Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Другие методич. материалы / "Қысым. Қысым формулалары "
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Физика

"Қысым. Қысым формулалары "

библиотека
материалов

Бекітемін: ҮІІ сынып

Сабақтың тақырыбы: 33. Қысым.

Сабақтың мақсаты: Қысым ұғымымен және формуласымен, өлшем бірліктерімен танысу.

Сабақтың көрнекілігі: кодоскоп, компьютер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

ІҮ.Бекіту сұрағы.

Ү. Есеп шығару үлгісі.

ҮІ.Үйге тапсырма. Бағалау.

Сабақтың жүрісі.

І. Үй тапсырмасын сұрау.

1) Масса дегеніміз не?

2) Зат тығыздығының формуласы?

3) Күш дегеніміз?

4) Деформация дегеніміз не?

5) Гук заңы қалай айтылады?

6) Ауырлық күші, дененің салмағы дегеніміз?

ІІ. Жаңа сабақ.

Біз күнделікті тұрмыста пышақ, қайшы, ине сияқты алуан түрлі құралдарды пайдаланамыз. Алайда олардың әрекеті осы күш түскен беттің ауданына тәуелді болатынын бермейміз. Мысалы, мынадай тәжірибені қарастырайық. Жіңішке төрт аяғы бар кішкене үстелді төңкеріп, ыдыстағы құмның үчтіне қояды да, оны массасы 5 кг гір таспен бастырады. Бұл жағдайда үстел құмға батпайды.

Ал үстелдің бетін жоғары қаратып, үстіне сондай гір тас қойғанда, оның аяғы құмға батып кетеді.

Сол сияқты адамның қармен жүруі қиын, өйткені ол қадам басқан сайын қарға омбылайды. Ал аяғына шаңғы байлаған адам қар үстімен жеңіл жүре алады. Мұның себебі не? Шаңғымен де, шаңғысыз да адам қарды өзінің салмағына тең бірдей күшпен басады. Бірақ ол күштің бұл екі жағдайдағы әрекеті бірдей емес. Өйткені шаңғы бетінің ауданы адамның табанының ауданынан жиырма еседей үлкен.

Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды. Қысым түсетін күштің модуліне ғана емес, осы күш перпендикуляр бағытта әрекет ететін беттің ауданына да тәуелді болады. Дәлірек айтсақ: қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:

P=F/S, мұндағы Р-қысым, Ғ-бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күш немесе қысым күші; S- күш түсетін беттің ауданы.

Жоғарыдағы формуланы түрлендірсек:

F=pS, S=F/P.

SI жүйесінде қысым паскальмен өлшенеді. Ол француз ғалымы Паскальдың құрметіне осылай аталған.

Тәжірибеде қысымның гектопаскаль, килопаскаль, мегапаскаль сияқты неғұрлым үлкен бірліктері де пайдаланылады: гПа =100Па= 102 Па

кПа =1000Па = 103Па

МПА =1 000 000Па =106Па

ІІІ. Бекіту сұрағы:

  1. Күштің әрекеті тіреу ауданына тәуелді болатынын көрсететін мысалдар келтіріңдер?

  2. Қолмен іс тіккен кезде неліктен бармаққа оймақ киеді?

  3. Шаңғысыз жүргенде адам неліктен қарға омбылайды?

  4. Қысым деп нені айтады?

  5. Қысымды қалай анықтайды?

  6. Қысымның қандай бірліктерін білесіңдер?

ІҮ. Есеп шығару.

1hello_html_4cbb7abc.gifhello_html_4cbb7abc.gif) Күйтабаққа ине 0,27 Н күшпен әрекет етеді. Егер иненің ұшының ауданы 0,0003 см2 болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?

Берілгені:

F=0,27Н P=F/S P=0,27/3*10-8м2=9*106Па=9МПа

Shello_html_m36d2df2a.gif=0,0003см2


Р=? Жауабы: 9МПа

2) 100 см2 ауданға 50Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар.

Бhello_html_645808b7.gifhello_html_645808b7.gifерілгені:

Ғ=50Н P=F/S P=50/100=

Shello_html_m36d2df2a.gif=100cм2


Р=?


3) Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 780Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95 м, ал ені 6см. Шаңғышының қар бетіне түміретін қысымын табыңдар.

Ү. Үйге тапсырма. 33 оқып.маз.білу.

Бағалау.
































Бекітемін:

05.02.2014 жыл. ҮІІ сынып

Сабақтың тақырыбы: 33. Газдың қысымы. Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газ-

дарда болатын қысым.

Сабақтың мақсаты:Газдың қысымымен және олардың қасиеттерімен танысу.

Сабақтың көрнекілігі: кодоскоп, компьютер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

ІҮ.Бекіту сұрағы.

Ү.Үйге тапсырма. Бағалау.

Сабақтың жүрісі.

І. Үй тапсырмасын сұрау.

1) Гидравликалық престің құрылысы қандай?

2) Ол не үшін қолданылады?

3) Гидравликалық престің Жердегі және Айдағы әрекетінде айырмашылқ бар?

4) Гидравликалық машиналар құрылысында қандай заң пайдаланылады?

ІІ. Жаңа сабақ.

Газдардың қатты денелер мен сұйықтардан айырмашылығы, олар өздері тұрған ыдыстың көлемін түгел алып тұратыны туралы өткен тақырыптардан білесіңдер.

Газ молекулалары үлкен жылдамдықпен ретсіз қозғалып жүретіні белгілі. Сонда олар бір-бірімен әрі өзі тұрған ыдыстың қабырғаларымен соқтығысады. Газдың молеулалары өте көп, сондықтан олардың соқтығысу саны да көп. Мысалы, бөлмедегі ауа молекулаларының 1 с ішінде 1см2 ауданға келетін соқтығысу саны жиырма үш таңбалы санмен өрнектелетіні есептеулер арқылы анықталған. Жеке молекулалардың соққысы әлсіз болғанымен, барлық молекулалар соққысының ыдыс қабырғасына тигізетін әрекеті едәуір үлкен болып шығады. Міне, осыдан газ қысымы пайда болады.

Сөйтіп, газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы молекулаларының соқтығысуынан пайда болады.

Мынадай тәжірибе қарастырайық. Ауа сорғысы қалпағының астына аузы байлаулы, ішінде аздаған ауасы бар резеңке шар орналастырамыз. Одан кейін сорғымен қалпақтың ішіндегі ауаны сорып шығарады. Айналасындағы ауа сирей бастағанда шардың шала толтырылған резеңке қабығы біртіндеп торсия бастайды да, ақырында шар пішініне келеді.

Бұл тәжірибені қалай түсіндіруге болады?

Алғашқыда ауаның қозғалыстағы молекулалары шардың қабырғасын ішінен де, сыртынан да үздіксіз соққылайды.Қалпақтың ішіндегі ауаны сорып шығарғанда шардың айналасындағы молекулалар саны азаяды. Бірақ аузы байлаулы болғандықтан, шардың ішіндегі молекулалар саны өзгермейді. Сондықтан шардың ішкі бетіне соқтығысатын молекулалар саны оның сыртқы бетіне соқтығысу санынан көбірек болады. Сөйтіп резеңке қабығының серпімділік күші газдың қысым күшіне теңелгенше, шар торсия береді. Бұдан шар қабығы , пішінделе түседі-бұл газдың шар қабырғасына барлық бағытта бірдей қысым түсіретінін көрсетеді. Барлық бағытта бірдей болуы газдарға тән қасиет және бұл орасан көп молекулалардың ретсіз қозғалысының нәтижесі болып табылады. Газ молекулалары ыдыс қабырғасына неғқрлым жиі соқтығысса, газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы соғұрлым үлкен болатыны айқын.

Егер газдың массасы өзгермейтіндей етіп, оның көлемін азайтса, онда газдың әрбір текше сантиметріндегі молекулалар саны артады, соған байланысты газдың тығыздығы да, молекулаларының ыдыс қабырғасына соқтығысу саны да көбейеді, яғни газдың қысымы артады.

Сонымен газдың массасы мен температурасын өзгертпей, газдың көлемін кішірейтсе, оның қысымы артады, ал көлемін ұлғайтса, қысымы кемиді.

Егер газдың көлемін өзгертпей, температурасын арттырса, оның қысымы қалай өзгереді?

Біз газ қызғанда оның молекулаларының жылдамдығы артатынын білеміз. Шапшаң қозғалған молекулалар ыдыс қабырғаларына жиі әрі күштірек соғылады. Сондықтан ыдыстың қабырғаларына көбірек қысым түседі.

Демек, газдың көлемі өзгермеген жағдайда, жабық ыдыстағы газдың температурасы неғұрлым жоғары болса, оның қысымы соғұрлым үлкен болады.

Бұл тәжірибелерден мынадай жалпы қорытынды жасауға болады: газ молекулалары ыдыс қабырғаларына неғұрлым жиірек және күштірек соғылатын болса, соғұрлым газ қысымы арта түседі.

Газадрды сақтағанда және тасымалдағанда қатты сығылатындықтан, олардың қысымы артады. Сондықтан газдарды өте берік арнаулы болат баллондардың ішінде ұстайды.

ІІІ. Бекіту.

  1. Газдардың қатты денелер мен сұйықтардан өзгеше қандай қасиеттері бар?

  2. Газ қысымы молекулалардың қозғалысы туралы ілім тұрғысында қалай түсіндіріледі?

  3. Газдың ыдыс қабырғаларына түсіретін қысымын қандай тәжірибелер арқылы көрсетуге болады?

  4. Газдың барлық бағыттары бірдей қысым түсіретіні неден байқалады?

  5. Неліктен газдың қысымы сығылғанда артады, ал ұлғайғанда кемиді?

  6. Сығылған газдарды неге арнаулы баллондарда сақтайды?

ІҮ. Үйге тапсырма. 36. оқып. маз.білу.


































Бекітемін:

10.02.2014 ж. ХІ сынып

Сабақтың тақырыбы: 8.11. Термоядролық реакциялар, ядролық реактор, ядролық

энергетика.

Сабақтың мақсаты: Сабақ барысында оқушыларға термоядролық реакцияны,

ядролық реактор және ядролық энергетикамен таныстыру.

Сабақтың көрнекілігі: плакат, кодоскоп.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

ІҮ. Бекіту сұрағы.

Ү. Үйге тапсырма.

ҮІ. Бағалау.

Сабақтың жүрісі:

І. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Ядроның бөлінуі деп қандай реакцияны айтады?

  2. Неліктен ядро бөлінгенде бірнеше нейтрондар ұшып шығады?

  3. Тізбекті бөліну реакциясы қалай жүзеге асады?

  4. Қандай массаны сындық масса деп атайды?

  5. Тізбекті реакция қалай басқарылады?

  6. Ядролық энергия электр энергиясына қалай түрленеді?

  7. Көбейткіш-реакторлар деп қандай реакторларды айтады?

ІІ. Жаңа сабақ.

Ядролық реакция кезінде мол энергия бөлініп шығатын реакцияның бір түрі жеңіл элементтер ядроларының синтезі болып табылады. Жеңіл элементтер ядроларының синтезі миллиондаған градус температурада ғана жүзеге асады.

Өте жоғары температурада жеңіл ядролардың бірігіп ауырлау ядроны түзу реакциясын термоядролық реакция деп атайды. Екі жеңіл элементтің ядроларының тыныштық массаларының қосындысы олардың бірігуінен пайда болғанн ядроның тыныштық массасынан артық.Масса ақауының нәтижесінде көп мөлшерде энергия босап шығуы тиіс.Есептеулер бұл пайымдаудың дұрыстығын дәлелдеді.

Оң зарядталған жеңіл ядролардың бірігуіне кулондық тебіліс күштері кедергі жасайды. Оны тек жоғары температураға дейін қыздырылған плазмалардағы бөлшектерге зор кинетикалық энергия беру арқылы жеңеді.Қазіргі көзқарас бойынша Күн мен жұлдыздардың қойнауындағы энергияның қайнар көзі-термоядролық реакция. Күн ядросындағы температура 15 миллион градусқа жуық, қысымы 200 млрд атмосфера болады. Күн затының атомдары осындай температурада сыртқы электрондарынан тұратын иондалған газ-плазмаға айналады.

Американдық физик Х.Бете 1938 жылы протон-протонды термоядролық цикл нәтижесінде сутектің гелийге айналуы жұлдыздардағы ең басты реакция екенін ашты.

Жұлдыздарда басқа да термоядролық синтез өтуі мүмкін. Сутектің «жанып» бітуіне орай, жұлдыздың центрінде гелийден құралған ядро түзіледі.Енді көміртек –азот циклі басталып, реакцияның соңғы өнімдерінің бірі гелий изотобы синтезделеді. Цикл барысында 26,7 МэВ энергия босап шығады.

Жер бетінде алғашқы термоядролық реакция 1952 жылы 1 қарашада Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде жүзеге асырылса, келесі реакция 1953 жылы Қазақстанда сутекті бомбаны жару арқылы жүргізілді.

Миллиондаған градусқа дейін қызған плазмадағы реакцияны ұстап тұру-негізгі қиыншылықтың бірі. Мұндай температураға реактордың қабырғасын жасайтын ешбір заттың шыдамайтыны түсінікті, ол буға айналып кетеді. Жоғары температурадағы плазманы салқын қабырғаларға тигізбей күшті магнит өрісінде ұстап тұру тәсілін 1950 жылы Ресей физиктері Сахаров пен Тамм ұсынды. Осы идеяға негізделіп жасалған тәжірибелік қондырғыны «Токомак» деп атаған.

Радиоактивті сәулелер, нейтрондар ағыны қоршаған ортаға, әсіресе тірі организмге зиянды әсерін тигізеді. Радиоактивті сәулелерді иондаушы сәулелер немесе қысқаша радиация деп атайды. Белгілі бір энергиялары бар бұл сәулелер мен бөлшектер денелердің молекулалары мен атомдарын иондайды. Олардың химиялық белсенділігі өзгереді, клеткалар мутацияға ұшырайды, хромосомдағы гендерді зақымдап, түрлі физиологиялық күрделі ауытқулар туады. Табиғат уланады.

Радиацияның қауіптілігі мынада: сәулелену тіпті қатерлі дозаның өзінде бірден аурудың белгісін туғызбайды.

Шығарылған сәуленің жұтылған дозасы деп жұтылған энергияның сәулеленген заттың массасына қатынасын айтады:

D=E/m

SI жүйесінде шығарылған сәуленің жұтылған дозасының өлшем бірлігі-1Гр (грэй)

Шығарылған сәуленің жұтылуының эквивалентті дозасы деп жұтылған доза мен биологиялық эффективтік коэффициентінің көбейтіндісіне тең шаманы айтамыз.

Радиоактивті сәулелердің әсеріне біз үнемі ұшыраймыз. Бұндай радиацияның көзі-ғарыш сәулелері. Атом электр стансыларында, радиоактивті изотоптармен, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істейтін адамдардың радиациядан қорғану шараларын орындауы қажет. Радиоактивті сәулелердің интенсивтігі қашықтықтың квадратына кері пропорционал кемитінін ескерсек, қауіпті аумақтан қызметкерлерді жеткілікті қашықтықта орналастырған жөн.

ІІІ. Бекіту.

  1. Термоядролық синтез дегеніміз не?

  2. Неліктен термоядролық энергетиканың болашағы зор?

  3. Радиоактивті сәулелер тірі организмдерге қандай қауіп туғызады?

  4. Жұтылған доза деп нені айтады?

  5. Эквивалентті доза дегеніміз не?

  6. Радиациядан қалай қорғануға болады?

ІҮ. Үйге тапсырма: 8.11-8.12. оқып. маз.білу.

Бағалау.





















Бекітемін:

5.02.2014 жыл. ҮІІ сынып

Сабақтың тақырыбы: 37. Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын

қысым.

Сабақтың мақсаты: Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтармен газдарда болатын қысыммен

танысу

Сабақтың көрнекілігі: кодоскоп, компьютер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

ІҮ.Бекіту сұрағы.

Ү.Үйге тапсырма. Бағалау.

Сабақтың жүрісі.

І. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Газдардың қатты денелер мен сұйықтардан өзгеше қандай қасиеттері бар?

  2. Газ қысымы молекулалардың қозғалысы туралы ілім тұрғысында қалай түсіндіріледі?

  3. Газдың ыдыс қабырғаларына түсіретін қысымын қандай тәжірибелер арқылы көрсетуге болады?

  4. Газдың барлық бағыттары бірдей қысым түсіретіні неден байқалады?

  5. Неліктен газдың қысымы сығылғанда артады, ал ұлғайғанда кемиді?

  6. Сығылған газдарды неге арнаулы баллондарда сақтайды?

ІІ. Жаңа сабақ.

Өткен тақырыпта біз гидравликалық машинадағы сұйыққа поршень тарапынан күш әрекет еткен кездегі қысымның берілуін қарастырған болатынбыз. Бұл-сұйыққа сыртқы күштер әрекет еткендегі жағдай. Алайда сұйықтың өз ішінде де қысым болады: сұйық ауырлық күшінің ықпалында болады да, сұйықтың төменгі қабаттарына оның жоғары қабаттарының салмағы әрекет етеді.

Сұйық қабаты неғұрлым төмен орналасқан болса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым үлкен болады деген қорытындыға келеміз.

Жоғарыда біз сумен жасалған тәжірибені қарастырамыз. Егер судың орнына басқа кез келген сұйық алынса да, бәрібір, нәтиже сондай болар еді.

Ал газдарға келетін болсақ, бұл жағынан алғанда, олардың сұйықтардан өзгешелігі жоқ. Газдың да салмағы бар. Бірақ газдың тығыздығы сұйықтың тығыздығынан жүздеген есе кем екенін есте ұстау керек. Ыдыстағы газдың салмағы өте аз, сондықтан да оның «салмақтық» қысымын көп жағдайда елемеуге болады.

Сұйық ішіндегі қысымның тереңдікке тәуелді болатынын адам суға сүңгу кезінде есте ұстауы қажет. Арнайы жаттығусыз үлкен тереңдікке түсу мүмкін емес, өйткені жоғары қысымның әсерінен адам қаны атмосфералық азотпен қанығады. Судың бетіне

Алғашқыда ауаның қозғалыстағы молекулалары шардың қабырғасын ішінен де, сыртынан да үздіксіз соққылайды.Қалпақтың ішіндегі ауаны сорып шығарғанда шардың айналасындағы молекулалар саны азаяды. Бірақ аузы байлаулы болғандықтан, шардың ішіндегі молекулалар саны өзгермейді. Сондықтан шардың ішкі бетіне соқтығысатын молекулалар саны оның сыртқы бетіне соқтығысу санынан көбірек болады. Сөйтіп резеңке қабығының серпімділік күші газдың қысым күшіне теңелгенше, шар торсия береді. Бұдан шар қабығы , пішінделе түседі-бұл газдың шар қабырғасына барлық бағытта бірдей қысым түсіретінін көрсетеді. Барлық бағытта бірдей болуы газдарға тән қасиет және бұл орасан көп молекулалардың ретсіз қозғалысының нәтижесі болып табылады. Газ молекулалары ыдыс қабырғасына неғқрлым жиі соқтығысса, газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы соғұрлым үлкен болатыны айқын.

Егер газдың массасы өзгермейтіндей етіп, оның көлемін азайтса, онда газдың әрбір текше сантиметріндегі молекулалар саны артады, соған байланысты газдың тығыздығы да, молекулаларының ыдыс қабырғасына соқтығысу саны да көбейеді, яғни газдың қысымы артады.

Сонымен газдың массасы мен температурасын өзгертпей, газдың көлемін кішірейтсе, оның қысымы артады, ал көлемін ұлғайтса, қысымы кемиді.

Егер газдың көлемін өзгертпей, температурасын арттырса, оның қысымы қалай өзгереді?

Біз газ қызғанда оның молекулаларының жылдамдығы артатынын білеміз. Шапшаң қозғалған молекулалар ыдыс қабырғаларына жиі әрі күштірек соғылады. Сондықтан ыдыстың қабырғаларына көбірек қысым түседі.

Демек, газдың көлемі өзгермеген жағдайда, жабық ыдыстағы газдың температурасы неғұрлым жоғары болса, оның қысымы соғұрлым үлкен болады.

Бұл тәжірибелерден мынадай жалпы қорытынды жасауға болады: газ молекулалары ыдыс қабырғаларына неғұрлым жиірек және күштірек соғылатын болса, соғұрлым газ қысымы арта түседі.

Газадрды сақтағанда және тасымалдағанда қатты сығылатындықтан, олардың қысымы артады. Сондықтан газдарды өте берік арнаулы болат баллондардың ішінде ұстайды.

ІІІ. Бекіту.

  1. Газдардың қатты денелер мен сұйықтардан өзгеше қандай қасиеттері бар?

  2. Газ қысымы молекулалардың қозғалысы туралы ілім тұрғысында қалай түсіндіріледі?

  3. Газдың ыдыс қабырғаларына түсіретін қысымын қандай тәжірибелер арқылы көрсетуге болады?

  4. Газдың барлық бағыттары бірдей қысым түсіретіні неден байқалады?

  5. Неліктен газдың қысымы сығылғанда артады, ал ұлғайғанда кемиді?

  6. Сығылған газдарды неге арнаулы баллондарда сақтайды?

ІҮ. Үйге тапсырма. 36. оқып. маз.білу.





























Бекітемін:

18.02.2013 ж. ХІ сынып

Сабақтың тақырыбы: 9.1. Ғарыштық сәулелер.

Сабақтың мақсаты: Ғарыштық сәулелермен танысу және жаңа элементар бөлшектердің

барлығы жайлы теориялық болжамдарды білу.

Сабақтың көрнекілігі: плакат, кодоскоп.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

ІҮ. Бекіту сұрағы.

Ү. Үйге тапсырма.

ҮІ. Бағалау.

Сабақтың жүрісі:

І. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Термоядролық синтез дегеніміз не?

  2. Неліктен термоядролық энергетиканың болашағы зор?

  3. Радиоактивті сәулелер тірі организмдерге қандай қауіп туғызады?

  4. Жұтылған доза деп нені айтады?

  5. Эквивалентті доза дегеніміз не?

  6. Радиациядан қалай қорғануға болады?

ІІ. Жаңа сабақ.

Бөлшектерді тіркейтін құрал (1908 ж Гейгер санағышы) ойлап табылғаннан кейін-ақ 1911 ж ғарыштық сәулелер ашылды. Олар әлем кеңістігінен Жерге келетін өте жоғары энергиялы орнықты бөлшектердің ағыны және осы бөлшектердің атмосферадағы атом ядроларымен өзара әрекеттесуінен пайда болатын екінші ретті бөлшектер. Олардың құрамына барлық белгілі элементар бөлшектер кіреді. Жерге жақын ғарыштық сәулелердің бірінші ретті компоненттерінің құрамы кескінделген. Цифрлар 1 с-та 1м2 жерге түсетін бөлшектер санын көрсетеді. Суреттен бірінші ретті сәулелердің құрамына протондар және басқа атом ядролары, сондай-ақ ауыр ядроларға дейін кіретіні көрініп тұр. Төтенше жаңа жұлдыздардағы жарылыс ғарыштық сәулелердің көзі болуы мүмкін. Қазіргі заманғы үдеткіштердегі зарядталған бөлшектердің энергиясы әлем кеңістігінің алыс нүктелерінен келетін бөлшектердің энергиясынан әлдеқайда аз.

Дегенмен ғарыштағы келетін сәулелердің тығыздығы үдеткіштерден алынатын бөлшектер ағынының тығыздығынан көптеген есе аз. Сондықтан ол бөлшектердің басқа бөлшектермен немесе атом ядроларымен соқтығысу ықтималдығы үдеткіштен алынған бөлшектерге қарағанда сирек. Осындай соқтығысулар кезінде бұрын белгісіз жаңа элементар бөлшектер пайда болады. Бұл жағдайға қарамастан ғалымдар өздерінің зерттеулерінде жоғары энергиялы ғарыштық сәулелерді пайдалана береді.

Бірінші рет 1927 жылы кванттық физиканың теңдеулерін талдау кезінде ағылшын физигі П.Дирак бірінші антибөлшек позитронның болуы туралы болжам айтқан. 1932 ж Вильсон камерасынның көмегімен алынған фотосуреттерді талдап, американ физигі Карл Дейвид Андерсон суреттердің біреуінен қарама-қарсы бағытта қозғалған екі бөлшектің қисайған ізін байқаған. Әрі қарай зерттеулердің нәтижесінде гамма квант ауыр ядромен әрекеттескенде позитронның пайда болатыны және оның үнемі электронмен қатар пайда болатыны анықталған. Бірінші рет электромагниттік өрістің затқа түрленетіні эксперимент жүзінде осылайша дәлелденді. Энергияның сақталу заңы бойынша, ұшып келген кванттың энергиясы тыныштықтағы электрон мен позитронның массасына ауысады. Минималды энергия электронды-позитрондық жұпты құруға қажет.

Вакуумде позитрон орнықты, дегенмен заттың ішінде электрондардың біреуіне тартылады және кері процесс аннигиляцияның нәтижесінде энергияның және импульстің сақталу заңына сәйкес екі немесе үш квант пайда болады.

Сонымен «біздің әлемдегі» әрбір бөлшек антибөлшекке ие. 1955 жылы эксперимент жүзінде антипротон, 1956 жылы антинейторн, 1969 ж. Аз мөлшерде антигелий алынды. Антизаттан тұратын жұлдыздар мен планеталар бар ма? Бұл сұраққа дәл бүгін бір мәнді жауап беруге болмайды.

ІІІ. Бекіту.

  1. Ғарыштық сәулелер қай жылы ашылды?

  2. Ғарыштан келетін сәулелердің тығыздығы қандай?

  3. Позитронның пайда болуын кім ойлап тапқан?

  4. Біздің әлемдегі әрбір бөлшек неге ие?

  5. Гамма квантының энергиясы қандай?

ІҮ. Үйге тапсырма. 9.1.оқып. маз. білу.

Бағалау.









































Бекітемін:

18.02.2013 ж. Х сынып

Сабақтың тақырыбы: Конденсаторларды қосуға есеп шығару.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз бетінше есеп шығару және шығару жолын дұрыс жазу дағдысын қалыптастыруды жалғастыру. Оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдану, өз бетінше есеп шығару және жолын дұрыс жазу дағдысын қалыптастыруды жалғастыру.

Сабақтың көрнекілігі: плакат, кодоскоп.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ.Есеп шығару.

ІҮ. Үйге тапсырма.

Ү. Бағалау.

Сабақтың жүрісі:

І. Үй тапсырмасын сұрау.

1) Конденсатор деген не?

2) Конденсатордың қандай түрлерін білесіңдер?

3) Конденсатор түрлерінің құрылыс қандай?

4) Конденсаторларды тізбектей және параллель қосудың белгілері қандай?

5) Неліктен зарядталған конденсаторда энергия болады?

6) Конденсатордағы энергия көзінің әдеттегі ток көзі энергиясынан айырмашылығы қандай?

7) Электр өрісі энергиясының көлемдік тығыздығы деп нені айтады?

8) Электр өрісі энергиясының көлемдік тығыздығын қандай формуламен есептейді?

ІІ. Есеп шығару.

17-жаттығу.

1) Вакуумдегі сыйымдылығы 1Ф болу үшін өткізгіш шардың радиусы қандай болу керек?

(9*1010м)

2) Сыйымдылықтары 6,0 және 9,0 пФ болатын шардың потенциалдары сәйкесінше 2,0*102 В және 8,0*102В. Екі шардың қосынды заряды қандай? Шарлардың түйіскеннен кейінгі потенциалын табыңдар. (8,4*10-9Кл, 560В)

3) Слюдалы конденсатордың пластинкасының ауданы 36см2, диэлектрик қабатының қалыңдығы 0,14 см. Егер астарлардағы потенциалдар айырымы 3,0*102В, ал слюданың диэлектрлік өтімділігі 6-ға тең болса, онда конденсатордың сыйымдылығын, зарядын және энергиясын есептеңдер. (136,5 пФ, 41нКл, 6,14 мкДж)

4) Сыйымдылығы 6мкФ және астарындағы кернеуі 4,0*102В конденсаторды сыйымдылығы 100мкФ зарядталмаған конденсатормен параллель қосады. Екі конденсатордың астарларында қандай кернеу орнайды? Зарядтар ұалай бөлінеді?

5) Диаметрі 2,0см, потенциалы 90 000 В өткізгіш шарды Жерге өткізгіш сыммен қосады. Өткізгіш сымда бөлініп шығатын энергия қандай?

6) Бір миллион сфералық түрдегі тамшылар бір тамшыға жиналады. Әрбір тамшының радиусы 5,0*10-4см, заряды 1,6*10-14 Кл. Тамшыларды жинастырған кезде электр тебілу күштерін жеңу үшін қанша энергия жұмсалады.?

7) Сыйымдылықтары 4,0 және 1,0 мкФ конденсаторлар өзара тізбектей жалғанған және 220 В тұрақты кернеу көзіне қосылған. Жалпы сыйымдылықты табу керек. Кернеу конденсаторлар арасында қалай бөлінеді?

8) Радиусы 20 см оқшау тұрған өткізгіш шарды 10000В потенциалға дейін зарядтау үшін қандай жұмыс атқару керек?

9) 0,01 Кл заряд бергенде 10Дж жұмыс жасалса, конденсатордың сыйымдылығын анықтаңдар.


10) массасы 1,0*10-11 г тозаңның заряды 20 элементар зарядқа тең. Ол потенциалдар айырымы153В екі пластинаның арасында тепе-теңдікте тұр. Пластиналардың арақашықтығы неге тең?

11) Шар бетінен 5*10-2 м қашықтықтағы нүктенің потенциалы 600В, ал 10-1 м жерде 420В. Шар қандай потенциалға дейін зарядталған?

12) Массасы 10-7 г зарядталған тозаң кернеулігі 2*105 В/м біртекті электр өрісіне орналастырылған. Тозаң өрісте тепе-теңдік күйде болса, онда оның заряды неге тең?

ІІІ. Үйге тапсырма: ҮІІІ тарауды қайталау.

Бағалау.











Автор
Дата добавления 14.01.2016
Раздел Физика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1469
Номер материала ДВ-340279
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх