Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылының Ұлы Отан соғысы ардагерлері
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылының Ұлы Отан соғысы ардагерлері

библиотека
материалов

Тәйімбет Көмекбаев


Қармақшы ауданындағы есімі елге белгілі, ардақты да, атақты ер азаматтар аз болмаған. Олардың арасында Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаевтың есімін ерекше құрметпен атаймыз. Өйткені, ол 1941 – 1945 жылдары Ұлы Отан соғысында қан майданда от кешіп, Отан үшін кеудесін оққа тосқан. Соғыста ерекше ерлігімен, жаужүрек батырлығымен көзге түсіп халық батыры атанды. Сондықтан оның жауынгерлік өмір жолы жерлестерінің,ізбасар ұрпақтарының мәңгі жадында.

Тәйімбет Көмекбаев – 1896 жылы Қызылорда облысының, Қармақшы ауданындағы №10 ауылда туған. Ұлты қазақ, КПСС мүшесі. 1944 жылы октябрьде ол Отанды қорғаушылар қатарына қосылды.

128 Псков атқыштар дивизиясының 533 атқыштар полкінің 5 атқыштар ротасының бөлімше командирі кіші сержант Көмекбаевқа 1945 жылы 10 апрельде Совет Одағының Батыры атағы берілді. Тәйімбет Көмекбаев соғыстың басынан аяғына дейін барлаушылар бөлімшесін басқарды. Бұрынғы жылқышы бір көрген жерін есте сақтай алатын, жыртқыш құстың әдет қылығын білетін, ол қырандай қырағы еді. Тәжірибелі солдат ол атқыштар қару жарағының қай түрін болса да жақсы білетін. Ұрыста епті де, батыл еді.

1943 жылдың басында Т.Көмекбаев өзінің жерлестері Сарыбае пен Жарқынбаев үшеуі фашист әскерлерінің штатына шабуыл жасады. Олар дивизия штабына кенеттен шабуыл жасады. Олар дивизия штабына олжа ретінде 12 солдат, екі офицер алып келді. Совет жауынгерлерінің кенеттен пайда болуы жау жағын састырды. Жаудың 37 солдаты мен офицері біздің барлаушыларға ұрыссыз берілді. Т.Көмекбаев 1945 жылғы қысқы шабуыл ұрыстары кезінде ерлік пен батылдық көрсетті. Ол бірінші болып Глейвиц қаласына кірді. Колховица қаласына шабуыл жасаған кезде жаудың атыс ұясын талқандады. 1945 жылы февральда Көмекбаев Ордерден алғашқы өткендердің қатарында болып өзінің оң жағалауындағы Эйхиринд елді пунктінің маңындағы плацдарды ұстап тұрды. Ұрыста ол жаудың 5 қарсы атакасына тойтарыс берді. Түнде ержүрек жауынгер шабуыл жасаушы топты бастады. Бригқаласының кіре берісінде жаудың станокты пулеметінің расчетын жасайды. Көмекбаев қала үшін болған ұрыста 60 фашист басқыншысын жайратып, 12 адамды қарусыздандырды да тұтқынға алды. 1945 жылғы 8 февральда Ванзен қала үшін болған ұрыста жаудың 7 қарсы атқышына тойтарыс берді. Совет жауынгерлері өздерінің алдын ала орналасқан позициясын қорғап, 1 қадам да шегінбеді.

Совет Одағының Батыры Т.Көмекбаев 1 – Украин майданы өкілдерінің құрамына Москвада болған Жеңіс парадына қатысты.

Майданнан қайтып оралғаннан кейін Тәйімбет Көмекбаев соғыс жылдарында әбден әлсіреген халық шаруашылығын қалпына келтіруге батырға тән белсенділікпен қызу араласып кетті. Сөйтіп алғашқы жылдары ауданымыздың бірқатар ұжымшарларын басқарып, кейін ауылдық кеңестің төрағасы болып ұзақ жылдар жемісті еңбек етті. Халық шаруашылығының қандай саласында жүрсе де Тәкең өзінің батырлық күш – жігерін аямай жұмсап, ел байлығын арттыруға, алда тұрған жауапты міндеттерді шешуге аянбай атсалысты.


Тәйімбеттің ерлігі туралы жыр


Шақылдап снарядтар, аспан шулап,

Бомбалар борап қардай будақ- будақ.

Жыртылып жер қыртысы қопарылып,

Долданып, тас – топырақ жатты тулап.

Түн іші. Орман, дала тұрған мүлгіп ...

Жасқанбай Тәйімбеттер алға жылжып.

Жүз қадам жау шебіне жақындады,

Жамылған жендеттерге түннен түндік.

Қасында екі кісі Көмекбаев,

Үшеуі жатты қатар қанат жайып.

Таң алды, сағат төрттің шамасында,

Болды айқас боп көрмеген бір ғажайып.

Тәйімбет пулеметке лентаны іліп,

Салмаққа салып күшін жауға бүлік.

Тартқанда күшті бармақ тырнақшаны,

Пулемет бұрқырады сақ-сақ күліп.

Шалғымен қирады жау шалған шөптей,

Топырлап домалады тоң тезектей.

Басылып шаң – тозаңы жаужағының,

Көрінбей көпке дейін қыбыр етпей.

Көтеріп келе жатты таң пердесін,

Сескенбей жатты төсеп оққа төсін.

Айналып артын дұшпан қалған екен,

Тәйімбет тағы басты оқ пернесін.

Батырдың қаны қайнап, бойы ысып,

Жалындай жайнап көзі қыза түсті.

Сескенбей себе берді оқ нөсерін,

Үні өшті талай фашист топырақ құшып.

Күн шықты көкжиектен күле қарап,

Буалдыр бұлт жамылып, тозақ тарап.

Құтырған құм қауыпты елу фашист,

Бір жүз де он алтысын алды қамап.

Батырдың көңілі толып, көзі жайнап,

Бұрқанды мұздыбүркіп, бұлт шайнап.

Желкелеп ата дұшпан фашистерді,

Штабқа жалғыз өзі келді айдап.


Мұзарап Жүсіпов


Жауынгері ғасырдың

(Батырға арнау)

Мамыр сайын той жасап жүрген дәйім кеп,

Атына батыр – Көмекбаев Тәйімбет.

Ойлаймын кейде батырдың ұлы – Бағбанды,

Әкеге көктен алып берген айын.


Айды әперсе қолын созып көкке де,

Той жасаса ел қондырып көпке де.

Бұл өнеге адал ұлдың борышы,

Бұл әкесін апарғаны Меккеге!


Әкесі үшін мақтанса ұлы мақтанды,

Батыр деген жай сөз емес жаттанды.

1941 – де Тәйімбет,

Отан қорғау сапарына аттанды.


10-шы ауыл Өндіріс ед тұрағы,

Шымыр тұлға, жарқырып қос шырағы.

Көрген жерін есте ұмытпай сақтайтын,

Жылқышы еді қырандайын қырағы.


Қырғидайын жауға тисе қастанды,

Кейде ашық, іс жүргізді астарлы.

Қан майданда бұйрық алып қатерлі,

Барлаушы боп бөлімшені басқарды.


1943-те – қыс таңын,

Қапылыста зар илетіп дұшпанын.

Жерлестері Сарыбаев пен Жарқынбай,

Үшеуі алды фашистердің штабын.


Шабуылғашабуылды жалғап кеп,

Қарсыласса жау жүрегін жармақ боп.

Дивизия штабына олжасы,

Екі офицер, 12-сі солдат боп.


Дәл түбінде қаласының Познань,

Қаймықпаған құрамының азынан.

Барлаушылар бұзып өтті жау шебін,

Дегендей бұл жай істеген базынам.


Кек алмаққа көктей өтіп кебірді,

Тас бекінген жауды көріп елерді.

37 солдаты мен офицер,

Барлаушыға өз еркімен берілді.


Шабуылға шықса ұрыстың майын жеп,

Колхозица, Глейвицті дайын деп.

Жаудың атыс талқандады ұясын,

Барлаушы боп топ бастаған Тәйімбет.


45-тің 6-сында ақпанда,

Одерден ел алғаш өтіп жатқанда.

Бірінші боп өзі де өтті өзеннен,

Жаудың тобын түсірді айдап қақпанға.


Қаласында кіре беріс Бригтің,

Жон терісін сыпырғандай «Ірі иттің».

Расчетін жойды жаудың пулемет,

Ұли да алмай қалды иті, ұлиды кім?


Деп сұрасаң жау қырылып өліппе?

Қорғап қала, қатер келсе төніп те.

Пулеметтен 60 фашист жайратып,

12-сін тірі әкепті полкке.


45-те сегізінші ақпанда,

Банзен үшін ұрыс болып жатқанда.

Тойтарыс берді жауға жеті рет,

Дамыл тауып көз ілмеді ақ таңда.


Тойтарысты берсе жауға сарқыла,

Күш – қайраты тасқандай боп артыла.

Жауынгерлер қорғап позициясын,

Бір қадамда шегінбеді артына.


Мәртебесі тиіп көкке жоғары,

Жаудыжеңіп, жеңісіне жоралғы.

Ер Тәйімбет Көмекбаев Кеңестер,

Одағының батыры боп оралды.


Бейбіт өмір алға бұрса арнаны,

Орындалды орасан зор арманы.

Дамуына үлес қосып қомақты,

Туған жерін көркейтуге арнады.


Халқына адал деп ақтаған тұзымен,

Дайын аста дәм болмайды тұзы кем.

Озық ойлы тәрбиелеп ұрпағын,

Ұлағатты ұл өсірді, қызымен.


Ұлы ғасыр батыр жылын мән қылып,

Хас батырды жырға қосса ән қылып.

Үш мыңыншы «Жауынгері ғасырдың»,

Құрметпен аты қалды мәңгілік.


Үрліхан Өндібаева

Қазақстан Журналистер Одағының

мүшесі, Тұрмағамбет ауылы




























Жанаев Нұрмағамбет


1912 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, қазіргі Тұрмағамбет ауылында туылған. 1924 жылы колхоз завскладта, 1934 жылы дүкенші, 1936 жылы селоның бастығы, 1938 -1939 жылдары армия қатарында жүріп, Финляндия соғысына қатысып, одан 1940 жылы аман –сау келіп, қайтадан селоның бастығы болған. 1942 жылы қайтадан Ұлы Отан соғысына аттанған. 1942 – 1943 жылдары Украина қалаларын азат етуде Белгородта, Харьковта, Днепр өзенін азат етуде Карпат тауларына дейінгі шайқастарда болған. Содан 1944 жылы «Кишнев», «Бухарест» азат етуге жан аямай шайқасқан. Содан Венгрияда Будапешт қаласын азат етуде 1944 жылы декабрь айында ерлікпен қаза болған. Артиллерия командованиясында В/ч-142 полк №10 бригада командир взвод болып қызмет еткен. Старший сержант атағын алған. Майдангер ақын Жанаев Нұрмағамбет соғыста жүріп жазған өлеңдері сол кезде соғыс уақытындағы газеттерде жазылған солдаттарға дух берген. Ол кісінің көп өлеңдері, Жұлдыз журналына, облыстық, аудандық газеттерде жарық көрді. Ол майдангер ақынға 80-жасқа толуына байланысты 1990 жылы туған ауылынан «Жанаев Нұрмағамбетке ас беріліп, көше атағын берді». Ол кісінің өз еліне еткен адал қызмет жасап, Отан үшін жанын қиғандығын бағалап, осындай құрмет жасауы, Майдангер ақынға, Аудан басшыларына, ауыл тұрғындарына үлкен ризашылығымызды білдіреміз. Жанаев Нұрмағамбеттің көптеген өлеңдері бар. «Ауыл азаматтарына», «Сүйген сұлуға», «Ауыл ақсақалдарына», «Елге сәлем», «Днепрден өтерде», «Доңбай атаға», «Мұзарапқа», «Тілегенге», «Шәймерденге». Осындай көп өлеңдері бар.

Бұл кісінің өлеңдерін жинаған майдандас досы Іздібаев Шәрибек, інісі Дәулетбаев Запа, туған інісі Жанаев Алмағамбетұлы Аманқос.





























Жанділда Бердімұратов


Жанділда Бердімұратов – 25.04.1926 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы №16 ауылда туылған. 1934 жылы сол ауданның Қара – Шоқат станциясындағы жеті жылдық мектептің 1 – класына барған. 1934 – 1935 оқу жылында 1 – кластан 2 – класқа жаңа жылда өтіп, сол жылы 2 – класты бітірген. Сол сияқты 1935 – 1936 оқу жылы да 3 – класты жаңа жылда бітіріп 4 – класқа өткен. Сол жылы 4 – класты бітірген. Сөйтіп екі жылда төрт класты бітірген.

Пионерге 1935 жылы, комсомолға 1939 жылы өткен.

1941 – 1942 оқу жылында Арал қаласының Т.Г.Шевченко атындағы орта мектепті грамотамен бітіріп шыққан. Сол жылы /декабрь 1942ж/ өзі тұратын «Сарытепсен» деген колхозға счетоводтыққа сайланып, оны 1944 жылы армияға кеткенше істеген. 1944 жылы армия қатарына алынып, курсант болған. 1945 жылдан бастап Рота, баталъон, полкта писарь, ст.писарь, іс жүргізуші қызметтерін атқарған. Армиялық шені – капитан.

1948 – 1949 - 1950 жылдары неміс фашистерінің, офицерлерінің оккупацияланған территорияда істеген зұлымдықтарын зерттеп, қылмысқа тарту жөнінде военный трибуналдың мүшесі болған. 1950 жылы қыркүйекте армиядан оралып, ең әуелі Шалқар ауданында КГБ-де, кейін Шымкент облысы, Ильич ауданында аудандық Совет атқару комитетінде – инспектор, жалпы бөлім меңгерушісі, жауапты секретары, 1956 жылдан бастап Совет атқару комитеті председателінің орынбасары, аудандық партия комитетінің партиялық ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, аудандық ауыл шаруашылық инспекциясының бастығы қызметтерін атқарған.

1961 жылдан 1963 жыл аралығында сол ауданның Амангелді атындағы колхозының председателі болған. 1963 жылдан бастап Қызылорда облыстық партия комитетінде инструктор, бөлім меңгерушісінің орынбасары болған.

1965 жылдан 1975 жыл аралығында Қармақшы аудандық партия комитетінің екінші секретары, 1975 – 1977жж аралығында Қызылорда облыстық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары болып істеген.

1977 жылдан бері Ленинский совхозының директоры. Июль 1954 жылдан КПСС мүшесі. 1952 жылдан бастап үздіксіз аудандық Советтің депутаты, Ильич, Қармақшы аудандық партия комитетінің пленум мүшесі, бюро мүшесі.

1963 жылдан бастап 1977 жылға дейін Қызылорда облыстық партия комитетінің пленум мүшелігіне кандидаты болды. Еңбек Қызыл ту орденімен /1973ж/, екі рет «Құрмет белгісі» орденімен /1966, 1971жж/ және мемлекеттің 8 медальімен наградталған.

Бұдан басқа «ВДНХ-дан екі бронзовый медаль», «Бесжылдықтың ударнигі» деген екі значок, «Тың игерудің 25 жылдығы» значогі т.т. бар.




















Қаппар Рахатов


hello_html_1febd6fd.jpgРахатов Қаппар – 1926 жылы қазіргі Ленин атындғы кеңшардың жерінде дүниеге келген. Ленин атындағы орта мектептің 7 сыныбын бітіріп, «Күйеу асар» түбіндегі Ленин атындағы ұжшарда бригадир, қойма меңгерушісі, ферма есепшісі болып жұмыстар істеген.

1944 жылы соғысқа аттанған. Екінші Украин майданындағы кескілескен ұрыстарға қатысқан. Бас қолбасшының орынбасары, маршал Г.Жуковтың алғысын алған. Соғыста көрсеткен ерліктері майдандық газетке жазылған.

1945 жылы соғысқа жарамсыз деген комиссия қорытындысымен елге оралған. өйткені майданда алған ауыр жарақаты салдарынан өзіемделген №236 әскери госпиталдың қорытындысымен 1947 жылға дейін екінші топтағы мүгедек болған.

Елге келгесін көп жылдар бойына ауыл шаруашылығында еңбек етіп, 4 рет ауылдық кеңеске депутат болып сайланған.

1979 жылы күріш егіп, одан кейін кеңшарда бригадир болған, 1966 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 1979 жылы «Ауыл шаруашылығы жарысының жеңімпазы» деген белгілермен, Москва қаласындағы ауыл шаруашылық көрмесінің екі рет қола медалімен наградталған. 1982 жылы 5 наурызда «Еңбек Қызыл Ту» орденін алған.

«Еңбек ардагері» медалімен наградталып, 1985 жылы зейнет демалысына шыққан.

Ол «Отан соғысы» орденінің екінші дәрежесімен, көптеген мерекелік медальдармен наградталған.

Қаппар Рахатов бұл күндері ұлын ұяға, қызын қияға қондырған еңбек ардагері. Оның балалары да немерелері де шаруашылықтың әртүрлі саласында еңбек етіп жүр. Сондықтан майдангер жауынгер Қаппар Рахатовты Ленин атындағы кеңшардың тұрғындары ерекше құрметтейді.

- Қарт жауынгер есімі құрметке лайық – дейді ауылдастары. Өйткені ол көпшіліктің ақылшысы.





















Қылышбек Байжанов


hello_html_m6b795a37.jpgБайжанов Қылышбек 1920 жылы қазіргі Ленин атындағы кеңшардың жерінде туған. Ворошилов атындағы мектепте 7 сынып бітірген. 1940 жылы әскер қатарына шақырылған. 1941 жылы соғысқа аттанған. 1 Украин майданында жаралы болып, 19 қаңтар 1943 жылы Каменск, Горький қаласы госпиталдерінде жатып, емделіп шыққан.

№218 гвардиялық әуе бригадасында тоғыз ай болып, талай шайқастарға қатысқан. Москва маңында, Уменскіде, Прибалтика майданы бойынша 1944 жылы 16 маусымда Карелфин жеріндегі ұрысқа қатысқан. 22 шілде күні жаралы болып, Вологодск облысының Госпиталінде жатқан. Сол жерден дәрігерлік комиссияның қорытындысымен соғысқа жарамсыз болып, ауылға 1944 жылы 17 қазанда қайтқан. Елге келгеннен кейін Жосалы аэропортында жұмыс істеген. Сол жерде үздіксіз 23 жыл жұмыс істеп, 1983 жылы зейнетке шыққан.

Ол «Отан соғысының» екінші дәрежелі орденімен, «Еңбек ардагері», «СССР Қарулы Күштеріне 50 жыл», «СССР Қарулы Күштеріне 60 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы (1941 – 1945 ж.ж.) жеңіске 30 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы (1941 – 1945 ж.ж.) жеңіске 40 жыл», «СССР Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы (1941 – 1945 ж.ж.) жеңіске 25 жыл» медальдарымен наградталған.

- Өзі болған жерлерді қызықты етіп әңгімелеп береді, - дейді ол туралы ауылдастары. – Біз де тыңдаудан жалықпаймыз.

Жанұясында балалары мен немерелері бар. Қазіргі уақытта олар да халық шаруашылығының әр түрлі саласында жемісті жұмыс істеп жүр. Қылышбек Байжанов балаларына да, ауылдастарына да соғыстың халыққа қандай алапат қайғы алып келетінін айтып, сыр шертіп отырады. Ленин атындағы кеңшардың жұртшылығы оның майдан жолдары жайлы мол хабарда. Өйткені, Қылышбек ақсақал осы соғысқа қатынасқан ауыл азаматтарының бірі.






















Сермаханов Мектеп


Сермаханов Мектеп 1925 жылы бұрынғы «Томарбөгет» ұжшарының жерінде дүниеге келген. Сол ұжшардағы 8 жылдық мектепті бітіріп, әр түрлі жұмыстар істеген. 1943 жылы 14 наурызда 18 жасқа толып,соғысқа аттанған. Соғыста Ленинград майданында болған. Соғысқа дейін «Ақжар» МТС-інде тракторшы жұмысын атқарған.

Ленинград майданында жүріп, 1944 жылы 30сәуірде оң жақ жамбасынан жараланып, Ленинград қаласындағы госпитальда емделген. 1948 жылы елге оралған. «Ақжар» МТС-інде тракторшы, 1959 жылдан Ленин атындағы кеңшарда механизатор, бригада механигі болып істеген.

1983 жылы құрметті еңбек демалысына шыққан.

Еңбек етіп жүргенде жұмыстағы табыстары үшін «Лениннің туғанына 100 жыл» медалімен, «Социалистік жарыстың озаты» белгісімен, көптеген алғыс, мақтау грамотасымен, «СССР Қарулы Күштеріне 60 жыл» медалімен наградталған.

Ал соғыстағы батырлығы мен ерлігі үшін «Отан соғысы» орденімен, көптеген мерекелік медальдармен марапатталған. Мұның өзі Мектеп Сермахановтың еңбек және соғыс майданының ері екенін айқындайтын наградалар. Расында да ол соғыста да, жұмыста да тынымсыз еңбек етіп, өзінің қатар құрбыларына үлгі-өнеге болған кісі. Сондықтан қазір оны өзі тұратын Ленин атындағы кеңшардың халқы ерекше құрметтеп, сыйлайды. Өйткені, ол соғыстағы ерліктерімен қоса одан кейінгі елу жылға жуық уақыттан бері техниканы тізгіндеп, егін шаруашылығын өркендетуге барлық күш-жігерін жұмылдырып келеді.

Мектеп Сермахановтың шәкірттері көп. Олардың көпшілігі техника тілін жетік білетін майталман механизаторлар.

Мектеп ақсақалдың балалары мен немерелері де әке жолын қуып, механизаторлық мамандықты шебер игерген жандар.



























Отты жылдар куәгері



hello_html_60203569.jpg1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия Кеңес Одағына екі ел арасындағы шабуыл жасаспау туралы шартты опасыздықпен бұзып, Кеңес Одағы мемлекетінің шебіне баса көктеп кірді. Фашистік Германияға және оның одақтастарына қарсы 1418 күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы әр күнгі Кеңес адамдарының майдан мен тылдағы өшпес ерлігінің жарқын шежіресі, олардың табандылығының, қайсарлығының, қаһармандылығының айқын айғағы болды. Бүгін міне сол сұрапыл соғыстың Жеңіске жетіп Ұлы Жеңіс туын желбіреткеніне – 70 жыл толып отыр. Кешегі Ұлы Отан соғысында от – жалын кешкен майдангер әкелер рухы ешқашанда ұмытылмайды. Дүниежүзі бойынша Ұлы Отан соғысына Қармақшы жерінен аттанған 5 мыңнан астам қазақ азаматтарының ішінде жас жауынгер Қарақасов Әбдіхалық атамыз да бар еді.

Қарақастың баласы Шонайдан Бектібай, Тәттібай аталарымыз тараған. Тәттібай аталығында 1914 жылы Қарақасов Әбдіхалық атамыз дүниеге келген екен. Шонай атамыз өте ауқатты, халықтың адамы болса керек. Үлкен кісілерден естіген деректерімізде Шонай атаның асына 300 үй тігілген, сойылған малда есеп жоқ, халық құрметіне бөленген жан еді деп айтып отыратын көреген көз қариялар. Міне сондай бір ұлағатты әулеттің ұрпағы Қарақасов Әбдіхалық әкеміз де ерлік пен елдіктің кепілі болған Ұлы Жеңістің куәгері еді.

Батырлық пен батылдықты орынды бағалай білген халқымызда «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» деген өнегелі сөз бар. Майдан шежіресінің маңызды беттерінде Қармақшы ауданынан 5 мыңнан астам жауынгер майданға аттанғанын, жауға атылған әрбір оқтың тоғызы Қазақстанда шығарылса, Жосалы механикалық заводында әскери снарядтар жасалып, майданға жіберілгені нақты айғақ. Ел басына күн туған сұрапыл сын сағатта Қарақасов Әбдіхалық әкеміз Қармақшы вокзалынан майданға аттанды. Бұл кезде небәрі 27 жаста еді. Орск, Омск қалаларында әскери оқу – жаттығуынан өткеннен кейін Дондағы Ростовты жаудан тазартуға қатысады. Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысып, батыр қаланы жаудан азат етуге атсалысады. 1942 жылдың наурызынан 1943 жылдың қарашасына дейін 37-атқыштар полкінде болып, мергендігімен командирдің көзіне түсіп, бірнеше рет алғыс алғанын кездесу сағатында ұрпақтарына айтып отыратын. Сондай-ақ Льгов қаласын жаудан қорғауда кескілескен шайқаста ел қорғаған ерлер сапында болды. 1943 жылы 10 ақпанда 37-атқыштар полкінде сұрапыл шайқаста басынан оқ тиіп, бет сүйегі зақымданып ауыр жарақат алады. Чита аумақтық госпиталіне жеткізіліп, емделіп шыққан соң, 1943 жылдың қарашасынан 1944 жылдың қазанына дейін 58-танк бригадасында атқыштар қатарында болады.

1943 жылы Орел, Болгород, Харков қалаларын жаудан азат етуге қатысты. 1945 жылдың қараша айына дейін санитар батальонында болды. Майдан даласында қолынан, аяғынан ауыр жарақат алып Самара госпиталіне түседі. Ұзақ емделіп қайтадан Отанға деген жігер қанымыз да, жанымыз да Жеңіс үшін деп майданға қосылдық деп күрсінетін. 1945 жылдың 10 желтоқсанында КСРО жоғарғы кеңесінің 25.09.1945ж Призидиум Жарлығы бойынша әскерден босатылып, елге келеді. Жергілікті ақын Үрліхан Өндібаева апамыздың «Енді соғыс болмасын» деген өлеңінде:

Осы күнге жетті кімдер жетпеді,

Бірі майдан, тылда еңбек еткені.

Жау оғынан қол-аяғы жұлынып,

Жағы сынып, бұзылған да беттері.

Жігер оты жасымаған жасынан,

Деп жауынан мен айламды асырам.

Оқ атқанда қарсы тиіп жау оғы,

Қарақасов жараланды басынан – деп жырлаған еді.

Ұлы Отан соғысынан ІІ топтағы мүгедек болып оралып, Шығыс Қазақстанға бауырларын, қарындастарын іздеп барып, Самара ауданы Песчанка селосында тұрады. 1953 жылы 26 ақпанда Қағазбаева Бағиламен шаңырақ көтереді. өнегелі отбасы болып шаңырақты шаттыққа бөлеген балалары Сақыпжамал, Марзия, Жанат қыздары бүгінде өмірден өз орындарын тауып, еңбектің тәтті нанымен ұрпақ өсіріп, елге сыйлы болған жандар. Кейіннен елге көшіп келіп Қуаңдария қой совхозында қой бағып, бейбіт өмірде де елге деген жанашырлық Еңбек майданына жетелейді. Ұлы Отан соғысында басынан жараланып, бір аяқ, бір қолы жарымжан болып қайтқанына қарамастан, елге аянбай еңбек етті. Бұл кісіге мың рет тағзым етсе де артық емес деп, ауыл тұрғыны Берманова Шәркүл апамыз еске алады. Биыл Әбдіхалық әкеміз – 100 жасқа толады екен. Осындай ғибратты жол, өнегелі із қалдырған ардагер әкелеріміз әрбір ұрпақтың туған жер, Отанына деген патриоттық сезімін үрлейтін өнеге иесі. Қарапайым еңбек адамының халқына деген қалтқысыз қызметі Бағила апа екеуі артында ұялтпайтын ұрпақ тәрбиеледі. Қызы Сақыпжамал Комсомол жастар бригадасымен 2 жыл қой бағып елге қызмет етіп 1978 жылдан бүгінгі күнге дейін 35 жыл Қазпочта саласында қызмет етті. Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отырса, Мәрзиясы 1977ж Шиелі ауданында Ы.Жақаев мектебінен оқып «звенавод» сертификатын алып Социалистік еңбек Ері, Батыр Ана Сәлима Жұмабекованың шәкірті болып ұзақ жылдан бері күріш егіп келеді. Еңбегі де нәтижелі, абырой биігіне жетелеген жан. 2012 ж облыс әкімінің қабылдауында болып мадақталды. Аудан, облыс әкімдерімен бірнеше рет мақтау қағаздармен мадақталды. Қазір Тұрмағамбет ауылында тұрады. Отбасылы, жолдасы Жалғас Баймұратов та Ленин совхозының ауыл шаруашылығын өркендетуге елеулі үлес қосқан еңбеккер азамат. Жанаты Қызылорда қаласында. Кешегі жауынгер, бүгінгі соғыс ардагері болған Қарақасов Әбдіхалық әкеміздің омырауы орден медалдарға толы болатын. 1945ж Ұлы Жеңіс үшін медалімен Ұлы Отан соғысының І – дәрежелі орденімен, Ұлы Жеңістің 20, 30, 40 жылдық медалдарымен, СССР Әскери күшінің 70 жылдық медалімен т.б. орден медалдармен марапатталған, жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленген Әбдіхалық әкемізді, барша майдангер әкелерімізді әр жыл сайын құрметпен еске аламыз. Биыл 100 жасқа толған Әбдіхалық әкеміз ел тыныштығын, ел – халқының амандығын тілеген баталы қария еді.




Зарипа Тасымова Жаппарқызы

Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің

басшысы, тарих пәні мұғалімі

Тұрмағамбет ауылы











Мұқанбетқали Ерекешов


hello_html_m70fd7b09.jpgЕрекешов Мұқанбетқали 1926 жылы бұрынғы №10 ауыл, қазіргі Ленин атындағы кеңшардың жерінде туған.

1934 – 1941 жылдары Ленин атындағы жетіжылдық мектепті оқып бітрген. Кейін «Ақжар» ұжшарында колхозшы, ал 1943 жылдан 1944 жылдың аяғына дейін сол ұжшарда есепші болып қызмет істеген. 1944 – 1950 жылдар аралығында әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1949 жылдың қаңтар айынан бастап СОКП мүшесі.

1950 жылы әскер қатарынан босап ауылға келгеннен кейін Сталин атындағы ұжшарда есепші және партия ұйымының хатшысы болып жұмыс істеген. 1950 – 1951 жылдары ол ҚКП (б) аудандық комитетінде техникалық хатшы, нұсқаушы болған. Содан кейін аудандық әлеуметтік қорғау бөлімінде аға инспектор, Ленин тұтынушылар қоғамында есепші, ауылдық кеңестің төрағасы, 1953 – 1954 жылдар аралығында Сталин атындағы ұжшарда бастауыш партия ұйымының хатшысы болып жұмыс атқарған.

ССРО Жоғары Кеңесі Президиумының жарлығымен, соғысқа қатысқаны үшін «Ұлы Отан соғысында 1941 – 1945 жылдары Германияны жеңгені үшін» медалімен, 1948 жылы 22 ақпанда «Совет армиясы мен флотының ХХХ жылдығы» медалімен наградталған. Сол сияқты ССРО Жоғары Кеңесі Президиуымының жарлығымен 1975 жылы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл» мерекелік медалімен, 1985 жылы 12 сәуір күні «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл» мерекелі медалімен наградталған. «Отан соғысы» орденінің екінші дәрежесінің иегері.

1954 – 1993 жылдар аралығында осы Ленин атындағы кеңшарда бас есепші, есепші жұмыстарын абыроймен атқарып, құрметті еңбек демалысына шыққан.

Балалары мен немерелері өсіп, қазір солардың қызығын көруде.


























Ахмет Бектасов


hello_html_7837ffff.pngБектасов Ахмет 1920 жылы қазіргі Ленин атындағы кеңшардың жерінде кедей шаруаның жанұясында туған. Ауылдық мектепті бітіргеннен кейін Қызылорда педагогикалық институтында оқып, соғыс бастауына байланысты институтты аяқтамай 1942 жылы қаңтар айында соғысқа аттанған. Батыс Украина майданында соғысып, Смоленск қаласында аяғынан жараланып, госпитальға жатып шыққан.

1946 жылы соғысты аяқтап, елге оралған. Ауылға келген соң ұстаздық жұмысқа кірісіп, бала тәрбиелеу ісіне белсене араласты. Сол жұмыспен 1980 жылы құрметті еңбек демалысына шығып, жеті бала тәрбиелеп өсірген.

Ахмет Бектасов бірінші, екінші дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Жеңістің 20 – 30 – 40 жылдығы» медальдарымен, басқа да көптеген медальдармен наградталған.

Ол қазіргі Ленин атындағы кеңшарда тұрған. Жауынгер қартты бүкіл ауыл тұрғындары ерекше құрметтеді. Өйткені, ол осындай бейбіт өмірді орнату үшін төрт жыл бойына Отан соғысының майданында қан төгіп, елін, жерін қорғаған азамат.

Оның есімі Отанын жаудан қорғаған азаматтардың қатарында атала береді.

Ахаң майданнан офицер болып оралды. Бірақ, ол туған жерден жырақ кеткен жоқ. Егін егіп, мал баққанды тәуір көрді. Ата – баба кәсібін алға жылжытуды, халықтың тұрмысын жақсартуды армандады. Сондықтан ол «Туған жерге туын тік» дегендей елден ұзап кетпеді. Міне, осындай еңбегі үшін де бүкіл ауыл тұрғындары қатты сыйлайды.

Бұл күндері Ахаңның балалары да әке жолын қуып, бірі кеңшарда егінші болса, бірі механизатор болып дән молшылығын жасауға өздерінің үлестерін қосып жүр. Осының өзі-ақ Ахмет Бектасов сияқты жауынгер жанға үлкен қуаныш. Ал, майдангердің қуанышы бүкіл елдің қуанышы.
























Нұрғали Әлиев


hello_html_m162e75d5.jpgӘлиев Нұрғали 1924 жылы №10ауылдық кеңесіне қарасты «Өндіріс» ұжшарының жерінде кедей шаруа жанұясында дүниеге келген. 7 сыныптық мектепті 1942 жылы бітірген. 1942 жылы наурыз айында әскер қатарына алынып, Аягөз қаласына барып, соғыс өнерін үйренген. Сол Аягөз қаласынан аттанып, Смоленск қаласына барып, бірден соғысқа қатысқан. Ол жаяу әскер сапында болған. 1943 жылдың маусымына дейін Смоленск майданында ұрыстарға қатысып, сол жерде жараланған. Бір айдай госпитальда жатып емделген. Госпитальдан шыққан бойдан оны №94 дивизия қарамағына жібереді.

Майдан қолбасшысы сол кезде армия генералы Малиновский болған. Сол дивизияның №3 батальонының 8 ротасының қатарында соғысқан.

1945 жылдың 3 тамызына шығыс шекараға барып, 3 тамызда Жапонияға қарсы ұрысқа қатысқан. Мукден, Циникар, Жэкэ, Дайран, Порт – Артур қалаларын жапон басқыншыларынан азат еткен. 1945 жылы Жапониямен бітім шартын жасасқаннан кейін сол жерде 1947 жылдың наурыз айының аяғына дейін болып, ауылға оралған.

Соғыс кезінде «Ерлігі үшін» медалін алған. Бұл медаль оған Смоленскіде барлауға барып, тапсырманы ойдағыдай орындағаны үшін берілді. Соғыс аяқталған соң «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен наградталған.

Ауылға келгеннен кейін «Өндіріс» колхозында есепші болып, 1950 жылға дейін жұмыс істеді. 1950 – 1951 жылдары Жосалы темір жол бойында жұмысшы, 1951 – 1959 жылдары ауылға келіп күріш еккен. 1960 жылы Ленин атындағы кеңшардың мүйізді іріқара фермасында шаруашылық меңгерушісі, 1965 – 1984 жылдары кеңшарда бригада есепшісі, күрішші болған. 1984 жылы зейнет демалысына шыққан.

2 ұл, 4 қыз балалары бар. 14 немересі өсіп келеді.





















Шәрібек Іздібаев

hello_html_m428fd9d1.jpg

Іздібев Шәрібек 1910 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. 1918 жылдан бастап мешітте діни білім «мұқтасар - быданнан» сабақ алып, арабша оқып сауаттанған. 1927 жылы он жылдық мектепті бітіріп, оқуды аяқтайды. 1928 жылы колхоздандыру науқанына белсене араласып, ауылдық кеңес хатшысы болды.

1929 жылы 1300 үйден құралған колхоз орталығы 12 секцияға бөлініп, соның бір секциясын басқарады. 1930 жылы колхоз шаруашылығы тағы да нашарланып, 12 шағын колхоздарға бөлінеді. «Шеңгелді» атты колхозында хатшы болады. 1936 ж «Шеңгелді» колхозы «Ақжар» колхозы болып бірікті, бастығы Ерекешов Тілеу, Шәрібек әке есепші болып бекітіледі. 1937 жылы зобалаңда Ерекешов Тілеу «халық жауы» болып жала жабылып, ұсталып кетеді. «Ақжар» колхозының Шәрібек әке бастығы болып сайланады. 1938 жылы колхоз мол астық алып, сол еңбегіне орай Шәрібек әке Москвада (қазіргі Ресей) өткен Бүкіл Одақтық халық шаруашылығы көрмесіне (ВДНХ) қатысады. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталады. Арнайы бронмен қалдырылған Шәрібек әке патриоттық сөзімен өзі сұранып, 1942 жылдың 15 маусым күні соғысқа аттанады. Сонан кейін Тоцкий лагерінде дайындықтан өтеді. Шәрібек әке Бугурсландағы жасақталып жатқан № 381 дивизияға қосылып, Сталинград майданына соғысқа аттанады. Майданда жүріп жараланған ардагер әкеміз Кандағаш госпиталында емделіп шығады.

1943 ж Воренеж облысы Мецкий станциясынан түсіп, Харьков Полтава облысына жақындағанда біздің армия шегініп, көне Белградқа келеді. Ол жерде жерлесі Жанаев Нұрмағанбетке кездесіп, сағынып көрседі. Белград қаласын қорғау үшін ұрыста немістер шабулына төтеп беріп оларды шегіндіріп қуады. 6 маусым күні Белградты неміс фашистерінен босатып, Петихатк мен Кривой Рог қаласына болған ұрыстарға қатысады. 1944 ж армияны толықтыру үшін алға жіберді.

1944 жылдың тамыз айында 11 майдан құрылып, Кишенев-Яссы бағытымен шабуылға шығады. Қала мен селоны жаудан босатып, Румыния астанасы Бухарестке 25 шақырым жер қалғанда Шәрібек әке үш жерінен ауыр жараланып, әр жерлердің госпиталдарында жеті ай емделіп шығады. Соңғы емделген жері Ставрапольский өлкесінің Железноводск қаласы. 1945 жылы сегізінші наурызда елге аман есен оралады. Үш күннен соң 1945 жылы 11наурызда «Қызыл әскер» колхозына бастық етіп жіберіледі. Бір жылдан соң 1946 жылы «Ленин» колхозына (қазіргі Тұрмағамбет ауылына) бастық болады. 1960 жылы заготскотта, ауыл шаруашылығының әр саласында 1989 жылға дейін жұмыс істейді. Ардагер, асыл әке 1999 жылы 12 қаңтарда дүниеден өтті.

Соғыстың бел ортасынан аман оралған Шәрібек әке жанұясында 3 бала, 12 немере, 8 шөбересі бар.

Рахатов Зайыр


hello_html_m71fa2c05.jpgРахатов Зайыр Рахатұлы – бұрынғы «Қалыңбас» ауылында /қазіргі Тұрмағамбет ауылы/ 1915 жылы 5 – қаңтарда дүниеге келген. 15 – 16 жасынан бастап шаруашылық істеріне араласа бастаған. 1938 жылы Советтік Қызыл Армия қатарына алынып, өзінің Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. 1941 жылы өзінің Отан алдындағы борышын өтеп, елге қайтқалы жатқанында 22- маусымда Ұлы Отан соғысы басталып кетіп, одақтас Украина жерінен бастап, фашистік Германияның астанасы Берлинге дейін соғыс жолдарында болып, өзіміздің жерлерімізді азат етуге қатысқан.

Осы Ұлы Отан соғысы барысында атамыз Рахатов Зайыр зениттік артиллерия батареясының басқарушысы болып соғыс барысында Австрияны, Венгрияны, Болгарияны, Румынияны азат еткені үшін, «Фашистік Германияны жеңгеніміз үшін» мадақтау медальдармен және «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталған.

1959 жылы ауыл шаруашылығына сіңген еңбектері үшін Үкімет тарапынан «Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің жарыстағы үздігі» ентаңбасымен, ал 1985 Ұлы Отан соғысының 1 – дәрежелі орденімен марапатталған.

Атамыздың жанұясы атамыз соғыста жүрген кезінде майдангерлерге қыстық жылы киімдер тігіп және тоқып беріп, бұған қоса қаражаттай да жәрдем көрсеткен.

Бұған қоса атамыз Рахатов Зайыр Рахатұлы өзінің зейнетке шығу қарсаңында «Коммунистік еңбек екпіндісі» дәрежесін алған.

Соғыс және Еңбек ардагері атамыз 1990 жылы қазан айының 15 – жұлдызында дүниеден өтті.



























Әбдімәлік Бегалиев


hello_html_m64510b0b.jpgБегалиев Әбдімәлік 1925 жылы Қазалыауданы Майлыбай ауданы «Үштемір» деген жерде дүниеге келген. Ауылдағы мектептің 7 сыныбын бітірген. 1942 жылы қыркүйектен бастап Қазалы қаласында мектеп бітіргендерді іріктеп, әскери дайындықтан өткізеді. Онда мылтық атуды, басқа соғыс тәсілдерін үйретеді.

1943 жылы 3 ақпанда соғысқа аттанған. Поездбен бір ай дегенде Чита қаласына барып жетіп, сонда жаттығады. Сөйтіп, Жапон шекарасына барады. Мұнда «КБЖД отпор» станциясында орналасқан 207 батальонда болып, шекара күзетіне орналасқан. Танкке қарсы ор қазып, 1945 жылы Жапониямен соғыс басталғанда бірінші болып зеңбірікпен оқатып, Манчжурия шекарасын бұзып кірген. Хайлар бекінісін талқандауға, Манчжурияны, Хартинді алуға бағытталған ұрыстарға қатынасқан.

1948 жылы сәуір айында елге оралған.

1948 жылы Гурьев қаласындағы зоовет техникумына оқуға түсіп, оны 1952 жылы бітіріп шыққан. 1952 жылы 1 қыркүйектен бастап Қармақшы ауданындағы Ленин және Карл Маркс атындағы ұжшардың мал фермасына зоотехник болып жұмыс атқарған. 1955 жылдан ұжшар төрағасының мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары, 1957 жылдан Ленин атындағы кеңшарда бас зоотехник, ферма зоотехнигі, бригадир болып қызмет істеген. 1985 жылы зейнет демалысына шыққаннан кейін де кеңшарда зоотехник, шөп қоймасының меңгерушісі болып қызметтер атқарған. Қазіргі уақытта екінші топтағы соғыс мүгедегі, зейнеткер.

Ол «Отан соғысы» орденімен, басқа да көптегенмедальдармен наградталған.

Балалары мен немерелерінің қызығын көріп отырған майдангер қарт Әбдімәлік Бегалиевтің өмір жолы осындай.

- Соғыс қиыншылығын кітаптардан оқып, кинофильмдерден көріп жүрген жастар бәріне түсінеді ғой деп ойлаймын, - дейді ол.























Төребек Мұхтаров


hello_html_91654e.jpgМұхтаров Төребек 1922 жылы «Өндіріс» ұжшарының жеріндегі шаруа жанұясында дүниеге келген. 14 жасында мектепке барып, 5 сыныптық білім алған. 1941 жылы 19 жасында әскер қатарына шақырылады. Өзбекстан жеріндегі «Кәтта-қорғанда» үш ай дайындалып, Москва маңынан 60 шақырым жердегі ұрысқа кірген. Сол кезде Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизия құрылып, ол соның құрамына қабылданады. 1942 жылы 9 мамыр күні Бауыржан Момышұлы басқаратын батальон құрамында ұрыстарға қатынасады.

Талдықорғандық жігіт сержант Халилаев Үсен басқаратын бөлімшеде болған Төребек соғыс кезінде Бауыржан Момышұлымен бірнеше рет кездеседі. Калинин майданында болып, содан кейін 1943 жылы 26 ақпан күні жараланып, Украинаның Хокма деген селосындағы госпитальда жатады. Алты айдан соң оң қолы жарамсыз болып, өзі тұратын Бұхара облысының Тамды ауданына оралады. Осыдан кейін еңбекті әрі қарай жалғастырып, почтада жұмысшы болған. 1955 жылы Қармақшы ауданына көшіп келіп, 1957 – 1988 жылдар арасында «Жаңақала» кеңшарында шопан болды. Мал басын аман сақтау, төлді көбейтудің арқасында аудан, облыс басшылығы тарапынан талай алғыс, сыйлықтар алды.

Мұхтаров Төребек «Отан соғысы» орденімен, көптеген медальдармен наградталған. Омырауында гвардия значогі жарқырайды.

Төребек 8 бала тәрбиелеп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған жанұя басшысы. Қазірде балаларының бірі жұмысшы, бірі әке жолын қуған шопан.

Немерелері де өсіп келеді.

Міне, Төкең осындай майдангер. Ол жас ұрпақ өкілдерімен кездескенде өзінің соғыс жылдарында батыр Бауыржанмен кездесулерінен қызықты әңгіме айтып отырады.

Төкең қазіргі уақытта жасы жетпістен асса да еңбектен қол үзбей әртүрлі шаруаларды тындыруда.






















Әбдіхалық Мұратов


Мұратов Әбдіхалық 1919 жылы 10-шы ауыл деп аталатын қазіргі «Ақжар» кеңшарының жерінде кедей шаруаның жанұясында туған. 1939 жылы қарашада әскерге алынған. Полковник Аппонов басқаратын гвардия дивизиясында болған. Майдан жорығын Финляндия соғысында бастаған. Германиямен соғыста 4 – гвардиялық атқыштар дивизиясында болған. Содан елге 1946 жылы мамырда ғана оралған.

Соғыста көрсеткен ерліктері үшін «Отан соғысы» орденінің І дәрежесімен, көптеген медальдармен наградталған. Оның ішінде «Сталинградты қорғағаны үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «Минск қаласын азат еткені үшін» деген медальдары бар. Будапештте бір жыл әскери қызмет атқарып, елге қайтқан.

Мұратов Әбдіхалық бірнеше бала өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған үлгілі жанұя басшысы. Қазір немерелерінің де қызығын көріп отыр.

1955 – 1980 жылдар аралығында Жаңақала кеңшарындашопан болған. Қазіргі Т.Көмекбаев атындағы серіктестік тұрғыны Әбдіхалық Мұратов Ұлы Отан соғысының мүгедегі, зейнеткер.

- Соғыста талай қиындықты бастан кешірдік. Енді ондай қиындықты біздің ұрпақтарымыз көрмей-ақ қойсын, - дейді Әбекең ақсақал балаларына. – Соғыстан кейін де өз кезінде «Екінші тың» аталған қой шаруашылығы саласында 25 жылдай еңбек еттім. Еңбек жемісі жаман болған жоқ. Кезінде аудан ғана емес облыс шопандарының алдыңғы кеудесіндегі көрсеткіштерге жетіп жүрдім. Бұл еңбегімнің жемісін ұрпақтарым көріп отыр. Сондықтан өзімді бақытты қарт деп есептеймін. Жасым жетпістен асса да әлі қуаттымын.

Иә, майдангер жауынгердің қуаты кемімейді. Өйткені ол соғыс жылдарындағы адам айтқысыз сынақтан сүрінбей өткен азамат.



Ахтан Мұрынбаев


Мұрынбаев Ахтан 1926 жылы Ленин атындағы кеңшардың жерінде кедей шаруа жанұясында туған. Ауылдық мектепте оқып, 6 сыныпты бітірген. 1941 жылы «Құрайлы», «Наурызбай» каналдарын қолмен қазу жұмысына қатысқан. 1944 жылы қараша айының аяғында соғысқа аттанған. Саратов қаласындағы әскери жүкті тасымалдаушы ерекше батальонға барып қосылған. Сол батальон құрамымен майдан шебіндегі жауынгерлерге азық – түлік, жылы киім, қару – жарақ тасып жеткізіп тұрған. 1948 жылы әскер қатарында жүріп жүргізуші болған.

Бүлінген қалаларды қалпына келтіру, бейбіт әскери қызметті 1950 жылы аяқтап, елге қайтқан.

Елге келген соң жүргізуші болып жұмыс істеген. 1950 – 1954 жылдары аудандық атқару комитетінде жүргізуші, механик мамандығы бойынша жұмыстар атқарып, 1986 жылы құрметті еңбек демалысына шыққан.

Зайыбы Нышан екеуі бес бала тәрбиелеп, сегіз немере сүйіп отыр.

Ол «Отан соғысы» орденімен, «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан» соғысында «Германияны жеңгені үшін», «Жеңістің 30 – 40 жылдығы» және басқа медальдармен наградталған.










Оспанов Әбу


Оспанов Әбу 1910 жылы Қармақшы ауданының Каганович ауылында дүниеге келді. Сол кездегі 5 жылдық мектепте оқып хат таныды. Әкесі Төлепберген 1920 жылы қайтыс болды. 1941 жылы інісі Жанбөбек екеуі майданға алынды. Майданда барлаушы болды. 1944 жылы күзде аяқтан ауыр жарақат алып елге оралды. Келген бойда еңбекке кірісіп, әр түрлі жұмыстар істеді. 1950 жылы шешесі Күмбике қайтыс болды. Соғыстағы інісі Жанбөбек Оспанов хабар ошарсыз кетті. 1960 жылдары есепші, қоймашы жұмыстарын істеп, 1970 жылы еңбек демалысына шықты. 6 қыз, 3 ұл өсіріп тәрбиеледі. 1974 жылы 23 августа қайтыс болды. Қалған балаларын анамыз Айсұлу бағып-қағып өсіріп, ер жеткізді. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере – шөберелерін көрді. Өзін бақытты анамын деп есептеді. Айсұлу анамыз 2004 жылы 19-шы қаңтарда асыл ана дүниеден өтті.



Алдамұратов Жұмаділ


Алдамұратов Жұмаділ – Қазалы ауданында 1926 жылы 10 сәуірде дүниге келген. 1935 жылы Қармақшыдағы №26 Мальтов атындағы мектепке барады. 1944 жылы 9 сыныпты бітірген Жұмаділді Армия қатарына шақырады. Содан соғыс даласында қаншама жауапты істер атқарады. 1944 жылдың 25 желтоқсанынан бастап №209 Запасной стрелковой полкте сержант болып 1945 жылға дейін жұмыс істейді. 1945 жылдың желтоқсанына дейін №118 ЗСТ – те бөлімше командирі болған. Осы жылдың желтоқсанынан 1946 жылдың наурызына дейін №42 конный депода бөлімше командирі болған. 1946 жылдың наурызынан тамызына дейін №82 автобатальонда курсант болған. 1948 жылдың сәуіріне дейін №78142 военный частыде писарь болған. 1948 жылдың сәуірінен 1950 жылдың қазанына дейін №78142 военный частыде радио телеграфист болған. 1950 жылы 21 қазанда елге оралған. 1951 жылдың ақпанынан 1958 жылдың маусымына дейін Қармақшыда военкоматта жұмыс істеген. 1959 жылы ГОЗ банкте старший касаер болған. Сөйтіп түрлі салада қызмет істеп 1986 жылы құрметті еңбек демалысына шықты. Наградалары: «Жеңістің 40 жылдығына», «Жеңістің 50 жылдығына» мерекелік медальдарымен наградталған. 1941 – 1945 жылдары Президиумның жарлығымен жоғарғы СССР кеңесінен 1985 жылдың 11 наурызында «Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі» орденімен наградталды. 1985 жылы 21 қазанда Қызылорда облысы халық кеңесінің депутатынан «Еңбек ардагері» медальімен наградталды. Қазір жанұяда 13 бала тәрбиелеп, 36 немере, 4 шөбере сүйіп отыр.




















Манасов Әбсат


Манасов Әбсат – гвардия Қызыл әскер, 1913 жылы Дауылкөл ауылдық кеңесі, бұрынғы «Өндіріс» колхозында туған. Білімі бастауыш, колхозшы, Қармақшы аудандық әскери комиссариат арқылы 1941 жылы майданға аттанып, 12 ГВАД, 32 ГВАТ құрамында атқыш ретінде соғысқа қатысқан. 1943 жылы 12 ақпанда қаза тауып, Орлов облысы Болхов ауданы, Культура деревниясының Оңтүстік батысындағы «Бауырластар» зиратында жерленген.



Құлданов Қарымсақ


Құлданов Қарымсақ – Қызыл әскер, бұрынғы «Ақжар» колхозында 1919 жылы туған. Білімі ортадан төмен, колхозшы, Қармақшы аудандық әскери комиссариат арқылы 1940 жылы әскерге алынып, атқыш ретінде соғысқа қатысқан. 1941 жылы желтоқсанда ұрыс даласында хабарсыз кеткен.







Шаймаханов Мәйтен


Шаймаханов Мәйтен – сол кездегі №9 ауылда 1926 жылы 5 мамыр күні туылған. Ленин атындағы жеті жылдық мектепті 1941 жылы бітірген. 1941 – 1944 жылдары ұжшарда жарма қазған. 1944 жылы қараша айында Қармақшы ауданынан соғысқа аттанған. Воронеж қаласында атты әскер қатарында болды. Воронехден Майкоп қаласына барып, жасақталған армия қатарында танкист болған. Осы жерде соғыстан қайтқан солдаттарды толықтырып, неміске қарсы бірнеше рет шабуылға шыққан. Берлинге барып армияға қосылған. Содан соң командирдің бұйрығымен Украинаға қайтып, 1950 жылға дейін Каменскіде болған. Елге 1950 жылы оралған.

Ол соғыстағы ерлігі үшін «Отан соғысы» орденімен, «Ұлы Жеңістің 40, 50 жылдығы» медальдарымен, Кутузов, Жуков және көптеген мерекелік құттықтаулармен марапатталған.

Шаймаханов Мәйтен алты бала, он төрт немере тәрбиелеп өсірген.



















ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІ


Сәлима Жұмабекова


Сәлима Жұмабекова – бұл есім тек біздің бір ғана Қармақшы ауданы ғана емес, кезінде бүкіл облыс көлемінде, асып кетсе жалпақ Республикамыздың да мақтан тұтар туы болды десек, асырып айтқандық болмайды. Осыдан жиырма жылдай бұрын Сәлиманың аты қазақтың Камшат Дөненбаева, Ұлбала Алтайбаева, Шырынкүл Қазанбаева сынды мақтан тұтар қыздарының қатарында аталып, онымен бірге киелі Қармақшы жерінің даңқы көкке көтеріліп еді. Сол жылдарда екі сөзіміздің бірі Сәлима Жұмабекованың рекордтық өнімі, оның алған атақтары, жастарға берген тәлім – тәрбиесі болатын.

Ауылымыздың қарапайым ғана қараторы өңді қызы бұл атаққа өзінің тынымсыз еңбегі арқылы жеткен еді. Сәлима Жұмабекова жайлы очерк мақалаларды бүкіл Республикамыздың газет, журналдары бірінен кейін бірі жазып жататын. Ақындар өлең арнап, жыр арқауы даңқты күрішшіге келіп тірелетін. Иә, айтса айтқандай еді. Социалистік Еңбек Ерінің алтын жұлдызы, екі мәрте Ленин орденінің Бүкіл Одақтық Халық Шаруашылығы жетістіктері көшесінің алтын, күміс, қола медальдарымен, «Батыр ана» атағының алтын белгісімен, ССРО жоғары Кеңесі депутатының алқызыл значогымен, СОК ІІХХҮІ съезінің, Қазақстанның компартия ХІІІХІҮ съездерінің делегаты екендігі белгілерінің барлығын омырауына тағып шыққанда Сәлима Жұмабекова жердегі емес, көктегі жұлдызға саналатын. Сол жылдары Сәлима Жұмабекова шығып сөйлеген үлкенді – кішілі жиналыс болмаған шығар. Сонау Алматыдағы коммунистердің алқалы жиыны – съезд мінбесінен бастап ауылдағы еңбеккерлердің жалпы жиналысына дейін Сәлима өз пікірін айтып, жалындата сөйлейтін. Мұның өзі күнделікті өмірімізге қажетті де қастерлі рәсім сияқты болатын.

«Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой» - деп Ұлы Абай атамыз айтпақшы Сәлиманың бойында осы қасиеттердің барлығы бар екен.


Қожабайұлы Бижан


Қармақшы ауданына есімі елге белгілі, ардақты да, атақты ер азаматтар аз болмаған. Олардың арасында Еңбек ардагері Қожабайұлы Бижан есімін ерекше құрметпен атаймыз.

Қожабайұлы Бижан – 1937 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, сол кездегі Томарбөгет колхозы, Құмбөгет ауыл Советі, №11 ауылда қарапайым жанұяда дүниеге келген. Отбасында 5 ағайынды, 3 ұл, 2 қыз. Үлкен ағасы 1918 жылғы, ол 1938 жылы армияға алынған. 1942 жылдан кейін хабарсыз кеткен. Бижан ата мектепке бармай тұрып, жұмысқа араласа бастаған. 1944 – 1945 жылдары мектепке барған. 1955 жылы онжылдық білім алып шыққан. Мектепті бітірген соң жұмысқа араласып, түрлі салаларда жұмыс істеген. Атап айтсақ, күрішші, бригадир, механизатор, шофер, аға жұмысшы болған. Шаруашылықта аға жұмысшы болып ұзақ жылдар жемісті еңбек етті. Халық шаруашылығының қандай саласында жүрсе де Бижан ата өзінің қажырлы күш жігерін аямай жұмсап, ауылымыздың әлеуметтік жағдайын арттыруға, алдатұрған жауапты міндеттерді шешуге аянбай ат салысты. Еңбегі бағаланып, түрлі медальдармен марапатталды. «Еңбектегі Ерлігі үшін» медалі 12 сәуір 1970 жылы, «Еңбек ардагері», «Социалистік жарыстың озаты» значоктерімен жыл сайын марапатталып отырған. Республикалық, облыстық күрішшілер слетіне, аудандық комсомол конференцияларына делегат болып шақырылған. 1972 жылы 25 ақпанда «Коммунистік еңбектің екпіндісі» значогін алған. 1986 жылы 28 мамырда «Еңбек ардагері» деген атақ алған.

1962жылы мамыр айында отау құрған. Сәуле әже екеуі 8 бала тәрбиелеп, өсірген. 20 немересі бар. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, ауылымыздың сыйлы азаматы, немерелерінің сүйікті атасы. Бижан ата ауылдың жақсы істеріне жанашыр болып, ақыл – кеңес айтудан әрқашан да тартынбайды.



Кенжалина Рабиға


Кенжалина Рабиға – 1926 жылы Ақбел елді мекенінде туылған. 1934 жылы Ақбел мектебінде бірінші класқа барып, 1938 жылы Бестам мектебінде оқыған. 1944 – 1945 оқу жылында Қармақшыдағы №26 қазақ орта мектебінде оқып, оныншы класты осы мектепте бітірген. 1950 жылы Қызылордадағы педагогикалық училищені бітіріп, «Өндіріс» мектебінде мұғалім болған. Содан соң Когонович мектебінде мұғалімдік қызмет атқарып, 1954 жылы №29 қазақ орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген. 1951 – 1952 жылдары сырттай институтқа оқуға түсіп оқыған. 1976 жылы зейнеткерлікке шыққан. 6 баласы, 30-дай немересі, он шақты шөбересі бар.



Жүсіпова Зылиха


Жhello_html_m2766932d.jpgүсіпова Зылиха Ерімбетқызы – 1917 жылы Жалағаш ауданында, қазіргі Шәменов ауылында дүниеге келген. Әке – шешеден ерте айырылған жас қыз өмірдің өр ағысына қарсы жүзіп, шыңдалып өсті. Асыра сілтеу кезінде «Халық жауы» атанып жазықсыз сотталған жары Қожамжар Жүсіпов 1941 жылы ісі қысқартылып, ақталып келгеннен кейін, 1942 жылы майданға аттанып Вытебск қаласы түбінде ерлікпен қаза тапты. Өмір ауыртпалығына мұқалмаған ана ер – азаматтармен қатар еңбек етіп, қазіргі егіс даласының күретамыры болып отырған каналдарды қолмен қазу ісіне кезінде белсене араласты. Тылда еңбек етіп жүріп отбасының ауыр жағдайына қарамай өз қаржысы есебінен майдан шебіне көмекке 11220 сом ақшалай жәрдемін жолдады.

Ер азаматтарын жоқтатпай елге пана бола білген Зылиха апа өз балаларымен бірге ауылдас бір қауым ағайынның баласына пана болып, барлығын ер жеткізеді. Осындай қажырлы еңбегі еленіп 1945 жылы 6 маусымда КСРО жоғарғы кеңесі төралқасының 1941 – 1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігі үшін медальімен марапатталады.

Соғыстан кейін ауылда көркемөнерпаздар үйірмесін ұйымдастырған. 1950 жылы 11 қыркүйекте ҚазақССР Жоғарғы Советі президиумының «Көркемөнерпаздар үйірмесін жақсы және шебер басшылық жасағаны үшін» грамотасымен марапатталған.

1940 жылдан СОКП мүшесі. 1977 жылы Еңбек ардагері медалімен, 1941 – 1945 жылдардың Соғыс ардагері белгісін алған. Жеңістің 55 жылдығына Қазақстан Республикасы Президентінің құттықтау хатын алған. 4 бала тәәрбиелеп, 19 немере, 14 шөбере сүйген бақытты ана.














Қанағатова Күләндә


Қанағатова Күләндә - 1931 жылы Қармақшы ауданы «Өндіріс» колхозында дүниеге келген. 1948 жылы Қызылорда педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша сырттай оқуға түсіп, 1953 жылы бітіреді. Ұлы Отан соғысы кезінде ата – анасының қарт адам болуына байланысты 8 жасынан колхоздың қара жұмысына араласып, бидай егіп, мал шаруашылығында сиыр сауады. 1949 жылдан Сталин атындағы 7 жылдық мектепте, 1954 жылы №29 Ворошилов атындағы мектепте, 1972 – 1977 жылдары ІІІ Интернационал колхозында мектепте бастауыш сыныптар бойынша сабақ берген. 1980 жылдан зейнеткерлікке шыққанша №29 мектепте бастауыш сыныпқа сабақ берген. Барлығы 35 жыл ұстаздық қызмет атқарған. Тылдағы ерен еңбегі үшін 1985 жылы «Соғыс ардагері» медалімен марапатталып, 1941 – 1945 жылдары тылда еңбек еткен еңбегі үшін Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген мәртебесі берілген. «Еңбек ардагері», «Батыр Ана» медалдарымен марапатталған. Он балас, немерелері бар. 1980 жылы зейнеткерлікке шыққан.







Іздібаева Үбіш


Іздібаева Үбіш – 1921 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген. 1941 – 1947 жылдары Ленин атындағы жеті жылдық мектепте мұғалім болып жұмыс істеген. Ол кезде мектеп директоры Тәшкенбаева Әсем Айсауытқызы болған. 1980 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан.



Маханбетова Майтан


Маханбетова Майтан – 1923 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген. Қармақшыдағы Молотов атындағы орта мектептің 8 сыныбын бітірген. 1942 жылы Арал қаласында ашылған 6 айлық физика – математика курсын бітіріп, 1943 жылдан бастап бастауыш класс мұғалімі болып еңбек еткен. Қызылорда қаласындағы педагогикалық училищеде сырттай оқуға түсіп, 1948 жылы оның толық курсын бітіріп шыққан. 1943 – 1974 жылдар аралығында 7 жылдық Каганович мектебінде бастауыш кластарға сабақ берген. 1974 жылдан бастап еңбек демалысына шыққан. Жұмыс істеп жүрген уақытында бірнеше рет аудандық кәсіподақ комитетінің «Мақтау қағазымен» марапатталған, ауылдық кеңеске 3 рет депутат болған. «1941 – 1945 жылдардағы Соғыс ардагері» белгісін 2000 жылы алған. 1991 жылы «№121101 удостоверение бессрочное и действительно на всей территории союза СССР» берілген.













Махмутова Жұпар


Махмутова Жұпар – 1926 жылы 27 наурызда Жалағаш ауданы, Жаңаталап колхозында дүниеге келген. Әкесі Танаев Махмут колхозда завферма болып жұмыс істеген. Әкесі соғысқа аттанғанда 15 жаста болған.

1941 жылы 8 жылдық мектепті бітіріп, педагогикалық училищеге түсіп, оны 1943 жылы аяқтап, сол жылдан бастап Жалағаш ауданы Жаңаталап орта мектебінде мұғалім болып жүріп, институттың қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне түсіп, жоғарғы оқу орнын аяқтайды. Содан бастап жоғары білімді ұстаз болып жұмыс атқарады. 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеген.

1944 жылы «Еңбек ері» медалімен, «Үлгілі мұғалім» медалімен марапатталған. 1978 жылы тылдағы ерлігі үшін «60 лет – Вооруженных сил СССР» медалі және «Жеңістің – 50 жылдығына орай, 1941 – 1945жж» медалімен марапатталған. 1983 жылы еңбек демалысына шыққан.


Шоқпарова Алтынкүл


Шоқпарова Алтынкүл – 1926 жылы бұрынғы Ленин (қазіргі Тұрмағамбет) ауылында дүниеге келген. 1940 жылдан бастап осы колхозда жұмыс істеген. 1941 – 1945 жылдары ер азаматтардың барлығы соғысқа аттанғанда Алтынкүл апа ауылда қалып «Сталин» каналын, қазіргі «Аю жарма, «Бала жарма» арасындағы каналдарды қолмен қазуға белсене қатысқан. Осы уақытта бидай орып, шөп шауып, тасып Қармақшыға өткізіп және соғыс майданындағы жауынгерлерге қолғап, киім – кешек, ірімшік, май тағы да басқа да істер істеп соғысқа жіберіп отырған.

Соғыс біткеннен кейін бидай, жүгері тағы басқа істер істеп күн көрген. 1948 жылы тұрмысқа шығып, 5 бала, 37 немере сүйген.



Байжанова Ақшабақ


Байжанова Ақшабақ – 1928 жылы Бедеуіл деген жерде, Қармақшы ауданында дүниеге келген. 1946 жылы жолдасы Байжанов Қылышбекпен тамыз айында некеге тұрады. 1949 жылдан бастап 1952 жылға дейін Қызылорда қаласындағы почтада жұмыс істейді. 1952 – 1953 жылдары қаңтар айының бірінші жұлдызынан бастап Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылында жұмысшы, 1963 жылдан бастап 1984 жылға дейін Қызылордаға қарасты радио операторы болып жұмыс істейді. 1983 жылы зейнеткерлікке шыққан. Жеті баланың анасы, қазір тыл ардагерлері қатарында тұрған Ақшабақ ана 2005 жылы дүниеден озды.

Шоқпарова Бағда


Шоқпарова Бағда – 1919 жылы дүниеге келген. 1939 жылдан бастап бұрынғы Ленин колхозы, қазіргі Дауылкөл ауыл советінде колхозшы болып жұмыс істеген. 1941 – 1945 жылдар арасында жұбайлары соғысқа аттанып кеткенде, Сталин каналын, қазіргі «Аю жарма» мен «Бала жармаларын» және егін орталығындағы жармаларды қолмен қазуға қатысқан. Бидай орып, шөп шауып, тасып Қармақшыға өткізіп және соғыс майданындағы жауынгерлерге қолғап, киім – кешек, ірімшік, май тағы да басқа да істер істеп соғысқа жіберіп отырған.










Сейділдаев Слам


Сейділдаев Слам Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының бұрынғы 10-шы ауылсоветіне қарасты Ленин колхозында 1929 жылы дүниеге келген.

Отан соғысы басталғанда 13 – 14 жаста болған. 4 – класты толық оқып, 5-ші класты оқи алмай, барлық азамат соғысқа кетуіне байланысты колхоз жұмысына шығып кеткен. Содан 1952 жылға дейін колхозшы болған. 1946 – 1947 жылдары соғыстың жеңіс медалымен марапатталған. Тылда 10 жылға жақын жұмыс жасаған. 1953 жылы колхоз іріленіп колхоз механизатор оқуына жіберген. Қызылорда қаласындағы школ механизация мектебінде комбайн, трактор оқуын оқып келіп, осы ауылда 35 жыл механизатор болып еңбек еткен. Тылдағы 10 шақты жылды қосқанда 40 жылдай еңбек еткен. Екі рет аудандық советте депутат болып сайланған. Облысқа конференцияға делегат болып қатысқан. Сол еңбегінің арқасында 7 – 8 медальмен наградталған. 1989 жылы құрмет демалысына шыққан. Сол кезде еңбектерін бағалап партия қатарына енген. 1990 жылдан бері аудандағы ардагерлер есебінде тұрады. 2000 жылы соғыс ардагерлеріне теңестірілген. Жанұяда 7 қыз, 5 ұл тәрбиелеп өсірген. Олардан 18 немере, 5 шөбересі бар.



Бегалиева Шұға


Бегалиева Шұға – 1918 жылы Қазалы ауданы Сартоғай ауданында дүниеге келген. 1939 жылы Сартоғай ауданына қарасты Сталин мектебінде 7 жылдық класты бітірген. Содан 1941 жылға дейін 3 жыл жұмыс істеген. Шұға әжей жеті ағайынды болған. 1940 – 1941 жылдары екі ағасы армияға кеткен. Ал 1942 жылы 22 қыркүйекте Отанын фашистік басқыншылардан тазарту мақсатында соғысқа өзі аттанған. Содан Гурьевке барып госпитальде санитар болып, жаралыларға көп көмек көрсетеді. 1943 – 1944 жылдары Сталинград түбінде алғы шепте болған. 1944 жылдан 1945 жылдың мамыр айына дейін Рязанский АССР-інде болған. Онда орман шаруашылығында болып ағыш тағайындауға белсене көмек берді.
























hello_html_m6329310a.jpg


Бұл кісі 1901 жылы туылған. Дондағы Ростов қаласын азат етуге қатысқан. Бұл кез 1944 жылдың мамыр айы еді. Ол жараланып, елге қайтты. Ауылға келіп еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. 1990 жылы қайтыс болды.


hello_html_186695c7.jpg


Дәуіт ақсақал Отан үшін ауылда тамақ, киім дайындауда үлкен үлес қосты. Отан үшін де Дәуіт ақсақал барлық күш – жігерін сала жүріп еңбек етті. Қазір ол кісі қайтыс болды. Ата еңбегі бізге үлгі өнеге.









hello_html_m938519e.jpg


Қасымов Әбжан – 1919 жылы туылған. Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндерін көзбен өткерген. Бірнеше рет жарақат алып, ауылға аман оралды. Өңірінде Отанның медальдары жарқырайды.


hello_html_3165eeb8.jpg


Шадиев Бодық – 1916 жылы туылған. Бұл кісі Жапон соғысына қатысып, туған еліне аман – сау оралады. Ауылда еңбек етеді. Темірді жіптей байлап, кеңшар ұстасы болған.











hello_html_2be37526.jpg


Абзал әкей – 1912 жылытуылған. 1941 жылы Москва соғысында болып, аурулығына байланысты 1943 жылы елге оралды. Жеңістің 40 жылдығына байланысты «Сталин медалі 1985 жылы» соғыс ардагері 1941 – 1945 деген медалін алды. 1989 жылы дүние салды.



hello_html_7c85f2c4.jpg


Бұл кісі- 1909 жылы туылған. Ол еңбек майданына қатысты. Отанды жаудан қорғау үшін барлық күш – жігерін салажүріп еңбек етті. Ауылымыздың ардақты ақсақалы. Жас ұрпақ Тілеу әкейді, оның ерлігін мәңгі ұмытпайды.









hello_html_m79731efe.jpg


Ілияс әкей – 1905 жылы 22 қазанда дүниеге келген. Ол 1944 жылы 39 жасында Отан қорғауға аттанды. Соғыс кезінде ауыр жараланып госпиталға түсті. Аман – сау туған жеріне оралды.




hello_html_m5cd8a42c.jpg

БОҚАЕВ КҮШІКБАЙ


Боқаев Күшікбай- 1925 жылы бұрынғы «Томарбөгет» ұжшарының жерінде дүниеге келген. 1943 жылдың 14 наурызында 18 жасқа толып, соғысқа аттанған.









hello_html_3c4c8934.jpg

ЖАКЕЕВ БАЗАР


Жакеев Базар – 1922 жылы қаңтар айының 20-сында «Ленин» атындағы кеңшарда дүниеге келген. Ол кедей шаруа жанұясында дүниеге келген.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров695
Номер материала ДВ-308512
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх