Инфоурок Обществознание ПрезентацииҚұқықтану пәнінен ғылыми жұмыс "НОТАРИАТТЫҢ, НОТАРИУСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ."

Құқықтану пәнінен ғылыми жұмыс "НОТАРИАТТЫҢ, НОТАРИУСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ."

Скачать материал

Ахметов Сабыржан

Семей көп салалы колледжі,

«Құқықтану» мамандығының 2 курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Құрмет Серікұлы, құқықтану пәндерінің оқытушысы

 

 

НОТАРИАТТЫҢ, НОТАРИУСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ.

 

«Жаныңа жайлы іс тапсаң,

өмір бойы жұмыс істемейсің»-

қытай философы Коэнфуций.

 

Қазіргі кездегі нотариатттың күрделі әрі ұзақ даму тарихы бар. Отандық заң терминдеріне кірген басқа да көптеген заң терминдері сияқты «нотариус» сөзі латын тілінен енді. Латын тілінен аударғанда, бұл сөз «белгі» дегенді білдіреді, ал белгілік нышандар мысалы музыкада (ноталық сауаттылықта) қолданылады, бұл салада олардың бастапқы жазылуы мен мазмұны сақталды.

Роман-германдық тілдер тобында, мысалы қазіргі ағылшын тілінде бұл сөздің латын тіліндегі түбірі, әрі туындылары сақталған: notary-нотариус, notaryal-нотариаттық, notarise-растау, нотариаттық куәландыру.

Тарихи тұрғыдан нотариатқа деген қажеттілік меншіктік қатынастардың белгілі бір даму деңгейінде объективті түрде пайда болды. Меншіктік қатынастардың дамығандығы және құқықпен реттелгендігі нотариустармен немесе мемлекетпен нотариалды өкілеттіліктер берілген тұлғалармен жүзеге асырылуы тиіс нақты заңды (формальді) процедуралардың қажеттілігін тудырады. Қоғамдық формацияның дамуының басынан бастап, құқықтың керектігі көріне бастайды. Әрине, жеке адамдардың арасында ғана емес, сондай-ақ топтардың арасында да жанжалдар шыға бастады. Мүмкін, осындай жағдайлардың пайда болуы адамдарды өз өмірлерін тыныш әрі бейбіт құра алатындай ережелерді қалыптастыруға итермелеген шығар. Сөйтіп біртіндеп бірінші қол жазба жүріс-тұрыс қағидалары, нақтырақ айтқанда, құқық пайда болған.[4,23]

Бірінші дерек көздерінде берілген нотариус мамандығы туралы ескерме Хамурапи ханының кодексімен байланысты. Бұл кодекстің мәтіні мемлекеттің көптеген елді мекендерінің негізгі алаңдарына орналастырылған бекем тастың бетіне жазылған. Оның мазмұнында бүгінгі біздің «нотариаттық құқық» деп айтып жүргеніміз болды: азаматтық хал актілері, құрылтай келісімдері, мұрагерлікті құрастыру, неке тіркеу туралы келісімдер.

Мұндай «сазды актілер» негізінде шіркеулерде сақталды, ал нотариалды функцияларды атқарып жүрген тұлғалар өте қадірлі, абыройлы әрі ел ішінде беделі бар адамдар болды. Бұл тарихи дерек көздері бойынша нотариус қызметі қаншалықты көне екенін аңғаруға болады. Хатшы (хатшылар), шіркеу қызметкерлері және т.б. қағаз ойлап шырағылғанға дейін де нотариалды қызмет атқарып отырды. Айтып кетуіміз керек, нотариус болып өте қадірлі адамдар жұмыс істеді. Жұртшылық олардың айтқанын тыңдап, қадірлеп, сенім артты. Келесі кезең ұлағаттылығын Аристотель, Платон және Диоген айқындаған Ежелгі Грециямен байланысты. Дәл осы кезде нотариустар мемлекеттік және жеке құқыққа сүйене отырып келісім-шарттарды хатау мен тіркеуді жүзеге асыра бастады.

Рим империясында алғашқы рет нотариус жөнінде Юлий Цезарьдың хатшысының жазуларында айтылған. Жоғарыда айтылғандай, “нотариус”сөзінің Римдік тегі бар, оның пайда болуы б.з.д. 103 жылға қатысты. Цезарьдың басқаруы кезінде нотариустар ерекше өкілеттіліктерге ие болды, өйткені екі жақ қол қойып, қолдары анықталған әр түрлі актілерді тіркеу мүмкіндігі пайда болды. Ежелгі Римде құқықтық материалды жазбаша түрде құрастырумен айналасатын адамдардың 2 тобы болды: мемлекет қызметінде тұрған хатшылар (олардың қызметтеріне магистраторлар беретін өкімдерді және претораторлар шығарған сот формулаларын жазбаша құрастыру кірді) және жеке тұлғалардың қызметінде болған хатшылар (әр түрлі заң мәмілелерін ресімдейтін үйдегі хатшылар).

Тағы бір адамдар тобы –табеллиондар (олар да заңды материяны құжат түріне енгізді, бірақ олар не мемлекет, не жеке тұлға қызметінде тұрмады, дегенмен олардың іс-әрекеттері мемлекеттің бақылауында болды) болды. Табеллиондар мемлекеттік қызмет атқармайтындарына қарамастан, заңмен бекітілген сыйақы үшін және мемлекеттік бақылау негізінде заңдық актілерді және сот қағаздарын құрастырумен еркін кәсіп ретінде айналысты. Құқықтық білімі бар әр адам табеллион болуға мүмкіндігі болды.

Византия императоры Теодос Екінші екі сот бағытының пайда болуының көшбасшысы болды. Оның басқаруы кезінде басып шығарылған Грегориан және Гермогениан кодекстері (324 ж.) императорлық конституциялық кодекстерінің пайда болуына әкелді. 438 ж. жарияланған Теодос кодексі конституцияның арғы тұрпаты болды және 312 жылдан бері қабылданған императорлардың түгел кодекстерінің негізгі қағидаларына негізделді. Лион императорының айтуынша, тек қана ішкі мәдениеттері бар, хат танып, дұрыс сөйлейтін және де құқық саласында кәсіпқой адам ғана нотариус бола алады. VI ғ. император Юстиниан нотариустарды топ пен алқаларға бөліп, толық заң актілер жинағын шығарған дәуірдің алғашқы қайраткері болды. Ол Юстиниан заңнамасы бойынша нотариустарға нотариалдық әрекеттерді орындайтын жерді, әрекет ету өкілеттіліктерін, нотариустардың жұмыс істеу тәртібі мен жауапкершілігін, нотариус лауазымына тағайындалу үшін қажет заңды дайындылық дәрежесін, әкімшілік ауданда нотариустар санын анықтады. Юстиниан заңнамасы Византия империясының өмір сүруінің соңына дейін қолданыста болады.

Рим құқығында қазіргі кездегі Еуропалық құқық негізделеді, оның көптеген қағидалары қазірге кезде де өзекті және сұранысқа ие боып отыр. Еуропалық (латын) типтегі нотариаттың тарихи даму кезеңдері заң әдебиетінде мынадай түрде көрсетілген:

* б.д.д IIIғ.Египет, Александрия. Жалпымемлекеттік нотариат жүйесінің пайда болуы.

* 316 жыл. Император Константинның екі конституциясында декуриондарға табеллион міндеттерін атқаруға және оған ең төменгі деңгейдегі кәсіп ретінде қарауға тиым салатын бөлім бөліп көрсетілген.

*478жыл. Император Зенон конституциясында сыйлау актілерін табеллион ғана емес, басқа да тұлғалар құрастыра алады деп жазылған. Бірінші кезекте, ол табулярий болуы мүмкін.

*531 жыл.Юстиниан конституциясы бойынша, мирасқор мұра мүлігінде қол қоюы тиіс болды.

*803жыл.Арнайы заңнама Капитулярийге сәйкес Италияда нотариус қызметі мемлекеттік лауазымға дейін көтерілген .

*843 жыл. Бүкіл нотариалдық қызметті реттейтін Лотария I заңы қабылданды. [2, 18]

Адамзат өркениетінің тарихында кейін ерекше орын алған жағдайлар мен оқиғалардың нотариалдық амалдармен бекітілген жағдайлар белгілі. 1492 жылы Христофор Колумбтың жүзуіне патшалық нотариус Эсковедо қатысты. Ол Американың ашылуы жөнінде актіні құрастырып, бұл тарихи оқиғаны ресми түрде куәландырды. Тұлғалардың қалай аталғандығына, олар қандай таптық, білімдік немесе басқа да ерекшеліктермен айқындалғанына қарамастан, барлық кезеңдерде оларға қойылатын талаптар өзгермеді: заңды сауаттылық, қоғамдағы беделділік, нотариалды амалдарды жүзеге асыруға құқықтың болуы. Нотариат тарихы жөніндегі мәліметтер заң әдебиеттерінде сипаты жағынан әр түрлі, ол, негізінде, объективті себептерге байланысты. Тарихи, этникалық, діни және де басқа ерекшекліктерге байланысты әр түрлі уақыт аралығында әр түрлі мемлекеттерде өзіндік нотариат қалыптасты, осы заң қызмет түрімен айналысатын адамдар да әр түрлі аталып жүрді. Нотариаттың әрі қарай дамуы туралы айтқанда, сауда операцияларының ақиқаттылығын, құқықтар мен мүлік айналымының тұрақтылығын кепілдендіру қажеттілігі туындағанда нотариат институты жетілдірілгенін атап өткен жөн. Керісінше, мүліктік айналымның шектелуі нотариат қызметінің шектелуіне әкеліп отырды. [1,3]

Орта ғасырларда нотариус кәсібі ең сыйлы әрі мәртебелі қызметтің бірі болып саналды. XI ғасырдағы Рим құқығының өрлеуінің басталуымен Болонье қаласында дүниедегі бірінші нотариус мектебінің негізі қаланды. Бұл мектептер соңыра құқық мектептеріне, ал содан кейін университеттерге айналды. Мұнда сол кезеңдегі ең жақсы нотариус-заңгерлер сабақ берді, айта кетсек Раниери, Салатиел,Роландино және т.б. Өрлеу кезеңі XVIII ғасырға дейін созылды. Бұл кезеңде құқық және нотариат саласындағы көптеген еңбектер басылып шығарылды.

XVIII ғасырдың соңында Францияда саяси және экономикалық өмір азаматтар күтіміне сай болмады, мемлекет ірі революциялық реформалар, соның ішінде заң саласындағы реформалар алдында тұрды. Нотариустар қоғамның саяси өміріне қатыса бастады. Олар Бас штаттар мүшелері етіп сайланды. Бұл кезде Адам және азамат құқығы туралы декларация қабылданғанын айтып өткен маңызды. Мәтінді өңдеу жұмысына Францияның сыйлы нотариустары Бевьер, Демозе, Гупилло қатысты.

Наполеонның нотариат жөніндегі сұрақтарды кәсіби түрде білгенін тарихтан білеміз. Оның Жозефина атты әйелімен байланысты бұл дәуірдің мұрағаттық құжаттары неке қию келісім шартының пайда болуын куәландырады. Келешектегі Еуропа басқыншысы заңнаманы – азаматтық, қылмыстық-процессуалдық және сауда кодекстер– шығару арқылы заңнаманы тәртіпке келтірді. Азаматтық кодексте – нотариалдық құқық атты жеке тарау болды, ол біздің заманымызға дейін өзгермей сол күйінде дамып жетті.

XIX ғасырда Франция және басқа Еуропа мемлекеттердегі нотариат құрылымы күшейіп бекінді. XIX ғасырдың соңында нотариат қызметкерлері телефон жүйесін және жазу машиналарын қолдана бастады. 1920 жылы нотариус бірлестігі пайда болды. Одан кейінгі жылдары нотариалдық қызметті кепілдендіретін бірқатар халықаралық актілер пайда болады.

Ресейдегі нотариаттың қалыптасуын (17-19 ғғ) зерттеушілер мемлекет бақылауында құрылып, өз қызметін жүзеге асырған әр түрлі нотариалдық мекемелердің жүйесіз құрылу кезеңі деп атайды. Отандық зерттеушілерге бұл кезең Қазақстанның Ресейдің құрамында болуы тұрғысынан қызығын тудырады. Бұл кезең XIX ғасырдың екінші жартысына дейін созылды, 1866 жылдың 14 ақпанында шығарылған Нотариалдық бөлім туралы Ережеге сәйкес 1917 жылға дейін қызмет еткен нотариалдық органдардың біртұтас жүйесінің құрылуы басталды. [3,6]

Қазақстандағы нотариаттың қалыптасуы мен даму тарихы, Қазақстанның Ресей империясының құрамында болу кезеңі айтарлықтай тарихи уақыт бөлігін алды. А.С. Ибраева өзінің жұмыстарында бұл кезеңді әдет-ғұрыптық құқықтық қалыптардың жоғалып, би соттарының біртіндеп таратылып, жаңа басқару жүйесінің пайда болу кезеңі деп сипаттайды.

XIX ғасырдың 70 жылдары Түркістан өлкесінде азаматтық айналымдағы пайда болған қатынастарды реттеу қажеттілігі туды. Империяның өлкелерінде азаматтық-құқықтық мәмілелердің қатысушыларын құқықтық жағынан қорғау үшін қажет бірыңғай қағидалар пайда болуы аталған қажеттіліктің себебі болды. Бұл процесстерге жергілікті халық өкілдері қатыса бастады. Бұған өнеркәсіптің дамуы, көші-қон процесстері, айтарлықтай шаруалардың қоныс аударуы, сауданың дамуы, т.б ықпал етті.

Нотариустарды Түркістан генерал-губернаторлығымен Сырдария облыстық басқармасынан нотариалды бөлім туралы ережені қанағаттанарлық дәрежеде білетіні жөнінде куәлік алған тұлғалар арасынан анықталды, олар ант бергеннен кейін қызметке қабылданады. Олар мемлекеттік қызметкерлер деп есептелді, оларға лауазым бойынша VІІІ дәреже берілді, бірақ оларға шендер берілмеді және олардың бұл атақ бойынша зейнетке шығуға құқықтары болмады. Нотариустардың берілетін актілерге басу үшін облыстық елтаңбаның суреті мен жағалай жазуы: нотариустың (аты-жөні, қаланың аты) бар мөрі болды. Әр нотариустың мөрінің көшірмесі және қолтаңбасының үлгісі жергілікті облыстық басқармның сот бөлімінде сақталып отырды. Облыстық басқарманың сот бөлімі қызметкерлері нотариустарды ауыстыра алды. Нотариус қызметіне тек Ресей азаматтары ғана жұмыс істеуге жіберілді. 1880 жылдың 20 қыркүйек айында Түркістан генерал-губернаторы К.П.фон Кауфман өлкенің барлық әскери губернаторларына хат жолдады, мұнда жергілікті халықтың (қазақтардың) басқармалардың шенеуніктері оларға қолтаңбаларын қою үшін беретін құжаттардың мазмұны орыс тілінде жазылып, мазмұнын түсіндіріп бермей, құжаттарға қол қоюды міндеттейді деген шағымы туралы айтылды.

1898 жылдың 2 маусымында император Николай II бекіткен Түркістан өлкесінде және Дала облыстарында сот бөлімнің құрылымы туралы Мемлекеттік Кеңестің пайымдауына сәйкес белгіленген жерлерде сот мекемелері Сырдария, Ферғана, Самарқанд, Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарына сот жарғыларын қолдану туралы бір уақытта енгізілген арнайы ережелер негізінде құрылды және қызмет етті. Бұл ережелерге сәйкес аталған облыстарда учаскелік және бітістіруші судьялар, бітістіруші судья мен сот тергеушісінің міндеттерін атқарды, сондай-ақ нотариусы жоқ жерде басшылық етті. Нотариалдық бөлім туралы ережеге сәйкес бас нотариустың міндеттерін атқару аймақтық соттың бір мүшесіне тапсырылды.

Қазақстандағы нотариалдық құрылымы 60-шы жылдардың соңынан және XIX ғ. 90 жылдарының соңында болған өзгерістерді қоса 1917ж. Қазан революциясына дейін сақталған. Аталған барлық үрдістер қоғамда барлық уақытта маңызды болып табылатын меншік қатынастарының қалыптасуына өз әсерін тигізді.

Ресей империясының өлкелеріндегі нотариалдық қызметтердің даму тарихының зертелуіне М. Хасанаевтың басылымдары арналған. Ол алғаш болып заң әдебиеттерінде Ресей әкімшілігінің Қазақстан территориясына еуропалық құқық қалыпына сәйкес келетін мемлекеттік нотариат институттың енгізуі жөніндегі талпыныстарын зерттеген.

Қазан төңкерісіне (1917 ж.) дейінгі кезеңде нотариалдық функциялар уездегі бітістіруші судьяларға жүктелді. Олардың нотариалдық амалдарды жүзеге асыру бойынша қызметі бүкіл уездік қалалар мен қыстақтарға таралды, ал нотариус болмаған жерде бас нотариус жұмысын сот мүшесінің бірі атқарды.

Кеңес нотариаты мемлекет жеке меншікті мойындамаған кезде, азаматтық айналым шектелген кезде дамыды. Нотариат тек-қана мемлекеттік болды, кеңес кезеңінің үлкен бөлігінде әділет органдарының басқару жүйесіне кірді. Кейбір нотариалдық функцияның орындалуы жергілікті атқарушы және өкілеттілік органдарына өкілденді.

1921 жылы Нотариат өнінде ережені енгізу туралы Декрет және нотариалдық үстелдерді тарату жөніндегі Декрет басылып шығарылды, бірақ 1923 жылы “Мемлекеттік нотариат туралы” ережесі енгізіліп, «Нотариалдық кеңселерерді тарату жөніндегі» Декрет алып тасталды. Көп уақыт бойы бұл ереженің жеке баптарына өзгерістер мен толтырулар енгізіліп отырды.

1926 жылы 14 мамырда шыққан Кеңестік Социалистік Республика Одағының Халыққа Кызмет Көрсету  қаулысы бойынша мемлекеттік нотариатты ұйымдастырудың негізгі принциптері бекітілді.

1936 жылы 10 шілдеде Российская Советская Федеративная Социалистическая Республиканың және Халыққа Кызмет Көрсету  «Нотариалдық органдарды қайта құру туралы» қаулысы бойынша қалалық және кеңестік, әрі аудандық орындаушы комитеттерінің жүзеге асыруынан нотариалдық амалдар алынып тасталып, олар нотариалдық кеңселерге берілді. Барлық аудандық және қалалық орталықтарда нотариустар басқаратын мемлекеттік нотариалдық кеңселер ұйымдастырылды. «КСРО, одақтас және автономиялық республикалардың сот құрылымы туралы» Заңның шығуына дейін нотариалдық органдары жоқ аудандарда бұл функциялар халықтық сотқа жүктелді.

1939 жыл  25 қазанда Кеңес Халық комитеті Халық әділет комитеті туралы жаңа Ережені қабылдады. Комиссариат құрамында сот мекемелерінің, кадрлар, оқу орындары, кодификациялық, нотариалдық, т.б басқармалар жұмыс істеді. 1940 жылы 20 сәуірде Қазақ Кеңестік Социалистік Республика «Нотариалдық кеңселер жүйесінің бекітілуі туралы» қаулысы шығарылды. Ол 1940 жылға 120 қалалық және аудандық мемлекеттік нотариалдық кеңселер тізбесін нормативтік жағынан анықтаған. 23 наурыз 1960 жыл  Кеңестік Социалистік Республикасының Одағының Жоғарғы Кеңесі төралқасының жарғысына сәйкес Әділет Министрлігі таратылды. Осыған байланысты Әділет Министрлігінің нотариатты бақылау жөніндегі функциялары Жоғарғы сотқа көшті. 1 шілде 1966 жылы Кеңестік Социалистік Республикасының Одағының Жоғарғы Сот Пленумы «Мұраға қалдыру жұмыстары бойынша сот тәжірибесі туралы» Қаулы қабылдады. 1970 жыл Кеңестік Социалистік Республикасының Одағының  Министрлер Кеңесі “Одақтас республикаларда Әділет министрліктерін құру туралы” №960 Қаулыны қабылдады. Осы қаулының негізінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Министрлер Кеңесі «Қазақ КСР-ның Әділет министрлігі мен оның жергілікті органдарын құру туралы» қаулыны қабылдады. 1972 жыл 28 ақпанда Кеңестік Социалистік Республикасының Одағының Әділет Министрлігі Кеңестік Социалистік Республикасының Одағының соттары мен нотариат органдарымен шетел мемлекеттерінің әділет мекемелеріне құқықтық көмек беру және бұл мекемелерге құқықтық көмек үшін сұраныс жасау тәртібі туралы Нұсқауды бекітті. 1972 жылдың 21 наурызында Кеңестік Социалистік Республикасының Одағының Министрлер Кеңесінің Қаулысымен Кеңестік Социалистік Республикасының Одағының  Әділет министрлігі туралы Ереже бекітілді. 28 қазанда Кеңестік Социалистік Республикасының Одағының Әділет Министрлігінің коллегиясы аймақтық, облыстық Халық депутаттарының Кеңесінің атқарушы комитеті жанындағы әділет бөлімі туралы ережені бекітті. Жергілікті жерлердегі нотариатты басқару құрылған әділет бөлімдерінің өкіметіне өтті. 1973 жыл

1974 жылы 13 тамызда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының “Мемлекеттік нотариат туралы” Заңы қабылданды, ол біртұтас одақтас мемлекет құрамында болған республиканың заңы болғандықтан, жоғары әмбебаптылық дәрежесімен сипатталатын алғашқы нормативтік акті болды. Ол қолданыста болған кезеңде Қазақстанның барлық аймақтарында нотариалдық органдардың біржола қалыптасуы болды, бұл саланы заңгер мамандармен қамтамасыз ету бойынша кадрлік жұмыс реттелді, нотариалдық тәжірибе мен оны қалыптастыру үстінен мемлекеттік бақылау орнатылды. 1975 жыл 28 наурызда Кеңестік Социалистік Республикасының Одағының  Әділет Министрлігі «Қалалық, кенттік және ауылдық Халық депутаттарының кеңестерінің атқарушы комитеттеріне нотариалдық әрекеттер орындау барысында әдістемелік көмек көрсету туралы» нұсқаулық хатты басып шығарды. 1 тамызда Кеңестік Социалистік Республикасының Одағының Әділет министрі “ Кеңестік Социалистік Республикасының Одағының мемлекеттік нотариалдық кеңселерінде депозиттік операцияларды тіркеу тәртібі туралы нұсқауды” өз бұйрығымен бекітті. [2-18]

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.                              Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл.өзгертулер мен толықтыруларымен бірге, эл.база «ЮРИСТ», 2012 ж.- Б.3

2.                              Қазақстан Республикасындағы нотариаттық қызмет. Нормативтік құқықтық актілер жинағы. Жеті жарғы – 2003, 1 тамызға дейінгі. Б.18

3.                              Қосанов Ж.Қ., Әленова А.Х. Нотариаттық іс әрекеттерді жасау тәртібі. // Заң және заман. – 2014 - № 5 – Б.6

4.                              «Нотариат туралы 1997 жылғы 14 шілдедегі ҚР Заңы». Электронная база «Юрист».

5.                              WWW.Notary.Ru.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Құқықтану пәнінен ғылыми жұмыс "НОТАРИАТТЫҢ, НОТАРИУСТЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель образовательной организации

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 891 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2016 2328
    • DOCX 4.3 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Серикулы Курмет Серикович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Серикулы Курмет Серикович
    Серикулы Курмет Серикович
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19169
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Обществознание: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель обществознания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 65 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Обществознание")

Учитель обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания обществознания в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 154 человека из 54 регионов

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 34 регионов

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 21 региона

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе