«Қыздарға әсемдік жарасады» ашық тәрбие сабағы

Предпросмотр материала:

                                       №42 жалпы білім беру мектебі

 

 

 

 

Ашық сабақ

«Қыздарға әсемдік жарасады»

 

 

 

 

 

 

 

Технология пәнінің мұғалімі:

Джакипова У.Т.

 

 

 

 

 

 

 

                                           

                                                          Алматы – 2013ж

Сабақтың мақсаты:

                          а)білімділік: Өзін-өзі таныстыра білуге, өлеңдерді мәнерлеп оқуға, ою-

                                                  өрнектердің түрлерін білуге үйрету.            

                          ә)дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, қиялын, тілін

                                                            дамыту.

                          в)тәрбиелілік: Әдептілікке, сыпайылыққа, сұлулыққа, кішіпейілдікке,

                                                      өнерге ұмтылған қыз балаларды тәрбиелеу.                        

Сабақтың көрнекілігі: Гүлдер, нақыл сөздер, үлестірмелі қиындылар, магнитофон.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ – жауап, сарамандық.

Сабақтың барысы:

     Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Ата-аналарымыз, ұстаздарымыз,

                           құрбы-құрдастарымыз! Қыз сыны байқауына қош келдіңіздер!

                           Қырмызы қызыл гүлсіңдер ме екен?

                           Бақытты іздеп жүрсіңдер ме екен?

                           Құлпырған қырда қызғалдақсыңдар,

                           Жұмбақ жансыңдар бір сыр бермеген.

Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын бұлардың барлығы біздің әсем қыздарымызға айтылған теңеулер. Ендеше бізде өзіміздің қыздарымызға лайықты ықылас ниетімізді білдіріп, осы байқауға қатысатын қыздарымызды ортаға шақырайық.

      Күй ойнап тұрады.

1.     Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл, сана.

Көркіне ақылы сай келетін,

Бірінші келе жатқан қыз – Әлия.

2.     Шығады мың бұралып Ақниет биші,

Өнерді Ақниет сүйген бәрін сүйші.

Қыздарды бұл сыныптың бәрі өнерлі,

Шығады арасынан әнші, күйші.

3.     Қуантады бізді білімімен Ақторғын  қыз,

Қол соғып қарсы алайық енді оны біз.

Білімің серік болып талабыңа,

Бүгінгі қабыл болып тілегіміз.

4.     Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,

Бәрі де арманына қолын созар.

Арманың орындалсын Назерке сенің,

Бұйырса бақыт құсы саған қонар.

5.     Өнер қуған жасынан,

Өнері судай тасыған.

Келесі біздің Ақбота ,

Көрінген күштің басынан.

Бүгінгі сайыс төмендегі бағыт бойынша өтеді:

1.     Өзін-өзі таныстыру. Әр қатысушы өзін таныстырады. Әр сайыстан кейін ұпай сұралып отырылады.

2.     Әр қатысушы өз төсбелгісі мен салынған суретін қорғайды.

3.     Өнер сайысы.

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатар жолыңда, - деп кезекті өнер сайысына берейік.

4.     Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айтайық төрелігін соңынан, - деп кезекті құрақ қиықшаларына береміз.

5.     Тілдің майын тамызып,

Сөздің балын ағызып.

Қос арулар сөз айтар, - деп мәнерлеп оқу сайысына жол берейік.

6.     Дәстүрге байланысты сұрақтар.

Біреу білмегенді, біреу білер дегендей салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға көңіл бөлейік.

       Сұрақтар:

1.     Қазақ қызының ұлттық киіміне қосымша киілетін киімдерді ата?

2.     Тыйым сөздердің бірнешеуін ата?

3.     Қазақстан Республикасының әнұранын айт?

4.     Қазақтың бір ұлттық тағамының дайындалу барысын айт?

5.     Жерге қар түсіп, малдардың жаппай қырылуы?

6.     Төрт түлік иелерін ата?

7.     "Қыздарға әсемдік жарасады" әнінің бір шумағын айт?

8.     Қазақтың ырымдарының біреуіне толығырақ анықтама бер?

7.     Салат жасау.

Бұл тапсырмада арулар "Еңбек өмір сүруді үйретеді" дегендей өздерінің аналарына қаншалықты көмектесетіндіктерін, яғни еңбексүйгіш екендіктерін істерімен дәлелдейді.

8.     Қорытынды.

Жүргізуші:

Келді бүгін сынауға,

Сыналып үлкендерден үлгі алуға.

Салты бар өнерлі осы ортада,

Берер деп әділқазы әділ баға, - әділқазы алқасына сөз кезегін берелік.

     Шебер қыз атағы – Ақторғын

     Инабатты қыз -  Ақниет

Әдепті қыз – Әлия

Биші қыз – Ақбота

Ең үздік деп танылған, атына заты сай ару қыз - Назерке 100 ұпай жинап бас жүлдені алып отыр. Қуанышыңызға ортақпыз.

        Жүргізуші:  

        Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар, деп аруларымызды шығарып салайық.

Ән: Арулар, асыл жандар.

 

Қорытынды сөз мектеп директоры Айя Алшынбековнаға және тәрбие – ісі меңгерушісі Ольга Михайловнаға беріледі.

Краткое описание материала

«Қыздарға әсемдік жарасады» ашық тәрбие сабағы

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Джакипова Урузия Таутановна

учитель технологии

  • На сайте: 10 лет и 11 месяцев
  • Всего просмотров: 1503
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 1
  • 1503
    просмотров
  • 1
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Джакипова Урузия Таутановна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

ИИ для создания материалов

Если готовые материалы не подошли — поможет ИИ

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Выберите инструмент или нейросеть
~120

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: