Инфоурок / Другое / Конспекты / Қисық сызықтар , эллипс пен сопақша
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"

Қисық сызықтар , эллипс пен сопақша

библиотека
материалов




Сабақ №10

Сызу 9 – сыныптар 3.10.2015 ж



Сабақтың тақырыбы: Қисық сызықтар , эллипс пен сопақша

Сабақтың мақсаты: оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік : ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу

Дамытушылық : сабаққа деген ынтасын арттыру, ой – өрісін дамыту

Құрал – жабдық, көрнекіліктер :

Сабақ түрі : аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері : түсіндіру , сызбалар орындау

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа тақырып : Шеңберлер доғаларын түйіндестіру нәтижесінде алынған тұйық сызықты – сопақша дейміз. Сопақшаларды біросьті және екіосьті деп ажыратады. Екіосьті сопақша осьтерінің ұзындықтарымен анықталады. Үлкен осі а ,кіші осі в болатын сопақша жүргізелік. Ұзындықтары а және в – ге тең өзара перпендикуляр және бір – бірін О нүктелерінде қақ бөлетін АВ және СД кесінділерін жүргіземіз. Центрі О нүктесінде жататын А нүктесі арқылы өтетін шеңбер жүрізсек, ол СД кесіндісінің созындысымен А1 нүктесінде қиылысады. Центрі С нүктесінде жататын , А1 нүктесі арқылы өтетін шеңбер жүргізсек , ол АС кесіндісін А2 нүктесінде қияды. АА2 кесіндісінің ортасына перпендикуляр жүргізсек, ол үлдкен осьті Е нүктесінде, кіші осьтің созындысын F нүктесінде қияды . Табылған Е және F нүктелеріне симметриялы Е1 және F1 нүктелерін саламыз. Төрт сәуле FE ,FE1, F1 E және F1 E1 жүргіземіз.





hello_html_31e9d825.png

Біросьті сопақша сызып көрейік. Радиусы берілген кесінді R – ге тең шеңбер жүргіземіз. Сопақшаның осін жүргізейік, ол ОС түзуі болсын . Шеңбердің оське перпендикуляр АВ диаметрін саламыз. АС және ВС сәулелерін жүргіземіз. Енді центрлері А және В нүктелерінде жататын, радиустары 2R – ге тең екі шеңбер жүргізіп, олардың АС және ВС сәулелерімен қиылысу нүктелерін центрі С нүктесінде болатын шеңбердің доғасымен қосамыз.

Тақырыпты бекіту : 1. Сопақша дегеніміз не ?

2. Сопақшаларды қалай ажыратамыз ?

Бағалау : оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма : тақырыпты оқып , екі осьті сопақша салу







































Қаралды _____________

_______________ 2015 ж


Сабақ № 11

Сызу 9 – сыныптар 6.10.2015 ж



Сабақтың тақырыбы : Проекциялау әдістері, түрлері. Центрлік проекциялау, олардың

қасиеттері

Сабақтың мақсаты: оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру.

Тәрбиелік : ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Дамытушылық : сабаққа деген ынтасын арттыру, ой – өрісін дамыту

Құрал – жабдық, көрнекіліктер :

Сабақ түрі : аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері : түсіндіру , сызбалар орындау

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа тақырып : Сызбада кескіндерді проекциялау ережелері бойынша салады. Проекциялау деп жазықтықта, қағазда, экранда, дәптерде нәрсенің кескінін салу процесін айтады. Бұл жағдайда алынған кескінді проекция деп атаймыз.

«Проекция » - латын сөзі , ол «алдыға лақтыру» деген мағынаны білдіреді.

Электр шамының алдына қандайда бір жазық нәрсені орналастырайық. Сонда оның қабырғада пайда болатын көлеңкесін нәрсенің проекциясы деп атауға болады.

Нүктені проекциялау

Кеңістікте кез келген А нүктесін алайық та, Н проекция жазықтығының үстіне орналастырайық. А нүктесінен Н жазықтығына а нүктесінде қиып өтетіндей проекциялаушы сәуле жүргізейік а нүктесі берілген А нүктесінің проекциясы болып табылады.

Кесіндіні проекциялау

Кесіндінің проекциясын салу үшін оның екі нүктесінің проекцияларын салып, сонана кейін оларды қосу жеткілікті. Проекция жазықтығына параллель болатын түзу кесіндіні проекциялау кезінде кесіндінің проекциясы нақты шамамен кескінделеді.


hello_html_m20a09534.png


Егер түзу кесіндісі проекция жазықтығына 90º бұрыш жасап проекцияланатын болса , онда ол нүкте болып кескінделеді.

Сонымен қандайда бір фигураның жазықтықтағы проекциясын салу үшін осы фигураның нүктелері арқылы жазықтықпен қиылысқанға дейін проекциялаушы сәулелер жүргізу қажет. Сонда фигураның барлық нүктелерінің проекциялары берілген фигураның проекциясын құрайды.


Тақырыпты бекіту : 1. Проекция дегеніміз не?

2. Проекция қай тілден алынған және қандай мағынаны білдіреді?

Бағалау : оқушыларды бағалау


Үйге тапсырма : тақырыпты оқып, 80 – суретті сызып келу















































Қаралды _____________

_______________ 2015 ж



Сабақ № 12


Сызу 9 – сыныптар 10.10.2015 ж



Сабақтың тақырыбы : Проекциялау әдістері, түрлері. Центрлік проекциялау

Сабақтың мақсаты: оқушыларға проекциялар жөнінде түсінік беру

Тәрбиелік : ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу

Дамытушылық : оқушылардың ой – өрісін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Құрал – жабдық, көрнекіліктер :

Сабақ түрі : аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері : түсіндіру, сызба орындау

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа тақырып : Егер нәрсенің кескінін салуға көмектесетін проекциялаушы сәулелер бір нүктеден шығатын болса, мұндай проекциялау центрлік проекциялау деп аталады . Сәулелер шығатын нүкте проекциялау центрі, ал нәрсенің осы жағдайда алынған кескіні центрлік проекция деп аталады. Мұндағы S - проекциялау центрі.

Центрлік проекция бейнелеу өнерінде натураға қарап сурет салуда пайдаланады. Ал архитектуралық салуларда оны перспектива деп те атайды.


hello_html_m38c65125.png

Егер проекциялаушы сәулелер өзара параллель болса , проекциялау параллель проекциялау , ал алынған кескін параллель проекция деп аталады. Күн сәулесі арқылы нәрсенің түскен көлеңкесі параллель проекцияның мысалына жатады.

Параллель проекциялаудың екі түрі бар, олар: қиғаш бұрыштап проекциялау және тік бұрыштап проекциялау.

Егер проекциялаушы сәулелер проекция жазықтығына 90º - қа тең емес бұрыш жасап түсетін болса, проекциялауды қиғаш бұрыштап проекциялау дейміз.



hello_html_69a1cdf9.png



Проекциялаушы сәулелер проекция жазықтығына перпендикуляр болса, проекциялауды тік бұрыштап проекциялау дейміз.

Сызуда тік бұрыштап проекциялау негізгі әдіс болып табылады. Сондықтан сызбалардың көпшілігі осы әдіс бойынша орындалады.

Тақырыпты бекіту: 1. Центрлік проекциялау дегеніміз не?

2. Параллель проекциялау дегеніміз не?

3. Параллель проекциялаудың неше түрі бар ?



Үй тапсырмасы: тақырыпты оқып, центрлік проекциялауды орындау.





















Қаралды _____________

_______________ 2015 ж


Сызу 9 – сыныптар 13 .10.2015 ж



Сабақтың тақырыбы : Бір , екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау

Сабақтың мақсаты: оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік : ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Дамытушылық : оқушылардың ой – өрісін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Құрал – жабдық, көрнекіліктер :

Сабақ түрі : аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері : түсіндіру, сызбалар орындау

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ: Кескінді алу үшін вертикаль проекция жазықтығын таңдап алайық та, оны V әрпімен белгілейік. Бақылаушының алдында орналасатын жазықтықты фронталь жазықтық деп атайды (француз тіліндегі «фронталь» сөзінен алынған, мағынасы – «бақылаушыға тура қарағандағы түрі») . Тік бұрыштап проекциялаудың нәтижесінде осы тетіктің кескінін аламыз және мұнда нәрсенің проекция жазықтығына параллель жақтары нақты шамасында бейнеленеді. Алынған кескін нәрсенің фронталь проекциясы деп аталады. Бұл проекция тетіктің пішіні туралы негізгі ақпаратты қамтиды, оның биіктігімен ұзындығы туралы түсінік береді. Бір проекция көмегімен нәрсенің пішінін айқындау мүмкін бола бермейді. Бұл кемшіліктерді нәрсенің бір проекциясын емес, өзара перпендикуляр екі жазықтықтағы тік бұрышты проекциясын салу арқылы жоюға болады. Өзара перпендикуляр жазықтықтардың бірі – фронталь жазықтық. Екінші жазықтық горизонталь жазықтық жер бетіне параллель жазықтық болады, оны Н әрпімен белгілейді.Мұнда проекцияның (V, H ) жазықтықтар жүйесіне нәрсе орналастырылады да, оның барлық нүктелері арқылы проекция жазықтықтарына перпендикуляр проекциялаушы сәулелер жүргізіледі. Сонда проекциялаушы сәулелердің проекция жазықтықтарымен қиылысуында бір нәрсенің екі проекциясы алынады. Сонымен берілген нәрсенің проекциясының жазықтықтар жүйесінднгі екі проекциясын аламыз, олар: нәрсенің фронталь проекциясы ; нәрсенің горизонталь проекциясы.

Нәрсенің пішінін анықтау үшін екі проекция да жеткіліксіз болады мұндай жағдайда үшінші проекция қажет болады.

Нәрсенің күределі пішіні туралы толық ақпарат алу үшін өзара перпендикуляр үш жазықтыққа : фронталь жазықтыққа V , горизонталь жазықтыққа Н және профиль жазықтыққа W проекциялауды

қолданамыз .

профиль жазықтық дегеніміз бақылаушының бүйір жағынан орналасқан жазықтық.

Бірнеше тік бұрышты проекциялардан тұратын сызбаны тік бұрышты проекциялар жүйесіндегі сызба деп атайды. Нәрсенің геометриялық пішінінің күрделілігіне қарай сызба бір, екі немесе оданда көп проекциялармен ұсынылуы мүмкін .

Өзара перпендикуляр екі жазықтыққа тік бұрыштап проекциялау әдісін француз ғалымы және инженері Гаспар Монж ( 1746 – 1818 ) ұсынған. Сондықтанда бұл әдісті кейде Монж әдісі деп те атайды. Монж әдісі нәрселердің кескіндерін салу мен айналысатын ғылым – сызба геометриясының қалыптасуына түрткі болды.

Тақырыпты бекіту : 1. Сызбада нәрсенің бір проекциясын салу әрқашан жеткілікті ме?

2. Нәрсені үш проекция жазықтығына проекциялау барысында алынатын проекциялар қалай аталады?

Үй тапсырмасы : тақырыпты оқып 92 – суретті сызып келу



















































Қаралды _____________

________________ 2015 ж



Сызу 9 – сыныптар 20.10.2015 ж



Сабақтың тақырыбы : Түзу және қисық сызықты , жазық фигураны проекциялау

Сабақтың мақсаты : тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік : ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу

Дамытушылық : сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ой – өрісін дамыту

Құрал – жабдық , көрнекіліктер :

Сабақ түрі : аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері : түсіндіру, сызба орындау

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ : Жазық фигуралардың аксонометриялық проекцияларын орындау кезінде z осі болмайды. Мұндай салуды х және у осьтерін жүргізуден бастаймыз.

Жазық жақты нәрселердің аксонометриялық проекцияларын салу кезінде үш : х, у және z осьтерін пайдаланады, себебі мұнда үш өлшем ұзындық, ен және биіктік қатысады. Мысалы үшін сызбада бұған дейін екі көрініс салынған тетікті алайық. 4 – кестеде осы тетіктің фронталь диметриялық проекциясы мен изометриялық проекциясын салу ережесі көрсетілген. Мұнда жалпы алғанда , салу бірдей , айырмашылығы тек осьтердің орналасуы мен у осі бойына салынатын кесінділердің ұзындықтарында ғана. Нәрсенің фронталь диметриялық проекциясын салу кезінде оның енінің у осі бойындағы екі есе кішірейтілгенін көреміз.



hello_html_m7a8580b3.png



Тақырыпты бекіту : 1. Жазық жақты нәрсенің аксонометриялық проекциясын салу кезінде неше ось қолданылады ?

Үйге тапсырма беру : тақырыпты оқып , 4 – кестені орындау























Қаралды _____________

________________ 2015 ж



Сызу 9 – сыныптар 24.10.2015 ж , 27.10.2015 ж

Сабақтың тақырыбы : Аксонометриялық проекциялар туралы жалпы мағлұмат

Сабақтың мақсаты : тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік : ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу

Дамытушылық : оқушылардың ой – өрісін дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру

Құрал – жабдық , көрнекіліктер :

Сабақ түрі : аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері : түсіндіру , сызба орындау

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ : «Аксонометрия» грек сөзі , «осьтер бойынша өлшеу» деген мағынаны білдіреді. Осы нәрселерді салғанда өлшемдерді ұзындық , ені , биіктік х, у, z осьтері бойына өлшеп саламыз.

Аксонометриялық проекцияларды салуға жаттығу – сызбаларды оқи білуді үйренуге және нәрсенің пішіні мен машиналардың тетіктері туралы кеңістік түсініктерді дамыта түсуге көмектеседі.

Проекциялаушы сәулелердің бағытына және нәрсеніәң сызықтық өлшемдерінің осьтер бойына өзгеріп түсуіне байланысты аксонометриялық проекцияларды тік бұрышты және қиғаш бұрышты прокциялар деп екіге бөледі.

Текшені х, у, z координаталар осьтерімен бірге Р жазықтығына 90º кем бұрышпен бағытталған өзара параллель сәулелер арқылы осы жазықтыққа проекциялай отырып, қиғаш бұрышты фронталь диметриялық проекцияны аламыз.

Бұдан кейін оны қысқаша фронталь диметриялық проекция деп атаймыз. «Диметрия » - грек сөзі , «екі өлшем » деген мағынаны білдіреді.

Егер текшенің жақтарын Р жазықтығына тең бұрыштармен көлбей орналастырсақ және текшені кооордината осьтерімен бірге жазықтыққа перпендикуляр сәулелермен проекцияласақ , онда тағы бір проекцияны аламыз. Ол тік бұрышты изометриялық проекция деп аталады. Оны қысқаша изометриялық проеуция деп атаймыз. « Изометрия» грек сөзі, «тең өлшемдер » деген мағынаны білдіреді.

Фронталь диметриялық проекция мен изометриялық проекцияны жалпылама аксонометриялық проекция деген ортақ атаумен атайды.

Аксонометриялық проекцияларды салуды х, у, z осьтерін жүргізуден бастайды. Фронталь диметриялық проекцияда осьтерді былайша орналастырады: х осін горизонталь , z вертикаль , у осін горизонталь оське 45 º бұрыш жасай отырып жүргізеді.

Бұл проекцияда х және z осьтері бойына нәрсенің нақты өлшемдері салынады. у осі бойына тетіктің өлшемдерін екі есе кішірейтіп түсіреді.

Изометриялық проекцияда х, у, z осьтерін өзара 120º бұрыш жасайтындай етіп немесе х пен у осьтерін горизонталь сызыққа 30º бұрыш жасайтындай етіп орналастырады.

Изометриялық проекцияларды салу кезінде х, у, z осьтері бойына және оларға параллель етіп, тетіктің нақты өлшемдерін саламыз. Тор көзді қағазға у осінің 45 º көлбеулігін сызу үшін осьті тор көздердің диагональдары бойымен жүргіземіз. х, у осьтерін 30 º бұрыш жасай жүргізу үшін 3 және 5 тор көз ұзындықтағы кесінділердің қатынасына орындау керек.

Тақырыпты бекіту: 1. Аксонометрия дегеніміз не ?

2. Диметрия дегеніміз не ?

3. Изометрия дегенміз не?

Үй тапсырмасы : тақырыпты оқып , фронталь диметриялық және изометриялық проекцияларды сызып үйрену.

.































Қаралды _____________

________________ 2015 ж



Сызу 9 – сыныптар 31.10.2015 ж



Сабақтың тақырыбы : Техникалық сурет туралы түсінік

Сабақтың мақсаты : тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік : ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу

Дамытушылық : оқушылардың ой – өрістерін дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру

Құрал – жабдық , көрнекіліктер :

Сабақ түрі : аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері : түсіндіру , сызба орындау

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ : Машиналарды құрастыру кезінде нәрселердің пішіндерін суреттеп алу үшін олардың көрнекі кескіндерін жылдам орындауға тура келеді. Оқу барысында натураға қарап нәрсенің кескінін салу да кездеседі. Осындай кескіндерді орындауды техникалық сурет деп атайды.

Техникалық сурет - нәрсенің көрнекі кескіні , сызу аспаптарынсыз қолмен өлшемдердің пропорционал қатынастарын сақтай отырып, аксонометриялық проекциялардың ережелері бойынша орындалады.

Техникалық суреттерді тор көздері бар қағаздарға орындаған ыңғайлы.

Техникалық суретте нәрсенің пішіні көлеңке түсірудің көмегімен айқындалады. Көлеңке түсіру шатировка , шраффировка тор көздер түрінде штрихтау және нүктелік көлеңкелеу тәсілдерімен жүзеге асырылады.

Көлеңке түсіруді орындау кезінде нәрсеге жарық сәулесі сол жоғарыдан түседі деп есептеу қабылданған. Сонда жарық түсіп тұрған беттер штрихталмайды, ал көлеңке беттер штрихтап көрсетіледі.

Беттің бөлігі мейлінше қарақоюланып тұрса , ол бөлік штрихтармен жиірек жабылады.

Әрбір кәсіби қызметкер қандай да бір тетіктің құрылысын жақсы түсіну және тетіктер мен түйіндердің техникалық суреттерін орындауды үйрену үшін техникалық сурет салуды меңгеруі тиіс.





Техникалық сурет салу дағдыларын қалыптастыруды түзу сызықтардың , бұрыштардың кескіндерін салудан және оларды тең бөліктерге бөлуден бастаған қолайлы. Одан кейін жазық фигураларды көпбұрыштарды , шеңберді және овалдарды салуға көшу керек. Келесі кезекте геометриялық денелердің және өндірістік тетіктердің суреттерін салуға кірісеміз.

Тақырыпты бекіту: 1. Техникалық суретті не үшін орындайды?

2. Техникалық суреттің аксонометриялық проекциядан айрмашылығы неде?

Үй тапсырмасы : тақырыпты оқып , 103 – суретті орындау









































Қаралды _____________

________________ 2015 ж



Сызу 9 – сыныптар 3.11.2015 ж

Сабақтың тақырыбы : Геометриялық денелер , көпжақтардың проекциялары , айналу денелерінің проекциялары

Сабақтың мақсаты : тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік : ұқыптылыққа, жұмысты толық аяқтауға, жинақылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық : оқушылардың білімдерін дамыту

Құрал – жабдық , көрнекіліктер :

Сабақ түрі : дәстрлі сабақ

Әдіс – тәсілдері : баяндап түсіндіру, сызбалар орындау

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ : Техникада тетіктің пішінін анағұрлым қарапайым пішіндер- геометриялық денелермен жиі салыстырады,сондай-ақ геометриялық пішіндердің аса күрделі тетіктердің пішінін сипаттау үшін пайдаланады.

Техникалық тетіктің кез келген қарапайым пішіні геометриялық дененің пішіні ретінде қарастырылады. Мысалы, «білік» атты техникалық тетіктің пішіні цилиндрдің пішініне сәйкес келеді. Күрделі нәрсенің пішінін бірнеше геометриялық денелердің пішіндерінің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Мысалы «тіктегіш» тетігінің пішінін цилиндр мен конустың жиынтығы деп аламыз.

Тетіктерді оқып үйренудің осы қарастырылған амалының негізіне геометриялық пішіндерге талдау жасауды алады.

Нәрсенің геометриялық пішініне талдау жасау дегеніміз нәрсені ойша құралатын геометриялық денелерге бөлшектеу.

«Тірек» тетігінің көрнекі кескіні арқылы нәрсенің геометриялық пішініне талдау жасаудың қалай жүзеге астынын қарастырайық.

Тетікті ойша қарапайым геометриялық денелерге бөлшектейік. «Тірек» тетігі бес цилиндрлік өтпелі тесігі бар тік бұрышты параллелепипедтен тұрады. Тік бұрышты параллелептпедтің жоғарғы жағының дәл ортасында цилиндрлік өтпелі тесігі бар төртбұрышты орналасқан, оның осы диаметрі тетік тесігінің осімен және диаметрімен сәйкес келеді. Праллелепипедтер үшбұрышты призма пішінді өзара екі қатаңдық қырлары арқылы біріктірілген, бұл параллелепипедтердің орнықты бекітілуін қамтамасыз етеді.

Тетіктің қандай геометриялық денелерден тұратынын анықтап алғаннан кейін сызбаны орындауға кірісеміз. Бұл жағдайда қандай геометриялық салулар қажет болатындығын анықтаймыз. Сызбаны салу процесін жекелеген графикалық операцияларға бөлшектеу кескіннің графикалық құрамын талдау деп аталады.

Тетікті оны құрайтын геометриялық денелерге бөлшектеу тәсілін қолданып, сызбаларды дұрыс оқи білуге және оларды сауатты орындауға тез үйренуге болады.



Тақырыпты бекіту: 1. Нәрсенің геометриялық пішініне талдау жасау дегеніміз не?

2. . Нәрсенің геометриялық пішініне талдау жасау мен кескіннің графикалық құрамы арасында қандай айырмашылық бар?



Үй тапсырмасы : тақырыпты оқып , 104 – суретті орындау





































Қаралды _____________

________________ 2015 ж



Сызу 9 – сыныптар 24.11.2015 ж



Сабақтың тақырыбы : Денелер пішінін құрастыратын беттерді, төбелерді, қырларды және жасаушыларды сызбада табу

Сабақтың мақсаты : оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік : ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу

Дамытушылық : оқушылардың ой – өрісін дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру

Құрал – жабдық , көрнекіліктер :

Сабақ түрі : аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері : түсіндіру, сызба орындау

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ : тетіктің бетінде орналасқан нүктенің проекциясын салу кезінде ол нүктенің қандай элементінде ( қырында , төбеде, жақта ) орналасқандығын білу қажет, сонан кейін оның проекция жазықтықтарына немесе пішіннің басқа элементіне қарағандағы геометриялық орнын анықтап аламыз. Кез келген тетікті геометриялық денелердің жиынтығы ретінде қарастыра отырып, нүктенің проекциясын табуға болады.

А нүктесі көріністе à фронталь проекциясының алдына берілетін мысалды қарастырайық. А нүктесінің басқа проекциясын табу керек. Сызба бойынша нүктенің жоғарғы параллелепипедтің алдынғы жағында тұрғандығын анықтаймыз.

А нүктесінң горизонталь проекциясын салу үшін үстіңгі көріністен жақтың горизонталь проекциясын табу керек, сонан кейін à – тен нүкте орналасқан жақтың горизонталь проекциясымен қилысқанша проекциялық байланыс сызығы жүргізіледі. Қиылысудың а нүктесі А нүктесінің горизонталь проекциясы болады. А нүктесінің профиль проекциясын табу үшін à нүктесінен нүкте жатқан жақтың проекциясы болып табылатын сызықпен қиылысқанша проекциялық байланыс сызығын жүргізіміз. Осылайша жақ көріністен А нүктесінің профиль проекциясын ä нүктесін саламыз. Сызбада проекциялық байланыс сызығының бағыты нұсқамамен көрсетілген.



Тақырыпты бекіту: 1.Тетіктің бетінде орналасқан нүктенің проекциясын салу кезінде нені білу керек?

Үйге тапсырма : тақырыпты оқып, 126 - суретті орындап келу



















































Қаралды _____________

________________ 2015 ж



Сызу 9 – сыныптар 28.11.2015 ж

Сабақтың тақырыбы : Кейбір геометриялық денелер жазбасының сызбалары

Сабақтың мақсаты : тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік : сызбаларды дұырыс орындай білуге және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Дамытушылық : оқушылардың ой – өрісін дамыту , сабаққа деген ынтасын арттыру

Құрал – жабдық , көрнекіліктер : геометриялық денелердің макеті

Сабақ түрі : аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері : түсіндіру, сызба орындау

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақ : Біз күнделікті өмірде , өндірісте және құрылыс саласында беттердің жазбаларымен жиі кездесеміз. Шырын құюға немесе үй қояндарына жем беруге арналған , сондай – ақ мерекелік қорапшаларды және т.б. жасау үшін геометриялық денелердің жазбаларын құрастыра білу крек.

Геометриялық денені бір жазықтықпен шектейтін барлық жақтардың немесе беттердің үйлестірілуінен алынған жайма геометриялық дене бетінің жазбасы деп аталады. Барлық көпжақтардың призмалардың, пирамидалардың , цилиндрлік, конустық және кейбір басқада беттердің дәл жазбаары болады. Осындай беттер тобын жаймаланатын беттер деп аталады. Шар ,тор және т.б. қисық сызықты жасаушылары бар айналу беттерінің жуық жазбалары болады. Сондықтан оларды жаймаланбайтын беттер деп атайды.



hello_html_35c23278.png





Текше мен параллелепипед беттерінің жазбалары

Текшенің жазбасы өзара тең алты шаршыдан тұрады. Ал параллелепипедтің жазбасы әр түрлі пішіндегі тік төртбұрыштар түрінде болады.

Пирамида бетінің жазбасы





hello_html_7b960245.png

Пирамиданың бүйір беті өзара тең төрт үшбұрыштардан тұрады. Үшбұрышты салу үшін оның қабырғаларының шамаларын білу керек. Пирамиданың тең қырлары оның жақтарының үшбұрыштардың бүйір қабырғалары болады. Кез келген нүктені центр етіп алып, пирамиданың бүйір қырларының ұзындығына тең радиуспен доға саламыз. Осы доғаның бойына пирамида табанының қабырғасына тең төрт кесінді тізбектей саламыз. Кесінділердің ұштарын доғаның центрімен түзулер арқылы қосамыз. Сонан кейін пирамиданың табаны болатын шаршыны салу керек.

Тақырыпты бекіту: 1. Жаймаланатын беттерді ата.

Үйге тапсырма : текшенің, параллелепипедтің, пирамида беттерінің жазбалары.























Қаралды _____________

________________ 2015 ж



Сызу 9 – сыныптар 5.12.2015 ж

Сабақтың тақырыбы : Кейбір геометриялық денелер жазбасының сызбалары

Сабақтың мақсаты : тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік : сызбаларды дұырыс орындай білуге және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Дамытушылық : оқушылардың ой – өрісін дамыту , сабаққа деген ынтасын арттыру

Құрал – жабдық , көрнекіліктер : геометриялық денелердің макеті

Сабақ түрі : аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері : түсіндіру, сызба орындау

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа тақырып

































Қаралды _____________

________________ 2015 ж



Сызу 9 – сыныптар 5.12.2015 ж

Сабақтың тақырыбы : Кейбір геометриялық денелер жазбасының сызбалары

Сабақтың мақсаты : тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік : сызбаларды дұырыс орындай білуге және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Дамытушылық : оқушылардың ой – өрісін дамыту , сабаққа деген ынтасын арттыру

Құрал – жабдық , көрнекіліктер : геометриялық денелердің макеті

Сабақ түрі : аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері : түсіндіру, сызба орындау

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа тақырып



























Қаралды _____________

________________ 2015 ж



Сызу 9 – сыныптар 5.12.2015 ж

Сабақтың тақырыбы : Кейбір геометриялық денелер жазбасының сызбалары

Сабақтың мақсаты : тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік : сызбаларды дұырыс орындай білуге және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Дамытушылық : оқушылардың ой – өрісін дамыту , сабаққа деген ынтасын арттыру

Құрал – жабдық , көрнекіліктер : геометриялық денелердің макеті

Сабақ түрі : аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері : түсіндіру, сызба орындау

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа тақырып





























Қаралды _____________

________________ 2015 ж



Сызу 9 – сыныптар 5.12.2015 ж

Сабақтың тақырыбы : Кейбір геометриялық денелер жазбасының сызбалары

Сабақтың мақсаты : тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік : сызбаларды дұырыс орындай білуге және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Дамытушылық : оқушылардың ой – өрісін дамыту , сабаққа деген ынтасын арттыру

Құрал – жабдық , көрнекіліктер : геометриялық денелердің макеті

Сабақ түрі : аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері : түсіндіру, сызба орындау

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа тақырып



































Қаралды _____________

________________ 2015 ж



Сызу 9 – сыныптар 5.12.2015 ж

Сабақтың тақырыбы : Кейбір геометриялық денелер жазбасының сызбалары

Сабақтың мақсаты : тақырып бойынша түсінік беру

Тәрбиелік : сызбаларды дұырыс орындай білуге және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Дамытушылық : оқушылардың ой – өрісін дамыту , сабаққа деген ынтасын арттыру

Құрал – жабдық , көрнекіліктер : геометриялық денелердің макеті

Сабақ түрі : аралас сабақ

Әдіс – тәсілдері : түсіндіру, сызба орындау

Сабақтың барысы : ұйымдастыру

а) оқушылармен амандасу

б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру

в) үй тапсырмасын тексеру

Жаңа тақырып










































Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-200585

Похожие материалы