Инфоурок Школьному психологу Рабочие программы"Ізгілік іздеп келемін" қалалық семинардағы тренинг

"Ізгілік іздеп келемін" қалалық семинардағы тренинг

Скачать материал

Тренинг  тақырыбы: "Ізгілік іздеп келемін"

Мақсаты: ұстаздардың өмірдегі құндылықтарын, мақсаттарын түсінуге көмектесу, жаңашылдыққа,іздемпаздыққа, инновациялық  әдіс тәсілдерді тәжірибелеріне  еңгізе отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.                                                                                                       Міндеттері: Жаңа  қоғамдағы  адамгершілік, патриотизм және ұлттық педагогиканың  ұйытқысы  ретінде  нәтижеге  бағытталған  білім беру іскерліктерін дамыту.

- Мұғалімдердің  эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, топтасып жұмыс істеу  жүйесін әрі  қарай дамыту; 

- ұстаздардың  өз кәсібіне деген ынтасын арттыру 

Нақыл сөздер:

Шамаң келсе, ізгілік істе, ізгілік пен әділдік өлмейді.      Сайф Сараи

Адамдарға қалай болса да көмек келтіретін ой мен іс –ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе.      М. Жұмабаев

         Дәйексөз.«Өмір- теңіз, онда жүзем демеңіз,Ізгіліктен жасалмас кемеңіз»

         Барысы:

1-жүргізуші: Сәуле апай. «Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын,белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек», - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай білім берудің шынайы мақсаты адамға белгілі бір білімді үйретіп қоймай, сонымен қатар әрбір шәкірттің рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту екені баршамызға мәлім.Ендеше бүгінгі "Ізгілік іздеп келемін" атты тренингімізге қош келіпсіздер.      

2-жүргізуші: Фариза .Жанында жүрген жандардың қуанышын бөлісіп, қиындығына ортақтаса алатын адамның іс-әрекетінде ізгіліктің негізі жатады. Жақсылық жасай білген адамның ішкі жан дүниесі таза, сезімі сергек болады. Ондай адамдар әр істе көрегендік таныта біледі. Рақым, қанағат, әділдік және қайырымдылықпен жасаған жақсылығының жемісін, рақатын көреді. Тілегі мен жүрегі үндестікте болған адамның руханилық қуаты арта түседі.

1.Өзіңді тереңірек тани біл. СЕРГІТУ СӘТІ.

Таңдаған  жеміс-жидектерден  өзіңізге  ұнайтын  себебін  түсіндіріңіз.

Кілті: Қарбызды ұнататындар орнықты  адамдар.  Олар  шиеленіске,  жанжал,  дау-дамайға  бара  бермейді.  Еш  уақытта,  еш  нәрсеге  шағымданбайды.  Тұрмыс  пен  көңіл- күйін   тек  қана  өз  күшімен  жақсартуға  ден  қояды. Отбасында  да  үлгілі,  артық  ауыз  сөзі  жоқ.  Кейде  табандылық  жағы  ғана  жетіспейді.

Шиені   ұнатсаңыз,  мінезіңіз  жұмсақ,  кішіпейілсіз.  Өзгеге  қуаныш  пен  жақсылық  жасау  үшін  кейде  өзіңізге  зиян  келтіріп  алуыңыз  мүмкін.  Өтірік - өсек  сөзге  жоқсыз,  әсіресе  анекдоттарды  ұнатасыз.  Ал  махаббат  жөнінде  сәби  тәріздессіз,  сізді  оп-оңай  өкпелете  салуға  болады.

Қара  өрікті  ұнататындар  өз  атына  айтылған  сынды  көтере  алмайтындар.  Олармен  достық,  жолдастық  қарым-қатынас орнату  да  қиын  болады.  Бойыңызда  менмендік  қасиет   басымдау.

Шабдалыны   ұнататын  адамдар  көпшіл,  кез  келген  адамдармен  тіл   табыса  алатын,  ашық,  жарқын  болып  келеді.  Сізден  сыпайылық  пен  мәдениетті  адамның  белгілері  айқын  аңғарылып  тұрады.  Тек  бір   кемшілігіңіз - қиындықтарды  ауыр  көтересіз,  кейде  оларды  жеңуге  дәрменсіздік  танытасыз.

Жүзімді  ұнататындар  өзінің  де,  өзгенің  де  сырын  сақтай  білетіндер. Бірақ  мұндай  тұйықтық,  кейде  шектен  асып  кетеді.  Сіз  мақсатты   нақты  қоя  аласыз,  бірақ  сол  мақсатқа  жету  үшін  жігерлілік,   батырлық  керек. 

Құлпынайды  ұнатсаңыз,  сіз  қонақжай  адамсыз.  Адамдармен  тез  тіл  табыса  аласыз.   Сізге  сыпайылылық  тән,  талғамыңыз  нәзік.  Ешкімге  тәуелді   емессіз.  Дегенмен,  қызғаншақтығыңыз  да  жоқ  емес. 

Сіз  алманы өте  ұнататын  болсаңыз,  жігерлі,  бірақ  аздап  ескі  көзқарастағы  адамсыз.  Өз  бастығыңызға  берілгенсіз,  оның  қандай  тапсырмасын  болса  да,  жан  сала тиянақты  атқаруға  тырысасыз.  Аздап  ақынжанды,  өз-өзіңізге  риза  адамсыз. 

Шығармашылық тапсырма. "Құндылық" ағашын құрастыру.

1.Ақиқат

2.Сүйіспеншілік

3.Дұрыс әрекет

4.Ішкі тыныштық

5.Қиянат жасамау.

2-Жүргізуші: Фариза .Ізгілік  адамның өзіне және  өзгелерге жасаған жақсы игі істері. Ізгілікке тән мейірімділік, сүйіспеншілік ,сыйластық, қайырымдылық сияқты қасиеттер адамды тек жақсылыққа жеткізетінін бәріміз білеміз. Сол себепті бойымыздағы басты құндылықты жоғалтпай ,тек дұрыс әрекет жасап, сүйіспеншілік пен ақиқат жолында , адамгершілік пен ізгілік арқасында ішкі тыныштығымызды орната білейік.

Рефлексия.

1. Ұстаз бен шәкірттің  қарым-қатынасының  бастауы  не  деп  ойлайсыз?

2. Инабаттылық тәрбиеден бе,алде  туа  біткен қасиет пе?

3. Қандай қасиеттер адамды ізгілікке жетелейді?

4. Ізгілікті қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіздер?

5. Бүгінгі  өткізіліп отырған семинардан қандай ізгі ойлар мен жағымды әсер алдыңыз.

6. Оқушы өз үлгеріміне,қабілетіне көңілі толмай және жаңа тақырыпты дұрыс түсіне алмай сізге : "Ұстаз,мен келешекте жақсы оқып,сыныптағы басқа балалардан озады деп ойлайсыз ба?"-деп сұрақ қойса,сіз қалай жауап берер едіңіз?

7.  Сіз дарынды балалармен жұмыс жасауда қазіргі заманғы әдістер мен оның түрлерін сабағыңызда жиі қолданасыз ба?

8.  Бала  үшін  мұғалім мен  ата-ана  арасында   қандай  қарым-қатынас болу  керек?

9.Жаңа формациядағы педагог дегеніміз  кім?

10.Мұғалімдік жұмысқа қалай келдіңіз және өзіңіздің мамандығыңызбен мақтана аласыз ба?

         Қорытынды.1-Жүргізуші: Сәуле.  Адам қолымен жасалған игі істің бәрі -оның ақыл- ойымен жүрек   жылуының көрнісі.Қандай іске болсын адамгершілікпен қарап, өзгелерге қайырымдылық көрсете білген адамның мәртебесі қашан да биік болады. Біз ізгілік туралы сөздерді жалаң айтпай, оны іс жүзінде көрсете білуіміз тиіс. Жақсылық істеуден жалықпайық, істеген жақсылығымызға  өкінбейік.   Ізгі ниет, ақ көңілмен жасаған ізгіліктің ізі бар екенін еске сақтайық. Ізгілік пайда үшін емес, адамдардың қуанышы үшін жасалады.

         2-Жүргізуші - Фариза . Рухани бай, ары таза, адамшылық қасиеттерді бойына сіңірген мемлекетіміздің тірегі болашақ азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің үлесімізде, осы күрделі де, игілікті істерде табысқа жете білейік.

Рухани жаңғыру бағытында  ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жасөспірімдерге  білім беру мен тәрбиелеуде жұмыстарыңызда  толайғай табыстар мен шығармашылық жетістіктер  көп болсын.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Ізгілік іздеп келемін" қалалық семинардағы тренинг"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 494 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2018 1566
    • DOCX 16.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сарманова Лаззат Сануаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сарманова Лаззат Сануаровна
    Сарманова Лаззат Сануаровна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 125939
    • Всего материалов: 38

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Основы медицинской психологии в деятельности педагога-психолога

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс повышения квалификации

Психологическая помощь при тревожных расстройствах

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 274 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 242 человека

Курс повышения квалификации

Семейная психология

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 271 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Медико-педагогические аспекты обучения и тренировки

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе