Инфоурок Другое Другие методич. материалыІзденіс жұмыс "Бірлік мектебінің тарихы"

Ізденіс жұмыс "Бірлік мектебінің тарихы"

Скачать материал

«Бірлік» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

                

 

 

 

 

 

 

 

 

Бірлік мектебінің
тарихы

 

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Орындаған: 8 «Ә» сынып оқушысы Ақбердиева Ұлжан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 – 2018 оқу жылы

Мектебіміздің алғашқы тарихы

 

     «Бірлік» бастауыш мектебі болып, ең алғаш 1926 жылы ұйымдастырылды.

Онда оқитын баланы жинау, мұғалім табу ісі оңайға түспеді. Бірақ жыл өткен сайын  балаларға білім беру ісі жолға қойылды. 1933 жылдан  бастап осында мұғалім болып істеген Хамза Әминовтың есімін алуға болады. Хамза Жамбыл қаласындағы пеедогогикалық училищесін бітіргеннен кейін «Бірлік» мектебіне келді.  Хамза мектепке келген бойда ұйымдастыру ісімен айналысты. Себебі: 7-нші  сыныпты былай қойғанда 6-ншы сыныпта оқитын баланың өзі

жетіспейтін. Ол мектеп жанынан интернат ұйымдастырды. Әминов  Хамза

ұйымдастыру жұмысының жүзеге асуы «Бірлік» мектебі жеті жылдық мектепке

айналды. Кеңес одағының батыры атағын алған және «Бірлік» мектебін бітірген

Жолдыбай Нұрлыбаев т.б. атаққа ие болған қаншама уақыт өткен сайын тәрбие

жұмысы қолға алынып, білім беру жолдары жанданды. Біздің мектеп яғни

«Бірлік» орта мектебі 1975 жылы салынып, 1978 жылы бітті. Содан «Бірлік» мектебіне Торыбаев Захан директор болып сайланды.

   Содан кейін 1980 жылы Бейсенов Серікбай директор болып сайланды.  Біздің мектептің алғашқы ұстаздары: Әлиев Халықберген – бастауыш, Аминов Хамза – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ берді. Кемелов Шәйбек математика пәні бойынша сабақ берді. Сержанов Жамал биология пәні бойынша сабақ берген. Ғармфунила Минажар – бастауыш, Иса Әділов – қазақ тілі, қазақ әдебиеті бойынша сабақ берген. Мәмбетов Нәлібай – бастауыш, қазір

мұғалімдер 60 шақты, оқушылар 700-ден асады.

               

Алғашқы ұстаздар

                                                                                      

                                                                              Ежелден елге сүйкімді

                                                                    Ұстазы болу баланың

                                                                              Өзімде сүйіп, бір тұрм

                                                                              Жаныма жақын баладым.

 

Әлиев Қалықберген

                                                                                                                                                                                                                                                                                    

 

1916 жылы Түркістанда туылған. Түркістан-педучилищесін         бітірген. 1942-1943 жылдары Шығыс Украинада соғыста болған.1943 жылы   автоматшы болған. 1958 жылы майда «Бірлік» мектебінде ұстаз болып жұмыс істейді. 1976 жылы пенсияға шықты. 1945 жыл 9 майда неміс басқыншыларын жеңгені үшін медаль алған. Соғыс кезінде 110-ыншы дивизияда, 3-інші ротада болған. 1943-1945 жылға шейін Америкадан Иранға қару-жарақтарды тасыды. Совет Иран Келісімі бойынша қазір Әлиев Қалықберген соғыс ардагері және «Бірлік» мектебінің алғашқы ұстаздарының бірі болып есептеледі. Әлиев Қалықберген қазір құрметті пенсионер. Ол қазір Сұлтанбек Қожанов атындағы ұжымшарда тұрады. Қазір немерелері мен ұлдарының қызығын көруде.


    Адилов Иса

 

Адилов Иса 1939  жылы дүниеге келді. Иса 1941-1945 жылдары соғысқа қатысып, соғыстан келген соң «Бірлік» мектебіне жұмысқа тұрады. «Бірлік» мектебінде көп жылдар бойы жұмыс істеп, үлгілі ұстаз атанады. Қазір бұл кісі Мырзакент кеңшарында тұрады. Бұрын осы жерде Мақтаарал газетінің редакторы болып жұмыс істеген. Қазір құрметті демалыста. Бұл кісі қазір де аяулы ұстаздардың бірі болып қала береді.


                                                                                                                                                               

Өмірден озған ұлағатты ұстаздар

 

      Сәбидің шағын көңліне

      Сыйғызып дүние сәулесін

      Орнаттың шырақ өмірге

      Жалықпай зардап зәрдесін

 

 

Телходжева Маржан

 

20180219_221052.jpg

Телходжаева Маржан Мырашқызы. 1952 жылы 9 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы, «Ленин жолы» колхозында дүниеге келген. Тумысынан дарынды, ерекше білімді, шығармашыл жан болған. 1970 жылы №81 «Бірлік» орта мектебін бітірген. Оқушылық шағында адамгершілігі мол, ұйымдастырушы, белсенді  болған. 1971 жылы «Жетісай мәдени-ағарту техникумына » түсіп, 1973 жылы аяқтаған.

          Ол еңбек жолын 1973 жылы №81 «Бірлік» орта мектебінде тәлімгерлік міндетін атқарушы болып бастады. Кейіннен бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. Педагогика саласында асқан шеберлігімен оқушылардың бойына білім нәрін сусындатып, түрлі сайыстарға қатысып, мектеп әкімшілігі тарапынан мақтауларға ие болды. Әр оқушының психологиялық, әлеуметтік жағдайын зерттеп, оқушының санаснын оята білген жан. Ұжымда әріптестерімен тәжірибе алмасып, жас мамандарға барлық қырыман үлгі болған ұстаз.

2001 жылы өз білімеһін жетілдіру меқсатында Өзбек СССР, Ташкент қаласы, Низами атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі және әдебиеті факультетіне түсті. 2005 жылы институтты бітіріп шықты. Мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс істеді. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуге балаға- дегендей барлық балалармен тіл табысып, аудандық олимпиадаларға өз шәкірттерімен бірге қатысып, мектеп дәрежесін биіктерден көрінуіне өз септігін тигізді.

Өз  ортасына беделді, адамгершілігі мол, тазалыққа жаны құмар, тәртіпті сақтайтын, құлшыныспен жұмыс істейтін ұстаз болған. 2007 жылы мектепте педагог –психолог болып жұмыс істеді. Әріптестерімен тез тіл табысатын, талапты жоғары қоятын, шығармашыл  жан болған. Еңбек жолында мектеп директоры тарапынан  «Еңбек үздігі» марапатына ие болған. Маржан, ұстаздық еңбек жолында көптеген шәкіртттерге өз ақыл-кеңесін беруге аянбаған, олардың өмірде адам болып қалыптасуына өз септігін тигізген қайталанбас дара тұлға.

 

20180219_221333.jpg

Сарыағаш шипажайында дем алып жүрген кез

 

20180219_221202.jpg

 

 

 

Тұрышов Мұратбек

  

20180219_230358.jpg

Тұрышов Мұратбек 1949 жылдың 22 наурызында дүниеге келген. Қызылорда облысындағы Терең Өзен ауылында туып өсті. 1950 жылы осы ауданға көшіп келген. 1956 жылы «Бірлік» орта мектебінде 1 класты оқып осы мектепте 1966 жылы он жылдықты ойдағыдай бітірді. 1968 жылы Шымкент мемлекеттік пед институдында физика-математика факультетін бітіріп, содан бері «Бірлік» орта мектебінде еңбек етті. Мектепте комсомол комитетінің секретеры болып, физика кабинетін жасау ісін жолға қойған. Бірнеше нагрода сыйлықтары бар. 1994 жылы 11 мамырда кенеттен қайтыс болды. 

    

 

Құлымбетов Ербосын

20180219_230341.jpg

Құлымбетов Ербосын Жұмасейітұлы 1953 жылдың қараша айының 2 ші жұлдызында бұрынғы Ворошилов колхозында дүниеге келді. 1961 жылы «Бірлік» орта мектебінің  1-ші сыныбына оқуға келді. Осы жылы Жетісай қаласына педколлежге дене шынықтыру факультетіне оқуға түсті. Осы оқуды 1974 жылы бітіріп шықты. Өз мамандығы бойынша Шардара ауданы «Көк су» совхозының Саттар Ерубаев атындағы мектепте жұмыс атқарды. Осы жерде жұмыс істеп жүріп көптеген грамоталармен марапатталды. Сонымен ауылға келіп «Бірлік» орта мектебінде көп жылдар бойы еңбек етті. Үлгілі тәртібімен және еңбекқорлығының арқасында көптеген марапаттарға ие болды. Өмірінің соңына дейін өз мамандығы бойынша осы мектепте қызмет етті. Аяулы жар, арқа сүйер әке. 3 қыз, 2 баланың әкесі атанды. 2001 жылы маусым айының 7-нші жұлдызында 48 жасында өмірден озды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Телходжаев Балтабай

 

20180219_230323.jpg

Телходжаев Балтабай Құдайбергенұлы 1942 жылы Мақтаарал ауданы «Ленин жолы» колхозында туылған. 1950 жылы осы «Бірлік» орта мектебінің 1 класына барды. Осы мектепті 1960 жылы бітірген. 1961-1963 жылы «Ленин жолы» колхозында жұмыс істеген. 1963 жылы Шымкент педагогика иниститудына оқуға түсіп, 1968 жылы толық курсын бітірген. 1963 жылдан бері осы «Бірлік» орта мектебінде жұмыс істеген.Телходжаев Балтабай Құдайбергенович 26.12.1942ж - 7.11.2001ж

1. 1959 ж 9.01 Буденный атындағы орта мектебінде пионервожатый

2. 1963 ж 08.12 Аталған қызметтен өз еркімен босатылды.

3. 1963 ж 09.03 «Бірлік» орта мектебіне аға пионервожатый болып қабылданған.

4. 1964 ж 09.11 Жоғары сыныптардың математика пән мұғалімі болып тағайындалды.

5. 1966 ж 12.09 «Бірлік» орта мектебінің жанынан құрылған кешкі мектептің директоры болып тағайындалған.

6. 1969 ж 08.08 Аталған жұмыстан өз еркімен босатылған.

7.1969 ж 15.08 «Абай» орта мектебінде 5-10 сыныптардың физика-матеметика пән мұғалімі.

8. 1971 ж 03.01 Отбасы жағдайына байланысты «Абай» мектебінен өз еркімен босатады.

9. 1971 ж 03.12 Аға бугалтердің орынбасары етіп тағайындалды.

10. 1971 ж 09.01 Өз еркімен босатылған.

11. 1971 ж 09.01 «Бірлік» орта мектебі директорының оқу ісі орынбасары болып тағайындалды.

 

 

  Арыстанов Жаңбырбай 

 

20180219_230445.jpg

Арыстанов Жаңбырбай 1939 жылы 12 сәуірде дүниеге келген. 1958 жылы Вревский ауыл шаруашылық техникумын бітіргеннен кейін  мұғалімдік қызметті бастады. 1965 жылы Ташкент педагогика иниститутын бітірген. Осы «Бірлік» мектебінде 1967 жылдан бастап, күні бүгінге дейін жұмыс істеп келеді. Қазір бастауыш сыныптарға еңбек және сурет сабағынан береді. Қазіргі тұратын мекен-жайы колхоз Сұлтанбек Қожанов атындағы ұжымшарда тұрады. Қазіргі буын ағалары болып есептеледі. Бұл ағай осы «Бірлік» орта мектебіне еңбегі сіңген ағайлардың бірі болып есептеледі.

   Тұрсынмұратова Мария

 

 

Тұрсынмұратова Мария Муфтуллайқызы 1948 жылы Чардара қаласында дүниеге келген. 10 жылдық мектепті бітірген соң орыс тілі және әдебиет мамандығымен 1965 жылы Сырдария иниститутында оқыды. 1970 жылы бітіріп шыққан соң Чардарада 2 жыл мұғалімдік жұмысын атқарады. 1972 жылдан бастап «Бірлік» мектебінде мұғалімдік жұмысын атқарды. Осы мектептің ең сүйікті ұстазы еді. Екі ай бойы ауыр науқастан 1994 жылы наурыз айында дүние салды.

 

     

Сатқараева Сапаркүл

 

Сатқараева Сапаркүл Есимхановна 1952 жылы 21 ақпанда, Оңтүстік Қазақстан облысы,. Мақтаарал ауданы, Бірлік с\с, Интернационал колхозында дүниеге келген.

1960-1970 жылдары «Бірлік» орта мектебінде оқыған.

1970 жылы Джетысай педагогикалық училищені «бастауыш сыныптар мұғалімі» мамандығымен бітіріп шыққан.

1977-1978 жылдары В.И.Ленин атындағы балабақша тәрбиешісі болып қызмет еткен.

1978-1990 жылдар аралығында З.М.Бабур атындағы мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген.

1990 жылдан «Бірлік» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

2000-2003 жылдан «Бірлік» орта мектебі директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары.

2004 жылы жоғарғы санатты бастауыш сынып мұғалімі лауазымы берілді.

02.02.1993 жылы «бастауыш сыныптарда оқу-тәрбие ісін жандандырып, халық педагогикасын уағыздап, сабақтарын жоғары дәрежеде өткізіп жүргені үшін» аудандық білім бөлімінің алғысы жарияланды.

01.06.1993 жылы «Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу ісіндегі жемісті еңбегі және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін» Қазақ ССР халыққа білім беру және ғылыми қызметкерлер кәсіподағы тарапынан «Білім озаты» медальімен марапатталған. 

 

 

 

20180219_230427.jpg

 

 

 

Танабаева Құмаркүл Ұлықбекқызы

 

20180219_204059.jpg

Танабаева Құмаркүл Сырдария облысы, Сырдария ауданының к/з Ахынбаевта 1950 жылы ақпанның 20-на дүниеге келген. 7 жасқа дейін ата-анасының тәрбиесінде болған. 1957 жылы Сырдария ауданындағы орта мектепте оқыды. Содан олар отбасымен 1966 жылы сол жылы қатты үскірік аяз болған жыл еді. Киров ауданының с/х Қырық жылдықтың 5-нші бөліміне көшіп келген. Сол жердегі орта мектепті 1968 жылы бітірді. Сөйтіп, сол жылы Сырдария облысының «Сырдария педогогика»институдына математика факультеті бойынша оқуға түседі. Ол оқуды қызыл дипломмен бітіреді. 1971 жылы жоғарыда айтылған оқуды бітіріп, Жетісай ауданының с/з «Ленин жолы» Надежда орта мектебіне матеметика пәні мұғалімі болып жұмысқа тұрды. Сол жылы КПСС партиясына мүше болып қабылданды. Содан 1974 жылы Мақтаарал ауданының «Бірлік» с/о-нің к/з «Ленин жолының» тұрғыны Тлеубаев Абілқасым Сапарбайұлына тұрмысқа шықты. Сол жылы яғни 1979 жылы «Бірлік» орта мектебіне математика пәні мұғалімі болып қабылданды. Құмаркүл апай сол жерде бар күш-жігерін аямай халыққа көрсетті. Қосымша парторг қызметінде Ленин жолы колхозында атқарды. Өзінің білімді, өткір, қажымас қайратының арқасында «Мақтарал» газетіне мақалалары шығатын. Тастаева Құмаркүл апайдың 85 мадақтамалары болған. Құмаркүл апайдың қойын блокноты үнемі толып кеткен партия жиналысының VII сьязд, V I сьязд XII сьязд тапсырмалары мен міндеттері болатын. Құмаркүл апайға әр жылы 8 наурыз мерекесіне Москвадан хат келетін. Оны жіберген оқушысы Арсланов Асқар болатын. Бұл апайдың оқушылары үлкен  лауазымды жұмыстарда істейтін.

          Танабаева Құмаркүл Ұлықбекқызы 1997 жылдың 20 шілдеде өмірден озды.


20180219_214539.jpg

 

20180219_214310.jpg

 

 

Зейнеттегі ұстаздар

 

Қайдағы жолсыз қиынға

Қажымай бардың қайратпен

Қарызың ұстаз ойымда

Қалаулы нем бар саған тең?

 

  «Бірлік» орта мектебінің ең алғашқы директоры Торыбаев Захан (Зарлыхан)

 

20180219_230507.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданының «Октябрь» (қазіргі Жамбыл ауыл әкімшілігі) колхозында малшы – шаруа жанұясында  1936 жылы 9 мамырында дүниеге келді. 1-4 сыныпты «Октябрь» бастауыш мектебінде (қазіргі 117 мектеп) Атакенттегі қазақ орта мектепті бітірген.

1956-1958 жылдары бастауыш мектеп мұғалімі, 1958-1963 жылдары Алматы қаласындағы қазақ мемлекеттік университетінің студенті, 1963-1964 жылдары Мақтаарал аудандық комсомол камитетінде «мектептер» бөлімінің басшысы, 1964-1968 жылдары Свердлов (қазіргі О. Бабышев) атындағы мектеп директорының орынбасары, 1968-1970 жылдары Мақтаарал аудандық партия камитетінде жауапты қызметкер, 1970-1980 жылдары «Бірлік» орта мектеп директоры, 1980-1996 жылдары әр түрлі деңгейдегі партия, кеңес, әкімшілік қызметтерінде болып, 1996 жылдан бері зейнеткерлік демалыста.

 Республикалық, облыстық, аудандық, салалық министрлерінің мақтау қағаздарымен марапатталған.  Тыл ардагері, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының халық ағарту қызметінің озат қызметкері.   

 

 

 

 

 

 

 

 

Беркимбаев Ергеш

 

20180219_230530.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ергеш Мырзабаевич Беркимбаев  20.06.1935 жылы дүниеге келген.  Ұлты қазақ. 1955 жылы Шымкент мемлекеттік педагогикалық институдына түсіп, 1960 жылы физика-математика-сызу факультетін жоғары білім мамандығы бойынша бітірді. 1960 жылы 10 тамызда «Бірлік» жалпы орта мектебіне мұғалім болып орналасады. 1963 жылы 20 тамызда «Бірлік» орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқара бастады. 1966 жылы Свердлов атындағы сегіз жылдық мектепке директор болып тағайындалады. 1967 жылы 13 қаңтарда «Бірлік» орта мектебіне директор болып келеді. 1970 эылы Свердлов атындағы орта мектепке бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі қызметіне орналасады. Осы қызметті 1999 жылға дейін атқарып, ал қазір зейнеткерлікке шыққан.

Ергеш Мырзабаевич Беркимбаев – ұстаздық еткен жылдары өз ісін абырой- мен атқарды. Қарамағындағы ұстаздарға жол көрсетіп,  ақыл-кеңестерін аяма- ған кісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   Оспанов Жоламан

 

20180219_230618.jpg

Оспанов Жоламан 1941 жылы Мақтаарал ауданы «Ленин жолы» колхозында дүниеге келген. 1959 жылы осы колхоздағы «Бірлік» орта мектебін жақсы бітіріп, Шымкент педагогика иниститудына оқуға түседі. Аталған иниституттың физика және жалпы техникалық факультетін 1964 жылы бітіріп, «Бірлік» орта мектебіне физика пәнінен сабақ берген. Жоламан сабақ беру үшін үнемі ізденіп, тынымсыз еңбек етеді. Оспанов Жоламан мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқандардың бірі болған.   

 

 

Жолдасбеков Орынбасар

 

20180219_230648.jpg

Жолдасбеков Орынбасар Молдабайұлы 1942 жылы 3 майда туылған. 1958 жылы «Бірлік» орта мектебін бітіріп, 1963 жылы Шымкент педагогика иниститудын физика- математика факультетін математика мамандығы бойынша бітірген. 1963 жылдан бастап осы «Бірлік» орта мектебінде жұмыс істеген. 1963-1965 жылдары Армия қатарында қызмет етті. Әскери атағы запастағы капитан. 1989 жылы КСРО халық ағарту ісінің үздігі, 1994 жылы жоғары сынақтағы ұстаз атақтары бар.

 

Бейсенов Серікбай

 

20180219_230723.jpg

Бейсенов Серікбай 1947 жылы 9 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров ауданы, «Большивик» совхозында дүниеге келді.

1965 жылы орта мектепті бітірген. 1965-1969 жылдары Шымкент педагогикалық институтында оқып, аяқтады.

1969-1670 жылдары Түркістан қаласындағы С.Ерубаев атындағы мектепте ұстаздық қызметін атқарған.

1971-1973 жылдары Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Түркістан сов- хозындағы Ғ.Мұратбаев атындағы мектепте тарих пәнінен сабақ берген.

1973-1975 жылдары Жаңақорған аудандық комсомол комитетінің хатшысы болып тағайындалды.

          1975-1978 жылдары партия, кәсіподақ комитеттерінде қызмет атқарған.

1979-1980 жылдары Мақтаарал аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып қызмет атқарды.

1980-2010 жылдары осы Мақтаарал ауданындағы «Бірлік» орта мектебінде директор болып қызмет атқарды.

Қазір зейнеткер. 1 ұл, 5 қыз баланы тәрбиелеп, өсіріп, бірнеше немерелері нің шуағына бөленген бақытты қариялардың бірі.

Аудандық, облыстық білім бөлімдерінің және облыстық мәслихаттың грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталды.

«Бірлік» ауылдық кеңесінің депутаты болды.

 

 

 

 Аманқұлова Әзиза

 

20180219_230753.jpg

Аманқұлова Әзиза Жақсылыққызы 1949 жылы 27 қазанда дүниеге келген. 1956 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1966 жылы оқу жылдарын аяқтаған. Шымкент қаласындағы педагогикалық институтының «математика» факультетін бітірген. 1970 жылы «Соңқырылов» ауылындағы «Панфилов» орта мектепте ұстаздық жолын бастаған. 1972 жылдан бастап «Бірлік» орта мектебінде «математика» пәнінен сабақ беріп, сол жерде зейнетке шыққан. 

 

  

20180219_230808.jpg

Мырзаева Хадиша

Мырзаева Хадиша 1942 жылы қаңтардың 10-шы жұлдызы күні  Оңтүстік Қазақстан облысы, «Большевик» елді мекенінде дүниеге келген. «Победа» орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 1959 жылы бітірді. «Сырдария» педагогикалық институтына 1968 жылы түсіп, 1972 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірді.

1973 жылдан бастап, «Бірлік» жалпы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. Аталмыш мектеп ұжымында 32 жыл ұстаздық қызмет атқарып, 8 бастауыш сынып түлектерін білім нәрімен сусындатты. Өзінің еңбек жолында республика, облыс, аудан көлемінде «Құрмет» грамоталарымен және Қазақстан Республикасының «Озық қызметкері» деген медальдармен марапатталған. 1996 жылдан бастап зейнеткерлік демалыста. Қазіргі таңда бес қыз, бір ұл тәрбиелеп, олардан жиырма үш немере, үш шөбере сүйіп отыр.

20180219_230831.jpg

20180219_231714.jpg

2 – түлектері 1986 жылы бітірген

 

 

20180219_231633.jpg

3 түлектері 1989 жылы мектепті бітіргендер

20180219_231839.jpg

4 – түлектері 1992 жылы бітірген

20180219_231539.jpg                           5 – түлектері 1995 жылы бітірген оқушылар

 

 

20180219_231607.jpg

               6 – түлектері 1998 жылы бітірген оқушыла

 

Сариев Жақсылық

Сариев Жақсылық Қалдыбайұлы 1952 жылы 30 қарашада дүниеге келген. Балалық шағы осы Мақтаарал ауданында өткен. 1970 жылы Қызылорда қаласындағы Гоголь атындағы пед институтының физика факультетіне оқуға түсіп, 1974 жылы бітірді.

1974 жылы Киров ауданындағы «Сакко-ванцентти» атындағы орта мектепте оқу ісінің меңгерушісі болып жұмысқа қабылданды.

1975-1976 жылдары Армияға шақырылып, Украинада 1 жыл болған.

1976 жылы Свердлов атындағы мектепте директордың  тәрбие жөніндегі орынбасары болып қызмет еткен.

1985 жылы аудандағы спорт мектебін басқарды.

1987 жылы «Б.Момышұлы» атындағы орта мектепте директор болып жұмыс істеген.

2001 жылы «Бірлік» орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасыры болып еңбек етті.

Еңбек өтілі 37 жыл.

2015 жылы зейнеткерлікке шыққан. Қазір құрметті демалыста.

20180219_231736.jpg

 

Абдиева Бибігүл

Абдиева Бибігүл Қожахметқызы 1953 жылы 10 наурызда дүниеге келген. Балалық шағы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында өткен.

1970 жылы Қызылорда қаласындағы «Гоголь» атындағы пед институттың математика бөліміне оқуға түскен.

1974 жылы бітіріп шықты.

 Киров ауданындағы «Сакко и Ванцетти» атындағы орта мектепте математика пәнінің оқытушысы болып қабылданды.

1982 жылы «Бірлік» орта мектебіне бастауыш сынып оқытушысы болып   жұмысқа қабылданды.   

1996 жылға дейін бастауыш сыныптардың сынып жетекшісі болып жұмыс істеді.

1996 жылдан 2011 жылға дейін жоғарғы сыныптарға математика пәнінен сабақ берді.

 Осы еңбек жолдарында аудан көлемінде , облыс көлемінде алған мақтау қағаздары бар. Республиканың , оқу бөлімінің мақтау қағаздарын алған.

 Отбасында 6 перзенттің анасы.

 

20180219_223129.jpg

20180219_222926.jpg

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ізденіс жұмыс "Бірлік мектебінің тарихы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мектебіміздің алғашқы тарихы

«Бірлік» бастауыш мектебі болып, ең алғаш 1926 жылы ұйымдастырылды.

Онда оқитын баланы жинау, мұғалім табу ісі оңайға түспеді. Бірақ жыл өткен сайын балаларға білім беру ісі жолға қойылды. 1933 жылдан бастап осында мұғалім болып істеген Хамза Әминовтың есімін алуға болады. Хамза Жамбыл қаласындағы пеедогогикалық училищесін бітіргеннен кейін «Бірлік» мектебіне келді. Хамза мектепке келген бойда ұйымдастыру ісімен айналысты. Себебі: 7-нші сыныпты былай қойғанда 6-ншы сыныпта оқитын баланың өзі

жетіспейтін. Ол мектеп жанынан интернат ұйымдастырды. Әминов Хамза

ұйымдастыру жұмысының жүзеге асуы «Бірлік» мектебі жеті жылдық мектепке

айналды. Кеңес одағының батыры атағын алған және «Бірлік» мектебін бітірген

Жолдыбай Нұрлыбаев т.б. атаққа ие болған қаншама уақыт өткен сайын тәрбие

жұмысы қолға алынып, білім беру жолдары жанданды. Біздің мектеп яғни

«Бірлік» орта мектебі 1975 жылы салынып, 1978 жылы бітті. Содан «Бірлік» мектебіне Торыбаев Захан директор болып сайланды.

Содан кейін 1980 жылы Бейсенов Серікбай директор болып сайланды. Біздің мектептің алғашқы ұстаздары: Әлиев Халықберген – бастауыш, Аминов Хамза – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ берді. Кемелов Шәйбек математика пәні бойынша сабақ берді. Сержанов Жамал биология пәні бойынша сабақ берген. Ғармфунила Минажар – бастауыш, Иса Әділов – қазақ тілі, қазақ әдебиеті бойынша сабақ берген. Мәмбетов Нәлібай – бастауыш, қазір

мұғалімдер 60 шақты, оқушылар 700-ден асады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 772 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2018 1178
    • DOCX 5.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тулеманова Асем Ережеповна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тулеманова Асем Ережеповна
    Тулеманова Асем Ережеповна
    • На сайте: 6 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6808
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологические основы профессиональной деятельности педагога-психолога

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе