Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Құқықтық сауаттылық" / 10 сынып/

"Құқықтық сауаттылық" / 10 сынып/

Скачать материал

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

 

 

 Мақсаты:Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру

 Түрі: Кездесу, пікірталас

 Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер

 Жүру барысы:

 І Психологиялық тренинг

 ІІ Құқық туралы жалпы түсінік

 ІІІ Сенің құқығым – менің құығым (Оқушы құқығы)

 ІV Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)

 V Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жалғасын табу, түсінік беру)

ҮІ сұрақ – жауап

ҮІІ ой талқы

 VIIІ Қорытынды

 Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар және кеш қонақтары «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты пікірталас кешімізге қош келдіңіздер!

 Пікірталастың негізгі мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтары біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.

 І Психологиялық тренинг. Пікірталасымызды бастамас бұрын бір-бірлеріңізге деген қарым – қатынастарыңызды ізгілендіру мақсатында біз мектеп психологымен бірлесіп, тренинг дайындаған болатынбыз.

 Сіздерге екі ақ парақша беріледі. Бірінші парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, қалаған адамыңызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.

 2. Ақ парақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер. (бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек)

 ІІ Құқық туралы жалпы түсінік

 Енді құқық жөнінде жалпы түсінік бере кетсек. Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар

 Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз.  

 Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды

 Құқық дегеніміз – мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.

 Құқықтың ерекшелегі – оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатындығында. Моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.

 Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент - нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар - нормативтік шешімдер қабылдайды.

 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ деклорациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді.

 Адам құқығы

 

 Табиғи Азаматтық құқық Экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық

 Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімі 30 бабы құқыққа арналған.

 ІІІ. Сенің құқығың – менің құқығым. Бұл кезеңде оқушылар өз құқықтары жөнінде  айтып өтеді  

 1-оқушы: 10 бап

 Баланың өмір сүруіне, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне және жеке өміріне қол сұғылмауына құқылы

 2-оқушы:

 Мемлекет баланың жеке басына ешкімнің тиіспеуін қамтамасыз етеді, оны тәнін, жанын жәбірлеуге, дөрекіліктен қорлаудан, оның құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаудың өзге де түрлерінен қорғауды жүзеге асырады.

 3 оқушы: 9-бап

 Баланың даралық ерекшеліктерін және оны сақтауға құқығы.

 Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы.

 3-оқушы:11 бап

 Әр бала сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан бостандығына, коммерциялық емес ұйымдарға және ҚР-ның заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға қатысуға құқығы бар.

 4-оқушы 12 бап

 Біреудің атына кір келтіруге, жеке басының тіршілігіне араласуға, рұқсатсыз үйіне кіруге, біреудің хаттарын оқуға ешкімнің құқығы жоқ

 5-оқушы 19 бап

 Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

 6-оқушы 30 бап Азаматтардың тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Республика азаматтарының конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

 7 – оқушы 19 бап

 Әрбір адам өз пікірі болуына, ойындағысын еркін айтуына құқығы бар.

 Өз құқықтарыңызды айтып өттіңіздер, қандай міндеттеріңіз бар соған тоқталып өтсек (оқушылар өз міндеттерін айтады)

 ІҮ  Көкейде жүрген сауал (сұрақ-жауап)

 Кездесу кешіміздің бүгінгі қонағы Бауыржан ағайымыз келіп отыр. Өздеріңізді мазалап жүрген сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.

 1. Жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп таралған?

 2. Қылмыстық кодекс дегеніміз не?

 3. Қылмыстың белгілері қандай?

 4. Кәмелетке толмағандар қандай жағдайларда жауапқа тартылады?

 5. Ауданымызда жасөспірімдер арасында кездескен құқық бұзушылық жөнінде айта кетсеңіз.

 6. Қазіргі уақытта мектеп жасындағы балалардың түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолданасыздар?

 7. Мектеп оқушыларына қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?

Мектеп психологы Еркінбекова Айнашқа  сұрақтар қойсақ

Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Исов Жүсіпбек ағамызға бірер сауалдар қойсақ. Мектептің ішкі ережесі жөнінде түсінік бере кетсеңіз.

 1. Оқушылар мектеп ішкі ережесін қай деңгейде сақтап жүр?

 2. Мектеп ішкі ережесін сақтамайтын оқушыларға қандай шаралар қолданады, оны болдырмаудың жолдары қандай?

 Ү. Ойды аяқта (мақал-мәтелдің жартысын тауып, түсінік беру)

 

 1. Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)

 2. Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)

 3. Ұрлық түбі ... (қорлық)

 4. Өтірікшінің құрығы...(бір-ақ тұтам)

 5. Тура биде ... (туған жоқ)

 6. Туғанды биде ... (иман жоқ)

 7. Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен

 көтер)

 8. Тек жүрсең ... (тоқ жүресің)

 9. Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді)

ҮІ. бөлім «Сұрақ - жауап»

 1. Конституция сөзінің аудармасы қандай? (Құрылым, өкілім)

 2. ҚР-ның биліктің бірден бір бастауы (халық)

 3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)

 4. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция қанша рет қабылданды? (2-рет

 1993 жылы 28-қаңтар, 1995 жылы 30-тамыз)

 5. Республикадағы жоғары заң шығарушы органды ата? (Парламент)

 6. Қасым ханның қасқа жолы қанша тараудан тұрады? (5 тараудан)

 7. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды? (Демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік)

 8. Құқық дегеніміз не? (Мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)

 9. ҚР Конституциясының 17-бабы не туралы? (Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды)

 10. 17-желтоқсан қандай күн? (Демографиялық жаңару күні)

 11. ҚР тәуелсіздігін қашан қабылдады? (1991жылы 16-желтоқсан)

 12. ҚР-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізілді? (1993 жылы 15-қараша)

 13. ҚР-ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заң қай жылы қабылданды? (1992 жыл 4-маусым)

 14. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім? (Тәуке хан)

 15. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды? (1989 жылы 20-қараша)

 16. Конституцияның бөлімі ретінде Преамбула білдіреді? (Кіріспе бөлімді)

 17. ҚР жаңа әнұраны қашан қабылданды? (2006 жылы 2-қаңтар)

 18. Еліміздегі мемлекеттік тіл? (Қазақ тілі)

 19. ҚР Конституциясының 15-бабында не туралы айтылған? (Әркімнің өмір сүруге

 құқығы бар)

 20. Қос азаматтық қалай аталады? (Бипатрид)

 

VІІ. бөлім «Ой талқы» (маңызды тақырыптар бойынша оқушылардың пікірлерін тыңдау)

 

 Тақырыбы: Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

 Тақырыбы: Жастар арасындағы қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

VІІІ.  Қорытынды бөлім                                                                    

Құрметті оқытушылар мен қонақтар! Бүгінгі пікірталасымызға құқық қорғау қызметкері, мұғалімдер мен оқушылар басқосуда. Бүгінгі келтірілген статистикалық мәліметтерге назар аудара отырып, проблемалық сұраққа жауап іздесек: Жастар арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыру үшін не істеу керек? Қысқа да тұжырымды ой-пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар (оқушылар да өз пікірлерін ортаға салады)

 Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім келеді.

 Біз бүгінгі «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты пікірталас, кездесу кешімізді қорытындылай келе, сіздердің келешекте өз білімдеріңізді шыңдай, рухани жан дүниеңізді байыта отырып, өз құқықтарыңызды жете меңгеріп, еліміздің жақсы азаматы болуларыңызға сенім артамыз.

 Бауыржан Момышұлы  атамыз«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп айтқандай  қашанда Ата-заңымызды қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарыңызды орынды пайдалана білуге шақыра отырып, бүгінгі іс-шарамызды  аяқтаймыз. Сіздерге әрқашанда сәттілік тілейміз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларға құқықтық білім мен тәрбие беру

 

Ата- бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпы ажырап қалған,шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке қойылған фильмдердің еркіндігіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз Ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек,адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу-тәрбие жұмысының негізгі мақсаты.Жас ұрпаққа тек білім берумен шектелу аз,оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам қалыптастыру керек.Бүгінгі таңда қоғам да, қоғамдық көзкараста күн күнге өзгеру үстінде Бұқаралық ақпарат және қарымқатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулерден алынып,ақпарат тарату еркіндігі кең таралған. Тұлғаны жанжақты үйлесімді тәрбиелеу саласының біріқұқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкер -шілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттық сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінезқұлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтікэкономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жанадандыру айрықша міндетті іс.

Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері әсер етуде. Осының салдарынан қазір мектеп жасындағы балалардың шылым шегуі, ішімдік ішуі,есірткі қолданылуы немесе әр түрлі қылмыстық іс-әрекетке баруы жиілеуде.

Бүгінде оқушылармен жүргізетін құқықтық тәрбиенің мазмұнын айқын -дауда В.А. Сухомлинский сөзімен айтқандайқандай да бір құқықтық тәрбие болмасын, егер ол белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылып жеке адамның мақтаждығына негізделсе, екіншіден, ұжымдық жұмыстарға оқушылар шаруашылықпен қатысса, соғұрлым алдыңғы буын ағалардың әлеуметтік- құқықтық жетістіктерін, тәжірибелерін қабылдап, өз мінезқұлықтарына қалыптастырадыдеп осы мәселеге қатысты айтқан пікірлеріне кең түрде басшылыққа алудың маңызы ерекше.

Балалардың мінез - құлқының нормадан, шамадан ауытқуына түрлі жағдайлар себеп болады. Олардың ішінде ең бастысы отбасы жағдайыбоп есептеледі. Өйткені тұлғаның жеке басының жаман - жақсы қасиеттерінің негізі отбасынан қалыптасады. Сондықтан да, балалардың өнеге алып үлгі тұтары - ең алдымен өздерінің ата - аналары.

А.С. Макаренко сөзімен айтқандай, “Тәлім - тәрбие, кең түрде алғанда әлеуметтік процесс”. Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса, құқықтық тәрбиені нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан- жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмыс табысы жүргізіледі деп айту қиын. Соның нәтижесінде балалардың мінезіндегі кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы, түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтіні даусыз мәселе.

Балалардың ата - аналары қонақта болады немесе өздері қонақ шақырады. Осының бәрі ішімдіксіз өтпейді, дастарханға ішімдікті самсатып қояды. Ал, жастардың қайсысы болмасын ересектерге еліктейді. Өздерін ересектерше ұстайды, ересектерше әрекет жасауды қалайды. Ең қауіптісі сол - бала көргенін істеп, ішімдікке бой ұрады.

Ата-аналар және тағы басқа да ішімдікке салынған адамдардың отбасында күнде жан - жал, төбелес болғандықтан балаларды дұрыс тәрбиелеу мен оқытуға ешқандай жағдай болмайды. Керісінше, мұндай бүлінген отбасында балалардың өздері ішімдікпен әуес бола бастайды.

Екіншіден, отбасының ынтымағының бұзылуы да сол отбасындағы жасөспірімнің мектептен қол үзіп, нашар оқуына, тура жолдан ауытқуына әсерін тигізеді.

Ондай балалар қоғамдық жұмыстарға да қатыспайды. Ешбір өнерге де қызықпайды. Бос уақыттарын қызықты өткізуді білмейді. Шындығында келгенде, бұлар қоғамдық өмірден тысқара қалған адамдар болып саналады. Демек, мұндай ата-аналар өз балаларын өнер-білімге, еңбекке баулуда мектепке көмек бере алмайды.

Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана сезімін бірінші кезекте қалыптасудың маңызы зор дедік. Себебі, құқықтық санақоғамдық санның ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіліптікті нығайту - мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты. Құқықтық тәрбиесан қырлы,күрделі процесс,бұл жалпы және арнаулы шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды.Соның ең бірінші сатысы-оқушы заңмен хабардар етіп оның жалпы білім деңгейін көтеру.

1989 ж 20 қарашада Біріккен Ұлтар Ұйымы Бала құқықтары туралы конвенция қабылдады.Сол мезеттен 20 қараша күні бүкіл әлемде Бүкіләлемдік бала құқықтары күні ретінде аталып өтіледі.  Адамның құқықтары мен міндеттері жайында баяндалған 1-баптаМенің Отаным - Қазақстан Републикасы. Оның ең қымбат қазынасыадам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығыдеген жолдардан баста, 1995 жылы 30тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданып, 1995 жылы 5 қыркүйектен күшіне енген Ата ЗаңныңКонституцияның мазмұнымен әрі ондағы құқықтық ұғымдарды таныстырудан, түсіндіруден бастаған жөн. Себебі, құқық әрбір адамның туғаннан, өлгенге дейін қоғамдағы жүріс - тұрысын, мінез - құлқын, адамдармен, жалпы тіршлік ету ортасымен қарым - қатынасын реттейді.

  Ол үшін мектебімізде «Заң және жасөспірім» атты айлықтыр шеңберінде «Мен және заң», «Жауапкершілік түрлері», «Заң бұзушылық неге алып соғуы мүмкін» тақырыптарда сынып сағаттары,дөңгелек үстел,пікірталас өткізіледі. Сонымен қатар ата-атаналар мен оқушылар үшін прокуратура қызметкерлерімен,құқық қорғау органдарынын қызметкерлерімен кездесулер өткізіледі.

Бүгінгі таңда статистикалық мәліметтер бойынша қылмыс жасаушылардың көп бөлігі мектеп жасындағы балалар мен жастар екендігі белгілі болып отыр.Қылмыстың жастар арасында көбею себебі неде?Ата-анасының баласына уақыт бөлмеу,отбасының тәрбиесінің нашарлығы. Оқушылар мен жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау үшін әрбір сынып жетекшісі,әрбір мұғалім,әрбір мектеп басшылары оқушыларды жақсы тануы керек. Мектеп психологтары оқушыларға жан-жақты психологиялық зерттеулер жасап,оның нәтижесінде мектебімізде әрбір қиын оқушының психологиялық мінездемесін анықтайтын педагогикалық карталары жасалған.

Құқық бұзушылыққа бейім балалардың бос уақытын тиімді өткізу, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмаудың алдын алу бағытына сәйкес мектептің іс-шаралар жоспары жасалып жұмыстар жүргізілуде. Мектеп пен жанұяда жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам болуға ұмтылуымыз керек. Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіспіз. Олай болса құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениетті санаға сіңіріп, өзімізді және қасымыздағы адамдардың жеке басын қадірлеп, құрметтейік дегім келеді.

Бауыржан Момышұлы  атамыз«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп айтқандай  қашанда Ата-заңымызды қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарыңызды орынды пайдалана білуге шақыра отырып, бүгінгі баяндамамды аяқтаймын. Сіздерге әрқашанда сәттілік тілеймін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сасан би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларға құқықтық білім

мен тәрбие беру

 

 

 

 

Құқық пәні мұғалімі: Г.Қайырбекова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Конституция сөзінің аудармасы қандай

 2. ҚР-ның биліктің бірден бір бастауы

 3. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді?

 4. Егемендік алғаннан кейін ҚР-да Конституция қанша рет қабылданды?

 5. Республикадағы жоғары заң шығарушы органды ата?

 6. Қасым ханның қасқа жолы қанша тараудан тұрады?

 7. ҚР өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырды?

 8. Құқық дегеніміз не?

 9. ҚР Конституциясының 17-бабы не туралы?

10. 17-желтоқсан қандай күн?

 11. ҚР тәуелсіздігін қашан қабылдады?

 12. ҚР-ның төл теңгесі қашан қолданысқа енгізілді?

 13. ҚР-ның «Мемлекеттік нышандары» туралы заң қай жылы қабылданды?

 14. «Жеті жарғыны» қабылдаған қазақ ханы кім?

 15. Бала құқықтары туралы конвенция қашан қабылданды?

 16. Конституцияның бөлімі ретінде Преамбула білдіреді?

 17. ҚР жаңа әнұраны қашан қабылданды?

 18. Еліміздегі мемлекеттік тіл?

 19. ҚР Конституциясының 15-бабында не туралы айтылған?

 20. Қос азаматтық қалай аталады?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Құқықтық сауаттылық" / 10 сынып/"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 487 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2017 1479
    • DOCX 108.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кайрбекова Гулжан Сайлаубековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7986
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 483 человека из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Специальная реабилитация: помощь детям с особыми потребностями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе