Для всех учителей из 37 347 образовательных учреждений по всей стране

Скидка до 75% на все 778 курсов

Выбрать курс
Получите деньги за публикацию своих
разработок в библиотеке «Инфоурок»
Добавить авторскую разработку
и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы"Қыздар арасында" сыныптан тыс жұмыс (10-сынып қыздары)

"Қыздар арасында" сыныптан тыс жұмыс (10-сынып қыздары)

библиотека
материалов

hello_html_25328845.png









Өтетін орны: Қараой мектеп – балабақшасы

Тақырыбы: «Қыздар сұлу көрінер көркіменен»

Өткізген: «Кәусар» қыздар клубының жетекшісі І.Б.Омарова

Оқу жылы: 2016 – 2017











28.04.2017 күні тікелей эфирде өткізілетін «ҚЫЗДАР АРАСЫНДА» бағдарламасының жоспары


Мектеп оқушысы: Базарғалиева Гүлбарам /бағдарламаны өлең жолдарын оқумен бастайды/

Білмеймін Хауа ма еді, Ева ма еді?

Әйтеуір, қазір қыздар көп әдемі!

Десе де қысық көзді қытай қыздан,

Қазақ қыздың ботадай көзі әдемі!

Қызыл-сары қызынан Еуропаның

Қара торы қызыңның өзі әдемі!

Үнді қызы билейді мың бұралып

Бәрібір қазақ қыздың белі әдемі!

Түріктің әлпештеген хатунынан

Қазақтың «келін» деген шені әдемі!

Біз мұрынды біздің қыз тұрған кезде

Тау мұрынды тау қызы неге әдемі?

Орыстың бетіндегі секпілінен

Қазақ қыздың бетіндегі меңі әдемі!

Жер жүзінің қыздарын қатар қойса

Біздің елдің қыздары ең әдемі! /оқушы қыз жаймен шығып кетеді,жүргізуші кіріп келе жатады/

деп қазақ халқының ақын ұлы Қайнар Алагөзов жырлағандай шыныменде қазақ қыздары ең әдемі, ең сұлу қыздар! Иә, сұлулықты жырламаған ақын кемде-кем шығар.

Жүргізуші- Айсәуле Айсақызы: Армысыздар, Ағайын! «Қыздар арасында» бағдарламасына қош келдіңіздер! Мен Айсәуле Айсақызы тікелей эфирге берілген 40 минут уақыт аралығында сіздермен бірге боламын. Бүгінгі бағдарламаға арқау болатын тақырып «Қыздар сұлу көрінер көркіменен». Бүгін тікелей эфирге көптеген мамандар қонаққа келмек. Өздерінің түрлі кеңестерімен бөлісетін болады. Мазалап жүрген сұрақтарыңыз болса қоңырау соғып мамандардан кеңес сұрай аласыздар. Тікелей эфир телефоны: 8(71 332) 73 7 20, WhatsApp желісіндегі байланыс нөміріміз 8775 729 01 09

Ендеше студиямыздың алғашқы қонағымен таныс болайық. Бағдарламамыздың тұрақты психологы Айтқалиева Гүлжан Бекежанқызы және дәрігер Ақнұр Ойылданқызы. Сіздерден ең алдымен сыртқы сұлулық туралы сұрасам деп отырмын. Қазіргі қаздардың киім киісі,жүріс-тұрысы, өзін-өзі ұстауы жөнінде не айта аласыздар?

Психолог- Айтқалиева Гүлжан Бекежанқызы:

Осы орайда мен өз кеңесімді айта өтейін. Біз әу бастан-ақ, жанның сұлулығын тән сұлулығынан жоғары қойып өскен елміз. Қыздар мен келіндер жасы үлкендерге сонау жерден сәлем беріп, тіпті, дастархан басында тура қарамай, бір қырындап отырған. Ер-азаматтар отырған жерде дауыс көтеріп сөйлемеген, ретсіз күлмеген. Ұлтымыз қыз баланы қылықты қылығына қарап та бағалаған. Жат-жұрттық боп саналатын қыз бала тәрбиесіне айрықша мән берген. Отбасында ерекше тәрбиемен өскен қыз, кісі көзінше денесін жалаңаштамақ түгіл, әлдебіреудің бетіне күліп те қарамаған. Ал, қазір ше?

Кей қыздар сән қуамыз деп, түрлі бояуларды баттастырып, өзінің кімге айналғанын білмей де қалады. Олар баттасқан бояу жаққанда өздерін әдеміміз деп ойлайды, ал шындығында олар сорақы көрініп, айналасындағылардың зәресін ұшырып, жиркенішін тудырады. Сен табиғи, шынайы, жылы жүзді болуың керек. Сонда ғана жұртты өзіңе тарта аласың.Тартымды бол.Бұл дегеніміз қуыс кеуде болма деген сөз. Барлық қымбат пен жақсыны үстіне кигенімен, ол қыздың ішкі өресі болмаса, онымен не туралы сөйлесуді білмесең, он жерден үлде мен бүлдеге оранып тұрса да мұндай қыздар тез жалықтырады.

Дәрігер – Ақнұр Ойылданқызы: Белгілі дәрігер Ишанбай Қарақұлов айтқандай: ”Адам жарасымды тәуiр киiне бiлуi керек. Денсаулыққа, тазалыққа, сыпайылыққа зиянды ерсi әдет қай жерде де жеткiлiктi. Қыс пен күздiң суық күндерiнде де келте көйлекке қызығып, денсаулығына зиянын тигiзiп алған, боянамын деп әсем шашын әлемештеп алған, кiрпiктерiн жұлып, ендi оны қайта өсiре алмай жүрген бикештер көп. сән қуған кейбір қыздар өздеріне сондай үйлесімсіз, сорақы көрініп тұрғанын да байқамайды.  Қазіргі күндегі сырт көріністің жалаңаштануы рухани жалаңаштыққа әкелмесіне кім кепіл?
Статистикалық мәліметтерге құлақ түрсек, 16-20 жас аралығындағы жас қыздарымыздың дені бүйрек ауруына тез шалдығады. Себеп-салдарын алыстан іздемей-ақ, сән қуып жеңіл киіну, қала берді қос бүйірді жалаңаштап, желдің өтіне тоса жүруінен аңғаруға болады. Қыстың қақаған аязы мен жылы күндері соғып тұратын өкпек желдің зардабы қауіпті екенін жастар ескере бермейді.
  Орынсыз киiну, орынсыз жүрiс-тұрыс әйел затының әйелдiк, нәзiктiк, сыпайылық көркiне нұқсан келтiретiн қылық екенiн естен шығаруға болмайды.

Жүргізуші- Айсәуле Айсақызы: Сыртқы сұлулыққа одан сайын көрік беретін нәрсе-ол киім. Олай болса, стилист Бақдәулетова Лаура ханымды шақырайын. Қош келдіңіз! Лаура ханым, қыздардың киім киісі және биылғы сән туралы не айтасыз?

Стилист- Бақдәулетова Лаура: Негізінен қазір қыздардың көбі қазақы нақышта киінгенді ұнатады. Бұрын жылдардағы сән үлгісі қайта оралуда. Кең балақты шалбар, жейделер, жасанды киізден жасалған жакеттер сәнді.Сонымен қатар, биылғы сәнді түс ерікті. Тек жарастырып киінсеңіз болды. Өзімнің стильді топтамамды таныстырып өтейін. /таныстырады, модель қыздармен жұмыс жасайды/

Жүргізуші- Айсәуле Айсақызы: сыртқы сұлулықтың ең басты мәселелерінің бірі – бет күтімі. Олай болса, нағыз маман көмегіне жүгінейік. Ортада білікті косметолог маман Ақжайнақ Сағынтайқызы.

Косметолог – Ақжайнақ Сағынтайқызы: Негізі бетті күніне 2 реттен кем емес тазарту керек. Таңертең және кешкі уақытта бетті жақсылап тұрып жуу қажет. Егерде бет терісі құрғақ және қалыпты болса, теріні жеңіл сумен жуған дұрыс. Ал майлы бетті түрлі гельдердің көмегімен жуу керек.Өтпелі кезеңдерде пайда болған безеулер қыздардың мазасын қашырып, сенімсіздік тудырады. Безеуден құтылудың ең негізгі жолы – дұрыс тамақтану. Безеу дегеніміз – беттегі майларға бактериялардың түсуі. Безеу 25 жасқа дейін немесе 25 жастан кейін шығуы мүмкін. Одан құтылу үшін кешенді ем жүргізу қажет. Ащы, майлы тағамдардан бас тартқан жөн.

Жүргізуші- Айсәуле Айсақызы:: Өзіңізбен бірге бағдарламамызға кейіпкер әкелген екенсіз, ендеше осы айтылғандарды іс жүзінде көрсетсеңіз болады.

Косметолог – Ақжайнақ Сағынтайқызы: Майлы бет терісіне арналған маска дайындайтын боламын. Ол үшін жеке бас құралдары мен жұмыртқа сарысы 1 дана, табиғи бал 1 шай қасық қажет болады. Бәрін араластырып, дайын болған масканы жаға берсеңіз болады.

Жүргізуші- Айсәуле Айсақызы: ендеше бізге қоңырау шалған көрермен бар екен, тыңдайық.

Көрермен сұрағы: -Сәлеметсіз бе? Менің сұрағым косметолог ханымға. Беттегі қара нүктелермен қалай күрессем болады? Қандай маска қолданған жөн?

Косметолог – Ақжайнақ Сағынтайқызы: Ол үшін кивидің жарты бөлігі және ұнтақ жармасы қажет. Кивидің құрамында С,Е витаминдері бар. жақсылап езіп алып, үстіне ұнтақ жармасын салып қоспа дайындап бетіңізге жағыңыз. Күніне бір рет жасап тұрсаңыз, бетіңіздегі қара дақтардан оңай құтыласыз. Қалтаңызғада салмақ салмайды. Масканың әсер етуі бетіңіздің сәл ащуынан білсеңіз болады.

Жүргізуші- Айсәуле Айсақызы: ватсап желісіне келген хаттар көп екен. Соның біріне назар аударайық.

hello_html_m3b620f87.png

Психолог- Айтқалиева Гүлжан Бекежанқызы: Көрерменге айтарым олай өзіңізді кінәламаңыз. Сабырға шақырыңыз. Өтпелі кезеңде болғандықтан, ондай жағдайлар болады. Мұндай стресспен өмір сүрсеңіз, арты депрессияға ұласу мүмкін. Сол себепті, дәрігердің көмегіне жүгінген дұрыс.

Дәрігер – Ақнұр Ойылданқызы: Сізге дермотологтың қабылдауына жазылу қажет болады.

Шаш сәндеуші - Алмагүл Исмайлқызы: Шаш күтіміне келер болсақ, жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты шашта зиян шегеді. Ұштанып, жылтырлығынан айырылады. О себепті түрлі маскалар дайындап қолданған жөн. Шаштың түсуі ағзадағы асқазан немесе өт жолдарының ауруынан болу мүмкін. Дұрыс тамақтанбаудың әсеріненде шашқа үлкен зиян келеді. Шашты қалпына кетіру үшін түймедақ гүлі, майсана майы, жұмыртқаны пайдаланып маска жасауға болады. 15 минут ұстасаңыз шаша жылтырап шыға келеді.

Көрермен сұрағы: Алло, сәлеметсіздер ме? Шаш сәндеуші ханымға өтінішім бар еді.Қазір қыздар шаштарын жайып жүреді. Менде солай жүремін, сол себепті осы эфирде әдемі шаш өрімін көрсете аласыз ба?

Шаш сәндеуші - Алмагүл Исмайлқызы: Әрине, көрсетуге болады.

Жүргізуші- Айсәуле Айсақызы: Косметологтың маманның жұмысын аяқтаған екен, барып көрейін.

Сырт-келбет сұлулығымен қатар, сыртқы мүсін сұлулығына мән берген жөн. Ортаға жаттықтырушы Мағрипа ханымды шақырайық. Келіңіз Мағрипа ханым. Өзіңіздің мүсінді сақтауға арналған жаттығуларыңызды көрсетсеңіз болады.

Спорт жаттықтырушысы-Дүйсенғалиева Мағрипа / Жаттығуларын түсіндіріп, көрсетеді./

Хабарымызға берілген уақытта таяп қалған екен. Қыздарымыз әрқашан көрікті болсын. Сұлулық демекші, тән сұлулығы мен қатар жан сұлулығы да өте маңызды.
Жүргізуші-
Айсәуле Айсақызы: Көбірек оқы, танымдық теле бағдарламалар мен фильмдер көр, мұражай, театрлар мен көрмелерге жиірек барып, өзіңнің көкжиегіңді кеңейт, спортпен айналыс. Сонда ғана сен көп адамға тартымды көрінесің. Ең бастысы сырт келбетің емес, ішкі рухани байлығың екенін естен шығарма. «Нәзіктік» түсінігін баяндаудың қажеті жоқ, алайда осы кезде де кейбір сәттерді ескеру қажет. Нәзіктік ол тек сыртқы физикалық пішіні ғана емес, ол әдемі, дұрыс мүсін, мәнді жүріс. Артық, дөрекі қозғалыстар, не жұлқынып сөйлеу де әдемі емес. Қатты дауыс шығарып сөйлесу, күлу, әсіресе, қоғамдық орындарда көргенсіздік болып табылады. Дұрыс киім кию аса орынды болып табылады. Бұл кезде таным болуы тиіс, осы танымды тәрбиелей білу қажет. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып өтсеңіздер.

Психолог- Айтқалиева Гүлжан Бекежанқызы: Қазіргі уақытта артымызда өсіп келе жатқан сіңлілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер қатары көбеюде.Тәрбиені ата-анасына емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасып келеді. Қазақта «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мәтел бар. Тыйымы бар қыз болашақта аяулы ана, өнегелі әже болары сөзсіз.

Дәрігер – Ақнұр Ойылданқызы: Дұрыс айтасыз,Гүлжан ханым! Ерте жыныстық қатынастан сақтандыру үшін тыйым қолдану керек. Қыз баланың тазалығы, өзін-өзі ұстай алуы бәрі отбасындағы тәрбиеге байланысты деп ойлаймын.

Стилист- Бақдәулетова Лаура: Қыз баланың ашық-шашық жүрмегені дұрыс. Кең етекті көйлек, әр түрлі белдемшелер мен бос шалбарлар сән үстіне сән болады деген ойдамын.

Косметолог – Ақжайнақ Сағынтайқызы: Қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты  емес, бүкіл  ауыл, ел жауапты болуы тиіс.

Шаш сәндеуші - Алмагүл Исмайлқызы: Арулар табиғи, шынайы, жылы жүзді, тартымды  болыңыздар.

Жүргізуші- Айсәуле Айсақызы: Мамандарымызға көп –көп рахмет айта отырып хабарымызды аяқтаймыз! Сау болыңыздар!



Курс повышения квалификации
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Организация работы с одаренными детьми в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Организация проектно-исследовательской деятельности учащихся в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Управление конфликтами в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Теория и практика инклюзивного обучения в образовательной организации в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Тьюторское сопровождение обучающихся в системе инклюзивного образования»
Курс повышения квалификации «Современный переговорный процесс в практике образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Основы музейной педагогики в работе учителя как одно из условий реализации Федерального государственного образовательного стандарта (ФГОС)»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Методы интерактивного обучения»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.