Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Қыз құлаған» дастанынан сахналанған қойылым сценарийі Қатысатындар: Жас ақын: Бақтыбай Ақша болыстың екі баласы: Бірі - Байбек мырза 4әйелі бар. Екіншісі - Әлімқұл құл

«Қыз құлаған» дастанынан сахналанған қойылым сценарийі Қатысатындар: Жас ақын: Бақтыбай Ақша болыстың екі баласы: Бірі - Байбек мырза 4әйелі бар. Екіншісі - Әлімқұл құл

Скачать материал

                   «Қыз құлаған»  дастанынан сахналанған қойылым сценарийі

Қатысатындар:

Жас ақын:  Бақтыбай

Ақша болыстың екі баласы:    Бірі - Байбек мырза   4әйелі бар.

                                                     Екіншісі - Әлімқұл    құл  (тоқалдан туған)

Байбектің бәйбішесі :

Тоқалы: Көпеш

Әлімқұлдың әйелі (күн) –

Әлімқұлдың егіз қыздары :  Күлпаш пен Дариға

Кәрі биҚалтай (күйеу жігіт)

Ақсақалдар -  4-5 шал

Дариғаның ғашық жігіті : Сәлім (қойшы)

Сәлімнің ата-анасы :  әкесі – Қасым  мен кемпірі

 

          Ашылуы.   Сахнада күй ойнайды.қазақи бай ауылының көрінісі жабдықталады. Екінші шеті кедей ауылының көрінісі.

          Сахнаға жас ақын Бақтыбай домбырамен  шығады. Ойланып өлеңін бастап оқиды, жалғасы сахна сыртынан оқылады...

  Бақтыбай:  

       Бір құз бар қыз құлаған Текеліде,

       Тауының Балдырғанды етегінде.

       Астында Шажа суы көбік шашып,

       Жансыз тұр «Қыз құлаған» игендей бас.

Сырттан оқу:  Қыздарын қазақ малға сатқан кезде,

                         Мал берсе шалға басын шатқан кезде. 

                         Даланың тәңірісі бай, болысы боп,

                         Мойнына билер қарғы таққан кезде.

        Кедейдің кеткен кезде ісі қырын,

       Мен дағы сөз қылайын соның бірін.

       Үлесі, міне, бүгін маған тиді,

       Ашуға «Қыз құлаған» қыздың сырын.

Жете алмай арманына құздан құлап ,

Бастайық жастай өлген қыздың сырын.

І көрініс

   Сахна бай ауылы көрінісі. Көңілі әуен ойнайды. Артынша домбыра шертіледі.

      Бәйбек болыс домбыраны тыңқылдатып,  шынтақтап жатыр. (көңілді)

-                  Әкем- Ақша болыс қайтыс болып, атадан қалған мал – дүниеге ие болдым. Қырықтан асқанша төрт әйел алсам да,  бәрі бедеу боп, бала көрмедім-ау...

 Екінші отау кедей Әлімқұлдың отауы.

 Анасының алдына басын сүйеп жатқан Әлімқұлға: (мұңлы күйде)

-                Күндестің күні де күндес деген рас-ау.Тоқалдан туған бейбағым- Әлімқұлым. Тел қозыдай өскен бауырың Бәйбек - бай атанып, сен құл орнына малшы болдың. Жетім қызға үйленгенде де еншіге қазан,ошақ, отау түгіл, қотыр тай да тимеді.

Бір жалшы әйел жүгіріп кіреді. (қуанышты)

Жалшы:

    Әлімқұл, сүйінші, сүйінші!  Әйелің егіз қыз тапты. Қос құлыншағыңның бауы берік болсын!  

Әлімқұл атып тұрады. (шаттанып, балаша қуанады)

  Жарымай аузым асқа, тақым атқа,

  Жүргенде қолым жетпей дәулет, баққа.

  Екі қыз тапты әйелім құрсақты боп,

  Тәубе етем, разымын,Алла құдай!

Әлімқұл бай ауылына жүгіріп келеді. Бәйбек бәйбішесі екеуі сыбырласып отыр.

Бәйбек: Әлімқұл алады енді екі жеті,

             Түзелді дей бер онда оның беті.

Бәйбіше: Дүз жылқы екі қыздан қалың алса,

               Байлық қой көрінбейтін түбі, шеті.

 Бәйбек: Қалың мал екі қыздан бір өзі алып,

               Байлыққа теңелмек қой маған ниеті.  

  Әлімқұл бай ауылына жүгіріп келеді.

Әлімқұл:  Бауырым, сүйінші! Келінің босанды. Екі егіз қыз балам болды. (Бәйбек жақтырмай, қырыңдап отырады)   

       Шілде күзет тойын жасамақпын , бір қой қарыз бере тұршы.

Бәйбек: Ал, есесіне 6 ай тегін қойымды бағасың.

Әлімқұл:  Мақұл, бағайын аға, бағайын. (кетеді)

Үзіліс. Әуен ойнайды. Әлімқұл кеткен соң Бәйбек бәйбішесі екеуі ақылдасады.

Бәйбіше: Әй, кім бар ,ей! Барып Әлімқұлды шақырып кел! (ортада екеуі,Әлімқұл кіреді.)

 Бәйбек: Інішегім, алдыңда тілеуің бар жас баласың.Менікі,сенікі не, ағайындас адамбыз. (Жыламсырайды.)Төрт жеңгең түгелімен бедеу қалды, Өтем бұл дүниеден қу бас болып. Өзім өлсем, артымда малға ие жоқ. Соны ойласам, тамағымнан ас өтпейді.

Бәйбіше: (қулыққа басады) Түсімде болыс атамыз кіріп, Әлімқұлға екі гауһар тас бердім.Соның бірін ал, Атын «Күлпаш қой!» - деп, аян берді.

Бәйбек:(қулыққа салады) Шырағым,бір атадан бірге тудық. Үйлендің.Бірақ қолдан шығармас ем... Бөліндік, ата-баба жолын қудық. (Өктем сөйлей бастайды) Шырағым, Күлпашымды өзіме бер, босқа арам тер болма. Сендегі, мендегі не, ортақпыз ғой, біреуі сенде қалсын, ойланып көр. Бәрібір сенің  балаң – менің балам, есейіп 8 жасқа толғанда алам. Бермесең жылатты деп қарғыс айтып, әкемнің әруағына сені салам. Асырау ақысына қойды кештім.

Әлімқұл дел-сал күйде тізерлеп отырып  қалады.

Шымылдық жабылады. Әуен ойнайды.

Кедей отауы. Ортада Әлімқұл тұр. Қыз-жігіттер ән салып, домбыра тартып ,ойын-күлкілері естіледі. Сахнаны бір айналып өтеді.

Бәйбек: (жақтырмайды)Өй, өңкей шуылдаған қара сирақ кедей.

Алтынға айырбастар келді кезім,

Асырап алдап алған кедей қызын.

Бір байдың бағым жанып қатыны өлсе.

Қалыңға алар едім малды матап,

Болар ем сыйлы құда және де өзім.

Дәулетті бір кәрі бай кез келсе екен,

Күлпаштың пайдаланар піскен кезін.

Етпеттеп өзі де барар надан қыз ғой,

 Кездессе шал да болса жайлы тұрақ.

 Бір әйел жүгірі шығады:

   - Байеке, бағымызға қарай құдаласуға өзі би, өзі бай Қалтай қажы келе жатыр екен, сүйінші! Қонақты қарсы алайық!

Келген қонақтар төрге шығып, ас-су ішеді .

Қалтай: Тоқалым өткен қыста қаза болып,

                Көңілім ренжулі болды жаман.        

                Әдейі өзіңізді іздеп келдім,

               Қол жетпей жүруші еді бұрын саған.

Біріне  қонақ асы беріп  бірі,

Достасып өткен еді ата-бабам.

Айырсын түбімізід сүйек деуші ед,

Қайтеді қызыңызды берсең маған.

  Бәйбек ақсақалдармен ақылдасқандай сыңай танытады.  

1-      ақсақал : Құдайым айдап беріп келген бақыт,

               Теппелік өзі иіліп келген басты.

Бәйбек: менің ойым да сол еді. Ата жолы емес пе?

2-      Ақсақал: Дұрыс. Деген бар саттың күйді, алдың тиді.

3-      Ақсақал: Жаралған жат-жұрттыққа қыз бала ғой,

              Жіберме ренжітіп келген биді.

Ақсақалдар: Құсың құтты болсын!

                     Қайырлы болсын! (қаумалап, қол алысып құттықтайды)             

Бәйбек: (дауыстап әйеліне) Ту бие сойып қонақ асын беріңдер!

 Құдаларға: Қырық жеті қалың малын көп қылып бер.Көрсет дәулетіңді.

Шымылдық жабылады.   Той көрінісі.    Көңілді той әуені ойнайды.               

                                                 ІІ көрініс

Бақтыбай: Той болды жайлау үсті ұлы жиын,

                     Көріскен өздерінше құрмет- сыйын.

                     Ортаға отырғызып мақтасады,

                     Қадірлі кәрі күйеу Қалтай биін.

             Жиылып жарлы, жалшы жанның бәрі,

             Тыңдайтын балалық шақ аяқталып,

              Жойылып балалық шақ аяқталып,

             Егіз қыз қайғы тарты одан әрі.

Себебі Қалтай күйеу ұрын келген,

Бірер күн той болардан бұрын келген.

Көрімдік, төсек салар, қол ұстатар,

Ол күнде артылған ба ырым елден. (әуен ойнайды.Көңілсіз әуен)

   Ортаға Күлпашты қаумалаған құрбылары мен анасы шығады. (көңілсіз) Анасы жылап отыр. Күлпаш ауру күйде жатады.

 Анасы: Бақытсыз бейбағым-ай, Қайран бұдбұлым қара құсқа жем болдың-ау..!  Қол ұшын берер жәрдемші табылмады-ау.Шешек шығып, дерті үдеді, ішіне күйік түсті-ау...

Дариға: (Баж ете қалады) Апа, Күлпаш, Күлпаш ...

Анасы:  Жастай солып үзілдің-ау, айырылып қалдым – ау, ботамнан. (зар жылайды)

      Әкесі қызды көтеріп , барлы жылап шығып кетеді.

Бәйбек: «Ат орнын тай басар» деген бар ғой, әлгі той қылған қыз өліп қапты.

Ақсақалдар Бәйбек пен Қалтайды ортаға алды.

Ақсақалдар:  - Өздерің келіскін.

-          Байеке, өзің пішіп, өзің кес.

-          Ырза қыл, ренжітпей күйеу шалды.  

-          Қалыңға алған малды қайтарасың ба?

Бәйбек : Аға өлсе, іні мұра деген мақал,

          Мирас боп ағалардан бізге қалған.

         Қалтайдан өзім өлмей қол үзбеймін,

         Дос еді бірге жескен шекер-балды.

         Ат орнын тай басады деген бабам,

         Жабамын Дариғаға орамалды.

          Кесілсе жалғыз ағаш жоғалады,

         Дейді ғой орнында бар оңалады.

          Қызы бар бірге туған өз інімнің,

          Биекем дұрыс көрсе соны алады.

          Тебірентпей ата-баба аруағын.

Ақсақал: Биеке төрелігін өзіңіз айт!

Қалтай: Не іс бар келіспейтін, көндім, арғымағым!

       Бәйбек інісі Әлімқұлдың үйіне келеді.

Бәйбек: Қарағым, қарашығым, жалғыз інім.алдыңа ақыл сұрай келдім.Қандай кеңес айтасың, бауырым! Күлпаштың орнына Дариғаны бер. Ат орнын тай басады дейтін, бабам. Қалтайды күйеу етсең бағаң артады. Игі жақсыларға келісім беріп қойдым. Ескерте келіп тұрмын. Айтқанымды істеп, ақылға кел.Жат жұрттыққа жаралған қыз бала ғой, балаң. Қалыңын өзім алып беремін.Шаруаңды істеп жүре бер.

Әлімқұл зар қағып жылайды.

Әлімқұл: Қасқырға жас қозымды бере алмаймын,

                  Нем қалды сүйенетін содан басқа.

               Қалың мал керек емес, мал алмаймын,

               Туыспай кетсең-дағы шалға бермен,

                Қызымның өзін түгіл ізін баспа.

                Теңіне өзі сүйсе тегін берем.

                Құл болсын, кедей болсын қара қасқа.      

Айуандық емес пе еді, істегенің,

Меншіктеп өзің алған жас Күлпашқа.

Бәйбек:   Ақымақ, Дариғаны деп жүрсің бе ұл,

                 Мен бердім, сен бермесең сыйға тарту.

                 Қыз жарлы,қатының күң, және өзің құл!      

ІІІ көрініс

Әлімқұлдың отауы. Бәрі көңілсіз.      Әуен қойылады. Көңілсіз баяу әуен. 

Әлімқұл:   Бетіңнен жарылқасын, өз теніңді тап , балам! Батамды бердім.

Дариға : Әумин, (бетін сипайды да, далаға кетеді.)

   Алдынан қойшы жігіт Сәлім кездеседі.

Сәлім:  Барасың қайда кетіп қараңғыда,

              Тарықтың не нәрсеге мұнша жасып?

Дариға:  Өзіңді жанға серік дос санаушы ем,

                Қалтайға теліп қойды өңшен пасық.

               Келіп ем жалғыз сенен жәрдем күтіп,

               Бұл сырым айтпай жүрген бұрын ашып.

Сәлім: Қуатым, қуанышым, не дейсің сен,

           Өмірлік жар боламын қосса нәсіп.

           Жолыңа қасық қаным, құрбан жаным,

           Арым куә құтқарам алып қашып.

Дариға: Мақсатқа соңды ойлаған жете алмайды,

              Махаббат орнамайды болсақ жасық.

 Сырттан Әлімқұл тыңдап тұрады. Разы болып, қуанып кетеді. Сыртта тұрып қолын жайып , батасын береді.

 Әлімқұл: Оң болсын беттеріңіз құлындарым,

            Күн шықсын алдарыңнан нұрын шашып!    Әумин!

Сәлім ата-анасына келеді.

Сәлім: Ата-анам, қатемді кеш. Белгісіз алдым тұман, арты дауыл. Дариғаны алып қашамын. Екеуміз бір қашуға уәделестік.

Ата-анам, батаңды бер, қолыңды жай.

Байлапты Дариғаны бөріге бай.

Өзіне ақыл,көрік, мінезі сай.

 Қасым: (әкесі келіспейді) Байлармен қиянатшыл, қарсыласпа,

                                             Кетерсің жазым ьолып, қой Сәлімтай.

Сәлім:    Өлімнен осы өмірім қанша артық,

                Қимайтын қызығым бар, өмірде қай?

 Қасым: Бар балам, тіл алмадың жолың болсын,

               Соңыңнан шолпан тусын, оңыңнан ай.

               Алдыңнан күні шығып, нұрын шашсын.

              Балама бақыт қонсын Дариғадай.

                 Тастайды-ау өлімтіктей итке сүйреп,

                 Түсірме қолға, баста, оңға құдай.            (жылап бата береді.)     

Бәйбектің кіші әйелі Көпеш сыртта естіп тұр. Байға айтып барып, бірнеше жігіт аңдиды.

Әдемі әуен (махаббат туралы) қойылады. Табиғаты да қоса сайрады.

Сәлім Дариғаны күтіп тұр. Дариға да келіп, екеуі құшақтасады. Арттан шаңқ еткен дауыс шығады.

Екеуі қолға түсіп, жігітті қамшының астына алады. Дариғаны да сабайды. Сәлім құлап өледі.Дариға қашып кетеді. Үстінен ат жетелеп өтеді, таптап тастайды.

 

IV көрініс

        Әлімқұл,Қасым,екі әйел қазыққа байланып, күйе жағып сабайды.

Бәйбек:  Байдың атын ұрлаған, ұрылар. Жазаларын тартсын. Тас лақтырып, беттеріне күйе жағыңдар! Қамшының астына алыңдар!

Дариға сыртта қашып жүреді . Сәлім тірі ме, хабар бар ма, ата-анам не болды. (жылайды)

Қасым:        Дариға Сәлімменен аман кетсе,

                    Жолына біз құрбандық дүние жалған.

Әлімқұл: Солардың тілеуін бер, тұсауын ал,

                 Пәлеңе біз ырзамыз басқа салған.

Дариға ата-анасының дауысын естіп, талып қалады. Таң ата құстардың дауысынан оянады.

Дариға:   Жауыздың тырнағында Қалтай,Бәйбек,

                Біріміз қаза тапты егіз қозы ек.

                Ата-анам, ата-енем, досым- Сәлім,

               Солардың құрбандары болдыңдар тек.

               Сүйенер тал, паналар жар қалмады,

               Дүние маған қандай қоясың шек.

                         Бәйбек пен Қалтай әлі тізе бүгер,

                         Әділдік кешіксе де туын тігер.

                         Сұм дүние сүмірейіп тойдым сенен,

                         Алмаған қандай кегің қалды менен.

  Қара жер жайлы маған, өлім артық,

 Өткізген Қалтаймен бір өмірімнен.

 Іркілдек ірің дене бай құшқанша,

 Құрттарға азық болып жатсын денем.

                     Қайғылы әуен ойнайды. Қыз құлайды.

Шымылдық жабылады.

                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Қыз құлаған» дастанынан сахналанған қойылым сценарийі Қатысатындар: Жас ақын: Бақтыбай Ақша болыстың екі баласы: Бірі - Байбек мырза 4әйелі бар. Екіншісі - Әлімқұл құл"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Флорист

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 855 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.12.2015 1278
    • DOCX 25.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ботаева Мария Данабатшаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ботаева Мария Данабатшаевна
    Ботаева Мария Данабатшаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20918
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

Детско-родительские отношения: эмоциональный аспект

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе