Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Іштен Жану Қозғалтқышының құрылысы мен жұмысы, оған ТҚК
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Іштен Жану Қозғалтқышының құрылысы мен жұмысы, оған ТҚК

библиотека
материалов

«Бекітемін»

Директордың ОӨЖЖ орынбасары

Э.Уксгалиева

2015 жылғы «_____» қыркүйек





ӨНДІРІСТІК ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


Мамандығы _______1504000«Фермер шаруашылығы (бейіндері бойынша)»_____

Курс__3__топ № 3А_Өндірістік оқудың аты____ Жөндеу жұмыстары______

1.Сабақтың тақырыбы _ ІЖҚ жалпы құрылысы және жұмысы. ІЖҚ жұмыс_____ процесі және негізгі параметрлері.__________________________________________

2.Сабақтың мақсаттары __ ІЖҚ құрылысы мен жұмысын көрсету, теориялық____ білімді жетілдіру, қозғалтқыштың негізгі параметрлерін меңгерту________________

3. Өткізетін орны __ Автокөлік шеберханасы___ ____________________________

4. Сабақтың өткізу уақыты _______6_______ сағат

5. Сабақтың өткізілетін күні «__5___» _қыркүйек_2015 жыл

6. Оқу-өндірістік жұмыстар ______________________________________________

7. Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы _компьютер, проектор,__ слайд, электрон, материалдар, Газ-33072 автокөлігінің қозғалтқышы, ВАЗ-2106____ автокөлігінің қозғалтқышы, қосалқы_бөлшектер, кілт-құралдар_________________


Сабақтың жүрісі

І. Ұйымдастыру бөлімі-оқушыларды журнал бойынша тексеріп, түгендеу, олардың сыртқы келбеті мен жұмыс киімдерін бақылау, сабаққа қажетті құрал-саймандарын тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау-сабақты түсіндіру-оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау:

Іштен жанатын қозғалтқыштарының жіктелуі және жалпы құрылысы

Қозғалтқыш деп энергияның кез-келген бір түрін тек механикалық энергияға айналдырып беретін қондырғыны айтады. Олай болса қозғалтқыштар қолданатын энергия түріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгілері жылу, электр, жел, су және т.с.түрлері.

Олардың ішіндегі өте көп қолданылатын түрі ол жылу қозғалтқышы. Себебі, одан басқа қозғалтқыштар энергия көзіне "байланып" түрады да, оларды автомобиль сияқты қозғалатын машиналарға пайдалану мүмкін болмайды.

Автомобильдерде пайдаланылатын қозғалтқыштардың негізгісі — ол жылу қозғалтқыштары. Олар да өздерінің жүмыс істеу принциптеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мүндай жылу қозғалтқыштары көбінесе от жағатын бөлігінің орналасуына байланысты екі түрге, яғни сырттан немесе іштен жанатын қозғалтқыштар болып бөлінеді.

Автомобильдерде іштен жанатын қозғалтқыштар қолданылады. Мүндай Қозғалтқыштарда отын двигатель ішінде жанып, жанған газдың температура есебінен қысымы кебейеді де қозғалтқыштың қозғалатын бөлшегін итеріп жүмыс атқарады. Осындай двигательдер көбінесе поршеньді етіп жасалады. Газ қысымы арқылы қозғалатын поршеньді итеріп, оның қозғалысы басқа механизмдер арқылы сырттағы қажетті жеріне механикалық энергия түрінде беріледі.

Іштен жанатын поршеньді қозғалтқыштардың жүмыс принциптері мына төмендегідей ретпен жүретін процестерге негізделген (1-сурет). Цилиндр ішінде поршень ілгері-кейінді қозғалып түрады. Соның қозғалысының салдарынан цилиндр ішінде неше түрлі қүбылыс пайда болады. Ал цилиндр үсті цилиндр басымен бекітілген, ал оның сыртпен қатысуы соратын, шығаратын клапандар арқылы жүргізіледі.

Поршень жоғарыдан төмен қарай жылжйды, яғни поршеньнің үстіндегі кеңістік көбейеді. Олай болса оның ішіндегі газ қысымы азайып, вакуум пайда болады. Сол кезде соратын клапан ашылады да сырттан ауа немесе арнаулы дайындалған жану қоспасы кіреді. Бүл процесті сору процесі деп атаймыз (1.а -сурет). Оның үзақтығы поршень төмен түскенге дейін созылады.

Поршеньнің ендігі жүрісі төменнен жоғары қарай бағытталады (1.6- сурет). Сол кезде екі бірдей клапандар жабық болғандықтан, цилиндр ішіндегі газ қысылады, яғни көлемі азаяды. Мүны қысу процесі деп атаймыз. Қысылған газдың қасиеті бойынша оның көлемі азайып, температурасы көтеріледі.

hello_html_680c7a5.png

2.1.-сурет. Іштен жанатын төрт тақтылы Қозғалтқышдің

жүмыс схемасы:

а-сору; б-қысу; в-улғаю; г-шығару.

Поршень жоғары жеткен кезде (1в- сурет) қысылып түрған, қызып тұрған жану қоспасына электр ұшқынын беріп түтандырады немесе қызып түрған ауаға жанар май шашылады да ол түтанып жанады. Сонымен қысу процесінің соңында жану процесі іске асады.

Жанған газ өте үлкен жылу бөліп шығарады да ол газдың температурасы кетеріледі, ал температура көтерілсе, оның қысымы да артады. Енді осы қысым поршеньді төмен қарай итереді. Мүны үлғаю процесі деп атаймыз. Бүл үлғаю процесі де поршень төмен келгенше созылады (1 г-сурет).

Жанған газ үлғайып біткеннен кейін поршень төменнен жоғары қарай қозғалады. Осы кезде шығаратын клапан ашылады да жанған газ сыртқа қарай поршеньмен итеріліп шығарылады. Бүл процесті — шығару процесі деп атаймыз. Енді әрі қарай осы процестер қайталана береді.

Егер сору процесі кезінде сырттан тек ауа ғана сорылып кіріп, қысу процесінің соңында оған жанар май шашып араластырып, қызған газдың температурасы арқылы түтандыратын болсақ, онда ондай қозғалтқыштарды дизельді қозғалтқыштар деп атайды.

Ал егер жану қоспасын цилиндр сыртында орналасқан, арнаулы аспапта дайындап, сору кезінде цилиндр ішіне сол дайындалған жану қоспасы тол-тырылып, оны арнаулы электр үшқынымен түтандьіратын болсақ, онда ондай қозғалтқыштарды карбюраторлы қозғалтқыштар деп атайды.

Автомобильдер мен тракторларда қолданылатын қозғалтқыштар мынандай бөліктер мен жүйелерден қүралады: кривошипті-шатунды және газ тарату механизмдері, коректендіретін, майлайтын, суытатын жүйелер және оталдыратын қондырғы.

Қозғалтқыштардың негізгі түсініктемелері мен анықтамалары

Поршеннің жогаргы және төменгі өлі нүктелері (ЖӨН және ТӨН) цилиндр ішімен жылжыған поршеннің ең шеткі жағдайларын көрсетеді, яғни поршень жүріп келіп кері қайту үшін тоқтаған нүктелерін оның өлі нүктелері деп атаймыз. Сонда поршеннің иінді білік осінен ең көп алыстаған нүктесі жоғарғы (ЖӨН), ал ең жақын келген нүктесі төменгі (ТӨН) өлі нүтесі болады (2 сурет).

hello_html_m7612196c.png


2 сурет. Іштен жанатын поршеньді қозғалтқыштың негізгі кинематикалық көрсеткіштері.

Поршеннің жүріс жолы (S) оның жоғарғы мен төменгі өлі нүктелер аралығындағы жүрген жолының кашықтығын көрсетеді. Ол суретте S әрпімен белгіленген. Бүл поршеннің жүріс жолы қозғалтқыштың басқа да көптеген көрсеткіштеріне әсерін тигізеді, ал өзі иінді біліктің иінінің үзындығына, яғни иінді біліктің радиусына (г) тәуедді. Олай болса оның шамасы S = 2 г. Сонда поршеннің жүрісі иінді біліктің жарты айналысына тең болады.

Цилиндр көлемі (V) поршеннің жоғарғы және төменгі өлі нүктелерінің аралығында жүріп өткен кездегі босатқан кеңістіктің көлемін көрсетеді. Олай болса оның мөлшері поршень ауданы мен жүрісінің көбейтіндісімен анықталады, яғни Vh = (πd2/2)S.

Мүндағы d- поршень диаметрі. Егер қозғалтқыш бірнеше цилиндрден түратын болса, онда оның барлық цилиндрлерінің көлемінің қосындысын двигательдің литражы деп есептейді. Сонда:

іц — Қозғалтқыштағы цилиндрлер саны. Дигательдің литражы да оның негізгі көрсеткішіне жатады. Себебі қозғалтқыштарды осы жүмыс көлеміне байланысты түр-түрге бөледі және ол оның басқа эксплуатациялық көрсеткіштеріне тікелей әсерін тигізеді.

Қысу көлемі (Vк ) поршень ЖӨН-ге жеткеннен кейінгі оның үстіңгі жағында қалған көлемді көрсетеді. Оны көбінесе жану көлемі деп те атайды. Себебі жану қоспасы осы кеңістікте алғаш түтанып барып жанады. Ал поршень ТӨН-де түрған кездегі оның үстіңгі жағындағы кеңістікті цилиндрдің толық көлемі (Vт) деп атайды. Сонда цилиндрдің толық көлемі қысу көлемі мен поршеннің жүріс көлемінің қосындысына тең болады.

Осыларға қосымша қозғалтқыштың тағы да бір маңызды көрсеткішіне оның қысу дәрежесі жатады.

Қысу дәрежесі (ε) деп цилиндрдің толық көлемінің (Vт) қысу көлеміне (Vк) қатынасын айтады, яғни цилиндр ішіне сорылған ауа немесе жану қоспасы-ның көлемі неше есеге кішірейтіліп, қысылатындығын көрсетеді.

Қозғалтқыштың осы қысу дәрежесі дизельді немесе карбюраторлы қозғалтқыштарда өртүрлі болады. Себебі қысу дөрежесі өскен сайын цилиндр ішіндегі қысылған ауаның немесе жану қоспасының температурасы да артады. Ал дизельді қозғалтқыштарда жану қоспасы өздігінен тұтанатын болғандықтан мұндағы қысу дәрежесі көп болады. Қазіргі дизельді қозғалтқыштарда ε = 16—18 шамасында болады. Егер карбюраторлы қозғалтқыштарда қысу дәрежесін дизельді қозғалтқышдердегі сияқты көбейтсек, онда цилиндр ішіңдегі жану қоспасы өздігінен түтанып кетеді де қозғалтқыштың жүмысына кедергі келтіреді. Сондықтанда карбюраторлы қозғалтқыштардегі ε= 6—8 мөлшерінде ғана болады.


ІІІ. Негізгі бөлім оқушылардың өзбетімен жұмысы __________________________

_Оқушыларды звеноларга бөліп,әр звеноға тапсырма беру. ІЖҚ жұмыс процесін түсіндіру, такттердің жүру тәртібін түсіндіру, процестердің ретін көрсету.

-1 звено –

-2 звено –

IV. Ағымдағы нұсқау оқушылардың өз бетімен жұмысы кезінде жүргізіледі

__Әр звеноны ауыстыру, тапсырманы тексеру, қателерін түзеу, әрмен қарай_______ жұмыстануына мүмкіндік беру, қадағалау.________ ___________________________

V. Ақтық нұсқау сабақты қорытындылау ________________________________

___Звенолардың жұмыстарын бағалап ең жақсы звено оқушыларын атап кету, _____ кемшілік жібереген оқушыларды ескерту, әр звено оқушыларын бағалау.__________

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. П.Ж.Жүнісбеков, М.Т.Жетпейісов «Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, Астана 2007ж

Өндірістік оқу шебері ___________________ _С.Оспанов_

(қолы) (аты-жөні)


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.09.2015
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2984
Номер материала ДA-040104
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

1 год назад

рахмет

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх