Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Презентации / "Қызыл кітапқа енген құстар" биология пәні бойынша презентация (7 класс)

"Қызыл кітапқа енген құстар" биология пәні бойынша презентация (7 класс)

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Биология
Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар Атырау облысы Махамбет ауданы Қ.Қара...
Іле жорғаторғайы (лат. Podoces panderi ilensis) –торғай тәрізділер отряды, қа...
Азиялық тарбақ шырғалақ  (лат. Limnodromus semipalmatus) - сирек, аз зерттелг...
Ақбас құмай (лат. Gyps fulvus) – сұңқартәрізділер отряды, қырғилар тұқымдасын...
Аққұйрықты субүркіт (лат.Haliaeetus albicilla) —сұңқартәрізділер отрядының қа...
Балықшы тұйғын (лат. Pandion haliaetus) — сұңқартәрізділер отрядының тұйғында...
Бақалтақ қыран (лат.  Aquila pennata) — сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұ...
Бүркіт (лат. Aquila chrysaetos) —сұңқартәрізділер отрядына, қаршыға тұқымдасы...
Дала қыраны,  қыранқара Дала қыраны, қыранқара (лат.Аquila nipalensis) –сұңқа...
Жорға дуадақ (лат.Chlamydotis undulata) –тырнатәрізділер отрядының дуадақ тұқ...
Жыланшы бүркіт (лат. Circaetus gallicus) - қаршыға тұқымдастары. Қанат құлашы...
Жұртшы (лат. Neophron percnopterus) – сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқы...
Кіші аққу (лат. Cygnus bewickii) - негізінен солтүстік жарты шарда (Үндістанд...
Кезқұйрықты субүркіт (лат.Haliaeetus leucoryphus) –сұңқартәрізділер отряды қа...
Көкқұс (лат. Myophonus caeruleus) – торғайтәрізділер отрядының бір түрі. Тұр...
Лашын (лат.Falco peregrinus) – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақс...
Сары құтан (лат. Ardeola ralloides) - өзінің таралу аймағында саны кеміп бара...
Сақалтай, қозықұмай, көкжөре (лат.Gypaetus barbatus) — күндізгі жыртқыш құста...
Сүйір тұмсықты шалшықшы  (лат. Numenius tenuirostris) –татреңтәрізділер отряд...
Сұңқылдақ аққу (лат.Cygnus cygnus) -Қазақстанда кең тараған болатын, қазір ре...
Қарақұс, немесе ақиық (лат.Aquila heliaca) — бүркіт тұқымдасына жататын сұңқа...
Қоңыр кептер (лат.Columba eversmanni) - соңғы жылдары саны күрт кеміп бара жа...
Қызыл жемсаулы қарашақаз (лат. Branta ruficollis) —қазтәрізділер отряды, үйре...
Қытай қазы, қутұмсық қаз (лат. Anser cygnoides) –қазтәрізділер отрядының үйре...
Құмай (лат. Gyps himalayensis) - қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс Дене...
Құртамыш шалшықшы (лат. Numenius minutus) - сирек, таралған аймағы шағын, рел...
Үлкен аққұтан (лат. Ardea alba) – ескекаяқты құстар отрядының құтандар тұқымд...
Үлкен құралай (лат.Carpodacus rubicilla) - сирек кездесетін, аз санды, жете з...
1 из 28

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар Атырау облысы Махамбет ауданы Қ.Қара
Описание слайда:

Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар Атырау облысы Махамбет ауданы Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебінің биология пәні мұғалімі Тауова Нұрсұлу Раулқызы

№ слайда 2 Іле жорғаторғайы (лат. Podoces panderi ilensis) –торғай тәрізділер отряды, қа
Описание слайда:

Іле жорғаторғайы (лат. Podoces panderi ilensis) –торғай тәрізділер отряды, қарға тұқымдасына жататын жорға торғайдың бір түршесі. Қазақстанда тек Оңт.Балқаш  өңірінде, негізінен Сарыесі Атырау (Іле  мен Қаратал өзендерінің аралығында), бірен-сараныТауқұм,  Лөкқұм  және Қосшағылда  кездеседі. Сайрауықтан көп үлкен емес, салм. 80 – 100 г. Басы мен жоны көкшіл сұр, бауыры солғын қызғылт, құйрығы қара. Алқымында, қанатында қара дақтары бар. Ұшқанда тамағындағы және қанатындағы ақ дақтар анық көрінеді. Нашар ұшатын болғандықтан, негізінен жерде тіршілік етеді.  Сексеуіл  сирек өскен құмды шөлдерді мекендейді. Отырықшы құс.  Іле жорғаторғайы

№ слайда 3 Азиялық тарбақ шырғалақ  (лат. Limnodromus semipalmatus) - сирек, аз зерттелг
Описание слайда:

Азиялық тарбақ шырғалақ  (лат. Limnodromus semipalmatus) - сирек, аз зерттелген, реликті түр. Сібірдің солтүстігінен бастап Моңғолия мен Қиыр Шығысқа дейін таралған. Қазақстанның ең шығысында, Алтайға  жақын оңтүстік аудандарында кездеседі. Түрдің жалпы саны - 5-6 мыңнан артық емес. Сақталып қалған ұялайтын жерлерін іздеу және онда қорғау режимін орнату, тұрғындар арасында үгіт - насихат жүргізу, қолда өсіру әдістерін дайындау қажет. Азиялық тарбақ шырғалақ 

№ слайда 4 Ақбас құмай (лат. Gyps fulvus) – сұңқартәрізділер отряды, қырғилар тұқымдасын
Описание слайда:

Ақбас құмай (лат. Gyps fulvus) – сұңқартәрізділер отряды, қырғилар тұқымдасына жататын жыртқыш құс Қазақстанда негізінен  Іле, Күнгей, Теріскей және Жетісуларында (Жоңғар) кездеседі. Бірақ ұясы Шолақ тауларынан ғана табылған. Денесінің ұзындығы 1,12 м, қанатының ұзындығы 68 см, қанатын жайғанда ұзындығы 2,56 м, құйрығының ұзындығы 30 см. Түсі ақшыл сары, қоңыр. Отырықшы құс. Жұп құрып (2 – 5 кейде 20) тіршілік етеді. Ұясын тік жарлардың қуысына бір-бірінен30 – 50 м жерде салады. Көбеюі жөнінде деректер шамалы. Жұмыртқасын ұябасары мен шәулісі кезектесіп басады. Өлекселермен қоректенеді. Ақбас құмайдың таралу аймағы өте аз, саны жылдан-жылға азаюына байланысты Алматы облысының «Қызыл кітабына» енгізілген. Ақбас құмай 

№ слайда 5 Аққұйрықты субүркіт (лат.Haliaeetus albicilla) —сұңқартәрізділер отрядының қа
Описание слайда:

Аққұйрықты субүркіт (лат.Haliaeetus albicilla) —сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.Қазақстанның Атырау, Батыс Қазақстан,т  Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарындағы жағалаулары тік жарлы, құзды өзендер бойында қалың тоғайларын, қамысты үлкен су қоймаларын мекендейді. Ұябасары қанатының ұзындығы 64-72 см, салмағы 4,9-6,7 кг болса, қоразының денесі кіші, қанатының ұзындығы 57-63 см, салмағы 3,1-3,8 кг ғана жетеді. Олардың арқасы сұр түсті, басы мен мойны, бауыры ақшылдау келеді. Кезқұйрықты субүркіттен ерекшелігі ересектерінің құйрығы шымқай ақ болады. Аққұйрықты субүркіт- отырықшы құс. Ұясын ағаш басына салып, оны бірнеше жыл пайдаланады. Жұбы жазылмай наурызда 1-3 жұмыртқа салады. Оны ұябасары 30-40 күндей шайқайды. Балапандары ұядан 2 айдан кейін ұшып шығады. Аққұйрықты субүркіт

№ слайда 6 Балықшы тұйғын (лат. Pandion haliaetus) — сұңқартәрізділер отрядының тұйғында
Описание слайда:

Балықшы тұйғын (лат. Pandion haliaetus) — сұңқартәрізділер отрядының тұйғындар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.Қанатының ұзындығы шамамен 490 мм, салмағы 1,6 кг. Арқасы қарақоңыр, бауыры ақ, жемсауы қоңыр, теңбіл түсті. Басы ақшыл сары, табанында балық үстауға икемді тікенек Балықшы тәрізді бүртіктері бар. Балапандарының мамығы көгілдір. Негізінен Жайық өзені аңғарын қоныстайды. Жыл құсы, сәуірде келіп, қыркүйекте қайтады. Өзен-көл маңайындағы ағашқа ұя салады. Мамырдың басында 2-3 көкшіл жұмыртқа салып, оны мекиені мен қоразы кезектесіп 1 ай бойы басады.Балықшы тұйғын жойылып кету жағдайында тұрған түр. Ертеректе Қазақстанның балығы мол және ұя салуға ағаштары бар көптеген су қоймаларында мекендеген. Қазір ұя басар кезінде бірнеше жерлерде: Марқакөл (Оңтүстік Алтай) , Жайық, Ертіс, Іле өзендерінде ғана кездеседі. Саны 60-70 -ке дейін (оның жартысы Шығыс Қазақстанда) кеміді. Негізгі себептер - орманды кесу, балық қорларының таусылуы, ересек құстарды жою. Ұяларды есепке алып, олардың әрқайсысының айналасын тыныштық аймаққа айналдыру қажет. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Балықшы тұйғын

№ слайда 7 Бақалтақ қыран (лат.  Aquila pennata) — сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұ
Описание слайда:

Бақалтақ қыран (лат.  Aquila pennata) — сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Кейде бақалтақ қыранды “ергежейлі қыран” деп те атайды.Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы тау ормандарын,  Сырдария,  Іле , Шелекті, Шарын және Қаратал өзендерінің бойындағы тоғайларды мекендейді. Баянауыл, Қарқаралы таулары мен Алтайда да кездеседі. Бақалтақ қыран қауырсындарының түсіне қарай қара және ақ бауырлар деп бөлінеді. Тұмсығының түбі көгілдір, имектелген ұшы қап-қара болады. Биік ағаштың басына ұя жасап, оған 1—2 жұмыртқа салады; оны мекиені 35—39 күн басады. Балапаны жұмыртқаны жарып шыққаннан кейін 2 айдан соң ұядан ұшады.  Бақалтақ қыран

№ слайда 8 Бүркіт (лат. Aquila chrysaetos) —сұңқартәрізділер отрядына, қаршыға тұқымдасы
Описание слайда:

Бүркіт (лат. Aquila chrysaetos) —сұңқартәрізділер отрядына, қаршыға тұқымдасына жататын үлкен құс. Көбінесе тоғайлы және таулы жерде тіршілік етеді. Биік ағаштар мен зәулім жар тасқа ұя салып, 1-2  жұмыртқа  табады. Орта Азияда, Қазақстанда  бүркітті қолға үйретіп түлкі, елік, қарақұйрық сияқты аңдарға салады, шабыты түскен кырағы. Бүркіттер  қасқырды да алады, ашынғанда адамға да түседі. Бүркіт 

№ слайда 9 Дала қыраны,  қыранқара Дала қыраны, қыранқара (лат.Аquila nipalensis) –сұңқа
Описание слайда:

Дала қыраны,  қыранқара Дала қыраны, қыранқара (лат.Аquila nipalensis) –сұңқартәрізділер отрядының қырғилар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.Дене тұрқы 60 – 85 см, қанатының ұзындығы 51 – 65 см, салмағы 2,7 – 4,8 кг. Шәулісі (еркегі) ұябасарынан кішірек түсі қара қоңыр, желкесі жирен, тұмсығы қара сұр, тұяғы қара, аяғы сары. Қыранқара ұясын жерге, шың-құзға, сирек те болса ағаш басына салады.  1 – 3 ақ сұр, қара дақты жұмыртқа салып, 40 – 45 күнде балапан шығарады. Балапан баяу жетіледі (60 күнде), оны етпен қоректендіреді. Қыранқараның негізгі қорегі – кемірушілер, саршұнақ, қоян, кейде құс балапаны, бауырымен жорғалаушылар. Қазақстанның Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында, Мұғалжарда,  Шу-Іле тауын кездеседі.

№ слайда 10 Жорға дуадақ (лат.Chlamydotis undulata) –тырнатәрізділер отрядының дуадақ тұқ
Описание слайда:

Жорға дуадақ (лат.Chlamydotis undulata) –тырнатәрізділер отрядының дуадақ тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда Каспий теңізінің солтүстік жағалауынан бастап, Зайсан қазаншұңқырына дейінгі шөлейт және шөлді өңірде кездеседі. Өсімдігі аз,сексеуілі мен жүзгіні басым өскен сортаң, құмдауыт жерлерді мекендейді. Тұрқы 65 – 75 см, қанатының ұзындығы 35 – 40 см, салмағы 1,5 – 2,4 кг-дай. Мекиені қоразынан кішірек. Арқа қауырсыны сарғыш сұр түсті, бауыры ақшыл, мойнында “жаға тәрізді” қара ала ұзын қауырсындары бар. Жорға дуадақ – жыл құсы. Жұптасып жүреді. Наурыз айында келіп, бұта түбіне, ашық жерлерге ұялайды. Сәуірде 3 – 4 сарғыш жұмыртқа салып, мекиені 24 – 28 күн басады, балапандары бір айда қанаттанады. Қыркүйекте жылы жаққа, Оңтүстік-ШығысАзия елдеріне ұшып кетеді. Жәндіктермен, ұсақ кесіртке, жыландармен, көктемде өсімдікпен қоректенеді. Жорға дуадақтың жауы – қасқыр, түлкі, қарсақ, бүркіт , т.б. Жорға дуадақтың жылдан-жылға саны азаюына байланысты қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996). Жорға дуадақ

№ слайда 11 Жыланшы бүркіт (лат. Circaetus gallicus) - қаршыға тұқымдастары. Қанат құлашы
Описание слайда:

Жыланшы бүркіт (лат. Circaetus gallicus) - қаршыға тұқымдастары. Қанат құлашы 1,9 м, тырнақтары өткір. Еуропа,Африка, Оңтүстік-Батыс Азияда таралған.  ТМД оңтүстік аймақтарда кездеседі. Түрікменстанда кең таралған. Орманды және таулы жерлерде кездеседі. Бір жұмыртқа салады. Саны азаюда. КСРО Қызыл кітабында. Қазақстанда 4 түр тармағы шөл және шөлейт аймақтарды ұялайды. Құмды шөлдер, құрғақ тау бөктерлері мен өсімдігі сирек аласа тауларды мекендейді. Шәулісінің қанатының ұзындығы 52 – 59 см, салм. 1,2 – 2,0 кг, ұябасары шәулісіне қарағанда сәл ірілеу. Реңінде жыныстық ерекшелік байқалмайды. Арқасы қоңыр сұр, мойны мен басы ақшылдау. Үстіңгі қақпа қауырсындары – қоңыр, астыңғысы ақшыл, жолақты. Бауыры ақшыл көлденең жолақты, жемсауы теңбіл келеді. Жас жыланшы бүркіттің қақпа және бағыттаушы қауырсындарының шеті ақшыл. Бұл белгі ересектерінде тез жойылып кетеді. Жерде жақсы жүреді, ағаш басына жартастарға жиі қонады. Жемтігін жерден ұстайды. Жыл құсы. Сәуірде ұшып келеді, ұясын ағаш басына не жартас жиегіне салады. Мамырда ұяға ақ түсті бір ғана жұмыртқа салып оны бір айдан аса шәулісі мен ұябасары бірігіп шайқайды. Ұясы бұзылған жағдайда қайтадан көбеюге қатысып, тағы да бір жұмыртқа салады. Балапаны 2,5 – 3 айдан соң ұядан ұшады Жыланшы бүркіт

№ слайда 12 Жұртшы (лат. Neophron percnopterus) – сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқы
Описание слайда:

Жұртшы (лат. Neophron percnopterus) – сұңқартәрізділер отрядының қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс.  Қазақстанда Тянь-Шань тауының сілемдерін, Үстірт пен Маңғыстаудың құлама жарларын мекендейді. Дене тұрқы 58 – 66 см, қанатының ұзындығы 1,6 – 1,7 метр (жайғанда), салмағы 2,1 – 2,4 килограмм. Тұмсығы ұзын әрі өте жіңішке болады. Ересектері сұрғылт түсті, қанаттарының шетінде қара жолақтары бар, басы мен жемсауы қауырсынсыз, тықыр. Балапандарының түсі – қоңырқай. Үнсіз, қалықтап ұшады. Жыл құсы. Сәуірде келіп, құз, жыраларға ұялайды. Сәуірдің аяғында ұябасары 1 – 3 жұмыртқа салып, 40 – 42 күн басады, балапандары 2 айдан соң ұядан ұшады. Қыркүйекте жылы жаққа қайтады. Оңтүстік және Орта Азияда қыстайды. Әр түрлі өлексе қалдықтарымен, ұсақ кеміргіштермен қоректеніп, пайда да келтіреді. Жұртшы – өте сирек кездесетін құс. Ақсу-Жабағылы, Үстірт қорықтары мен «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында қорғалады. Жылдан-жылға санының азаюына байланысты Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996). Жұртшы 

№ слайда 13 Кіші аққу (лат. Cygnus bewickii) - негізінен солтүстік жарты шарда (Үндістанд
Описание слайда:

Кіші аққу (лат. Cygnus bewickii) - негізінен солтүстік жарты шарда (Үндістанды, Оңтүстік-шығыс Азияны алмағанда) мекендейтін кішкене аққу. Қазтәрізділерге жатады. Ұялайтын жерлері –тундра мен орманды тундрада саны бұрынғы қалпына келе бастаған түр. Қазақстанның батыс бөлігінен көктем мен күзде 1 мыңдайы ұшып өтеді. Бізде ұяламайды. Санының азаюының негізгі себебі - заңсыз аулау. 1830  жылы Жаррел (Jarrel) ашқан. Кіші аққу 

№ слайда 14 Кезқұйрықты субүркіт (лат.Haliaeetus leucoryphus) –сұңқартәрізділер отряды қа
Описание слайда:

Кезқұйрықты субүркіт (лат.Haliaeetus leucoryphus) –сұңқартәрізділер отряды қаршығатұқымдасына жататын жыртқыш құс. Кезқұйрықты субүркіт тоғайлы орманды жерлердегі қамысты суқоймаларын мекендейді. Шәулісінің қанатының ұзындығы 52 – 59 см, ұябасары ірілеу. Салмағы 2,1 – 3,2 кг. Шәулісінің арқасы қара бурыл түсті, жаңа шыққан қанаттары – көгілдір, басы мен тамағы ақшыл, құйрық қанаты – ақ, оның ұшы қара болып келеді. Бауыр жағы қоңыр бурыл түсті. Ұябасары реңсіз. Кезқұйрықты субүркіт – жыл құсы. Ақпанның аяғы наурыздың басында Қазақстан аумағына ұшып келіп, ағаш басына, құлаған қамыс үстіне ұя салады. Онда наурыз –сәуірде ұябасары 1 – 2 жұмыртқа басады.  Маусым –шілде айларында балапандары ұядан ұшады. Негізгі қорегі –балық және су құстары; қоян,құмтышқан, ондатрды да ұстап жейді. 1960 – 1970 жылдарыҚазақстанда Маңғыста облысында, Сырдария және Іле өзендерінің бойында, Марқакөлде  ұялаған. 1985 – 1986 жылдары Іле өзені жағалауынан 5 жұбының ұя салғаны белгілі болса, Еділ, Жайық, Жем, Торғай, Ертіс, Шу өзендерінің бойынан, Қорғалжын қорығынан өтпелі құстар байқалған. Кезқұйрықты субүркіт – өте сирек кездесетін, жылдан-жылға таралу аймағы азайып, жойылып бара жатқан құс. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына»енгізілген. Кезқұйрықты субүркіт

№ слайда 15 Көкқұс (лат. Myophonus caeruleus) – торғайтәрізділер отрядының бір түрі. Тұр
Описание слайда:

Көкқұс (лат. Myophonus caeruleus) – торғайтәрізділер отрядының бір түрі. Тұрқы 32 – 34 см, қанатының ұзындығы 18 – 20 см, құйрығы 14 – 16 см, салмағы 180 – 190 г. Қауырсыны қара көк, тұмсығы сары. Көкқұс Қазақстанда Талас Алатауынан Іле Алатауына дейінгі аймақта кездеседі. Көкқұс тау бөктерінің жапырақты орман, арша өскен жерінде, өзен бойларын мекендеп, тік жартастар арасына ұя салады. 4 – 5, кейде 6 жұмыртқа салады, 17 күнде жұмыртқадан балапан шығады. Көкқұс әр түрлі жәндіктерді, олардың дернәсілдерін, өрмекшітәрізділерді, моллюскілерді, ал күзге қарай түрлі жидекті де жейді. Қысқа қарай оңтстікке қайтады, бірен-сараны қыстап қалады. Көкқұс – түсі әсем, сайрайтын құс, сондықтан оларды үйде торда ұстау соңғы жылдары көбейіп бара жатыр. Көкқұстың саны өте аз. Мысалы, 1960ж. Талас Алатауында 7 ұясы болса, 1970 – 80 ж. Ақсу-Жабағылы қорығында құстың 20 жұбы, ал 1990 ж. 24 ұясы бар екені анықталған. Көкқұс Қазақстанның “Қызыл кітабына» енгізілген (1996) , Ақсу-Жабағылы және Алматы қорықтарында қорғалады. Көкқұс 

№ слайда 16 Лашын (лат.Falco peregrinus) – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақс
Описание слайда:

Лашын (лат.Falco peregrinus) – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Қазақстанда Іле алабының төменгі ағысында, Ертіс – Есіл өзендері алабында, Алакөл, Қызылтұз, Зайсан көлдері маңындағы адырларда, Алтай, Алатау, Тарбағатай тауларының бөктерлерінде кездеседі. Қанаты ұзын, үшкір, үстіңгі беті сұр, астыңғы жағы ақшылдау келген, көлденең қара жолақты. Көзінің астында ұзынша қос қара «мұртшасы» (қауырсыны) болады. Денесінің ұзындығы 40 – 50 см, қанаттары жайылғанда 90 – 110 см. Шәулісі ұябасарынан кішірек. Шәулісінің салм. 500 – 800 г, ал ұябасарынікі – 540 – 1090 г. Аяқтары қысқа, тырнақтары майысқан, өткір.[3] Сағатына 300 км жылдамдықпен ұшады. Лашын жартас, құздағы қолайлы қуысқа,қияда өскен ағаш басына ұя салады. Кейде өзге құстардың ұясын да иемденеді. Ұясына 2 – 4 (көбінесе 3) жұмыртқа (секпілді, қызғыш) салады. Оны ұябасары 28 – 32 күндей басады. Балапандар бір жарым айда ұядан ұшады. Негізгі қорегін (торғай, қарға, кептер, шіл,кекілік, үйрек, т.б.) ұшып жүріп аулайды. Лашын Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (1996). Лашын

№ слайда 17 Сары құтан (лат. Ardeola ralloides) - өзінің таралу аймағында саны кеміп бара
Описание слайда:

Сары құтан (лат. Ardeola ralloides) - өзінің таралу аймағында саны кеміп бара жатқан сирек кездесетін түр. Қазақстанда Еділдің атырауы мен Жайықтың төменгі ағысында ұялайды, бұрын аздап Сырдарияның сағасында мекендейтін. Солтустік Каспийдегі жалпы саны 2 мыңдай. Өзендер мен көлдердегі қамысты қапаларды мекендейді. Санының кемуін әсер ететін факторлар - су жүйесінің өзгеруі, аңшылық, ұяны жыртқыш құстардың бұзуы, мекенін адамдардың мазалауы. Бұл түрдің ұялайтын аймақтарын маусымдық қорыққа айналдыру қажет. Сары құтан 

№ слайда 18 Сақалтай, қозықұмай, көкжөре (лат.Gypaetus barbatus) — күндізгі жыртқыш құста
Описание слайда:

Сақалтай, қозықұмай, көкжөре (лат.Gypaetus barbatus) — күндізгі жыртқыш құстар отрядының қаршығатәрізділер тұқымдасына жататын ірі құс.Қазақстанда Жетісу (Жоңғар) Алатауы мен Тянь-Шаньда,Алтайда кездеседі. Теңіз деңгейінен 2000 — 4000 м биіктіктегі шың-құздарды мекендейді. Тұрқы 1,1 метрге, жайған қанаты 2,7 метрге жетеді, қанатының ұзындығы 72 — 93 см, салмағы 5 — 7 кг. Басы ақшыл не сарғылт, арқасы қаралау. Басқа жыртқыштардан ерекшелігі — тұмсығының екі жағында танау тесіктерін жауып тұратын қыл тәрізді қауырсын — “сақалының”болуы. Шәулісі мен ұябасарын сырттай бір-бірінен ажырату қиын. Арқа тұсы қауырсындарының  түсі ұзына бойы ақ теңбілдері бар қара-сұр, басы мен құрсақ жағындағы қауырсындарының түсі — ақсары не жирен. Сақалтайлар жеңіл, қалықтап ұшады. Сақалтай — отырықшы құс , ұясын қуыстарға, үңгірлерге салады.  Құстардың шағылысуы қазан айында басталып, ақпан — наурызда ұяда 1 — 2 жұмыртқа пайда болады. Жұмыртқасын аталығы мен аналығы 2 айға жуық кезектесіп басады, балапаны 3 айдан кейін қанаттанады. Өлексемен қоректенеді. Кейде тұяқты жануарлардың жас төлін, құс балапанын, тасбақаны аулайды.  Сақалтай сирек кездесетін құс, оның саны жылдан-жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына»  енгізілген. Сақалтай, қозықұмай, көкжөре

№ слайда 19 Сүйір тұмсықты шалшықшы  (лат. Numenius tenuirostris) –татреңтәрізділер отряд
Описание слайда:

Сүйір тұмсықты шалшықшы  (лат. Numenius tenuirostris) –татреңтәрізділер отрядына жататын өте сирек, жойылып бара жатқан түр. Таралуы толықтай анық емес, себебі өте сирек кездесетін ұялау орындары Сібірдің әртурлі аудандарында шашырап жатыр. Бұталар өскен шымтезекті батпақтарда қоныстанады, ұшып өту кезеңінде дала көлдерінде кездеседі. Қазақстанда  Еділ -Жайық өзендерінен Ертіске дейін, яғни республиканың солтүстік бөлігінде кездейсоқ кездесіп қалады. Саны белгісіз, жылына 10-ға дейін шалтықшы есепке олыноды. Шектеу факторлары анықтал-маған. Сақталған популяциясын іздеу және олардың биологиясы мен экологиясын жан-жақты зерттеу қажет. Осы мәселелерді анықтағанға дейін барлық шалшықшыларды қорғау керек Сүйір тұмсықты шалшықшы

№ слайда 20 Сұңқылдақ аққу (лат.Cygnus cygnus) -Қазақстанда кең тараған болатын, қазір ре
Описание слайда:

Сұңқылдақ аққу (лат.Cygnus cygnus) -Қазақстанда кең тараған болатын, қазір республиканың Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс аудандарының 5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс - қоғалы ірі көлдерді мекендейді. Кіші аққудан ірірек келеді: ұзындығы 140-160 см, қанатжайымы - 205-235 см, ал салмағы 8-15 кг болады. Каспий маңында қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400 -дей болған, одан бері саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға қолайлы орынды жиі ауыстыруға мәжбүр болуы. Аққудың бұл түрін Линнеус (Linnaeus) 1758 жылы ашты. Саны кеміп бара жатқан түр. Адам қызметінің әсеріне шыдай алмайды. Қазақстанда кең тараған болатын, кәзір республиканың Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс аудандарының 5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс - қоғалы ірі көлдерді мекендейді. Каспий маңында қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400 -дей болған, одан бері саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға қолайлы орынды жиі ауыстыруға мәжбүр болуы. Сұңқылдақ аққу

№ слайда 21 Қарақұс, немесе ақиық (лат.Aquila heliaca) — бүркіт тұқымдасына жататын сұңқа
Описание слайда:

Қарақұс, немесе ақиық (лат.Aquila heliaca) — бүркіт тұқымдасына жататын сұңқар тәрізді құс. Алматы облысының аудандарын мекендейді. Қанатының ұзындығы 620 мм, салмағы 2-2,3 кг. Ересегінің түсі қара қоңыр, иығында ақ дағы бар. Балапан кезінде бірыңғай ақ болады. Наурыз айында облыстың құмды-сексеуілді жерлеріне келіп, қазан айларында қиыр оңтүстікке оралады. Сәуір айында 1-3 жұмыртқа салып, оны кезектесіп 40-50 күн басады. Балапандары 65-70 күнде ұядан ұшады. Сиреп бара жатқандықтан Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Қазақстанның биік таулары мен ағашы және суы аз шөлді жерлерінен басқа барлық аймақтарында кең тараған. Мекені – шоғырлы және шағын қарағайлы ормандар, сексеуілді түлейлер, тоғайлар мен далалы, шөлейтті және шөлді жерлердегі ашық Аналығы аталығына қарағанда үлкен. Ұшуы жай, қанаттарын сирек қағып, қалықтап ұшады. Өте көп ағаш бұтақтарынан тұратын үлкен ұяны ағаш басына, бұталардың үстіне, сирек ашық жерлер мен электр желісі тартылған бағаналарға аталығы мен аналығы бірігіп салады. Қорегі – майда сүтқоректілер (саршұнақтар, құмтышқандары, құмқояны, т.б.), құстар (тауықтәрізділер, үйректер, балшықшылар, шағалалар мен қарқылдақтар, ақтұмсық қарғалар мен ұзақтар, т.б.). Сондай-ақ, тасбақалар, жыландар, кесірткелер, саяқ шегірткелер және өлекселермен де қоректенеді. Қарақұс – жыл құсы. Қарақұс

№ слайда 22 Қоңыр кептер (лат.Columba eversmanni) - соңғы жылдары саны күрт кеміп бара жа
Описание слайда:

Қоңыр кептер (лат.Columba eversmanni) - соңғы жылдары саны күрт кеміп бара жатқан оңтүстікте ғана аздап кездесетін түр. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның шөлді жазықтары мен тік жарлары немесе ағаштары бар тау бөктерлерін (ұяларын індер мен ағаш қуыстарына салады) мекендейді.. Қоңыр кептер- көк кептерден айырмашылығы денесі аздап шағындау (200-250г ) кептер түрі. Үй көгершіндерінің барлық қолтұқымдары шыққан көк кептерден айырмашылығы – ұшқанда құйрығының қысқа болып көрінуі, ал түз кептерден құйрықүстінің ақ түсті болуымен ерекшеленеді. Екі ұқсас кептерлерден айырмашалағы. Жонының алдыңғы бөлігі қошқыл, қоңырқай болуы және көзінің айналасы ашық сары түспен шеңберленген. Қоңыр кептер Орта Азия және Таяу Шығыстың эндемигі болып саналады. Қазақстанда ол тек қана шөлде – Арал теңізінен Зайсан көліне дейін таралған. Ағаш қуысында, құрылыстар мен құдықтардың қираған орындарында , жардағы індерде ұялайды. Барлық кептерлер тәрізді салындыда екі ақ түсті жұмыртқа болады. Бір жазда екі рет балапан өргізеді. Екінші ұялас балапандар ұшқанда топқа жиналады да астық даласына кетеді. Қазақстанға сәуірдің бірінші жартысында ұшып келіп, қарашада ұшып кетеді. Соңғы онжылдықта қоңыр кептерлердің саны ұдайы төмендеуде, сондықтан да ол Қазақстан Қызыл кітабына тіркелеген. Қоңыр кептер

№ слайда 23 Қызыл жемсаулы қарашақаз (лат. Branta ruficollis) —қазтәрізділер отряды, үйре
Описание слайда:

Қызыл жемсаулы қарашақаз (лат. Branta ruficollis) —қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасына жататын құс. Қазақстанның  солтүстік және батыс бөлігіндегі көлдерде кездеседі. Жон арқасы мен құрсағы қара, бүйірі мен құйрығының асты ақ түсті. Екі шекесінде үлкен-үлкен жирен дақтары бар, олар айнала ақ қауырсындармен  көмкерілген. Жемсауы, мойнының екі бүйірі ашық қоңыр, қызыл түсті. Дене тұрқы 55 см, қанатының ұзындығы 37 см, құйрығының ұзындығы 11 см-дей, салм. 1 кг-дай. Қызыл жемсаулы қарашақаз — жыл құсы. Көктемде ұшып келіп, тік жартастарға ұя салады. 3 — 6 (кейде 9) жасыл реңдіжұмыртқа салады. Жұмыртқаны мекиені басады. Күзде жылы жаққа қайтып, негізінен Каспий теңізінің оңтүстігінде қыстайды. Шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. Сирек кездесетін құс болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қызыл жемсаулы қарашақаз

№ слайда 24 Қытай қазы, қутұмсық қаз (лат. Anser cygnoides) –қазтәрізділер отрядының үйре
Описание слайда:

Қытай қазы, қутұмсық қаз (лат. Anser cygnoides) –қазтәрізділер отрядының үйректер  тұқымдасына жататын құс. Қолға үйретілген қытай қазысын тұмсығындағы нүктесі мен жуан келген құйрық жағымен тануға болады. Басқа қаздарданерекшелігі – арқасы мен бүйірі ақшыл көлденең жолақты қоңыр-сұр, бауыры – ақ.Мойны ұзын әрі жіңішке және қауырсындарының түсі әр түрлі. Тұмсығы қара, басқа қаздарға қарағанда ұзын. Өсімдіктердің жапырағы, сабағы және тұқымдарымен қоректенеді. Жағалауларында қамыс пенқұрақ, қоға өскен көлдермен өзендердің биіктеу жағалауына ұя салады. 6 – 7 жұп болып ұшып келіп, бір-бірінен алыс қоныстанады. 3 – 5 (кейде 9) жұмыртқа басып, оны атақаз бен анақаз кезектесіп 30 күндей шайқайды.  Балапандары жұмыртқадан шыққан соң қытай қазы су қоймаларының құмды және батпақты жағалауларын мекендейді.см, салмағы 3,5 кг-дай. Қытай қазы,

№ слайда 25 Құмай (лат. Gyps himalayensis) - қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс Дене
Описание слайда:

Құмай (лат. Gyps himalayensis) - қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс Дене тұрқы 70 см-дей , қанаттарын  жазғандағы ұзындығы 2,5 м-дей болады.Көзі өткір, биікте қалқып жүріп жердегі қорегін анық көре алады. Арқа тұсының қауырсындары қоңыр қошқыл күл түсті, ал құрсақ  жағындағы қауырсындары - ақ сұр, ақшыл сарғыш. Тұмсығы қоңыр сары түсті, төмен қарай иіліп тұрады. Тибет Гималай, Памир- Алтай жене   мекендейді. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы биік тау жоталарында, тау орманынан жоғары тіршілік етеді. Биік тауларда орманды белдеуден жоғарыда мекендейді. Қазақстандағы бірден-бір белгілі құмайдың, 1989 жылы Іле Алатауында табылған, теңіз деңгейінен 3000 м биіктіктегі биіктігі 500 м тік жартастың қуысында орналасқан . Құмай – отырықшы құс. Ұяларын ақпан - наурыз  айларында ағаш басына, биік жартастарға салады. Онда 1-2 жұмыртқа болады. 50 күндей шайқайды, балапандары шілденің басында тастауы мүмкін . Нағыз өлексе жегіш, жабайы және үй тұяқты  жануарларының өлекселеріжәне суырмен қоректенеді. Жемтігін өте биіктен, үлкен территорияны бақылап, табады. Қорегі жетіспеген жағдайда біршама көп санды ақбас құмайлармен,  тазқаралармен және сақалтайлармен бәсекеге түседі. Бірақ бұл құстардың өлекселерде бірге болуын ескерсек, олардың қарым-қатынастары санына аса көп әсер етпей бірге өмір сүретіндігін көрсетеді. Құмай 

№ слайда 26 Құртамыш шалшықшы (лат. Numenius minutus) - сирек, таралған аймағы шағын, рел
Описание слайда:

Құртамыш шалшықшы (лат. Numenius minutus) - сирек, таралған аймағы шағын, реликті түр, Сібір эндемигі. Шығыс Сібірде ұялайды, Шығыс Австралия менТасманияда қыстайды. Қазақстанда қонысын аудару кезінде бірен-сараны кездесетіні және жаз кезінде сирек болса да ұшырасып қалуы қызық оқиға. Тау және тау бөктеріндегі селдір ормандарды мекендейді. Табиғаттағы жалпы саны - шамамен 5 мыңдай және ол біртіндеп кемуде, оның себептері айқындалмаған. Қазіргі ұялайтын орындарын тауып, оларды қорғалатын территориялар деп жариялау қажет. Құртамыш шалшықшы

№ слайда 27 Үлкен аққұтан (лат. Ardea alba) – ескекаяқты құстар отрядының құтандар тұқымд
Описание слайда:

Үлкен аққұтан (лат. Ardea alba) – ескекаяқты құстар отрядының құтандар тұқымдасына жататын ірі әрі өте сақ құс. Қазақстанның оңтүстік аймағында таралған. Жайық бойын, Қамыс — Самар өзендері, Балқаш — Алакөл ойысында жатқан көлдер жағалауларын мекендейді. Түсі ақ, салмағы 1,5 кг, қанатының ұзындығы 40-45 см болады. Қимылы баяу, үн шығармайды. Олар топтасып тіршілік етеді, ұя салар кезінде қамыстың арасында шағын топ немесе жеке-жеке жұп құрады. Мекиені 3-5 ақ, көкшіл тартқан жұмыртқа салады да, оны екеуі кезектесіп басып шығарады. Балапандарын 45 күн ұяда асырайды. Ақ құтан балықпен, көлбақалармен, көкқасқа шегірткемен, инеліктермен, жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен, ұсақ кеміргіштермен, кесірткелермен қоректенеді. Аққұтан – жыл құсы. Қазақстанға наурыз айында ұшып келеді де, қазан айында жылы жаққа ұшып кетеді. Кейбір А құтандар Қазақстанның оңтүстігіндегі қатпайтын өзендердің бойында қыстап қалады. Бір кезде Ақ құтандар қауырсынына бола көп ауланған. Аққұтан — сирек кездесетін құс. Үлкен аққұтан

№ слайда 28 Үлкен құралай (лат.Carpodacus rubicilla) - сирек кездесетін, аз санды, жете з
Описание слайда:

Үлкен құралай (лат.Carpodacus rubicilla) - сирек кездесетін, аз санды, жете зерттелмеген құс . Орталық Азияның биік тауларын мекендейді,  Қазақстандағы ұялайтын жерлері белгісіз. Саны анықталмаған, дегенмен онша көп болмаса керек; әзірге белгілі бізге қыстайтын екі жер: Алматының төңірегі мен Ақсу-Жабағылы қорығы. Үлкен құралай бірнеше ондап қана кездеседі. Бұл түрге негізгі қауып - сайрағыш құстарды аулап, сатуды кәсіп еткендер. Қысқы мекені көлемі жағынан шағын, әрі қолайлы болғандықтан оларды аулау оңай. Аз зерттелген бұл түрді қорғау шараларын белгілеу үшін оның таралуын, санын, биологиясын анықтау қажет. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Үлкен құралай 

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 26.01.2016
Раздел Биология
Подраздел Презентации
Просмотров1185
Номер материала ДВ-379724
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх