Инфоурок Другое КонспектыҚұқықтану пәні "Бала асырап алу."

Құқықтану пәні "Бала асырап алу."

Скачать материал

Тараз политехникалық колледжі

Құқықтану пәнінің оқытушысы

Садыгулова Алия Куанышбековна

Тараз қаласы.

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Бала асырап алу.

Сабақтың мақсаты:

   

 Білімділік: Білімгерлерге бала асырап алу ұғымы, асырап алу тәртібі, асырап алушының құқықтары мен міндеттері, асырап алуға қажетті құжаттар туралы жалпы түсініктеме беру.

  Дамытушылық: Өз бетінше құжаттармен жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттырып, жан-жақтылыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениеттері мен қабілеттерін дамыту.

    Тәрбиеліклік :   Білімгерлерді патриоттыққа, Отанды қастерлеп оны барынша сақтауға, қоршаған ортаның көркемділігін гүлдендіруге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:            Жаңа білімді беру сабағы

Сабақтың түрі:            Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:            Түсіндіріп-баяндау

Сабақтың көрнекілігі:  ДК, интерактивті тақта, слайд,  ,қима-қағаздар, ҚР Неке және отбасы туралы заңы.    

Сабақтың барысы:     

             І. Ұйымдастыру.

            1. Сәлемдесу, түгендеу, құрал-жабдықтарын тексеру, сабаққа зейіндерін аудару 

Білімгерлер 2 топқа бөлінеді . 1Фемида. 2 Заңгер.         

            ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.        

Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу.

1.Ата-ана құқықтарынан айыру. Ата –ана құқықтарынан айыру тәртібі.

2. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру.

3. Ата-ана құқықтарын шектеу.

4. Ата-ана құқықтарын шектеудің салдары. Ата-ана құқықтарын шектеу салдарының күшін жою.

 

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

 

Үй тапсырмасын 2 топты жарыстырумен қорытындылаймын.

 

 

1

А

Т

А

-

А

Н

А

 

 

2

А

Р

Ы

З

 

 

3

Б

А

Л

А

 

4

А

Л

И

М

Е

Н

Т

 

5

Қ

О

Р

Ғ

А

Н

Ш

Ы

Л

Ы

Қ

 

 

6

С

О

Т

 

7

Ж

Е

Т

І

М

 

8

О

Т

Б

А

С

Ы

 

 

 

9

Қ

А

М

Қ

О

Р

Ш

Ы

Л

Ы

Қ

 

 

10

Н

А

Ш

А

Қ

О

Р

 

 

 

11

Қ

Ұ

Қ

Ы

Қ

 

12

Қ

Ұ

Қ

Ы

Қ

 

 

13

Қ

А

У

Л

Ы

 

 

14

Қ

Ұ

Ж

А

Т

 

 

1.Баланың заңды өкілі.

2. Шағымдану түрі.

3. 18 жасқа толмаған адам.

4. Кәмелеттік жасқа толмаған балаға төленетін төлем.

5. 14 жасқы толмаған балаға тағайындалатын тәрбиелеу нысаны.

6. Ата-ана құқығынан айыруға шешім шығаратын лауазымды тұлға.

7. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала

8. Адамзат баласына қажет нәрсе.

9. 18 жасқа толмаған балаға тағайындалатын тәрбиелеу нысаны.

10. Ата-ана құқығынан айырылған тұлға.

11. Жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі.

12. Туылғаннан қайтыс болғанға дейін берілетін қабілеттілік.

13. Сот шығаратын акт.

14. Куәлік дәлелдеу.

 

     ІV. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақ

Тақырыбы: Бала асырап алу.

Жоспар: 1.Асырап  алуға жол берілетін балалар.

2.Балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдардың құқықтары   мен міндеттері.

             3.Бала асырап алушының құқықтары мен міндеттері.

             4. Бала асырап алу тәртібі.

 

1. 84-бап.Асырап алуға жол берілетін балалар.

1.Тууы осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген және толық тән саулығы,психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері ескеріле отырып, кәмелетке толмаған балаларға қатысты тек қана солардың мүддесінде асырап алуға жол беріледі.

        Бұл ретте баланың  жас мөлшері, естиярлық дәрежесі және өзін асырап алуға келісімі ескеріледі.

2. Жалғыз ата –анасы немесе екеуі де:

1) қайтыс болған;

2) баладан бас тартқан;

3) ата –ана құқықтарынан айрылған және олар қалпына келтірілмеген;

4) баланы асырап алуға келісім берген;

5) сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз, хабар –ошарсыз кеткен деп  танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған жағдайда бала асырап алуға жатады.

3. Қазақстан Республикасының азаматтары  болып табылатын жетім балалардың, ата –аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебінде тұрған балалар Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және азматтығына қарамастан балалардың туыстарына асырап алуға берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын  жетім балалардың, ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебінде тұрған, егер туыстары Қазақстан Республикасының аумағында  және одан тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары баланы асырап алуы мүмкін болмаса ғана шетелдіктердің асырап алуына берілуі мүмкін.

         Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

 

         2. 85-бап. Балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдардың құқықтары мен міндеттері.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын , балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары  баланы жеке өзі таңдауға, онымен кемінде екі апта тікелей қатынасуға,баланың тұрған жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш беруге,сондай –ақ тұрғын үй жағдайларын тексеріп-қарау , жиынтық табыс мөлшері , отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы туралы, сотталмағандығы туралы анықтамалар ұсынуға міндетті.

         ҚР аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 1 жасқа дейінгі балаларды асырап алуға тілек білдірген ҚР азаматтарының бала асырап алудың рәсімдері аяқталғанға дейін балаларды қорғаншылыққа немесе патронатқа алуға  құқығы бар.

3. Бала асырап алуға үміткер ҚР –ның шегінен тыс жерде тұрақты тұратын ҚР азаматтары, шетелдіктер, ҚР-ның балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына баланы асарап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш, сондай-ақ арнайы уәкілетті шетелдік мемлекеттік органдар және бала асырап алу жөніндегі ұйымдар беретін, табыстар, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық қал-жайы туралы, есірткіге, алькогольге тәуелді еместігі туралы, сотталмағандығы туралы, ықтимал ата-аналардың жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы анықтама береді.

         ҚР-ның балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына құжаттарды табыс еткеннен кейін және асырап алу баланы асырап алуға келіскен жағдайда асырап алушы баламен кемінде  апта тікелей қатынаста болуы тиіс.

  3.  86-бап, Бала асырап алушының құқықтары мен міндеттері.

1.  Бала асырап алушы баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене бітімі, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қамқорлық жасауға міндетті.

2. Бала асырап алушы баланың пікірі мен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның ұстанымдарын ескере отырып, баланы тәрбиелеу тәсілдерін өз бетінше айқындауға құқылы және осы Кодексте көрсетілген талаптарды сақтауға міндетті.

3. Бала асырап алушы баланың пікірін ескере отырып, ол міндетті жалпы орта білім алғанға дейін білім беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқығы бар.

4. ҚР –ның аумағында тұрақты тұратын, ҚР-ның азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар бала 18-жасқа толғанға дейін жылына кемінде 1 рет бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға асырап алынған баланың тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы жөнінде есептер ұсынуға міндетті.

         Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын,Қазақстан Республикасының  азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар ҚР-ның  балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бала он сегіз жасқа толғанға дейін алғашқы үш жылда әрбір алты ай сайын, кейінгі жылдары жылына кемінде бір рет асырап алынған баланың тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық  жағдайы туралы есептер ұсынуға міндетті.

         4.   87-бап.Бала асырап алу тәртібі.

         1.Бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың өтініші бойынша сот жүргізеді.Бала асырап алу туралы істерді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінде көзделген Ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді. Сот балаларды асырап алу туралы істерді бала асырап алушылардың өздерінің,қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің, сондай-ақ прокурордың міндетті қатысуымен қарайды.

         2. ҚР-ның азаматтары, ҚР-ның аумағында шетелдік болып табылатын баланы асырап алған кезде баланың заңды өкілінің және бала азаматы болып табылатын мемлекеттің құзіретті органының келісімімен, сондай-ақ бұл аталған мемлекеттің заңнамасына сәйкес қажет болса, асырап алуға баланың келісімін алуы қажет.

         90 бап. Бірнеше бала асырап алу.

1.     Бір адамның ағалы-інілі және апалы-сіңлілі (қарындас) болып табылатын немесе өзара бір бірімен тустық қатынасы жоқ бірнеше баланы асырап алуы мүмкін. Өзара туыстық қатынасы жоқ асырап алынған балалардың арасындағы ағалы –інілілер мен апалы-сіңлілілердің арасындағы сияқты құқықтар мен міндеттер туындайды.

2.     Асырап алу балалардың мүдделеріне сай келетін және балалар өздерінің тустығы жөнінде білмеген және бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленген жағдайларды қоспағанда, бір отбасында тәрбиеленген ағалы-інілілер мен апалы-сіңлілілер әртүрлі адамдардың асырап алуларына жол берілмейді.

92-бап. Бала асырап аушы мен асырап алынушы бала арасындағы жас айырмасы.

1.     Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде 16 жас болуға және ол 45 жастан аспауға тиіс. Сот дәлелді деп таныған себептер бойынша жас айырмасы қысқартылуы мүмкін.

2.     Өге әкесі өгей шешесі бала асырап алған кезде осы баптың бірінші тармағында белгіленген жас айырмасының болуы талап етілмейді.

95-бап. Баланың асырап алуға келісімі.

10 жасқа толған баланы асырап алу үшін оның келісімі қажет. Балананың асырап алуға келісімінің ата-аналарының немесе баланың заңды өкілдерінің, прокурордың қатысуымен сот анықтайды.

 96-бап. Ерлі-зайыптылардлың біреуінің бала асырап алуына келісімі.

1.     Егер баланы ерлі-зайптылардың екеуі асырап алмаса, ерлі- зайыптылардың біреуі баланы асырап алған кезде бала асырап алуға екінші жұбайдың жазбаша келісімі талап етіледі.

2.     Егер ерлі-зайыптылар іс жүзінде отбасылық қатынастарды тоқтатқан болса немесе бір жылдан астам уақыт бөлек тұрып жатқан болса, бала асырап алуға екінші жұбайдың келісімі талап етілмейді.

 

V. Сабақты қорытындалау.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары.

1.     ҚР кәмелеттік жас.

2.     Шетелдік бала асырап алушылардың есеп беру мерзімі?

3.     Бірнеше бала асырап алу жөнінде қай бапта қарастырылғын?

4.     Бала асырап алушы мен асырап алынушы баланың арасы қанша жас болуы керек?

5.     Шетел азаматтарының бала асырап алған жағдайда есеп беру мерзімі?

6.     Асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары мен міндеттері қай кезден бастап туындайды?

7.     Егер ата-ана құқықтарынан айырылмаған болса баланы асырап алу үшін кімдердің келісімі қажет?

8.     Бала асырап алушы баланы асырап алуға өтініш берген кезде қандай анықтамалар ұсынуға міндетті?

9.     ҚР азаматтарының бала асырап алған жағдайда есеп беру мерзімі?

10. Бала асырап алуға қандай азаматтарға жол берілмейді.

VІ. Білімгерлерді бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма.

         ҚР неке және отбасы туралы заңының 98-99-100-баптарын оқып келу.

       Шетел азаматтарының бала асырап алу жолдары мен тәртібін талдау.

       Шетелде Қазақстан Республикасының неше баласы асырауға берілген?

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Құқықтану пәні "Бала асырап алу.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 207 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2017 1550
    • DOCX 21.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садыгулова Алия Куанышбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Садыгулова Алия Куанышбековна
    Садыгулова Алия Куанышбековна
    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1657
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

After Effects: продвинутые техники

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 362 человека из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 169 человек