Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / " Қызықты екі ғылым"

" Қызықты екі ғылым"

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:



1 жалпы білім беретін мектеп


hello_html_m374194f5.jpg























Қорытынды кеш







Дайындаған: Тұрарбекова Нұргүл

информатика пәні мұғалімі






2015-2016 о.ж





Тақырыбы: « Қызықты екі ғылым »

Мақсаты: Оқушылардың физика және информатика пәндерінен біліктілігін,

пәнге деген сүйіспеншілігін арттыру, ой өрісін кеңейту

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, нақыл сөздер

Жүру барысы:

Кіріспе (Мұғалімнің сөзі)

Құрметті оқушылар біз бүгін физика, информатика пәндер апталығының қорытындысы бойынша «Қызықты екі ғылым » тақырыбында мектебіміздегі ағайынды оқушылармен құрылған топтар арасында білімді таразылаймыз. Оқушылардың білімдерін пысықтау, пәнге деген қызығушылықтарын тудырудың бірнеше тәсілі бар. Оларға кештер, эстафеталар, үйірме жұмыстарын жүргізу, олимпиадалар өткізу және тағы басқалары жатады.

Ойын түрінде қызғылықты өтетін жарыс оқушылардан мектеп оқулықтарынан тыс қосымша әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуді талап етеді. Біздің ойынымыздың өткізілуінің мақсаты оқушылардың білімі мен жан-жақты ойлау қабілеті мен ой-ұшқырлығын сынау болады. Сыныптан тыс жұмыс жүргізудің бір түрі танымдық ойын кештерін өткізу.



Ускенбаева Бисен

Айшолпан Сымбат

І-жүргізуші

Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қостайық,

Кешіккендерді тоспайық

Ғылымдардың ғылымы,

Физика, информатика жайында

Кешімізді бастайық.

ІІ-жүргізуші

Қайырлы күн құрметті көрермен!

Сөз бастайын термелейтін өлеңмен.

Тәрбиелі,білімді боп әрқашан

Өс, өркенде, қанат жайып кемелден.

І-жүргізуші :

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірлі көрермендер!

Баршаңыз да «Қызықты екі ғылым...» атты ойын-сауық кешіне қош келдіңіздер!

ІІ-жүргізуші:

Біз бүгінгі кешімізді 7-11-ші сыныптардың арасында сайыс түрінде жүргіземіз. Бұл ойынға әрбір сыныптан ағайындылар тобы қатысқалы отыр. Ендеше, ортаға ойыншыларымызды шақырамыз.

Ағайынды

1. Жаңабегеновтар 2.Сәрсенхановтар 3.Мұқанғалиевтар

4.Айтпаевтар 5.Ілиясовтар 6.Штаконовтар

Ал, қазір ойын кезеңдері. Жалпы ойынымыз 6 кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру

  2. Ойлан –Жұптас- Бөліс.

  3. Бәрі менің қолымда

  4. Сұрақтар шеңбері

  5. Сиқырлы пернелер.

  6. Жұмбақ шешу

І-жүргізуші:

Армысыздар, қымбатты төрешілдер.

Сайысын әрбір топтың көрерсіздер

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздер де әділ баға берерсіздер дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысамыз.

Алдымен жарысқа төрелік ететін әділ қазылар алқасы сайланады.


Уалиева Сасаева Нармағамбетова

Лия Гаухар Айгүл

ІІ-жүргізуші:

Кезек келіп, өжеттеніп, сөз аппын.

Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн!

Тегіміз бір-батырақ та,бай да емес,

Емеспіз бе, азаматы қазақтың!-демекші

Мұнда әрбір ағайындылар өздерін таныстырып, және қарсыластарына тілек білдіреді Ал енді сөз кезегін ойыншыларымызға берейік. Әрбір өзін таныстырған оқушы гулден біреуін алып қалады да келесі оқушыға табыстайды.

І-жүргізуші:

  1. Кезең

Таныстыру

  1. Аты- жөні

  2. Сынып

  3. Ұраны

  4. Қарсыластарына тілек

Шаттық шеңберін құрады

Топқа бөлу

ІІ-жүргізуші:

2-кезең

Ойлан –Жұптас- Бөліс

Сұрақ берілгеннен қолдарыңыздағы белгіні көтеруіңіз керек. Егер белгі көтерілмей жауап айтылатын болса, онда ұпай саналмайды.

  1. Ақпаратты енгізу құрылғысы? ( Пернетақта)

  2. Тербелістердің уақыт бойынша кеңістікте таралуы қалай аталады? (толқын)

  3. Электромагниттік толқындарды тәжірибе жүзінде алғаш рет тудырған кім? (Герц)

  4. Радионы ойлап тапқан ғалымды ата. (Попов)

  5. Бейне кадр кескінін электр сигналдар сериясына түрлендіру қандай прибор көмегімен жүзеге асырылады? (киноскоп)

  6. Вирустың кері әсерін жоятын бағдарлама. (антивирус)

  7. Ақпараттың өлшем бірлігі. (байт)

  8. Деректерді сақтауға арналған құрылғы. (флешка, диск)

  9. Дыбыс жазу құрылғысы. ( микрофон)

  10. Ақпаратты қағаз бетіне шығару құрылғысы. (принтер)

  11. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы. (тоқ.)

І-жүргізуші:

3-кезең.

Бәрі менің қолымда

Білетін анықтама айту, есеп құрастырып шығар, формула жазу, сурет салу, құбылысқа мысал келтіру

  1. Есеп

  2. Анықтама

  3. Формула

  4. Сурет

  5. Құбылыс

ІI-жүргізуші:

4-кезең.

Сұрақтар шеңбері

Екі тілде сұрақ қойылады.
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
2.
Сколько байт в одном килобайте (1024)
3. Сурет салуға арналған программа (пайнт)
4.Программа который находит и уничтажает вирусы (антивирус)
5. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)
6. Центральное устройство компьютера (системный блок)
7.Компакт-дискіні оқуға арналған программа (CD-ROM)
8. Устройство для записи звука (микрофон)
9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)
10. Сколько бит в одном байте (8)
11. Екілік жүйесінің сандары (0,1)
12. Небольшая программа которая припысывает себя к другим программам (вирус)
13. Адам мен компьютердің қарам-қатынас тілі (интерфейс)
14. Техническое устройство предназначенное для подключения к Интернету (модем)
15. Ең алғашқы программаны жазған (Ада Лавлейс)
16. Папка, в которую временно попадают удаленные объекты (корзина)
17. Жергілікті желімен жұмыс жасауға арналған қапшық (Желілік орта)
18. Бейне материалдардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
19. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама (WORD)
І-жүргізуші:

5-кезең.

Сиқырлы пернелер.

Оқушылар клавиатураның моделін жинайды.

ІI-жүргізуші:

6- кезең

Сіздің білімдеріңізді сынап көрейік.

Жұмбақ шешу

1-жұмбақ.

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол)

2- жұмбақ.

Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт)

3- жұмбақ.

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)

4- жұмбақ.

Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)

5- жұмбақ.

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. (Күш)

6- жұмбақ.

Күш көбейсе артады,

Аукадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады. (Қысым)

7- жұмбақ.

Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,

Өлшеуге болады дәл. (Масса)

IV. Қорытынды.

ІІ-жүргізуші: сонымен біздің екі қызықты ғылым туралы кешіміз аяқталды. Әділ қазылар алқасына сөз беріп, ойынымыздың жеңімпазы атанған топпен танысайық.










































Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров85
Номер материала ДВ-468348
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх