Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Қызым саған айтам, сен өзің тыңда...!»

«Қызым саған айтам, сен өзің тыңда...!»

Скачать материал

Тақырыбы: «Қызым саған айтам, сен өзің тыңда... »

Мақсаты: Қазіргі қыздар мен бұрынғы қыздардың тәрбиесі жайлы айтып, қыздарымыздың қазақи ар намыстан, ұятынан ажырамай, қазақ қызына тән ибалы болулары жайында түсінік беру мен қатар, бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз - ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, ақ жаулықты әже екендіктерін ескерсек сол ұлағаттылық ұяда, өзінің казіргі кескін-келбетінен басталатынын саналарына сіңіре айту. Ата-аналар, замандастарының, өздерінің, ақын-жазушыларымыздың өсиет,кеңестерін, ойларын бірге тыңдау арқылы қызға қырық үйден тиюдың жолын жалғау.

Түрі: сырлау сағаты  

Қажетті құралдар: бине роликтер,слайд, даналық ойлар т.б.

Жүру барысы: (жаймен әуен ойналып тұрады)

Сіңліге сыр Ақұштап Бақтыгереева

Осал да болма, ойыңнан оңай адасқан,
Өжет те болма, орынсыз сөзге таласқан.
Алдымен қызға керегі пәктік, адалдық,
Одан соң, жаным, жаз мінез керек жарасқан.
Айтарым тағы, берік бол, сертке бір сөйле,
Сабырлы таудың мінезі керек күлсең де.
Қыз мінез деген - сұлулық сыры өмірдің,
Жұмбақтай қиын жатқандай болсын бір сенде.
Десек те біздер «жастықтың сырын аз ұқтық»,
Өмірдің жолы болмайды тегіс жазықтық.
Ісіңнен кейін есіңе сақта, жарқыным,
Жеңілмес мықты қаруың сенің - нәзіктік.
Қайғының жүгі жаныштап сені жатса да,
Досыңды «тағдыр талқысы сол» деп тастама.
Дұшпаның саған ойласа алуан қастандық,
Қалай да өзің жақсылық ойла басқаға.
Қадірлер сонда қалтқысыз танып асыл ер,
Өзгелер сені «адамның бірі - осы» дер.
Арыңа тиіп, жолыңды кескен тентектер
Алдыңа келіп өздері кейін бас иер.

 Құрметті ата - аналар, ұстаздар! «Қызым саған айтам, сен өзің тыңда!.» тақырыбындағы сырласу кешіне қош келдіңіздер!

І бөлім:      Елбасымыз «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ», деген болатын

 «ҰЛТЫҢДЫ САҚТАЙМЫН ДЕСЕҢ – ҚЫЗЫҢДЫ ТӘРБИЕЛЕ, РУЫҢДЫ САҚТАЙМЫН ДЕСЕҢ – ҰЛЫҢДЫ ТӘРБИЕЛЕ» осы бір нақыл сөзде қаншама мағына бар десеңші.

         Ия, ертеде ата - бабаларымыз әлемдегі сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. Ата - бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуына үйде отырып қамдаған. Барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған және еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген.

«Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» деген оймен, қыз тәрбиесіне аса көңіл бөлген. Әр бір ата - ана қыздарын қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға шоқтырмай өсіруді парыз деп санаған және қыздың ар - ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін ешуақытта есінен шығармаған. Халқымыз ертеден қызды қонақ деп санап, төріне шығарып күткен. Бұл үрдіс жойылған жоқ, әлі де болса өз жалғасын табуда. Ертеде аналарымыз отбасы ошақ қасында, балаларының тәрбиесіне, ерінің қабағына қарап, сол үйдің түтін тұтатып отырған. Сол аналарымыздың арқасында еліміз ел болып, тәуелсіздігіміз тұғырына қонып, бүгінгідей ұрпақтың яғни қазақ халқының жер бетінде өмір сүріп жатқандығы деп білеміз. Бұрындары әкенің қабағына қарап сөйлейтін қыз. Қазақта «әкенің сөзі - оқ» деген жақсы сөз бар. Бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз - ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, ақ жаулықты әже. Сондықтан иманы мен ибасы жүзінен байқалатын қазақ қыздарына ата - бабаларымыз қырық үйден тыйым салып, көзінен таса қалдырмай, тәрбиесіне үлкен мән берген. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, киімнің әсем - сәндісін, әшекей бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау ежелгі дәстүр. Қыз баланың тәрбиесі ата - анаға да үлкен сын болған: жүн түту, жіп иіру, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, тағы басқа өнерді қыздарына үйреткен.
Аналарға сұрақ:  Сіздердің  кездеріңіздегі  қазақ қыздары қандай  еді?

Қазіргі қыздардың тәрбиесіне көңіліңіз тола ма? деген сауалға колледж студенттерінің берген жауабын экраннан біргетыңдап, тамашаласақ.( МДТ бөлімінің студенті Саламатова Г. Колледж медбикесі, кітапханашылар т.б )

             - Қазақ қыздарының ішкі жан дүниесінің сұлулығына, мәдениеттілігіне әдептілігіне өзге жұрттар таңдай қағып қарап өздеріне үлгі етер күн қашан туады екен?
- Сонымен қатар, бүгінгі таңда заман өзгерді ме, әлде адам өзгерді ме?
Мәдениеттің бәрі киімнен басталады десек, айтарымызды сәнге бұрсақ. Заманның сұранысы деп бір кездер шетелден сан түрлі сәнді киімдер жетсе, ішінде ұлтты аздыруға әрісі ұрпақсыз қалдыруға ыңғайлы киім үлгілері бірге келеді. Мыс: Белі жоқ шалбар, қысқа юбка, бір қарыс кофта.

- Бұл дегенің біреулерге байлықтың астында қалуға мүмкіндік берген шығар, ал бізге ше?
Ағамыздың алдында мазақ, жұрттың алдында күлкі, ана мен әкені жерге қаратқаннан басқа қайраны болмады.

СҰРАҚ: Жалаңаш денемен біз кімді таңғалдырмақпыз? - Қазіргі қыздар, бұрымды шашын жұлынды шашқа айналдырған. Қиылған қара қастары көріксіз күйге енген.
 - Ал жігіттерге сондай қыздар ұнайды ма? -- Жігіт ретінде сондай қызға қарайсың ба?
Оны өздерінен сұрап көрейік. (видео 2 ) Жігеттер пікінен кейінгі түйін: ешқайсысына да осы түрдегі қыз жар болуға керек емес, бірақ ортада көңілді екен.

ІІ - бөлім  «Қызға қырық үйден тию»

                «Қызға қырық үйден тыю» (мақал). Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі – тыйым. Бұл балалар мен жастарды жаман әдеттерден сақтандырып, жақсылыққа бейімдеуден шыққан педагогикалық ұғым. Осы арқылы олар әркімді теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырған

       Бүгінгі таңда заман өзгеріп, өркениетке қадам бассақ та, ұлттық қасиетімізді жоғалтпаған қыздарымызда көп. Ия, көпке топырақ шашудан аулақпыз. Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралады емес пе?! Ал бүгінгі қыз ертең сүйікті жар, аяулы ана екенін естен шығармағанымыз абзал. Осы мақал туралы ойларыңызды казіргі қыздарымыздың тәрбиесімен сабақтастыра  ортаға ой тастап, талдап көрелік.Сөз кезегі өздеріңізде аналар.

Казіргі кезде қыздың намысы, менің намысым дейтін жеңгелер бар ма?, «Бүгінде қызға қырық үйден тию айтылады деп ойлайсыз ба?»

( аналар ойымен толықтырлады.)

Сахналық көрініс: « Қыз тәрбиелеуде өкінген, Ана.»

ІІ – бөлім

1)      Психолог алаңы  “Қыздарға кедергісіз кеңес”

2)      Қыз сезімі  (Монолог)

            Сезімді өткергім келетін. Дерексіз. Жүрекпен сүйгім келетін себепсіз. Түндерде жылағым келетін жасырын. Кешірім сұрағым келетін. Ақырын. Бәрін де жеткізгім келетін. Байыппен. Бәрін де айтқым келетін. Жайып мен. Ертерек есейгім келетін. қыз болып. Екеу боп жүргім келетін. Біз болып. Уақытты тоқтатқым келетін. Сағатты. Төзімді тауысқым келетін. Тағатты. Келер шақ осы шаққа айналғандай. Бәрінен бас тартар ем. Мендегі бағалыдан, бағасыздан. Сіз ғана мөлдір өлең, саласыз ән. Куәгер – түн. Содан соң сценарий. Диалог қып, прологын жаңа сызған. Бұл жолы іздемедім. Кинодан немесе мен оқыған кітаптардан. Себебі, кейіпкерлер тым әлсіз, жылап қалған. Мына менің кеудемде бір жүрек бар. Оған сіздің даусыңыз ұнап қалған.Ол жүрек қашқақтайды сұрақтардан. Соқыр емес. Көреді. Тілсіз емес. Сөйлейді. Және-дағы жазады. Қалам, бәлкім, қаруы. Үндемейді. Үш жақша. Құтылудың амалы. Түнде ғана таңдарда. Сыр шертеді шамалы. Тосыннан келдім. Тосырқап қалдым. Ештеңе дегім келмеді. Жасырғым келді. Жалғаннан бәрін. Жүрекке әмір жүрмеді. Ақылға салдым. Тыңдадым үнін. Жүре бер деді тек үнсіз. Жүрекке берсем еркімнің бәрін. Жүре берер ем жүгенсіз. Аңдамай қалдым. Кешіккен көктем келерін. Tаңдамай қалдым. Неліктен оны білмедім. Үнсіздік. Мен – сіздік. Бүгінгі менің білерім. Күлімдеп тұрып, жылау да қиын екенін, сүйіп-ақ тұрып жек көру мүмкін емесін... Мен сорлы тым кеш ұғыппын.  Ой талқы студенттер арасында өтеді.   

Тренинг: “Эмоция ”  
« Тілек шамы» жаттығуы.
Қызға 40 үйден тыйым (нәзік жандыларға арналған пост) тарату.
1. Жарыса сөйлеуге
2. Жалғыз қыдыруға
3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге
4. Орынсыз ұрынуға
5.
Басқаларға қол тигізуге
6. Өтірік, өсекке
7. Суық жүріс, сумаң қылыққа
8. Кісіге қарай керіліп есінеуге
9. Талтайып отыруға
10. Шалқайып жатуға
11. Тамақты обырлана асауға
12. Ұрлық қарлыққа
13. Ұятты мүшелерін ашып жүруге
14. Бұраңдап қылмысуға
15. Қызыл іңірде жатуға
16. Түске дейін ұйықтауға
17. Кісі алдында киім ауыстыруға
18. Салт - дәстүрден аттауға
19. Елді ғайбаттауға
20. Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға
21. Ішімдік пен шегімдікке
22. Ұрыс - керіске
23. Беттен алып, бет жыртысуға
24. Қараулыққа, ысырапқа
25. Рақымсыздық пен қатыгездікке
26. Түнде суға жалғыз баруға
27. Жат жыныстылармен араласып жатуға
28. Күйеуге қашып тиюге
29. Әдепсіз сөзге
30. Тарс - тұрс етуге
31. Адам мен жануарларды тебуге
32. Кісіні қорлап жәбірлеуге
33. Тәкәппарлық пен сыйқымазақ жасауға
34. Айғай сүреңге
35. Шектен тыс сыланып жасануға
36. Қызғаншақтық пен күншілдікке
37. Менмендік пен өзімшілдікке
38. Алдап – арбауға
39. Көрсеқызарлыққа
40. Нәпсі құмарлыққа тыйым
Ата – аналарға жадынама:
Балаңызбен барынша ашық сөйлесуге тырысыңыз.
Жасөспірімдік шаққа қажетті баланың білгісі келетін ақпаратты өзгеден емес, өзіңізден естуі қажет.
Барынша ашық болыңыз, егер білмесеңіз, күдіктенсеңіз, ол туралы ашық айтыңыз.
Балаңызды жақсы көретініңізді байқатыңыз, оны еркелетіңіз.
Балаңыздың тәртібіндегі әрбір қадамына назар аударыңыз.
Балаңызды келеңсіз жағдайлардан қорғай біліңіз.
12 - 17 жас аралығында бала тәрбиелеп отырған ата - аналарға кеңес
• Егер жасөспірім балаңыз туралы мазасыздана бастасаңыз, онда сізге өміріңізді өзгертіп, басқаша көзбен қарайтын уақыттың жеткені.
• Алдымен балаңыз жасөспірім кезеңге аяқ басқанда оның бойында қандай өзгерістер болатынына назар аударайық.
Сырт келбеті өзгереді.
Жасөспірім үшін жаңа өзгерген дене бітімімен өмір сүру аса маңызды болып табылады. Оның үстіне сырт келбетке көп нәрсе байланысты екенін ұмытпайық. Әдетте әйел адам үшін уақыт өткен сайын ер адамның ақыл - парасаты маңызды болса, ер адам үшін әйелдің сұлулығы басты мәселе болып қала береді. Сондықтан бой жетіп келе жатқан қызыңыздың өзін, бет - әлпетін күтуіне баса назар аударыңыз.
                                   ҚЫЗДАРҒА КЕҢЕС   Базарбай Айтқалиев

 Бір әулеттің ашатұғын түндігін,
Келін болар туды саған күн бүгін.
Ашық-шашық жүре берме қарағым,
Жарқырап сан, көрінбесін кіндігің.

            Білінбесін жүрген ізің, басқаның,
            Өріміндей болсын ісің таспаның.
            Жалаң аяқ кердеңдеме ойқастап,
             Жинақтаулы болсын әркез шаштарың

Сыйлағайсың дәстүріңді жоралғы,
Тілегім сол қатарыңның бол алды.
Саған қарап сараптайды әкеңді,
Саған қарап сараптайды анаңды. 

 Сонымен қатар көпшілік көңілінен шыққан, аналарымыздың жас күніндегі сүйікті жазушысы   Әзілхан Нұршайықовтың  қыздарға айтқан кеңестеріне кезек берсек!

Қыздар! Сұқ көзден сақтаныңдар. Сұлу сөзден сақтаныңдар. Шынайы махаббат мақтауды қажет қылмайды. Орынсыз мақтаудын сақтаныңдар, абыройдан аттаудан сақтаныңдар!

Қыздар!  Жаңдарында жүрген жігіттерді ақылмен, әдептілікпен, сыпайы мінезбен, сүйкімді назбен тізгіндей біліңдер. Жігіттердің жұлқынған асау жүрегін адамгершілік асыл қасиеттермен бұйдалап алып, оларға айтқандарыңды істетіндер: арақ ішкізбеңдер,айқайға жуытпаңдар. Оларды түнгі он екіде мас боп рестораннан қайтып, тынымдап жатқан жұрттың шырқын бұзып, терезесінің түбінен текедей бақылдап өлең айтып өтпейтін етіңдер. Өйткені қыз жетектесе ілеспейтін, қыз қиылса көнбейтін жігіт жоқ бұл дүниеде. Өйткені ақыл анадан тарайды, адамгершілік әйелден басталады, қыздан – қылық, тәрбие, тәлім туындайды. Өздеріңе табиғат сыйлаған осы бір өзгеше өнерлеріңді қастарыңда қаумалап жүрген жігіттерге игі әсер етуге жұмсаңдар. Жігіт – жаныңда жүрсе жолдасың, жауға жұмсасаң – жолбарысың. Жігіт – ортада жүрсе орманың, шетке шықса қорғаның. Қорғаның, қормалың сенін! Жігіттерден жылы күлкі, жұмсақ әзілдеріңді аямаңдар. Бірақ оларды жұрт көзінше сүйісіп, сүйкенісіп тұруға үйретпеңдер! Оларды жарбаңдатып, жабыса құшақтатпаңдар. Адамның асыл махаббат сезімін ардақтап, бүркеп, қымтап ұстауға баулыңдар. Оларды нәпсісін тыйып, намысын биік ұстауға тәрбиелеңдер. Сөйтіп, олармен тату, дос, қимас құрбы болып өсіңдер, шырақтарым!

Өмірдің қызық ләззаты – адал достық, айнымас қамқорлық, асыл махаббатта екенін әрқашан да естеріңде сақтаңдар.

2-ші өсиет (Қыздарға кеңес):
Қыздар!
1) Егер сүйген жігіттеріңе сүйікті жар боламын десеңдер,еңбекшіл болыңдар!
2) Егер ата-енеге қымбатты келін боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
3) Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
4) Өздеріңді алақанға салып әлпештеп отырған қоғамға адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
5) Егер ертең, егде тартқанда, келісті ана, кемеңгер әже боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!
Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!
Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!
Ең алдымен еңбекшіл болыңдар! Еңбекшіл адам – ең ардақты адам. Дүниеде ең сұлу әйел – еңбекшіл әйел. Еңбекшіл әйел – ерге сүйікті, елге сүйкімді, отбасыға сыйлы.
…Өңді қыз өтімді қыз болғанымен, түптің түбінде есті, еңбекшіл қыз ғана жақсы жігітті өкіндірмей ең асыл жар, жан серік бола алады.
Қыздар!
Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар!
Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер!

Пәк болыңдар!

Пәк болу үшін сақ болыңдар бауырларым!

Алайда, қазір сендердің жігіттерден көз алмайтын, жігіт жаққа қарайлап көп қарайтын шақтарың ғой бұл кез. Қарағанда олардың сыр сиқына, киген киіміне, ресторанда қалталарынан шытырлатып шығарған ақшаларына қарамаңдар, қарақтарым. Өңді қыздың бәрі жөнді қыз бола бермейті сияқты, жылтырағанның, жымыңдағанның, жылпылдағанның бәрі бірдей жақсы жігіт бола бермейді. Жаман жігіт болғанымен, жақсы жар бола бермейді. Сондықтаң жігіттерге қарағанда олардың ішкі дүниесіне үңіліңдер, адамгершілік, азаматтық сапасына көз жүгіртіңдер…
… Жігіт таңдағанда көңіліңнің қос қанаты ақыл мен сезімді тең ұста. Тек сүйген жанға ғана қосылу қажет, қосылған жігітіңді өмір бойы сүйіп өтетініңе кәміл сенімің болсын. Өзімшіл, өркөкірек жігіттердің өкінішке ұрындыратынын ұмытпаңдар. Жаман жолдастан жалғыздық жақсы…

       Қорытынды:
      Елбасымыздың: «Әйел - бесік иесі. Демек, әйелдің жайы түзелмей, бесігіміз түзелмейді, бесігіміз түзелмей - еліміз толық түзелмейді» деген сөзі әр ананың есінен шықпауы керек.

Бүгінгі сырласу кешімізде болашақ ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде қыз балаға дұрыс, өнегелі тәрбие беру жөнінде көптеген пікірлер айтылды. Көрермендеріміз де бұл кешімізге куә болып, өз ойларын ортаға салды. Бүгінгі сырласу кешінің түйінін өздеріңіз төменде берілген  кілт сөздердің ішінен біреуден таңдап, байланыстыра  отырып, пікірлерін қорытындыласа дейміз.  Кілт  сөздер: тәрбие, бақыт, сенім, ұлт, кітап, арман, байлық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жүргізілген жұмыстың қорытындысы

 

Уақыты: 14.02.2017 ж.

Қатысушылар саны: ата-аналар 23 білім алушы,топ жетекші.

Мамандығы: 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Біліктілігі: 0101013  Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбешісі

Тобы: 3(9) «жа»

Тақырыбы: «Қызым саған айтам, сен өзің тыңда... »

Мақсаты: Қазіргі қыздар мен бұрынғы қыздардың тәрбиесі жайлы айтып, қыздарымыздың қазақи ар намыстан, ұятынан ажырамай, қазақ қызына тән ибалы болуларыжайында түсінік беру мен қатар,бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз - ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, ақ жаулықты әже екендіктерін ескерсек сол ұлағаттылыұ ұяда, өзінің казіргі кескін-келбетінен басталатынын саналарына сіңіре айту.

Түрі: сырлау сағаты 

Ұтымды тұсы: қыздар тәрбиесі жайлы ойды ортаға сала отырып, замандастарының, мамандардың осы бағыттағы видиео роликтер арқылы , қыз тәрбиесі жайындағы ақын-жазушыларымыздың  өлең, шығармалары арқылы  тыңдап есту,ата-аналарға да, қыздарғада көбірек ой салды.Тәрбие тізгінін босаңсытып жүргендер болса осы кездесуіміз «сырласу кеші» деп аталғанмен , «ой тастау» кеші болып аттанғаны болғаны сөзсіз.

 

Түйін:  Қыз тәрбиесіне ата-баба дәстүрімен қырық үйден тию салсақ, көп болып көлеңкелі жайыттан қорғасақ, бүгінгі қылықты қыз-ертеңгі елдің келісті келіні болып, ұрпақ тәрбиесі түзу болары сөзсіз!

 

 

Педагог-психолог: Рабай Күнайым Түйешіқызы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Қызым саған айтам, сен өзің тыңда...!»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 997 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2017 7425
    • DOCX 30.5 кбайт
    • 156 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рабай Кунайым Туйешиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рабай Кунайым Туйешиевна
    Рабай Кунайым Туйешиевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 60230
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой