1689757
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015

Скидка 0%

112 курсов профессиональной переподготовки от 3540 руб.

268 курсов повышения квалификации от 840 руб.

МОСКОВСКИЕ ДОКУМЕНТЫ ДЛЯ АТТЕСТАЦИИ

Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана 26 сентября 2017 г. Департаменотом образования города Москвы

Инфоурок Технология СтатьиҚыз еркем-ісімен көркем сыныптан тыс сайыс

Қыз еркем-ісімен көркем сыныптан тыс сайыс

Международный конкурс

Идёт приём заявок

Подать заявку

Для учеников 1-11 классов и дошкольников

16 предметов

библиотека
материалов

«№1 мектеп-гимназиясы» КММ













Сыныптан тыс жұмыс


Қыз еркем- ісімен көркем





Сыныбы : 8-сынып

Технология пәні мұғалімі:Елеусізова Ә.

Құдайбергенова Д.Қ









Шалқар қаласы

2016-2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Қыз еркем- ісімен көркем

Мақсаты:
Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеу, Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Әр ұлттың шай құю ерекшеліктерін көрсете білу, алған білімдерін пайдаға асыру. Оқушылардың бойына қыздарға тән тәлім - тәрбие қалыптастыру. Әдемілікке, өнерге, ұқыптылыққа шеберлікке тәрбиелеу. Тақырыпты дәлелді оймен аша білу, нақты сөйлеуге баулу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, Сызу, Тарих.
Сабақтың көрнекілігі: «Әр ұлттың тұрмыстық бұйымдары», интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу,
Жүргізуші. Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар.
Жас шеберлер. «Қыз өссе елдің көркі» атты сайысқа қош келдіңіздер.
Бүгінгі сайыста 5а – сынып қыздары өз өнерлерін ортаға салады.

Жол сілтеген биіктерге ұстаздарым
Іштеріңнен шығар әлі жаңа дарын
Әділдікті тек алған мақсат еткен
Таныстырам әділқазы алқаларын
Бүгінгі кештің әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.
Бұл сайыста қыздарды екі топқа бөлдік.,,,,,,,
Екі топты ортаға шақырайық 7 бөлімнен тұрады.

  • Сәлемдесу

  • «Шебер қолдар» (жайма шаю)

  • «Берекелі дастархан» (ет тарту дәстүрі)

  • «Өнерлінің ісі сән» (Сән көрсетілімі)

  • «Ас-адамның арқауы» (ұлттық тағам)

  • «Кім жылдам» (Сұрақ –жауап)

  • «Өнер тамған он саусақ (шебер-класс)

Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болы, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншісін бар» деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған.
Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т. б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый - сиапат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған. Сондықтан бүгінгі сайыс сабағымыздың қыз балаларға берер өнегесі көп.Олай болса қыз балаларымыздың қандай өнері бар ортаға салайық.

Жүргізуші:Көрсетіп өздерінің өнерлерін
Табындырып өнерге көрерменін
Таныстырып енді көпшілікке
Сайысқа қатысушы өнерлерін


1. Сәлемдесу: Әр топ өз - өздерін таныстыру

Өнер қуып сайыскерлер өтсе дейміз
Бір басына өнерлеріне жетсе дейміз
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
(Әр топ өздерінің таныстыруларын орындайды)

Жүргізуші:Қазақ халқы қашаннан қонағы үзілмеген аса қонақжай халық. Қай кезде болмасын, қандай адам болмасын қонақ болып келіп жатса, «кім боласың?» деп сұрамайды. Тек ыстық ықыласпен қарсы алып, жылы қабақ таныта біледі. Соның бір белгісі болар, келген қонақты көп күттірместен, алдына ет тартатындығы...

2«Шебер қолдар» (жайма шаю)сайысы

Әр топтан бір оқушыдан шығып,жайма жайып жарысады. Қай топтың жаймасы әдемі шығар екен.

3«Берекелі дастархан» (ет тарту дәстүрі)сайысы. қыздарымыз жайма жайғанша қонақтарға қандай табақ тартылатыны жөнінде не білетіндігін бағалайық.

Үстел үстіндегі парақшалардан біреуін таңдап алып,ол қай табаққа тиесілі және оның қасына табақ тартқанда қандай мүшелер салынып тартылады.Оларды келесі топ парақшалардың ішінен таңдап,тарелкаға салу.

«Бас табақ». Бас табаққа бас, жамбас, ортан-жілік, белдеме (ол жамбастың серігі) сүбе қабырға, қойдың ұлтабары; жылқы етінен – қазы, қарта, жал, жая салынады.  Басты мал арнайы сойылған қонақтың ең жасы үлкені немесе ұсынуы бойынша басқа бір беделді кісі ұстайды.

«Сый табақ». Сый табаққа да бас, жамбас салынады. Бір ескеретініміз, бас табақ, қос табақ, сый табақтарға жауырын, тоқпан жілік сияқты кәдесіз жіліктерді араластыруға болмайды. Сый табақ сыйлы адамның алдына қойылады.

«Құдағилар табағы». Кейде бұл ет табағын «қос табақ» деп те жатады. Яғни құда, құдағиларға тартылатын арнаулы табақ. Құдағилар табағында жамбас немесе асық жілік пен сүбе салынады. Оның қос табақ деп аталатын себебі, ол құда, құдағилық көпшілікпен бірге жеген қонақасының үстіне арнайы әкелінетін екінші тоқпан жіліктің қатар әкелуінен осылай аталған.

«Күйеу табақ». Күйеу табаққа бір сан жілік пен төс салынады. Аты аталып тұрғандай бұл табақты тек күйеубалалардың алдына тартады.

«Келін табақ». Кей жерлерде келін табақты «беташар табақ» деп те жатады. Келін табаққа ұлтабар және жүрек салынады.

«Қыздар табағы». Қыздар табағына жүрек, бүйрек, жағы мен тіл салынады.

«Жеңге табақ». Қазақта қайыны мен қайын сіңілілері жеңгелерімен ерекше қалжыңдасады, бөлекше әзілдеседі. Қазақ қыз жігіттері жеңгелерін құрметтейді, күтеді, мол дастархан жаяды. "Жеңге табақ" деген атпен ас әзірлейді. "Жеңге табаққа" қойдың жамбасын, жауырынын, арқа белдемесін, сүбе қабырғасын, жүрек, бауырын, тоқ ішегін, бүйректерін салады.

«Жезде табақ». Қазақ "Жездеге ілессең, жерде қалмайсың" деп жезделерін таудай бағалайды. "Жезде табақты" жездесіне балдыздар дайындайды. Оған ортан жілік, жауырын, қабырға, белдеме, қарын, тоқ ішек, бауыр, жүрек, бүйрек, құйымшақ салады. Жезде табаққа салынатын сый-сыбаға негізінен "жеңге табақпен" бірдей болады. Ал ұқсамайтын жері құйымшақ қосады. Мұнысы балдыз-қыздардың жездесіне көрсеткен әзіл-қалжыңы, назды қылығы. "Құйымшақ жеген қойшы болады", "сіз бізге қойшы боласыз" дегені. Бұл әзілді білетін қу жезделер білдірмей отырып, балдыз қыздардың біріне ұсына қояды. Оны байқамай алып қойған қыз жездеден жеңілген болып, оған киіт кигізеді. Ал қулықты сезбейтін жезде болса, құйымшақты білмей жеп жатса, балдыздарынан жеңілген болып есептеледі. Ас қайырылып болған соң, жезделер табаққа күміс теңге, жүзік, сырға салып қайтарады.

«Жерік асының табағы». Аяғы ауыр келіншектерге арнап мал сойып, тамақ жасап жерік асын апарған. Жерік асының табағына кексе әйел болса жамбас, жас әйел болса асық жілік, төс, ұлтабар салынып үстіне жаңа соғылған болат кездік (пышақ) апарып беру салты болған.

«Орта табақ». Орта табаққа асық жілік, кейде жамбас та түседі.

«Аяқ табақ». Еттің басқа мүшелерінен жасалып, ауыл адамдарына қойылады.

4.«Өнерлінің ісі сән» (Сән көрсетілімі)

Әр топ ортаға екі қазақ киімінің үлгісін көрсетеді.

5. Ас-адамның арқауы» (ұлттық тағам)

Әр топ қазақтың ұлттық тағамын жасап,көрсетеді.Дайындалу жолымен таныстырады.

6.«Кім жылдам» (Сұрақ –жауап)

7«Өнер тамған он саусақ (шебер-класс)

Әр топ қазақтың ұлттық бұйымының жасалу жолын,пайдаланылу мақсатын көрсетіп,баяндап береді.

Жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді қылығымен,

Жарыса төгілген қос бұрымымен.

Бұл күнде сұлулықтың үлесі осы,

Қыз сұлу көрінеді өнерімен.

Пір тұтқан әрбір халық асылдарын,

Қазақтың қара көзі аруларым

Тамамдайық сайысты осы жерден -дей отырып Сайыс қорытындысын жариялау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Қазақ халқының қонақ күту дәстүрін,өз өнерлерін ортаға салып,керемет көрсете білген сайысқа қатысушы қыздарымызға мың алғыс.

Сайысты тамашалап келгендеріңізге рахмет.

Сайыс өз мәресіне жетті

Сау болыңыздар.

«Қыз еркем-ісімен көркем» сайыс сабақ Пәні :Технология

Р/с

Сәлемдесу


«Шебер қолдар»

«Берекелі дастархан»

«Өнерлінің ісі сән»

«Ас-адамның арқауы»

«Кім жылдам»

«Өнер тамған он саусақ























«Қыз еркем-ісімен көркем» сайыс сабақ Пәні :Технология

Р/с

Сәлемдесу


«Шебер қолдар»

«Берекелі дастархан»

«Өнерлінің ісі сән»

«Ас-адамның арқауы»

«Кім жылдам»

«Өнер тамған он саусақ























«Қыз еркем-ісімен көркем» сайыс сабақ Пәні :Технология

Р/с

Сәлемдесу


«Шебер қолдар»

«Берекелі дастархан»

«Өнерлінің ісі сән»

«Ас-адамның арқауы»

«Кім жылдам»

«Өнер тамған он саусақ



















Бас


Жамбас

ортан жілік;

асықты жілік;

бел омыртқа;

Сүбе, қабырға;

Төс;

Омыртқа;

Жауырын;

Тоқпан жілік;

Бұғана;

Мойын.


Ұлтабар

Жал-жая

Қазы-қарта









Курс профессиональной переподготовки
Учитель, преподаватель технологии
Курс повышения квалификации
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
Приглашаем принять участие МЕЖДУНАРОДНЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ «ИНФОФОРУМ» Осталось всего 50 мест на очное участие! Подать заявку Очное участие Дистанционное участие Курс повышения квалификации (36 часов) + Сертификат участника “Инфофорума”

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация научно-исследовательской работы студентов в соответствии с требованиями ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Экскурсоведение: основы организации экскурсионной деятельности»
Курс повышения квалификации «Технология и организация кухонь народов мира: особенности и традиции»
Курс повышения квалификации «Введение в сетевые технологии»
Курс профессиональной переподготовки «Логистика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Правовое регулирование рекламной и PR-деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинга в туризме»
Курс повышения квалификации «Использование активных методов обучения в ВУЗе в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Черчение: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Разработка эффективной стратегии развития современного ВУЗа»
Курс повышения квалификации «Учебная деятельность по предметной области «Черчение»: основы предмета и реализация обучения в условиях ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация системы менеджмента транспортных услуг в туризме»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.
17 курсов по пожарно-техническому минимуму
Обучение от 2 дней
дистанционно
Удостоверение
Программы актуальны на 2019 г., согласованы с МЧС РФ
2 500 руб. до 1 500 руб.
Подробнее