Сабақтың мақсаты: Ілияс Жансүгіровтің
өмір жолы мен шығармашылығы туралы мағлұмат алу.
Сабақтың міндеті: Оқушылардың топ болып, жұп болып ынтымақтастықта жұмыс
жасауға дағдылануы. Өзін-өзі бағалауға, құрбы- құрдастарын бағалауға үйрету .(
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Қалай оқу керектігін үйрету. Мақсат пен
міндет қою)
Үшінші сабағымды психологиялық тренингтен бастадым.Оқушылар бір-біріне жақсы
тілек айтады.Менің байқағаным оқушылар алдыңғы сабақтарға қарағанда біршама
төселген,бір-біріне ешқандай қысылмастан шын көңілдерімен тілектерін
жеткізді.Бұл біріншіден сыныпты ұйымшылдыққа баулыды,әрі жақсы
қарым-қатынасқа тәрбиеледі.Көп ортаға шықпайтын С.Б.,Қ.Қ. сынды оқушыларым
ортаға шығып өз тілектерін қысылмастан айтып жеткізіп жатты.Оқушылардың
арасында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты.Сыныппен байланыс орнату үшін -Абайдың
ізін қуған ақындар шығармашылығы неліктен жоғары бағаланады?- деген сұрақ
қойдым.Оқушылар ойланып қалды.Бақылаудағы озат оқушым М.М. өз жауабын айтты.
М.Ә. де өткен тақырыптарды еске түсіріп, себебін түсіндірді.Оқушылар сыни
тұрғыдан ойланып,жақсы жауап берді. Өткен сабақтағы тақырыптармен
салыстырды,еске түсірді.
Сыныптың білім деңгейін анықтау үшін қойған сұрағым: -Оқушылар,сендер
бос уақыттарыңда музыка тыңдайсыңдар ма? Қандай әуен тыңдағанды ұнатасыңдар? Қазақ
халқы күйді неге жоғары бағалайды?т.б.(Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Қалай оқу керектігін үйрету. Оқушы не білетінін анықтау және өрістету.) Оқушылар
білгенінше жауап беріп жатты. Оқушының жауаптарын тыңдап оқушы не
білетіндігін, сабақты түсіндіруде нелерге көңіл бөлу керек екендігін білдім
және оны өрістету жолдарын ойластырдым. Жаңа сабақты түсіндірудің алдында
сабақ міндетіне сай критерий құрдық:
1) Сабаққа
белсенді қатысу
2) Тақырып
мазмұнын толық меңгеру
3) Ақын
өлеңдерін мәнерлеп оқу шеберлігі
4) Тақырыпты
баяндау шеберлігі
5) Тіл
байлығы (Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Қалай
оқу керектігін үйрету. Оқудағы міндеттер мен машықтар.)
Алғашқы тапсырма
жаңа тақырыпты меңгеру,яғни топтарға ДЖИГСО әдісі бойынша "Екеуі
қонақта» тәсілімен тақырыпты бір-біріне түсіндіріп,талқылады.1 тапсырма.1
модуль.Оқытумен оқудағы жаңа тәсілдер. ДЖИГСО. І топ «Ілияс Жансүгіровтің
өмір жолы» ІІ топ «Ілияс –әрі лирик,әрі эпик ақын» ІІІ топ Ілияс дастандары.
Келесі тапсырмада «Сен маған,мен саған» әдісі бойынша оқушылар жаңа тақырып
бойынша бір-біріне сұрақ қойды.1.І.Жансүгіров қашан дүниеге келді.2.Ілияс
қай жылы Мәскеудегі оқу орнын бітірді?3.Ілияс қандай мамандық алып шықты?
4.Ташкент қаласында қандай оқу орнын бітірді?5.Ақынның қандай шығармалары
бар?6.Ақын қандай тақырыптарды қозғаған?
Оқушылар үшін
сұрақ қою үлкен жұмыс болды,өйткені бұл сұрақтардың жауабын өздері де білуі
тиіс.Жабық және ашық сұрақтар да кездесті.Оқушылар ойланып,жауап берді.Дұрыс
жауап бере алмаған оқушыларға сынып мүшелері толықтырды.Сабағымның келесі
бөлімінде топтарға мынадай шығармашылық тапсырмалар бердім. Тапсырмалар:
1топ. Синквейн
әдісі.
1.Ілияс
2.Сыршыл,өнерлі
3.Жырлайды,суреттейді,толғайды.
4.Ілияс-қазақ
әдебиетінің Құлагері
5.Ақын. Бұл
тапсырманы орындауды көптеген оқушылар сабаққа белсенді араласты,сыныпта
қозғалыссыз отыратын ,бақылаудағы оқушым Ж.Б. тақтаға шығып,тапсырма
орындады.Бұл да осы сабақтың нәтижесі.
2топ. «Кілттік
сөздер» немесе «Тірек сөздер арқылы әңгіме» әдісі.
Құлагер,сауатты,лирик,Жетісу,әнші,дастан,мұра,трагедия,інген
зары. Мұндай тапсырмалар оқушының тіл байлығын дамытады. Ж.Ж. өз тобынан
шығып, кілттік сөздер бойынша жазған әңгімесін оқыды.Берілген сөздерден жаңа
тақырыпты меңгергенін немесе меңгермегені анық көрінеді,себебі бұл кілттік
сөздер жаңа тақырыптың мәтінінен алынады.
3 топ.Венн диаграммасы.
Мағжан Ілияс
(Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Қалай оқу керектігін үйрету. Оқушыларды
ынтымақтастыққа, бірін-бірі оқытуы, ой түйіп жүйелеп үйрену). Бұл топтың
оқушылары сыни тұрғыдан ойланып, алдыңғы өткен тақырыппен бүгінгі тақырыпты
байланыстыра білді. Алған білімін жинақтап,қолдана білді. «Мағжан кім?»
және «Ілияс кім?» төңірегінде ойланды.Және де екі ақынды
салыстырып,олардың ортақ қасиетін тауып жазды.Бұл жұмысты орындауда тақтаға
шығып,көп көрінуден қашқақтап отыратын Ж.Б. мен бақылауымдағы Ж.Б.
белсенділік танытқаны мені қуантты.Топтан осы тапсырманы орындауда ортаға
шықпаған оқушы қалдмады,демек бұл нәтижелі жұмыс болды деп есептеймін.
Оқушыларды
аралап жүріп олардың назарын аудару, тапсырманы түсінуге түрткі беру үшін
қойылған сұрақтар:
-Неге
олай ойлайсың?-
Неліктен?
Топтан оқушылар шығып, тапсырманы орындады.
Оқушылардың жұмыстарын бақылап, қиындықтармен
мен түсінбеген тұстарын анықтап, оларға дұрыс түсінуіне көмектестім. Сабақты
қорытындылай келе формативті бағалау жүргіздім. Смайликтер арқылы бағалау
жүрді.Бағалау топтар бірін-бірі және оқушылар өз-өзін бағалады. Рефлексия «Бүгінгі
сабақта нені үйрендік? Не ұнады? Нені білгің келеді?» деген сұрақтар
жазылған парақшаны толтырумен орындалды. Сабақтың басынан басынан бастап
зерттеуге алған оқушыларым М.М. мен М.Ә., Ж.Б. бақылауымда болды. М.М.
тапсырманы түсініп, топта көшбасшылықты өз қолына алды және басқа топтарға
көмектесті.Ж.Б. бүгін сабаққа қатысып отырды. Бұл сабақ алдыңғы
сабақтарға қарағанда салыстырмалы жақсы өтті деп ойлаймын, себебі
жоспарланған жұмыстар өз уақытында орындалды, оқушылар еркін өз пікірлерін
айтты. Сабақты қорытындылай отырып, бағалау мен рефлексияны қолдануды әлі де
жетілдіруім қажет екенін түсіндім.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.