Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / "Қызығы мол бұл әлем" сынып сағаты

"Қызығы мол бұл әлем" сынып сағаты

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қызығы мол бұл әлем.

Мақсаты:Балалардың «Өзін-өзі тану» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Өзін, өзгелерді, адамгершілік құндылықтарын танып білуге қызығушылықтарын арттыру.Сыйластыққа, кішіпейілдікке, ізділікке тәрбиелеу.

Кіріспе сөз: Бүгін біз сынып сағатында өзін-өзі тану әлеміне кішігірім саяхат жасаймыз.

Лаура: Өзіңді тану. Ө. Ақыпбеков.

Жақсы болу-өзіңнен , жаман болу-өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да, өзіңнен үйрен, өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден, мен қандаймын? –деп ойлан.

Өзіңді өзің қолыңа ал,өзіңсің ақыл айнасы.

Тиеді саған мәні бар, «Өзіңді тану» пайдасы.

Біз бақытты баламыз! Б. Жақып.

Толқын:

Жылай қалсақ,жұбанамыз,

Ақыл тыңдап,тіл аламыз,

Біз тәртіпті баламыз!

Таңда ерте тұра аламыз,

Беті-қолды жуа аламыз,

Біз ұқыпты баламыз!

Үлкендерді сыйлаймыз біз,

Үй тазалап жинаймыз біз,

Біз қолқанат баламыз!

Дина:

Домбыра да тарта аламыз,

Өлеңді де айта аламыз.

Біз өнерпаз баламыз!

Аспаны ашық еліміздің,

Көркі сұлу жеріміздің,

Біз-бақытты баламыз!

«Балалық шақ» әнін орындайтын Алуа, Лаура, Дина және Толқын.

Алуа:

Жақсылықтан үйреніп, боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп, үлгі аламыз жақсыдан.

Көрініс: «Рахмет, ата!»

Өзгеге жасаған ізетің- өзіңе жасаған құрметің (Халық даналығы)

Ойын-жаттығу: Құрмет-ізет.

Үлкен мен кіші арасындағы құрмет пен ізет сөздерді айту, есте сақтау. Екі ағаш- Үлкен ағаш «Құрмет», кіші ағашты «Ізет» деп атап, жапырақтардағы сөздерді екі ағашқа біліп ілу.

Ала ғой, көмектес, жол бер,бере ғой, әдепті бол, сыйлы бол, кешірім ет, тыңдай ғой, сыпайы бол.

Отырыныз, өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет, кешіріңіз, алыңыз, айтыңыз, ғафу етіңіз.

Арайлым:

Адамға кешіріммен қарайтын,

Жан жылуы жылылық боп тарайтын,

Кішіпейіл бала болғым келеді,

Айналасын нұрлы күнге балайтын.

Көрініс: « Автобус»

Адэма: Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату-тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады.

Көрініс: «Өмірлік сый»

Адамның жақсы қасиеттерінің бірі-өз отбасын құрметтеу. Отбасы мүшелері бірін-бірі сыйлап, қамқорлық жасайды.

Ерқанат: «Текті білу тегін емес» Е. Өтетілеуов.

Бабамнан басталар, «Өз жұртым» мыналар:

Ең жақын адамдар- Әкем мен Анам бар.

Әкемнің әкесі- ақ басты Атам бар.

Әкемнің шешесі-ақ шашты Әжем бар.

Әкеге мен –бала, атаға-немере.

Немере баласы-болады шөбере.

Шөбере баласы-шөпшек деп аталар.

Шөпшектің баласы-немене саналар.

Осы ұрпақ жалғасы «Жеті ата» бола алар.

Балалар өз отбасы мүшелері туралы дайындаған әңгімелерің айтады.

«Мен ауылға барамын» әнін орындайтын Гүлім, Адэма, Арайлым, Ерқанат.

Табиғаттағы барлық жылу-күннен,Өмірдегі барлық жылу-адамнан.

Көрініс: «Жай ғана әжей»

Гүлім:

Құрметтеп ата-анамды, ардақтап әпке,ағамды.

Қамқор боп сіңлі-ініме, сыйлымын үлкен-кішіге.

Бәрінде жақсы қөремін, үнемі көмек беремін.

Үлкенді сыйлау-кішілік,үлгілі мінез-кісілік.

«Чебурашка» биі.

Жүректен-жүрекке:

Қайырымды жандар айнала, шеңберге келсін жайнала.

Жақсылықтан қайта біз, махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық ананы, жүрегім оттай жанады.

Бақыттымыз осы біз, қасымызда досымыз.

Өздері жасаған гүлдерін келген қонақтарға таратады.Осымен «Қызығы мол бұл әлем» атты сынып сағатын аяқтаймыз. Рахмет келгендеріңізге!

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 19.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров177
Номер материала ДВ-358073
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх