Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыІУтренник "Балабақша - белесім"

ІУтренник "Балабақша - белесім"

Скачать материал

ҚР Білім және ғылым министрлігі ШҚО Ұлан ауданы Білім бөлімі «Айгөлек» балабақшасы КМҚК











« Б А Л А Б А Қ Ш А –

Б Е Л Е С І М ».



Мектепалды даярлық тобы балаларының балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің бағдарламасы.





Бағдарламасын құраған :

Ағзам Асима Ағзамқызы.

Өткізгендер:

Ағзам А.А.

Сайлыхан Н.







Бозанбай ауылы.

Тақырыбы: « Балабақша - белесім».

Мақсаттары: 1. Балаларды салтанатты түрде даярлық тобына шығарып салу, мерекеге келген барлық жандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.

2. Олардың тіл байлықтарын, ой-қиялдарын, қоршаған орта туралы түсініктерін жинақтау, бекіту.Өнерге деген қызығушылықтарын арттыру

3. Эстетикалық тәрбие беру.Ұйымшылдыққа, бір-бірін, үлкендерді сыйлауға, өз-өзін көп алдында ұстай білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктері:

- «Балабақша – белесім» атты сөздер

- Музыка, «Ән-күй», «Қарлығаш» хрестоматиялары

- Шарлар,қуыршақтар, орындықтар, «А», «Т», «П», «О» кеспе әріптері, Әліппе,

Алдын-ала атқарылған жұмыстар:

Ата- аналар жиналысы

Балаларға ән-би үйрету

Бағдарлама құрау, Білмесбек пен Еркетай рөліндегі адамдарды дайындау.

Қажетті құрал-жабдықтарды дайындау

Барысы:

Асима Агзамқызы және Жәңгір қол ұстасып сол жақта:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қауым! Кеше ғана жүректері лүпілдеп, жүрексіне, жан-жағына таңырқай қарап, «Айгөлектің» табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміздің міне, бүгін балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің куәсі болғалы отырсыздар.Балаларыңыздың әрқашанда дендері сау болып, қанаттары талмай, білім нәрімен сусындап, биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспіз!Сіздерді жақсы қылықтарымен, үлкен нәтижелерімен үнемі қуанта берсін! Әрдайым жүздерінен күлкі кетпесін!

Несібе Сайлыханқызы мен Амина қол ұстасып оң жақта:

Құрметті ата-аналар!



«Бала деген, шіркін-ай, балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып-ашып даладан келгеніңде

Бал иісін таттырып алдайды екен»,

Деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай, бүлдіршіндеріміздің бал тіліне кезек берейік!





Амина:



Қош келіпсіз, қасиетті ата-аналар!

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған

Біз – алаңсыз балғын шақты балалар!



Жәңгір:



Армысыздар, тәрбиеші, әз жандар!

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!



Асима Агзамқызы:



Бүгінгі күн - әр үйдің тойбасы

Деп саналар.

Балалардың есімі әулеттерге таралар.

Ырым етіп сондықтан ертеңгілік басында,

Ақ тілекпен баршаға шашу шашпақ аналар.



Ш а ш у р ә с і м і .

О С Ы К Е З Д Е Е Р К Е Т А Й К І Р Е Д І : тәрбиеші Жанарбек Гүлзада бағдарлама жүргізушісі бейнесінде.

БАЛАЛАРҒА ЖАҚЫНДАП КЕЛІП: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балабақшаларың қандай әдемі, үлкен, жарық. Бүгін сендерде мереке деп естідік. Сол рас па?- деп сұрайды.- Иә, - деп балалар жауап береді.

КӨРЕРМЕНДЕРГЕ ҚАРАП: - Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер! Эфирде кезекті Еркетай бағдарламасы.Бүгінгі тамашалайтындарыңыз: Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылындағы «Айгөлек» балабақшасының «Болашақ» мектепалды даярлық тобының «Балабақша - белесім» атты қоштасу ертеңгілігінің бейнебаяны.

Осы топтың балалары мен ата-аналары бағдарламаға мынадай хат жолдапты: «Құрметті Еркетай бағдарламасы!Бүгін біз екінші үйіміздей болған – балабақшамен, екінші анамыздай болған тәрбиеші апайларымызбен қоштасамыз.Біз өте қуаныштымыз. Бақшада біз көп нәрсені үйрендік.Сондықтан сүйікті бақшамызға көп рахмет айтамыз!»

Міне, осындай хат жолдаған балалардың ертеңгілігін тамашалайық, достар!

«ҚЫЗДАР МЕН ҚУЫРШАҚТАР» атты би биленеді

/Қыздар қуыршақтарымен жүгіріп келеді, ал ұлдар орындықта отырады/

АСИМА АГЗАМҚЫЗЫ:



Инабаты жүзінде тұнып тұрған,

Аппақ көңіл көзінде күліп тұрған

Кішкентай бүлдіршіндеріміз өздерін

Таныстырады, қабыл алыңыздар!





КАРИНА:

Армысыңдар, үлкен-кіші көрермен.

Кенде емес Карина қызың өнерден

Қуаныш – әкем аты, шешем – Надя

Ән салып, би де билеп беремін мен.



РИНАТА:



Уа, жарандар, жарандар,

Бәрің бері қараңдар!

Әжесі баққан әлпештеп

Алдарыңа келіп тұр

Бір тал гүлі Спартактың

Ринатадай балаң бар!



ДИЛЬШАТ:



Данасы болар даламның

Дильшат деген баламын.

Көп оқып, көп тоқитын

Білімді мен боламын


ГҮЛЗАНА:



Алдыңызға келіп жеттім танысуға

Бойымдағы бар өнерді дарытуға

Әдеппен, ізетпен сәлем бердім

Нұрбекқызы Гүлзана мен боламын



ЕРНАЗАР:



Салауатты өмір санамда

Мақсат қылмай қалам ба?

Жетелеген арманым

Ерназар мен болам да!


МЕРЕЙ:



Ау, халайық, жарандар!

Бәрің маған қараңдар.

Шымыр болып шыныққан

Мерей деген балаң бар.



АЛДИЯР:



Күшім толы бойымда

Білім толы ойымда.

Озат оқу мақсатым,

Алдияр деген жақсы атым.


ЕРБОЛ:



Ербол деген мен болам

Ылғи бестік алатын.

Әл-Фараби атамдай

Математик болатын.



ӘСЕМ:



Сөйлегенім тым тәтті,

Сәулелі де сымбатты,

Кербез Әсем қыздарыңыз

Сіздерге қарап тіл қатты.


АЙДАНА:



Адалдықты жақтайтын,

Бәрін біліп, жаттайтын,

Менен тек жақсылық күт,

Айдана атты қыздарыңнан бар үміт.



ЕЛНҰР:



Жайғанда арман құшағын,

Жеткенше қайрат, күш, әлім.

Биікке самғап ұшатын

Елнұр деген балаңмын!




ҒАЛИ:



Айтқан тілді алатын,

Жұмсағанда баратын,

Білімнен бақыт табатын

Ғали батыр мен болам!


АЯУЛЫМ:



Атым менің Аяулым,

Қуантып ата-анамды,

«Көрікті ару» даңқымды

Әлемге мен жаямын!


ТІЛЕУЖАН:



Кіп-кішкентай баламын

Мен – Тілеужан боламын.

Үлгі алып ұлылардан,

Білім жолын қуамын.



ҮМІТКЕР:



Кіші қамын ойлаған,

Кісі жанын сыйлаған.

Мінезімен, өнерімен

Өзгелерге сыйлы адам

Бақыт Үміткер қыздарыңыз мен болам!



ЖАНСАЯ:



Ұшып шығам «Айгөлек» балабақшасынан.

Ұлы қауым жиналған ортасына.

Таныстырып өтейін мен өзімді:

Нұрбекқызы Жансая мен боламын,

Жақсы оқу талабым!



ЕЛАМАН:

Ақ көңілді, ақ ниетті

Мен - бүлдіршін баламын.

Анам бар Жанардай мәпелеген

Баласымын Еламан еркелеген

АЯНАТ:



Армысыңдар, халқым менің!

Амандасу салтым еді.

Айқынқызы, атым – Аянат

Қазақстан – елім, Бозанбай – жерім.



НЕСІБЕ САЙЛЫХАНҚЫЗЫ:



Өсті, міне, бойларың,

Өсті ақыл-ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

Мектепке барғанда Білмесбек болмай,

Білгішбек болыңдар!



ОСЫ КЕЗДЕ КІР-ҚОЖАЛАҚ БІЛМЕСБЕК КЕЛЕДІ:

Мыналар неге жиналған? Менің атымды атаған кім?

Несібе Сайлыханқызы: - Сәлеметсің бе, Білмесбек.Сенің атыңды атаған мен.Бүгін бізде балабақшамен қоштасу ертеңгілігі

Білмесбек: - Қоштасу? Қоштасыңдар, қоштасыңдар! Ал мен ойнап келейін. /Кетіп бара жатып ілініп тұрған әріптерді жыртпақ болады/

Балалар: -Тиіспе, олар әріптер ғой. Әріптерден сөз құраймыз. АПА,АТА, ОТ.

Білмесбек: - Әріптер? Қайдағы әріп? Мынау «О» - доңғалақтың суреті, «А» - мына жер өлшегіштің суретін неге көп рет салып қойған-ей? Қарай көр, «П» - есіктің суретін де салыпты. «Т» - балта не қылып тұр,а? Бұларды мен бақшаға, мектепке бармай-ақ білем.

Асима Агзамовна: Дегенмен, балалар, Білмесбектің сөзінің жаны бар.Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсайды.Қане, әріптерге байланысты жұмбақтар шешейік:

Дидактикалық ойын «Жұмбақ жасыру»

1.Қос мықынын тіреніп, тұрады ылғи қай әріп? Ф

2. Қосылса 1 мен 3 арасы,қандай әріп, қарашы? В

3.Тырмаға да қарайық, ұқсайды оған қай әріп? Т

4.Түйе өркешін қарайық, ұқсайды оған қай әріп? М

5.Үш шырпыдан бір есік құрастырып көр шешіп? П

Несібе Сайлыханқызы:- Міне, Білмесбек, көрдің бе, балалар әріптерді қандай жақсы біледі?

Білмесбек: - Ішінде мен сияқты білмейтіні де бар шығар?

Несібе Сайлыханқызы:-:-Жоқ, барлық бала жақсы оқиды.

Білмесбек: - Онда мен де оқығым келеді. Маған да мектепке баратын әліппе беріңдерші

Несібе Сайлыханқызы:-: - Өте дұрыс.Тек алдымен үстіңді жөнге сал.Әліппені таза, әдепті бала ғана ұстайды

Білмесбек: - Жарайды ендеше, - деп жүгіріп шығып кетеді.

О р т а ғ а 2 қ ы з ш ы ғ а д ы .

Амина: Бері қарай келші, Аянат. Мен саған бір нәрсе көрсетейін.

Аянат: Не? Қане, көрсетші.

Амина: Қарашы, қандай әдемі сақина.Білесің бе, кім сыйлағанын?

Аянат: (таң қалып) Жәңгір ме?

Амина: Дәл өзі.

Аянат: туф, сақина сыйлағанша, би сыйламай ма?

Амина: Әрине, билері де бар.

Екеуі: Ендеше, жігіттер биін қабыл алыңыздар!

Би: «ЛЕТКА - ЕНКА» /Ұлдар орындықта отырып билейді/

Асима Агзамқызы:

- Рахмет, балалар. Ал,енді, сендердей жарқын жандарға өмір сыйлаған кім?

- Анамыз.

- Сендер ауырсаңдар қиналған кім?

- Ана, әже.

Балалармен бірге өлең оқу:



Дүниенің жарық күні – анамыз.

Дана болсақ, анаменен данамыз!

Алдыменен тыңдаңыздар, ағайын,

Аналарға арнап бір ән саламыз!



Ән «Ақ әжем».

Несібе Сайлыханқызы:

-Өте жақсы, рахмет сендерге.Балалар, болашағы сендер болатын қандай мемлекет?

-Қазақстан Республикасы.

-Қазақстан қандай ел?

Балалар хормен: Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.

Әнұранның авторлары кім?

Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов, Ш.Қалдаяқов.

Н.Назарбаев кім?

ҚР Елбасы.

Асима Агзамқызы:

Осындай туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты елдің балалары қайда тәрбиеленеді?



АЯНАТ:



Балабақшам, қош! – деймін.

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Мерей:



Қызықты күндер өткіздік

Балабақша бағында

Көп ойнадық, көп білдік

Ел мен Отан жайында



Карина:



Алтыға толып биыл мен

Әдепті бала боламын

Қуантып ата-анамды

Мектепке кетіп барамын.



Аяулым:

Бақшамызбен қош айтысып барамыз.

Енді қолға әліппені аламыз.

Ата-ана, қуанышқа ортақ бол,

Білімді боп шықты, міне, балаңыз!

Елнұр:

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем менің көкке тиіп,

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп

Тұрамын «Ұстазым» деп, басымды иіп!

Ән «Тәрбиеші - мұғалім»

/сөзі-С.Тұрғынбеков, әні- Ғ.Тамендаров/



1.Балабақша-белесім.

Тартқан білім кемесін.

Тәліміңді аямай

Тәрбиелеп келесің

2.Мөлдір, таза сезімсің

Ең бақытты кезімсің.

Анашымнан кейінгі

Жанашырым өзіңсің.

3.Ардақтаған ақылшым

Жүрегімде жатырсың.

Мейірімді жанарың

Маған өте жақынсың



Қайырмасы:



Тәрбиеші – мұғалім,

Айтқаныңды ұғамын.

Аз-ақ жылда есейіп,

Азамат боп шығамын.



Асима Агзамқызы:



Нағыз әке ақылгөй де, асқар жан.

Барлық ұрпақ әкелерден басталмақ.

Ал, әкелер,ән-биден еш кем емес,

Келесі ойын өздеріңе арналмақ.





Қимылды дидактикалық ойын: «КӨҢІЛДІ ПІШІНДЕР»

Ойынды жүргізетін тәрбиеші Асима Агзамқызы

1.Сәлемдесу

2.Пішіндерді атау.Олардың түсін, бұрыштары мен қабырғаларын атайды. «Көпбұрыштар» деген сөзді қолданады. «Көпбұрыштарға» жатпайтындар: цилиндр, конус, дөңгелек сынды пішіндердің атауына да тоқталуы тиіс.

3.Тәрбиеші әртүрлі сөздер айтқанда балалар шапалақтайды.Арасында геометриялық пішіндер атауы аталса, балалар секірулері керек.

4.Рефлексия: Осы ойында ұнады ма? Несімен ұнады? Кімге, не ұнамай қалды?

Несібе Сайлыханқызы:



Жақсы білім – көрімдік

Болсын бірге, халайық!

Не үйреніп, не білдік,

Кәне, ортаға салайық!



Мақал-мәтелді жалғастыру:

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»

«Есеп, есеп білмеген - есек»

«Күлме досыңа, келер басыңа»

«Оқу – білім бұлағы, білім – өмір шырағы»

«Өнерлі өрге жүзеді»

«Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл»

Жаңылтпаш айтып жарысу.

Шеше, неше кесе сынды кеше.

Дегенде, әй, Тайқарбай, әй, Тайқарбай

Қойыңды май жусанға жай, Тайқарбай

Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр

Әй, Тайқарбай дегенің қай Тайқарбай?

Жұмбақ жасыру:

Күмбір-күмбір жарғағым, қартайғанша жарадың /құлақ/

Екі көрші қатар тұрып, бірін-бірі көрмейді /2 көз/.

Әншейінде жекесің, қарай қалсаң екеусің /айна/

О с ы к е з д е е к і ұ л д ы ң ә ң г і м е с і н т а м а ш а л а й м ы з

Мерей: (шашын, киімін түзеп) Қалай, сұлу жігітпін бе?

Жәңгір: Саған не болған?

Мерей: Не болушы еді? Қазір біздің қыздар билемекші.

Жәңгір: Ия, уақыт тез өтіп кетті. Біздің қыздар осындай сұлу екенін байқамаппын.

Қыздар акт залының арғы басына шығып кетіп, биге дайын тұрады, белгіні тосады.Ұлдардың әңгімесінен кейін билеп кіреді

Екеуі бірге: Сонымен, қарсы алыңыздар. Қыздардың орындауында

Қыздардың орындауында би : «ПОЛЬКА»

ЕРКЕТАЙ:



Жүздеріңнен көрем шаттық арайын.
Болсын солай әрбір күнің, әр айың!

Тойларыңыз құтты болсын, ата-ана,

Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын!





Қош сау болыңыздар, құрметті көрермендер!Келесі кездескенше аман болайық.Мектептегі түсірілімдерде кездескенше, жас достар! – деп ол кетеді.



Несібе Сайлыханқызы:



6 жасар баласын 60-та ата жетектеп

Келе жатыр көшеде қайда әлгі мектеп деп.

60 келеді алқынып, 6 келеді аптығып





Асима Агзамқызы:

7 жасар баласын 70-те апа жетектеп

Келе жатыр көшеде қайда әлгі мектеп деп.

70 келеді сүрініп, 7 келеді жүгіріп.



Галина Яковлевна, Майгүл апа, Клара апа, Гүлнар апа, Тілеуберді ата, Еркін ата, Шолпан апа! Сіздердің құрметтеріңізге - ду қол шапалақ!!!

Несібе Сайлыханқызы:

Ажырамай бір елі бақшадан Сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз береміз құрметпен өзіңізге.

Балаларға арналсын тілегіңіз! –



Деп балабақша меңгерушісіне сөз береміз.



Балабақша меңгерушісінің құттықтау сөзі .

Асима Агзамқызы :



Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй



1.БИ «ҚЫЗЫЛ АЛМА» /Несібе Сайлыханқызы, Назима Мұқашқызы/

2. Ата-аналар, сіздердің құрметтеріңізге – Ән. /Асима Агзамқызы/

3.Қыздардың орындауында «Шығыс биі».

СОҢЫ: Асима Агзамқызы:



Ата-ананңың тілегі -

Адам болып өскенің.

Адамдықтың тірегі –

Адал болып өскенің! –



Дей келе қорытынды сөз кезегін ата-аналар комитетіне береміз.Олар балаларды құттықтап, сыйлықтарын береді.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ІУтренник "Балабақша - белесім""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 308 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.03.2016 877
    • DOCX 40 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Агзам Асима Агзамкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Агзам Асима Агзамкызы
    Агзам Асима Агзамкызы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 42833
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени педагога-воспитателя с учетом требований ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Курс повышения квалификации

Современные образовательные технологии в работе педагога-психолога в ДОУ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 66 человек

Курс повышения квалификации

Моделирование физкультурно-образовательной среды дошкольной организации в соответствии с ФГОС ДО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 123 человека

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Путь к осознанным решениям и здоровым отношениям

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 101 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции