Инфоурок / Информатика / Конспекты / Ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекешеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді Сонымен, буманың атаулары осы символда

Ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекешеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді Сонымен, буманың атаулары осы символда



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

«Бекітемін»

                                                                                                  Оқу ісінің меңгерушісі

                                                                                               «_______» ________2015ж.

Пән аты : Информатика

Сынып : 5 «А»


hello_html_15e67742.png














Сабақ барысы:

hello_html_m31214949.gifI. Ұйымдастыру бөлімі

а) Сәлемдесу;

ә) Оқушыларды түгендеу;

б) Оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. «Ақпарат» сөз жұмбағын шешу

1. Байттардың әлдебір атауы бар тізбегі (файл)
2. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаратын құрылғы (тышқан)
3. Ақпараттарды компьютерден қағаз бетіне шығаратын құрылғы (принтер)

4. 8 биттен тұратын өлшем бірлік (байт)

5 Экранда таяқша сияқты жыпылықтап тұратын символ (меңзер)

6. Операциялық жүйе жүктелгеннен кейінгі ашылатын аймақ (экран)

7. Мәтіндік және графиктік ақпараттарды бейнелеу құрылғысы (монитор)


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Ең алдымен оқушылар ақпарат деген сөзге қандай анықтама берер едіңіздер?

Ақпарат – сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.

Адам ақпаратты қалай қабылдайды?

Көреді, естиді, иісті сезеді, дәмді сезеді, сезінеді.

Біздің ақпаратты түрлі арналардан алатынымызды ескере отырып,кестені толтырайық.

Кестені толтыр

Нысан

Ақпарат түрлері

Сезім мүшелері

Хат жазу

Көру

Көз

Торт

Дәм сезу

Тіл

Картина

Көру

Көз

Бақылау жұмысы

Көру

Көз

Кітап

Көру

Көз

Радио тыңдау

Есту

Құлақ

Тұз

Дәм сезу

Тіл

Теле хабар

Көру ,есту

Көз,құлақ

Әтір

Иіс сезу

Мұрын

Нысанды бумадан жылдам іздеу

Ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Атауы осы символмен басталатын ең жақын нысан ерекешеленеді. Сол пернені қайта басқанда келесі ұқсас нысан ерекшеленеді Сонымен, буманың атаулары осы символдан басталатын барлық нысандар тексеріледі.

Сендер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқанын білетін жағдайда ғана пайдалана аласыңдар. Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді қолдану керек.

Кеңейтілген іздеу

Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек.

Программа сендер көрсеткен атауы бар барлық нысандарды табады.

Сендердің сұраныстарың бойынша табылған файлдар терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі. Таңдалған файлды тышқанмен шертсеңдер іске қосылады.

Ақпаратты жазу

Windows –тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың қабылданған жалпы ережелері бар.

Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттерді орындау керек:

  • Сақтау немесе Қалай сақтау бұйрығын таңдау;

  • Терезеде сендердің файлдарың сақталатын бума көрсетіледі. Қажет болған

жағдайда басқа сақтайтын орынды таңдауға болады;

Файлдың атын теру;

  • Сақтау батырмасын басу.

Программамен жұмыс істегенде файлдарды жиі –жиі сақтап отыруларың керек. Егер файл бұған дейін сақталған болса және атау берілген болса, онда сақтау жұмысы жеңілдейді. Бұл жағдайда программа сақтау терезесін шығармайды және сендерден файлдың атын сұрамайды. Сендер Сақтау бұйрығын таңдайсыңдар, экранда ештеңе болмайды, бірақ файлдағы өзгертулер сақталады.

Кейде бұрын сақталған файлды басқа жаңа атаумен сақтау қажеттілігі туындайды. Мәселен, сендер Ағаш файлынан ағаштың бейнесі салынған суретті ашыңдар делік. Оған жануарлар мен басқа ағаштардың бейнесін қосып, жаңа суретті Орман деген атаумен сақтағыларың келді делік. Онда сендерге Қалай сақтау бұйрығы керек болады. Бұл бұйрық файлдың бұрын сақталғанына немесе сақталмағанына қарамастан сақтау терезесін шығарады. Мұндай сақтаудан кейін сендердің дискілеріңе 2 файл: Ағаш және Орман деп сақталады.

Ақпаратты оқу

Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу арқылы оқиды. Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows операциялық жүйесі файлды қандай программаның көмегімен ашу керек екенін өзі анықтайды. Файлды қосымшаның өз терезесінде де ашуға болады. Ол үшін Ашу бұйрығын орындау керек.

ІV. Жаңа сабақты бекіту

Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқулықтағы 133 беттегі тапсырманы орындаймыз!

М: Оқушылар компьютерге отырмас бұрын техника қауіпсіздігі ережерін есімізге түсірейік.

О: Мониторға дейінгі арақашықтық 55 - 65 с - ден кем болмауы керек;

Жиі - жиі көзге арнайы белгіленген жаттығулар жасап отыру керек;

Экранды қолмен ұстамау керек;

Копьютердің жанына артық зат қоймау керек;

Сыныпқа мұғалім кіргенде тұрып амандасу міндетті емес.

А деңгейі

1. Paint графикалық редакторын іске қосыңдар.

2. Сурет салыңдар/кез келген/.

3. Өз суреттеріңді Бейнелер бумасында сақтаңдар.

4. Осы файл үшін Жарлық құрыңдар.

5. Жарлықты Жұмыс үстеліне орналастырыңдар.

6. Іздеудің көмегімен өз файлдарыңды тауып іске қосыңдар.

В деңгейі

1. Компьютерлеріңдегі дискілерден атауларында «Инфоматика» сөзі бар файлддарды табыңдар.

2. Осы файлдарды Инфоратика бумасына сақтаңдар.

3. 1 - 2 пункттерді әдебиет пен математика пәндерінің файлдары үшін қайталаңдар. Көшіру үшін әртүрлі тәсілдерді қолданыңдар.

4. Файлдардың біреуі үшін Жұмыс үстелінде жарлық құрыңдар.

Үлестірмелі тапсырмалармен жұмыс:

Оқушыларға тапсырмалар таратылады. Таратылған тапсырмаларды оқушылар орындап, қалай орындағанын айтып береді.

  1. Paint графикалық редакторында сурет салып, «Файл»-«Сохранить как» батырмасының көмегімен БЕЙНЕЛЕУ бумасына сақтаңдар!

  2. Кез келген буманың атын өзгерт!

  3. Бума құрып, атын жазып, сол бумаға жарлық жаса!

  4. Paint графикалық редакторында сурет салып, «Файл»-«Сохранить как» батырмасының көмегімен сақтап, кеңейтілген іздеу арқылы сол файлды іздеңдер!

  5. Буманы құрып, атын жазып, жой және оны қайта қалпына келтір!

  6. Бума құрып, атын жазып, қоржынға орналастырмай жойыңдар!

  7. Файл арнап, атын жазып, оны буманың ішіне көшір!

V. Бағалау

Талдау:

Не үйрендің?

Не түініксіз болды?

Не үйреңгің келді?

Сонымен қатар бүгінгі сабағымыз аяқталды.


VІ.Үйге тапсырма: №13 тақырыпты оқып келу

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-240038

Похожие материалы