Инфоурок Другое Другие методич. материалыИтоги акции "Безопасный интернет"

Итоги акции "Безопасный интернет"

Скачать материал

«Қауіпсіздік интернет» атты ақпараттық науқан туралы

МӘЛІМЕТ

2017 жылғы 10-21 сәуір  аралығында өткізілген «Қауіпсіздік интернет» атты ақпараттық науқанның жоспары сәуірдің 7 күні құрылып, мектеп директорымен бекітілді.

Науқанның басты мақсаты - кәмелетке толмағандардың, педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсері мәселесін түсіндіруге бағытталған. Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандардың Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтері ересек қолданушылардың жауапкершілігін арттыру үшін өткізілді.

Республикалық ақпараттық «Қауіпсіз интернет» кампаниясын ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар

Сынып

Өткізілу мерзімі

Жауапты

1.                   

 «Қауіпсіз Интернет онкүндігінің» ашылуы

1-11

10.04.17

Информатика мұғалімдері М.Ж.Ахметов, Л.А.Мухина

2.                   

 «Менің қауіпсіз Интернетім» суреттер сайысын өткізу

1-9

10-20.04.17

Сынып жетекшілері

3.                   

Бейнепрезентацияларды қолдану арқылы интернет-қауіпсіздік сабақтары

1-11

11-21.04.17

Информатика мұғалімдері М.Ж.Ахметов, Л.А.Мухина

4.                   

Сынып сағаты  «Қауіпсіз интернет»

1-11

18.04.17

Сынып жетекшілері

5.                   

Педагогтармен семинар «Интернеттегі балалар қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ету керек»

 

19.04.17

Информатика мұғалімі Л.А.Мухина

6.                   

Балалардың интернеттегі және әлеуметтік желілердегі балалар әрекетін ата-аналар тарапынан бақылау сұрағы бойынша ата-аналар жиналысын өткізу

5-11

21.04.17

22.04.17

5-11 сынып жетекшілері

7.                   

Ата-аналарға арналған буклеттер дайындау «Интернеттегі қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ету керек», «Ата-аналарға арналған жадынама», «Мен желіден қайырымдылық іздеймін», «Қауіпсіз интернет», «Желілік қатынас әдебі», «Интернет – менің өмірімде»

1-9

10-15.04.17

Сынып жетекшілері, информатика мұғалімдері

8.                   

 «Кітап интернет орнына» акциясы

5-7

18.04.17

Мектеп кітапханашылары, қазақ тілі мен орыс тілі мұғалімдері

9.                   

Оқушыларға арналған психологиялық тренинг

8-9

19.04.17

Психологтар

10.               

Интернеттегі қауіпсіздік бойынша информатика кабинетінде бұрыш дайындау

1-11

10-15.04.17

Информатика мұғалімдері М.Ж.Ахметов, Л.А.Мухина, жоғары сынып оқушылары

11.               

Викторина «Қауіпсіз Интернет»

5-11

18-21.04.17

Информатика мұғалімдері М.Ж.Ахметов, Л.А.Мухина

12.               

«Қауіпсіз Интернет онкүндігінің» жабылуы

1-11

21.04.17

Информатика мұғалімдері М.Ж.Ахметов, Л.А.Мухина

10.04.2017 ж.

10 сәуірде науқанның ашылу рәсімі өткізілді. Оған 5-11 сынып оқушылары қатысты.

4г сынып оқушыларымен Е.А.Скворчевская сәуірдің 18-де «Интернет әлеміне саяхат» тақырыбында танымдық сабақ өткізді. Оқушылар топқа бөлініп, қызықты сұрақтарға жауап беріп, әр түрлі тапсырмалар орындады.

 

  - Описание: hello_html_m5c65b55a.jpghello_html_m46445c79.jpg

 

«Интернет және біз» ақпараттық мәліметті А.А.Сүлейменова

3 сынып оқушыларымен өткізді.

 

  - Описание: hello_html_m4f46743c.jpg  - Описание: hello_html_464e02ad.jpg

 

 

1-9 сынып оқушылары арасында буклеттер сайысы өткізілді.  сынып оқушылары Шандыбасова Аружан мен Қайыркенова Жарқынайдың жұмыстары ең үздік буклеттер деп танылды.

hello_html_mebe5ccd.jpg

 

5-11 сынып оқушыларымен «Интернет тәуелділігін алдын алу» тақырыбында психологпен сұхбат өткізілді. Г.Өміржанова мен Т.Панащенко  оқушыларды компьютерлік тәуелділіктің алғашқы белгілерімен таныстырды:

- Себебсіз сабақты босату – компьютерлік ойынды ойнау;

- Түні бойы компьютерде отыру;

- Уақытында тамақ ішпеу;

- Серуенге шықпау, күні бойы компьютерде отыру;

- Адамдармен аз араласу;

- Жүйке-жүйесінің жұқаруы;

- Дөрекі және ашуланшақ болу;

- Көңіл-күйдің түсіңкі болуы;

- Оның сүйікті ойыншығы - компьютер істемей қалғанда, немен айналысатынын білмейді. 

1-11 сынып ата-аналарымен «Интернет желісін пайдалану қауіпсіздігі» тақырыбы аясында жиналыс өткізілді. Жиналыста мына мәселелер қарастырылды:

1.Өзінің жағымды үлгісін көрсету. Сөз бен істің екі жаққа кетпеуі маңызды. Егер әкесі баласына күніне бір сағатқа ойнауға рұқсат берсе, онда өзі үш - төрт сағат ойнамауы керек.

2. Компьютермен жұмыс істеу уақытын шектеу шараларын түсіндіру керек,  компьютер - құқық емес, айрықша құқық, сондықтан онымен жұмыс істеу ата-аналардың бақылауында болу керек. Компьютермен жұмыс істеуге күрт тыйым салмау керек. Егер бала компьютерге тәуелді болса, ол компьютерде жәй күндері екі сағат және демалыс күні үш сағат отырады.  Міндетті түрде үзіліспен.

3. Өткізу уақытының басқа мүмкіндіктерін ұсыну. Бос уақытта шұғылданатын жұмыстар тізімін құрастыруға болады.

4. Балалардың ойнайтын ойындарына көңіл аудару керек, солардың ішіндегі ұйқысыз, ашулану, агрессия, ерекше қорқыныштың себебі болуы мүмкін.

5. Ойынды баламен бірге талқылау керек. Дамыту ойындарына ерекше ықылас білдіру керек. Баланы компьютерлік ойындарға сыни ойлауға үйрету, бұл ойын сауықтың аз ғана түрі, өмірде әлдеқайда қызықты, ойын қарым-қатынасты өзгерте алмайтынын көрсетуі қажет.

Ата-аналар айтылған мәселермен келісті.

 

«Қауіпсіз интернет» ақпараттық науқанының қорытындысы мектепішілік жиында жарияланды. Белсенділік танытқан оқушылар марапатқа ие болды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Итоги акции "Безопасный интернет""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 752 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2017 608
    • DOCX 666.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ешенова Гульнара Нурлыбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ешенова Гульнара Нурлыбековна
    Ешенова Гульнара Нурлыбековна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21473
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой