Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Использование ИКТ на уроках биологии

Использование ИКТ на уроках биологии

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА АҚТ-НЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ.

ТЕЛЕНГУТОВА ҚАРЛЫҒАШ ҚАНАФИВНА

А. БАЙМУЛЬДИН ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕБІ.




Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана

оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады.

Д.И.Менделеев


Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік

стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп Елбасымыз атап өткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне қолдану мен оның тиімділігін арттырудың маңызы аса зор. Себебі ақпараттық технология ғана жаңа педагогикалық технологиялардың

мүмкіндіктерін іске асыра алады. Оқушы–оқу үрдісінің басты субъектісі, сондықтан баланың дамуына, оның ойлау қабілетін дамытуға оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы оқу процесіне қалыптастыру мен әр түрлі оқу іс-әрекетін қамтитын оқыту әдістерінің үйлесімдігі нәтижесінде жүзеге асырылуы тиіс.

Ақпараттық технологияны пайдаланып оқыту төмендегідей мақсатты көздейді:

-оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту

- алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға үйрету.

Міндеттер :

Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерден жаңа ақпараттық технология туралы мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу.

Жаңа ақпараттық технологияны ұйымдастыру үшін материалдық техникалық базаны жетілдіру, іс шаралар кешенін әзірлеу.

Компьютерлік және саралап – деңгейлеп оқыту технологиясын оқыту үрдісінде кеңінен пайдалану






Биология пәнінде АКТ пайдалану тиімділігі.


«Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда биология пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.

Компьютер – мұғалімнің басты көмекшісі. Ең біріншіден, ол мұғалімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютердің арқасында мұғалім әр сабаққа оқушылардың ерекшелігіне қарай және сабақтың мақсатымен міндетін ескере отырып, әртүрлі кестелер, материалдар дайындай алады. Үшіншіден, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолдана алады. Мұндай жұмыс сабақтың әр кезеңінде іске асырылады.

Компьютерлік тұсаукесер сабақтары – жаңа сабақты диалог тәртібінде түсіндіру, дәріс – сабақ, ғылыми конференция сабағы, жобаларды қорғау сабағы, кіріктірілген сабақ, тұсаукесер сабағы, пікірталас сабағы.

Компьютерлік формадағы бақылау сабақтар – оқушылардың білімдерін тест түрінде тексерудің бір түрі. Мұндай сабақтар арқылы оқушылар өз бағаларын бірден біледі.

Тұсаукесер – берілген материалды слайд, электрондық оқулық, флипчат арқылы көрсету формаларының бір түрі. Оның ішінде сұрақтар мен кестелер, суреттер, көрнекіліктер мен аудио мен бейнематериалдарды, дайындаған құжаттарды, клайстер мен танымдық жаттығуларды кіріктіруге болады.

Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиалық және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған

Осыған байланысты күнделікті сабақта:

-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық

оқулықтарды);

-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);

-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);

-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже

береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.

АКТ әдістерін төмендегідей бірнеше бағытта қолданып отыруға болады:

  1. Сабақтарда талдау жасау үшін компьютер немесе басқа да ақпараттық құралдар арқылы көрнекілік ретінде суреттер, диаграмма мен бейнероликтерді кеңінен қолдануға болады.

2. Оқушылардың есту, көру қабілеттерін дамыту үшін табиғаттағы заңдылықтар мен үрдістерді анимация арқылы қолдануға тиімді.

3. Мультимедиялық оқулықтар көмегімен күрделілігі жөнінен түрлі деңгейдегі тапсырмалар мен практикалық жұмыстарды орындауға болады.

4. Алған білімдерін тексеріп, бекіту өте тиімді.

Биология сабақтарында АКТ пайдалану жолдары.

Интерактивті тақтаны қолдану.


Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Интерактивті әдіс – диалогтік әдіс, нәтижесінде сабаққа қатысушылар бір-бірімен байланыса отырып, мәселелерді шешеді. Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сауатты сабақ жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.

Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді. Сабақ дайындығына дұрыс уақытты қалай бөлу керек? Әр сабақта пайдаланатын көрнекі құралдарды қалай дайындайды? Біз аталған сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.

Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар. Бұл жетістіктер туралы өз сабағында интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Мұғалім әріптестерімен бірге отырып сабаққа дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.

Мұғалімдердің пайымдауынша интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады. Мысалы: белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілермен өзгерістерді сақтап қалуға болады, бұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.

Мұғалім оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді.

Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген электрондық оқулықтар мен компакт-дискілер бар. Бүгінгі таңда ақпараттық технологияның өмірімізге терең енуіне байланысты жеке пән сабақтарында компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оқушыларға терең де тиянақты білім беруге жағдай жасалды.

Компьютерлік графикалық материал презентациялық слайд көмегімен көрсетіледі. Microsoft Power Point бағдарламасының көмегімен оқу процесінде презентациялар мен слайдтар жасап көрсету, оқушылардың қызықты және дәлелді (мағыналы) болады, танымдық ойлауы мен есте сақтауын қалыптастырады.

Сонымен сабақ үрдісінде интерактивті тақтаның барлық мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болатыны анық.

1.“Тестілерді шешейік” – терминдерді меңгеруге, түрлі ақпараттарды есте сақтап, жаңғыртуға көмектеседі. Бұл әдіс оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді және тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Ал жауап нәтижелерін бақылап, оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға болады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.

Интерактивті тақтада слайд арқылы мұғалімнің дайын ақпаратты мәтін, фото, видеоны компьютерлік презентациямен пайдаланады. Оқушылар алдына қойылған мәселе тақтада қайталанып еске түсіріп отыруға өте жақсы жағдай туғызады.

Көмекке берілген кестелер , биосуреттер, т.с.с құралдар экранда флипчарт арқылы жабылып тұруы мүмкін. Оқушылар талдау барысында жауаптары тақтада жазылады, ашылады, қателер түзетіліп, дәлелденед . Интерактивті тақтада сәйкестендіру есептерді тиімді талдауға өте ұтымды. Ал интерактивті тақтадағы мәтінде , кесте, графиктерде қажетті ақпаратты маркер – қаламмен сызып бөлуге болады, назарды аударуға болады.

Ғаламтормен жұмыс.


10

"Жүрек - қан тамырлары жүйесі" тарауының соңғы сабағында

оқушылардың интернет жүйесі арқылы ізденіс жұмыстарын талдау сәті .

Қазіргі ақпарат ғасырында өмірімізді әртүрлі ақпарат көздерінсіз елестету мүмкін емес. Теледидар мен радио желісінен бүкіләлемдік ғаламтор кеңістігіне көшіп бара жатқан заманда, келешек ұрпақты осы заманауи үрдістердің залалды әсерлерінен сақтап, пайдалы тұстарын өз жұмысымызда пайдаға асыру үшін интернет желісін биология сабақтарында кеңінен пайдалануға тырысуымыз қажет. Ғаламтор желісін пайдалану формалары мынадай:

  • Онлайн режимдегі тапсырмаларды орындау (тесттер, есептер);

  • Әртүрлі деңгейдегі онлайн олимпиадалар мен байқауларға қатынасу



DSC02406

Оқушылар сабақта видеоматериалдар пайдаланады. Рефераттар жазу барысында оқушылар өз беттерімен Интернет кеңістігінің материалдарын, электрондық оқулықтарды іздеу арқылы компьютерлік сауаттанады. Биология пәнінен оқушыларды сынаққа дайындау барысында ғаламтормен жұмыс үлкен роль атқарады. Ол тек әртүрлі тесттер мен мәліметтер алатын ақпарат көзі ғана емес, даярлық жұмыстарында онлайн режиміндегі тесттерді орындау арқылы оқушыны тестпен жұмыс істеу дағдысына, уақытты үнемдеуге және қорытындысын талдау арқылы сол бойда қатемен жұмыс істеуге көп көмегін тигізеді. Оқушылар бір тестілеуден жақсы нәтижеге жеткенше бірнеше қайтара өтеді. Бұл тестілердің барлығы биология пәні бойынша мемлекеттік білім стандарты талаптарына сәйкес келеді. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасайды.

Биология пәнінде дарынды оқушылармен жұмысты да ғаламтор көмегімен тиімді ұйымдастыруға болады. Осы бағытта соңғы уақытта жиі-жиі ұйымдастырылып жүрген республикалық, облыстық олимпиадалар мен байқауларға қатыстыру арқылы оқушылардың көптеген жетістіктеріне қол жеткізуге болады. Сабақты қызықты формада ұйымдастыруға, кейбір өндірістік процестерді бейнелейтін дидактикалық материалдардың шексіз көзі болып табылатындықтан ғаламтормен жұмыс әрбір мұғалімнің шығармашылық ізденісіне көп көмегін тигізері сөзсіз.

PASСO зертханасын биология сабағында қолдану.

Заман талабына сай жабдықталған PASKO зертханалых жабдығы ХХІ ғасырдың оқу үрдісіне негізделген. Бұл құралдың көмегімен оқушылар ғылым негіздерін игере отырып, ғылыми зерттеу мен эксперимент жасауға мүмкіндік алады және де аталған жабдық оқытушының өз сабақтарында теорияны практикамен ұштастыруына көмектесе алады. Құрал датчиктерді пайдаланып биология сабақтарында зертханалық жұмыстар оқушылардың талаптарына сəйкес жасушалық биология, экология, физиология салаларына арналған 20 артық зертханалық жаттығулар жүргізуге болады. Онда әр жаттығудың PDF нұсқалары мен көптеген қорлары бар мұғалімнің папкасы. Əр оқушыға арналған басып шығаруға дайын жаттығулардың нұсқалары. Оқушының əр нұсқасына арналған редакцияланатын Word файлдары бар. Мұғалім зертханалық жұмысқа қажетті барлық ақпараттардың электронды форматы бар CD дискіні пайдалануға болады. Бұл зертханалық жұмыстарды жүргізу оқушылардың сөздік қорын жақсартады. Оқушылар жаттығуды түсінгеніне көз жеткізу үшін, мəліметтерді жинауды бастау алдында, олар болжам жасайды. Жауаптарының бірнеше нұсқалары бар сұрақтар оқушылардың стандартталған емтихандарға дайындық барысында жақсырақ түсінуіне көмектеседі.PASCO зертханалық тəжірибелер тізімі өте көп. Олар бірнеше тақырыптарды қамтиды. 10-сыныпта «ФОТОСИНТЕЗ» тақырыбында СПАРК құралдарын қолдану .


C:\Documents and Settings\User\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Изображение 108.jpgC:\Documents and Settings\User\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Изображение 112.jpgG:\канафина\Изображение 118.jpg



Қорытынды.


АКТ қолдану тек оқу үрдісін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен бірге оқушының да көптеген қабілеттерін дамытуға көмегін тигізеді. Атап айтқанда:

- оқушының сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттырады;

- әр түрлі мәселелерді шешу жолдарын іздестіру арқылы танымдық

қабілетін дамытады;

- логикалық ойлау қабілетін дамытады;

- жеке немесе топпен жұмыс жасауға дағдыландырады;

- қоғамдағы өз ұстанымдары жайлы ой-өрісін кеңейтеді.

«Елімнің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» - деп, елбасымыз айтқандай үлгілі, жан – жақты білімді жеке тұлға қалыптастыру заман ағымына қарай үнемі ізденісте жүретін жаңашыл ұстаздарымыздың қолында деп ойлаймын.





Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Ә.М.Нұрмағамбетова. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқу үрдісінде пайдалану.// Педагогикалық альманах,№3-4,2010,-64-бет.

  2. А.Ғабитқызы. Кәсіби құзыреттілік және жаңа ақпараттық технологиялар.// Қазақстан мектебі, №11,2012,-5-бет.

  3. Б.Ибраимова.Ақпараттық технология -нәтижелі білім берудің көзі.// Қазақстан мектебі,№6,2012,-3- бет.

  4. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

  5. М.Ж.Жадрина. Жалпы білім берудегі жаңа үрдістер.// Открытая школа,№5,2004.

  6. Білім технологиялары -2010.-№ 2.

  7. Қазақстан мектебі -2009. -№7.

  8. Ашық сабақ факультативті сабақтар 2011.-№ 4.













Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 29.09.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров207
Номер материала ДВ-018022
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх