кезде өсу гормонының артық синтезі акромегалия ауруына — дененің кейбір бөліктерінің өсуіне (қол, аяк басы, төменгі жақ сүйек, мұрын және т.б) себепші болады.


  1. Жаңа білім және іс – әрекет амалдарын алғашқы тексеру кезеңі.

  1. Қандай ішкі секреция бездерін білесіңдер?

  2. Ішкі секреция бездері қайда орналасқан?

  3. Гипофиз гормондары қалай әсер етеді?


  1. Жаңа білімді және іс – әрекеттер амалдарын бекіту кезеңі.

  1. Өсу гормоны жетіспесе не болады?

  2. Гормондардың негізгі қасиеттерін атаңдар.

  3. Ішкі секреция бездері бөлетін гормондар қайда түседі?


  1. Үй тапсырмасы жайында мәлімет беру кезеңі.

Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе. Гормондардың қасиеттері, мүшелер жұмысын реттеудегі маңызы. Бүйрек үсті бездерінің гормондары: адреналин, норадреналин, олардың қызметі. Гипофиз. Өсу гормоны. Гипофиздік ергежейлілер мен алыптар.


  1. Сабақты қорытындылау кезеңі.

Жаңа тақырыпты сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.


  1. Рефлекция кезеңі.

Мен бүгін сабақтан қандай қызық мәлімет алдым.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-342844

Похожие материалы