Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Іздегенде табылатын қасыңнан. сабақ жоспары 8сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Іздегенде табылатын қасыңнан. сабақ жоспары 8сынып

библиотека
материалов

27.11.2014ж Әдіс алмасу сабағы

Өзін-өзі тану 8-сынып №12сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Іздегенде табылатын қасыңнан»

Сабақтың мақсаты: - оқушыларға достарының арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға тәрбиелеу, ізгі ниеттерін дамытуға ықпал ету.

Сабақтың міндеті:

1. Адам қарым-қатынасындағы «дос», «достық» ұғымдарына түсінік беру.

2. Оқушыларға достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру, достық сезімдерін дамытуға ықпал ету.

сезімталдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық, дәптер, үнтаспа, тірек-сызба.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Сәлемдесу

2) Психологиялық дайындық /оқушылардың сабаққа қызығушылығымен көңіл-күйлерін көтеру үшін мына өлең жолдарын оқып, оқушылардың назарын өзіме аударып, шаттық шеңберіне шақыру/

Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат,

Әрбір сабақ- үйрену, ұғу, ұлағат.

Әрбір ісім- тіршілік, тірек, адамдық,

Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.

солнышкоШаттық шеңбері.

Оқушылар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналдық. Енді бір-бірімізге бүгінгі сабағымыздың тамаша өтуіне арнап мына жіпті жақсы тілектер айта отырып лақтырайық. Өрмекші торын құрастырайық.

/оқушылардың достық, достар туралы пікірлерін кеңейту үшін үнтаспадан Х. Закарияновтың сөзіне жазылған О. Көшеровтың «Достарым » әнін тыңдауды ұсыну.Оқушылар бірге айтып отырады./

«Достарым»

1)Толтыра көңілдің отын, достарым,

Қатемді түзеп, жол тапсам дұрыс біліп қостадың.

Қиналған шақта бөлісіп жүрек жылуын,

Жүріңдер сендер қолтықтан демеп, достарым.

Қайырмасы:

Жабыққан сәтте қас-қағым,

Жаныңды ұғар басқа кім.

Жаңа бір әуен бастадым,

Сендерге арнап достарым.

2) Сағыныш толы кеудені кернеп жыр – көшкін,

Достықтың келдім сазына ән мен үн қосқым.

Өтермін мынау өлшеулі ғана тірліктен,

Биіктен сайлап орнын адал, шын достың.

Сиқырлы таяқшалар арқылы топқа бөлу

Үй тапсырмасы «Кешірімділік көңіл кеңдігі» (суретпен жұмыс)

E:\дос.jpeg

Әңгімелесу

-Достық дегенді қалай түсі несіңдер?

-Дос сөзінің мағынасына үңіліп көрдіңдер ме?

-Достың көп болуы мүмкін бе?

-Өз достарың жайлы не айтасыңдар?

шмульцы 1Жаңа ақпарат

/Оқушылар әңгімелескеннен кейін оқулықта берілген ақпаратты оқып достық жайлы ойларын, білімдерін дамыта түседі./

Адамдардың бір-біріне деген адал сенімі, өзара тілеулес ортақ көзқарасы достыққа ұластырады. Достық дегеніміз адамдардың өзара жауапкершілігі, сыйластығы мен бір-біріне қамқорлығы , рухани жақындықтары. Достық қарым-қатынас адамдарға өзара сеніс жүктейді. Достар бір-біріне қуанышта да, қиыншылықта да ниеттес, қамқор болады. Достық –сыйластықтың, мейірбандылықтың мөлдір көзі. Оны уақыт та, қиындық та үзе алмайды.

чтениеМәтінмен жұмыс /Оқушылардың әңгімелесу, пікірлесуде айтылған ойларын жалғастыру үшін оқулықта берілген «Екі дос» әңгімесін оқытып, ойларын, пікірлерін, сөйлеуін әрі қарай дамыту./

«Екі дос»

Екі дос бір егістікте жұмыс істейтін. Бірінің отбасы, балалары бар, ал екіншісі жалғыз басты еді. Күн батқанға дейін жұмыс істеп, достар тапқан өнімді тепе-тең етіп екіге бөліп алатын. Бір күні жалғыз басты адам ішінен: «өнімді және шыққан пайданы тепе-тең бөлгеніміз дұрыс болмады, мен жалғыз тұрамын, сондықтан да айтарлықтай көп қажеттілігім де жоқ» деп ойлады. Осындай оймен, түн сайын бір қап өнімді досының үйінің алдындағы сарайға жасырын апарып тұрды.

Досы да ішінен: «Өнім мен пайданы бірдей бөлгеніміз дұрыс емес, менің отбасым бар, қартайған шағымда олар маған қарайды. Ал досымның болса ешкімі жоқ, қартайған кезінде оған қарайтын адам болмайды. » деп ойлайды. Осылайша бұл да түн жамылып, үйден шығып досының қорасына өнімді апарып тұрады. Алайда қорадағы қаптардың саны неліктен азаймайтынына екі дос та түсінбей жүреді. Бір түні бір-бірінің қорасына жасырын қап тасып жүргенде, олар кездесіп қалады. Сонда ғана олар болған жайдың мәнін түсінеді. Қаптарды жерге қоя салып, доста құшақтаса кетеді.

Мәтін бойынша сұрақтар

-Аңыз әңгіменің басты идеясы неде?

-Достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едіңдер?

-Өз достарыңа қалай көмек көрсетіп жүрсіңдер?

/Сұрақтарды талдау барысында оқушылардың өздерін екі достың орнына қойып, достықтың сырын түсінбеген, қадірін білмеген балалардың бойында пейіл, ықылас, сыйластық сезімін оятады./

2 топқа тапсырма «Мәтіннен алған ойларыңды жеткізу. Сурет салу түрінде немесе мақал жазу, Жалпы дос туралы түсініктерің»

«Бас бармақ» арқылы бағалау

Ойын «Достық неден басталады, достыққа не жарасады?»

(Ойынды сигналды қима қағаздар арқылы ойнайды.)

Шарты: Егер мен айтқан оймен келіссеңдер жасыл түсті көтереміз, егер келіспесеңдер сары түсті көтересіңдер?

-Достық танысудан бастала ма?

-Достыққа қамқорлық жараса ма?

-Достық төбелестен бастала ма?

-Достыққа мейірімділік жараса ма?

-Достық ренжісуден бастала ма?

-Достыққа адалдық жараса ма?

-Достыққа татулық жараса ма?

-Достық ұйымшылдықтан бастала ма?

-Достық бірліктен бастала ма?

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма


Топпен жұмыс (оқушылар кестені толтырады)


Адалдық

Жанашырлық

Ақылдылық

Кішіпейілділік






шмульцы 1Дәйексөз

/Оқушылар сабақ тақырыбына сай дәйексөзді түсініп оқып, дәптеріне жазып қояды./

«Достық негізгі талғамның, көзқарастың толық үндесуінен туады.»

Цицерон

ВопросительныйТапсырма. Оқулықпен жұмыс

/Оқулықта берілген тапсырманың мақсаты оқушыларды өз беттерімен ізденуге, негізгі ойды қосалқы ойдан айыра білуге үйрету./

Әбунасыр әл-Фараби.

Тіршілікте құрыштай бол төзімді,

Сан мәртебе алдасаң да өзіңді.

Тағдырыңды еш уақытта жазғырма,

Тіпті кейде болса әз-әзіл азғырған.

Өрге жүзген өнегелі ісіммен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

Жүргендер көп достық атын малданып,

Алайда тек қалма оған алданып.

шмульцы 1Жағдаятты талдау

Сабақ бітуге, қоңырау шалынуға жақын қалды. Оқушылар кітап, дәптерлерін жинап қоңырауды сабырсыздана күтуде. Қоңырау үні естілісімен барлығы есікке қарай асықты. Арман асықпай жиналып, ең соңғы адамның сыныптан шығуын күтіп көзінің астымен мұғалімге қарап қояды.

Мұғалім: Арман, сен үйіңе қайтпайсың ба?

Арман ең соңғы оқушының шығуын күтіп, жауап қатты:

-Сізбен сөйлесейін деп едім, ағай...

Мұғалім: Айта ғой, не айтпақшы едің?

Арман: Сыныптағы Айбек досым бар ғой...

Мұғалім: Иә, не болды Айбекке?

Арман: Ол ...ол анасы сырқаттанып. Шамасы ақшадан қиналып жүр ғой деймін...

Мұғалім: Солай ма?

Арман: Мен оған көмектессем бе деп едім, бірақ ол менің бұл көмегімді білсе қабылдамайды...

Оқушылар жағдаятты оқып, талдайды. (ауызша немесе сахналау)

1. Арманның Айбекке деген қандай ниетін аңғардыңдар?

2. Оқиға қалай аяқталады деп ойлайсыңдар?

3. Өз нұсқауың, ұсынысың қалай?

4. Досың қиналғанда қол ұшын берген сәтің болды ма?

«Жапондық бағалау» әдісімен оқушылар өздерін бағалайды.

сердцакопированиеЖүректен жүрекке

Енді сіздерді «жүректен жүрекке» айдарына шақырамын. Ортада қобдиша тұр. Онда түрлі түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түсті жүрекше ұнайды, соны алайық. Осы қасиеттер бойларыңызға дари берсін. Достық- адамдарды бір-біріне бауырмал, жақын ететін кіршіксіз, таза ізгілікті қарым-қатынас. Бір-біріне пейіл,ықыластары түскен , жан жүрегі қалаған, шынайы адал, кішіпейіл, қамқор адамдар ғана шынайы адал дос бола алады.

М. Әміреевтың «Қимаймын» атты өлеңін үнтаспаға қосылып айтады.

«Қимаймын»

Ұясына батқан күнді қимаймын.

Ерте солып жатқан гүлді қимаймын.

Желдей есіп,

Желдей есіп өтіп жатқан зымырап,

Осынау жас бал күндерді,

Бал күндерді қимаймын.


Сырға толы кештерімді қимаймын

Жылдар, жылдар өткеніңді қимаймын.

Жалын атқан,

Жалын атқан, жыр ұнатқан жастық шақ,

Менен ерте кеткеніңді,

Кеткеніңді қимаймын.


Қызық толы кештерімді қимаймын,

Шалқып, тасып жүргенімді қимаймын.

Бәрінен де, бәрінен де,

Бәрінен де, жан достар

Алыс кетсең жүздеріңді,

Өздеріңді қимаймын.

Сонымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.





































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров325
Номер материала ДВ-307432
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх