Инфоурок Социальному педагогу Другие методич. материалы"Қызыққа толы бұл әлем" сыныптан тыс шара

"Қызыққа толы бұл әлем"

Скачать материал

Қажмұратова Гүлзира Ғаділшеқызы

Әлеуметтік педагог және «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының үшінші деңгей мұғалімі,

Жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп-балабақша кешені,

Бұлан ауылы, Сырым ауданы,

Батыс Қазақстан облысы

Тақырыбы:  «Қызыққа толы бұл әлем»

Мақсаты: Оқушыларды кешке белсенді қатыстыру арқылы  бойларындағы құндылықтарды аша отырып,  тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету.

Көрнекілік: слайд, жалпыадамзаттық құндылықтар бейнеленген плакат, бейнебаян, шарлар.

Қажетті құрал-жабдықтар: плакаттар, түрлі-түсті маркерлер, түрлі-түсті борлар, тұз, стакандар.

Жоспар:

1.     Ұйымдастыру бөлімі:

1.1.         Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

1.2            Оқушылар түрлі-түсті пішіндерді таңдау арқылы 5 топқа бөлінеді:

1.     «Ақиқат»

2.     «Сүйіспеншілік»

3.     « Дұрыс әрекет»

4.     «Ішкі тыныштық»

5.     « Қиянат жасамау»

2.     «Құндылықтар әлемінде»

(Аңыз әңгіме айту)      

3.     « Өмірге құштарлық»

(Ник Вуйчич  өмірінен бейнебаян көрсету)

4.     «Сергіту сәті»

5.      «Шығармашылық жұмыс»

5.1. Әр топқа жеке тапсырма:

           5.2.  «Құндылықтар сөйлейді»

6.     Топпен ән айту.

 «Өміріңе немқұрайлы қарама»

Әні: С.Дәрібаев

Сөзі: С.Сейітман

1.1 Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды отбасыңызға,  достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын»

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

          1.2 Оқушылар түрлі-түсті пішіндерді таңдау арқылы 5 топқа бөлінеді:

1.«Ақиқат»

2.«Сүйіспеншілік»

3.« Дұрыс әрекет»

4.«Ішкі тыныштық»

              5.« Қиянат жасамау»

2.     «Құндылықтар әлемінде»

(Әр топ мүшелері құндылықтарға сай аңыз әңгіме айту)

                                       

3.     « Өмірге құштарлық»

(Ник Вуйчич  өмірінен бейнебаян көрсету)

4.     «Сергіту сәті»

5.      «Шығармашылық жұмыс»

5.1 Әр топқа жеке тапсырма:

«Ақиқат» тобы-                Мәтінді оқып жағдаяттан шығу жолын айтады;

    Еркеназ, Алтын, Зере үшеуі бір сыныпта оқиды, әрі бір аулада тұрады. Мектептен келген соң да олар бірге ойнап,бірге серуендейді. Олардың достығын бәрі қызығатын. Соңғы кезде достардың арасында бір келіспеушілік болған сияқты. Бұрынғыдай емес, Еркеназ өзінен-өзі Зереге қырын қарап,бойын одан алшақ ұстай бастады.Оның есесіне Алтын мен Еркеназ екеуі жұмбақтап сөйлейтін әдет шығарады. Бірде Зере Еркеназдан не болғанын сұрады.Еркеназ күмілжіп, онша нанымды жауап айта қойған жоқ.Оның бұл қылығын түсінбеген Зере шындықты айтуды өтінді.

«Сүйіспеншілік» тобы-  «Сүйікті мектебім»  оқушы қиялымен сурет салады

 

« Дұрыс әрекет» тобы-      Мәтінді оқып, сахналап көрсетеді;

Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді.Ажар жарнамадан жаңа фильм басталғанын көріп :

  -Менің қалтамда апам самса алып жерсің деп берген ақша бар.Кеттік кино көрейік,-деді.

  Алмагүл:

 -Үйден сұранып шыққан жоқпыз.Іздеп қалады ғой,-деп,іркіліп қалды.

-Ештеңе етпес,мектепте болдық деп айта саламыз.

   -Ажардың ұсынысына сендер  қалай жауап берередіңдер?

(сахналап көрсету керек)

 

«Ішкі тыныштық» тобы-   Тыныштықта отырып, музыка әуенімен сурет салу.

 

« Қиянат жасамау» тобы-  Өлең жолдарын құрастыру.

 

Арамызда өкпе, реніш болмасын,

-----------------------------------------

Адамдарға түсінікпен қарасақ,

-----------------------------------------.

 

 

              Жасамайық адамзатқа қиянат,

--------------------------------------

             Ізгіліктің жолында біз жүрейік,

---------------------------------------------------------

 

 

Арамызда өкпе, реніш болмасын,

Әрқашанда әділдікті қолдасын.

Адамдарға түсінікпен қарасақ,

Сонда ғана,  гүлденеді болашақ.

              Жасамайық адамзатқа қиянат,

              Осының бәрін санаңызға ұялат.

             Ізгіліктің жолында біз жүрейік,

             Бәрін  естен шығармайық, білейік.

 

5.2.  «Құндылықтар сөйлейді»

(түрлі-түсті борлармен тұзды бояу арқылы  қол моторикасын дамыта отырып, әр түрлі бейне арқылы құндылықтар мәнін ашу).

 

     6.Топпен ән айту.

«Өміріңе немқұрайлы қарама»

Әні: С.Дәрібаев

Сөзі: С.Сейітман

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,

Дүниеденкетті бай да, өтті бек.

Өміріңенемқұрайлықарама

Дәулетіңментұрсаң-дағыкөктіреп.

Әркүнсайын тек сен үшінатыптаң,

Зерлішапанкиінсең де жақұттан.

Өміріңенемқұрайлықарама

Шақшабасыңайналса да бақыттан.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.

Қанша азап көрсең-дағы, бауырым,

Өміріңе немқұрайлы қарама

 

Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,

Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

Сын сағатта сақтау үшін өз басын

Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.

Өмірңенемқұрайлықарама

Айдынкөлгеайналса да көзжасың.

Қайырмасы:

 

.Аңыз: «Ұстаздың шәкірттерін сынауы»

 

 

Баяғы заманда бір данышпан өз шәкірттерін шақырып алып:

- Мені кәрілік жеңіп келеді, қауқарым жоқ. Енді сендер мені асырауларың керек,-  дейді.

Шәкірттері ұстаздарының айтқанымен толық келіседі. Бірақ:

- Біз тамақ пен ақшаны қайдан аламыз. Көршілер көмектесе қояр ма екен?!

- Мен сендерге «қайыр сұраңдар»деп отырған жоқпын. Рұқсатсыз ала беріңдер,өйткені олардан гөрі ақшаға біз көбірек мұқтажбыз.Сондықтан ол -күнә емес.

Сөйтіп,ұстаз шәкірттерін байлардың ақшасын білдірмей алу жолдарын түсіндіреді.Бірақ ол шәкірттеріне ешкімді ренжітпеуді өтінеді.

Барлығы жорыққа аттанбақшы болып жатқанда,біреуі үнсіз төмен қарап тұрып қалады.

Ұстазы одан:

- Не болды? Өз ұстазыңа көмектескін келмей ме? - деп сұрады.

- Ғапу етіңіз,Ұстазым! Сіздің айтқаңызды істей алмаймын. Сіз біреудің затын ешкімге білдірмей ұрлап ал деп отырсыз.Ол мүмкін емес,ешкім білмесе де өз ұрлығымды ішім біліп тұрады ғой.Одан да қайыр сұрағаным жақсы.

- Мен сендердің жан дүниелеріңнің адал болғанын қалап едім.Адамның қарны ашқаны ештеңе емес,оның жан дүниесі аш болмауы керек.

Сондықтан ар-ұждан дауысына құлақ түріп жүріңдер. Әйтеуір біреуің түсіндің-ау!

       Қалған шәкірттері бұл сөзді естіп,жерге қарайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қызыққа толы бұл әлем" сыныптан тыс шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 277 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2017 3178
    • DOCX 158.4 кбайт
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Турганалиева Жанаргуль Ганмиржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 99611
    • Всего материалов: 47

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профориентационная деятельность для лиц с интеллектуальными нарушениями и выпускников коррекционных школ

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 92 человека

Курс повышения квалификации

Концептуальные, содержательные и методические основы дополнительного образования для детей с особыми образовательными потребностями

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы по профилактике суицидального поведения подростков

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 381 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 183 человека

Мини-курс

Wildberries: от управления заказами до продвижения товаров

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 26 регионов

Мини-курс

Управление техническими ресурсами и экономикой предприятия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе