Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / "І.Жансүгіров. "Күйші" поэмасы" тақырыбындағы ашық сабақ жоспары

"І.Жансүгіров. "Күйші" поэмасы" тақырыбындағы ашық сабақ жоспары



  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


Мект

_______

«Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин орта мектебі» ММ

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Оразалы Перузаның 9«Ә»

сыныбына арналған қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімдік жоспары



7-апта

11.04.2015ж.

4-сабақ

Сабақтың аты

І.Жансүгіров «Күйші» поэмасы

Ресурстар

Таратпа материалдар, интерактивті тақта,оқулық


Сабақтың міндеті

-Тақырып тұжырымдамасын оқушылардың түсінуі;

-Сабақ сатыларына арналған сұрақтар көмегі арқылы талқылау;

-Ойлы тұжырым жасауға мүмкіндік беру.

Сабақтың мақсаты

І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының тақырыбы мен идеясын ашу,талдау

Күтілетін нәтижесі

І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының тақырыбы мен идеясын ашады,талдайды.

Негізгі идеялар

Қалай оқу керектігін үйрету. Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін құру

Топқа бөлу

«Жаңылтпаш», «Ертегі», «Мақал-мәтел» атты үш топқа бөлемін

Тапсырмалар көздері

Қызығушылығын ояту. –Бұл қандай аспап? Бұл аспаппен қандай шығармаларды орындауға болады? 2-модуль.Сыни тұрғыдан ойлау.



1 –тапсырма:

Топтық жұмыс.Шығарманың мазмұнын талдау.Шығармашылық жоспар құру.

1- модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2- тапсырма: Жұптық жұмыс.Танымдық сұрақтар



1-модуль.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Диалогтық оқыту.

2- модуль. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.


Сергіту сәті

«Жасырын сөз» ойыны




3-тапсырма.Шығармадан тауып оқы.



1-модуль.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Диалогтық оқыту.


4- тапсырма. Шығарманың тақырыбы,идеясы,тіл ерекшелігін талдау.

2- модуль.Сын тұрғысынан ойлау

5 –тапсырма .Слайд.

1-шумақ өлең шығару

4- модуль . АКТ.

2- модуль. Сын тұрғысынан ойлау. Талқылау.5-модуль.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Кейінгі тапсырма

«Күй күшті тау-тасты бұзатұғын» эссе жазып келу

Бағалау

Қалыптастырушы бағалау: өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, мұғалімнің бағалауы. Жиынтық бағалау

Рефлексия

-Бүгінгі сабақтан не түсіндік? -Сабақ сіздерге ұнады ма?

-Сабақта не ұғындыңдар?

















































Ойлауды жіктеу

Мақсат

Тапсырма, сұрақ қою, түрткі

Нәтиже

Модуль

дер мен уақыты

Білу,түсіну

Шығарма мазмұнын білу,

шығарманың композициялық құрылымын құру

І топ.1.Оқиғаның басталуы. 2.Оқиғаның байланысы

ІІ топ. 1.Оқиғаның дамуы. 2.Оқиғаның шиеленісуі.

ІІІ топ. 1.Оқиғаның шарықтау шегі. 2.Оқиғаның шешімі.

Шығарма мазмұнын білді.

1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

3-минут


Қолдану

Танымдық сұрақтар

Жұптық жұмыс. 1.Күйшінің қызға деген көңілі неге өзгерді? 2.Қыздың сезімталдығы қандай әрекетінен көрінеді? 3.Қыз күйшіге неге бостандық берді? 4.Қарашаш әрекетіне баға бер. 5.Поэмадағы күй аттарын ата. 6.Күй әуенінің түрлерін ата.


Алған

білімін

танымдық сұрақтарға жауап беруде

қолдана

алады

1-модуль Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2-модуль Сын тұрғысынан ойлау.

10-минут


Талдау

Шығармадан үзіндіні тауып,мәнерлеп оқу

Шығармадан тауып оқы. І-топ.1.Поэмадан күйшінің хан ордасында өнер көрсетіп отырған тұсын тауып оқы. 2.Қарашаштың ханнан күйшіні сұраған тұсын тауып оқы. ІІ-топ.1.Поэмадан күйшінің бейнесін тауып оқы. 2.Күйшінің қызға деген сезімінің өзгерген тұсын тауып оқы. ІІІ-топ.1.Күйшіге деген қыз сезімі көрінетін сәтін тауып оқы. 2.Қарашаштың күйшіге мейірімі түсіп, үйіне қайтуға рұқсат берген тұсын тауып оқы. 1-модуль.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.Диалогтық оқыту.

Шығарманың негізгі оқиғаларын бір-бірінен ажырата біледі

1-модуль Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.



7-минут


Жинақтау

Өтілген материалды қаншалықты меңгергенін көрсету

Шығарманың тақырыбы,идеясы,тіл ерекшелігін талдау.

Ойланып

ізденеді, алған білімін жинақтайды.

2-модуль Сын тұрғысынан ойлау.





5-минут

Бағалау

Өзінің тарауды меңгеру дәрежесін бағалай білу

5 –тапсырма. 4- модуль . АКТ. Слайд.

1-шумақ өлең шығару

2- модуль. Сын тұрғысынан ойлау. Талқылау.

5-модуль.Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Тарауды меңгерудегі өз дәрежесін білді.

2-модуль Сын тұрғысынан ойлау.

5-модуль Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Рефлек

сия

Осы тарау бойынша өз білімін бағалау

Бағдаршам арқылы



Бір-бірін бағалай білу

3-модуль.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.


Үйге тапсырма

Сөздік қорын кеңейту.

«Күй күшті тау-тасты бұзатұғын» эссе жазу


Алған білімін пайдалана, қолдана біледі

1-модуль.

Қалай оқу керектігін үйрету.








Мұғалімнің 4 сабағын талдауы

Төртінші сабағымның тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Күйші» поэмасы

Мақсаты: І.Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының тақырыбы мен идеясын ашу,талдау.Бұл сабағымды Блум таксономиясы бойынша өткіздім.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларға үйге ақынның «Күйші» поэмасының мазмұнымен танысып келу тапсырылған болатын. Үй тапсырмасына қатысты шолу сұрақтарын қойдым: –Поэманың авторы кім? «Күйші» поэмасының кейіпкерлерін атаңдар. Поэма оқиғасы кім жайында? Не туралы? Оқушылардың үйден поэма мазмұнымен танысып келгендігі байқалды, олар шолу сұрақтарға жауап беріп отырды. Өтілген тақырыпты еске түсіру мақсатында -Ілияс кім?-деген сұрақты толықтырып, топтастыру стратегиясы бойынша жазып шықты. Сыныпты «Жаңылтпаш», «Ертегі», «Мақал-мәтел» атты үш топқа бөлдім.Сынып оқушылары үш топқа шапшаң бөлініп, өз орындарына орналасып жатты.Бұрынғы сабақтарға қарағанда,оқушылардан жинақылық байқадым.Бұдан түйгенім – өткен сабақтардан балалар топқа бөлінуді үйренгені,оларда өзгеріс жүріп жатқаны.Балаларға бағалау бетшелерін тараттым. Әр топ өз басшысын сайлады. Менің байқағаным алдыңғы сабақтарға қарағанда ,мұнда топ мүшелері бір – бірінің кемшіліктерін толтырып, тапсырманы уақытты үнемдеп, шапшаң орындады.

1–тапсырма: Шығарма мазмұнын білу,

шығарманың композициялық құрылымын құру. І топ.1.Оқиғаның басталуы. 2.Оқиғаның байланысы

ІІ топ. 1.Оқиғаның дамуы. 2.Оқиғаның шиеленісуі.

ІІІ топ. 1.Оқиғаның шарықтау шегі. 2.Оқиғаның шешімі.

Тапсырманы орындау барысында мынадай сұрақтар арқылы оқушылар шығарма құрылысына жоспар құрды: -Поэманың оқиғасы қалай басталды?-Бұдан әрі оқиға қалай байланысты? –Оқиға одан әрі қалай өрбіді,яғни дамыды? Бұл кезеңде 1-топтан бақылауымдағы оқушы М.М мен Ж.Б. жақсы жауап берсе, 2-топтан З.М. мен Ә.Р. шығарманың құрылысын түсіндіріп,толық жауап берді, 3-топтан Қ.Қ. мен С.А. өздерінің түсінгендерін өзгеге ұғынықты қылып,жақсы жеткізе білді. 1-модуль. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2 -тапсырма: Жұптық жұмыс.Танымдық сұрақтар.2- модуль. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.Танымдық сұрақтарға оқушылар жұп-жұбымен жауап іздеп,оны талқылады.Бұл тұста,әрине ынтымақтастық атмосфера қалыптасты,өйткені оқушылар бірбірімен диалогқа түсіп, араларында сөйлеу қарым-қатынасы жүрді.Соның нәтижесінде балалар өз тапсырмаларын жеке-дара емес, жұп болып орындап,нәтижеге жетті.І топтан М.М. мен І.Г. атты оқушылар,ал ІІ топтан З.М. мен Р.Г., келесі ІІІ топтан Қ.Қ. бен Ж.Ж. тапсырмаларына толық жауап берді.

Оқушыларды сергіту мақсатында балаларға «Жасырын сөз» атты сергіту сәтін өткіздім. 5-модуль.АКТ.

3- тапсырма: Шығармадан тауып оқы.І-топ. 1.Поэмадан күйшінің хан ордасында өнер көрсетіп отырған тұсын тауып оқы. 2.Қарашаштың ханнан күйшіні сұраған тұсын тауып оқы.ІІ-топ. 1.Поэмадан күйшінің бейнесін тауып оқы. 2.Күйшінің қызға деген сезімінің өзгерген тұсын тауып оқы. ІІІ-топ.1.Күйшіге деген қыз сезімі көрінетін сәтін тауып оқы.2.Қарашаштың күйшіге мейірімі түсіп, үйіне қайтуға рұқсат берген тұсын тауып оқы.Оқушылар топтық жұмысты орындап,кітаптан үзіндіні тауып,мәнерлеп оқып берді.І топтан М.М. және Ж.Б., ІІ топтан Ә.Р. пен З.М, ІІІ топтан Е.Б. пен Қ.А. сабаққа белсене қатысты.

4-тапсырма. Шығарманың тақырыбы,идеясы,тіл ерекшелігін талдау. 2 модуль.Сын тұрғысынан ойлау.Берілген тапсырма бойынша сыныптың оқушылары поэманың тақырыбы мен идеясын ашты. Мына сұрақтарға жауап іздеді:-Шығарма кім жайында? Кейіпкерлерін ата.Ақынның бұл шығармада айтайын деген ойы қандай? Ақын поэмада нені дәріптеген? Ілияс Жансүгіров шығармада қандай көркемдегіш сөздерді қолданған? Бұл тапсырмада Т.Ү және М.Қ.,Қ.М.,Б.Ж. белсене қатысып,өз жауаптарын мысалдармен түсіндіріп жеткізді. (Тақырыбы: күй өнерінің құдіреті,идеясы: өнерді бағалай білу,кейіпкерлері:Қарашаш,хан,күйші жігіт,Сапақ,т.б.,теңеу:бауырдай,жауындай,жүйрік аттай,шынашақтай,эпитет:ақ орда,зарлы күй,ащы күй,тәтті күй,мұңды күй,градация:ақтарып,лекілдетіп,талдырып,тамшылатып,сығып,сарқып,т.б.) 5-тапсырма.4- модуль .АКТ. Слайд.

1-шумақ өлең шығару

2- модуль. Сын тұрғысынан ойлау.Талқылау. Бұл тапсырмада сыныптың оқушысы Ж.Ж мен З.М. өлең шумағын жазып, өзінің талантын көрсетті. 5-модуль. Талантты және дарынды балаларды оқыту. М.М, З.М, М.Ә-ды талантты деп айтуға болады, сол арада өлеңдерін шығарып,топ мүшелеріне оқытып,белсенділік танытты.З.М-ның жазған бір шумақ өлеңі оқушыларға ұнады:

Толқытады жүрегімді күй менің,

Көрінеді осы өнерде түйгенім.

Қастерлесең қасиетті домбыраны,

Қазағымның күй өнерін сүйгенің.



Сабақты қорытындылау үшін оқушылар өздерін-өздері бағалады. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту, талантты мен дарынды балалар байқалды, яғни, М.М, З.М, С.А. белсенділігі, қызығушылығы, теориялық білімдерінің жақсы екендігі І.Г, М.Ә, Қ.А. байқалып отырды. Қуаныштысы үнемі үндемей отыратын оқушылардың өздерін жақсы қырынан көрсете білгені, оларды марапаттап қойдым. Оқушылар сабақты жақсы түсінгендерін көрсетті.

Үйге тапсырма: «Күй күшті тау-тасты бұзатұғын» эссе жазу

Бағалау «бағдаршам арқылы» жүзеге асты.Оқушылар сабақтан не түгенін стикерге жазып,бағдаршамға жапсырды. Сабақты қорытындылай отырып рефлексия жасадым. Кері байланыста «Осы тарауда нелерді білдің? Нелерді түсінбедің? Сабақтар ұнады ма? »деген сұрақтар қойдым.

Сонымен,бүгінгі сабақта балалар нені түсінді? Қандай нәтижелерге қол жеткіздім?

Тапсырма берілгенде бір – бірін мұқият, шыдамдылықпен тыңдап алып,

тапсырманы орындауға бағыт алды. Пікірлесіп, ортақ бір шешімге келуді білді.

Өз ойларын еркін жеткізуді, әсіресе тақырып

бойынша түсініктерін баяндауды білді. Топтасып жұмыс жасағанда

ешкім оқшауланып қалмайтынын ұғынды.

Сыни тұрғыдан пікірлерін айтуға үйренді,

сабаққа деген қызығушылықтары артты.

Олар бірін –бірі, өзін – өзі бағалай білуге қызықты.

Оқушылардың бұл әрекеттерін өздері ойластырған, жазған ,айтқан сөздерінен байқадым. Бұдан оқушылардың өзгергенін, сабақтарда пайдаланған жеті модульдің ықпалы деп білемін.

- Оқушылар сабаққа түгел белсене қатысып отырды. Өз ойларын еркін жеткізе және пікірталасқа түсе алды. Оқушылардың сөздік қоры молайып, тіл байлығы дамуына көп ықпал етті.

- Бірінің жауабын екіншісі толықтырып, әсіресе диалог жүргізу әсерлі болды.

- Сабақтарға қатысты, оқушылардың белсенділігі әсіресе сілтемелер диалог, сұхбат жүргізу, өз ойларын жеткізе білуі маған ұнады.

- Оқушылардың сабаққа ынтасы ерекше болды. Сілтемелер қолдану, олардың сыни ойлау қабілеттерін , сабаққа қызығушылықтарын арттырады.

Сөз соңында айтарым, маған Бағдарлама қалай әсер етсе, оқушылар да сондай қызығушылық танытты.







Автор
Дата добавления 29.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1543
Номер материала ДВ-206959
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх