Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / История / Конспекты / Құқықтық тәрбие – оқушыларға берілетін тәрбиенің бір негізгі саласы 10 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • История

Құқықтық тәрбие – оқушыларға берілетін тәрбиенің бір негізгі саласы 10 сынып

библиотека
материалов

Құқықтық тәрбие – оқушыларға берілетін тәрбиенің бір негізгі саласы.



Балалар мен жастарды тәрбиелеу кез келген қоғамның болашағы, оның күші өскелең ұрпақтың әдептілік түр-тұрпатына байланысты. Ерте жастан құқықтық білімді меңгерту мемлекет пен қоғамға пайда әкелуге дайын тұлға ретінде адамның мәнісі мен маңыздылығын терең түсінуге мүмкіншілік беруіміз керек. Жастардың әдептілік-рухани білімі мен мәдениетін қалыптастыруда жоғары сапада жұмыс жасау және оны ұйымдастырып, жас ұрпақты айналамыздағы адамдарға қиянат, зорлық-зомбылық, қылмыс жасамауға үйрету, бауырмалдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке бағыттау қажет. Осыған байланысты Ақын Сара ауылына қарасты «Ескелді ауданы әкімдігінің Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша оқушылар арасында құқықты насихаттау мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 2015 жылдың 1 ақпаннан 28 ақпанға дейінгі аралықта өткен айлық өткізілді. Құқықтық тәрбие беру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері арасында құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шаралар өткіздік . Осының дәлі Ескелді аудандық ішкі істер бөлімінің ЮПТ- нің инспекторы полиция капитаны Бейсенбеков Ермек пен ауылдық учаскелік инспектор Ескендиров Мейір келіп, 8-10 сыныптар арасында жиналыс өткізді. Осы ретте «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» яғни кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат іс-әрекеттердің алдын алып, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тарту фактілерін анықтап айтып түсінік беріп кетті. Алдағы уақытта қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім балаларды алдын – ала анықтап, олармен жеке-дара тәрбие жұмыстарын күшейтіп, ата-аналарымен, тәрбие ортасымен тығыз байланыс орнатып, олардың сабақ уақытында және әрбір тыс жерлерде қадағалаусыз қалмауын қамтамасыз ету. Сондай-ақ түнде көшелерде кәмелетке толмағандардың бей-мезгіл уақыттарда жүріс-тұрыстарын, қылмыстылықтың алдын алу мақсатында ауыл инспекторымен бірлескен рейдтер мен іс-шаралар ұйымдастырып, олардың орындалуын ұдайы қадағалап , алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру туралы заңдылықты бұзуды болдырмау туралы ұсыныс айтылды. Мектеп директоры Ш.Қ.Бозов оқушыларға тәлім тәрбие жайында сөз қозғап, өз ойын ортаға салып, оқушыларға ақыл- кеңес берді. АӘД пәнінің мұғалімі А.Қ.Естібаев патриоттық тәрбие жайлы ой өрбітті. «Сен және сенің құқығың» тақырыбында 9 сыныптар арасында , мектеп психолгі тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: оқушыларға өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету. Құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы таным белсенділігін арттыру. Балалардың негізгі құқықтары мен міндеттеріне тоқталып, өзін- өзі құрметтеуге байланысты пікірлер айтылды. Сурет салу, сергіту жаттығулары жасалып, «Жүректен жүрекке» атты өміршеңдік ережелерін балалар зор ықыласпен орындады. Мектеп кітапханашысы Г.Ж.Бидельданова кітапханада «Азаматтық құқық- ел қазынасы» кітап, газет, журналдар көрмесін ұйымдастырды.Барлық сыныптарда адам құқықтарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруга дайындық қабілеттерін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты қалыптастыруга және адамгершілік құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу мақсатында «Құқық- әділет пен парасат жолы » тақырыбында ашық сынып сабақтары өтті. Аз қамтамасыз етілген , сәтсіз жанұядан шыққан балалар мектепте баскетбол, тоғыз құмалақ үйірмелеріне қызығушылықпен қатысады. Сол балалар арасында өзара сайыстар ұйымдастырылды. «Есіткі - ғасыр дерті» атаумен 5-7 сыныптар арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. 8-11 сыныптар арасында «Заңды білу - заман талабы» тақырыбында конференция сабағы тарих және құқық пәндерінің мұғалімдері Б.С.Байырбаева мен Д.Т.Қыдырманованың ұйымдастыруымен өтті. Мектеп балалары арасында құқық бұзушылықтың және есірткі заттарды пайдаланудың , балалар еңбегін қанау және зорлау сияқты теріс жағдайлардың алдын алу үшін үнемі балалармен тығыз байланыс орнатып, жұмыстар атқардық . Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ, құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екендігін естен шығармауымыз керек. Барлық адам өзінің құқығы жөнінен бір- бірімен тең әрі азат болып туады. Барлық адамға ақыл- ой берілген, сондықтан бір- бірімен бауырмалдық рухында қарым- қатынас жасаулары тиіс.



Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары

Г.М.Дарменбекова






Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 23.02.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров128
Номер материала ДВ-476920
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх