Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Құқықтық тәрбиеге арналған ойындар

Құқықтық тәрбиеге арналған ойындар

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Құқықтық тәрбиеге арналған ойындар


  1. «Кім қайда тұрады?»

Мақсаты: Мемлекет және онда тұратын адамдар туралы түсінік беру.

Ойын шарты: Балалар шеңберге тұрады. Тәрбиеші допты балаға лақтырып, бір мемлекетті атайды. Бала допты қайта лақтырып, айтылған мемлекеттің тұрғындарын атайды. ( Америка - америкалықтар, Қазақстан - қазақтар, Англия - ағылшындар, т.б.)

  1. «Кімге қандай үй?»

Мақсаты: Жануарлар мен жәндіктердің қайда тұратыны, олардың атауларын айту. Жануарларда өз үйінде тұруға құқылы екенін түсіндіру.

Ойын шарты: Балалар шеңберге тұрады. Тәрбиеші допты балалардың біріне лақтырып, бір жануарды атайды. Бала допты қағып алып, жануардың жасайтын жерін атап, допты тәрбиешіге лақтырады.

  1. «Менің мекен жайым».

Мақсаты: Баланың мекен-жайы туралы білімін тиянақтау, әрбір бала өз үйінде тұруға құқылы екендігін көрсету.

Ойын шарты: Балалар шеңберге тұрады, тәрбиеші бір балаға допты лақтырып: «Менің мекен - жайым . . . » - деп айтады. Бала өз мекен-жайын, қай қабатта тұратынын айтып, допты келесі балаға береді.

  1. «Спорт түрлерін ата».

Мақсаты: Жазғы, қысқы спорттық ойындар туралы түсініктерін дамыту, спортпен айналысу барысында денсаулықтың жақсаруына әсер етуін түсіндіру.

Ойын шарты: Балалар шеңберге тұрып, бір-бірлеріне допты беріп қысқы және жазғы спорт түрлерін атайды.

  1. «Құтқарушылар».

Мақсаты: Балалардың өмір сүру құқығы туралы білімдерін тиянақтау.Балаларға судан, өрт шыққан жерден ойыншықтарды құтқару керектігін түсіндіру.

Ойын шарты: Қашықтықтағы шеңберге жүгіріп барып, ішіндегі ойыншықты алып артқа қайту.

  1. «Үлкендерге көмектесемін» пантомима ойыны.

Мақсаты: Балалардың міндеттері жайлы білімдерін тиянақтау.

Ойын шарты: Бала қимыл-әрекетпен үйде анасына қалай көмектесетінін көрсетеді, ал балалар не туралы екенін айтады.

  1. «Менің әке-шешемнің аты-жөні және жұмыс орны...».

Мақсаты: Балалардың әке-шешесінің аты-жөнін және жұмыс орнын айта білуге дағдыландыру.

Ойын шарты: Бала допты алып әке-шешесінің аты-жөнін және жұмыс орнын айтып допты келесі балаға береді.


  1. «Қандай ертегі бейнеленген?»

Мақсаты: Бала құқықтары туралы білімді бекіту. 
Қажетті материал: Бала құқықтары туралы Конвенцияның баптары бейнеленген кубик.
Ойынның шарты: балалар кезекпен кубикті тастайды. Ертегінің сюжеті бейнеленген беті шықса, бала өз таңдауын түсіндіреді. 

9. «Не жақсы және не жаман» 

Мақсаты: Бала құқықтары туралы Конвенция баптарының мазмұнын білуді балалар бойына бекіту. Қорытынды шығара білу, өз пікірін білдіре алу дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті материал: ертегілер бойынша сюжетті суреттер. Әшекейлі мата.

Ойынның шарты: әртүрлі түс үлгілері бойынша әшекейлі матаның сюжетті суреттерін кезекпен таратады: кім құқықты бұзса - «суық» түс, кім құқықты сақтаса «жылы» түс болады. Балалар өздерінің таңдауын түсіндіреді, туындаған жағдайдан шығудың нұсқаларын ұсынады. 

10. «Ертегі патшалық – құқықтық мемлекет»

Мақсаты: Балаларды жеке ертегі сюжеттеріне үйрету, өзіне жақсы таныс ертегіден жағымды ертегі кейіпкерлері мен ертегі элементтерді іріктеп, құқықтық мемлекеттің жалпы суретін құрастыру.
Ойынның шарты: 
Тәрбиеші: Ертегі патшалық – құқықтық мемлекет – бұл жақсы және мейірімді адамдар тұратын ел, онда тамаша үй және ғажайып гүлдер мен өсімдіктер болады. Онда олар өздерін қауіпсіз сезінеді, бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді. Бізде осындай мемлекет құрайық. 
Фланелеграфта балалар ертегі патшалықтың – құқықтық мемлекеттің композициясын құрастырады.



Автор
Дата добавления 07.10.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров236
Номер материала ДВ-039523
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх