Инфоурок / География / Другие методич. материалы / «Қызықты география» (Интеллектуалды сайыс)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

«Қызықты география» (Интеллектуалды сайыс)

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов

Алғабас негізгі мектебі













«Қызықты география»

(Интеллектуалды сайыс)











Өткізген: Кожахметов Т.Б.









2015-2016 оқу жылы

Сайыстың тақырыбы: «Қызықты география»

Сайыстың мақсаты: 5,6, 7, 8, 9 сынып оқушыларының география пәнінен алған білімдерін нығайтып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта.


Сайыстың шарттары:

І.Таныстыру

ІІ. «Қанат қақты»

ІІІ. Кім жылдам

ІV. Адасқан әріптер

V. «Дұрыс-бұрыс» білім минуты

VІ. Жеті жұмбақ

VІІ. Ең, ең, ең....

VІІІ. Елтану

Сайыскерлерімізге әділ бағасын беретін әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар:

1. ____________________________________________________________

2. _____________________________________________________________

3. ______________________________________________________________

Олай болса сайыскерлерімізге сәттілік тілеп, таныстыруды бастаймыз.


І.Таныстыру

Сайыскерлерімізбен таныс болыңыздар:


  1. «Есіл» тобы

  2. «Қайрақты» тобы













ІІ. «Қанат қақты»


I топ капитанына қойылатын сұрақтар:

1. Қазақстан Республикасы туының авторы кім?

2. Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында?

3. Қазақстан Республикасының ең биік нүктесі?

4. Қазақстан қай жылы БҰҰ мүше болып қабылданды?

5. Дүние жүзінде неше мұхит бар?


II топ капитанына қойылатын сұрақтар:


1. Қазақстан Республикасы оңтүстігінде қай елдермен шектеседі?

2. Қазақстанның тұңғыш астанасы қай қала?

3. ҚР қанша ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады?

4. Қазақстан жер бедерінің ең төменгі нүктесі.

5. Дүние жүзінде неше материк бар?



ІІІ. “Кім жылдам?” (Бұл кезеңде сайыскерлерімізге 20 сұрақ қойылады. Дайын оқушы алдында тұрған жалаушаны тез жоғары көтеріп жауап береді)

1)“Ұлы географиялық ашулар

заманы” қай ғасырдың аралығында болды? (XV-XVIIIғасырлар)

2) Теңіз түбіндегі жер сілкінуден пайда болатын толқын? (Цунами)

3) Қыста құрлықтан теңізге, жазда теңізден құрлыққа қарай соғатын жел? (Муссон)

4) Желдің бағыты мен жылдамдығын бақылайтын құрал? (Желбағар, флюгер)

5) Белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі? (Климат)

6) 1973 жылы Ақтау қаласында салынған. Электр стансаның үшінші типі

(Атом электр станасасы)

7) Жер сілкінісін зерттейтін ғылым қалай аталады? (Сейсмология)

8) Экваторға қарай соғатын жел? (Пассат)

9) Ауа райын зерттейтін ғылым? (Метеорология)

10) Жер қыртысынан төмен 2900 км тереңдікте орналасқан жердің ішкі бөлігі? (Мантия)

11) Күн мен жердің арақашықтығы? (150млн км)

12) Америка материгінің атауы қалай пайда болды? (Америго Веспуччидің құрметіне)

13) Жеке жұлдыздар тобын не деп атайды? (Галактика)

14) Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал? (Барометр)

15) Қазақстанның ең биік нүктесі? (Хан-тәңірі)

16) Планеталардың күн төңірегіндегі жолы? (Орбита)

17) Атмосфераның ең төменгі қабаты қалай аталады? (Тропосфера)

18) Еліміздегі ең ірі конденсациялы электр стансасы (Екібастұз МАЭС-1)

19) Қазақстанның ең төмен нүктесі? (Карақия ойысы)

20) Оның негізгі міндеті – халықты, шаруашылықтың барлық салаларын отынмен және энергия қуатымен қамтамасыз ету. (Отын энергетикалық кешен)


ІV. “Адасқан әріптер?” (Бұл кезеңде экранда орындары ауысқан бірнеше әріптер шығады, сол әріптерден география пәніне қатысты сөздер шығару керек)

1) ТОРЕАРБМ БАРОМЕТР

2) ТАПСРОФЕРО ТРОПОСФЕРА

3) АЗЛЦЕОЛЮЛ ЦЕЛЛЮЛОЗА

4) МАИКРЕТ МАТЕРИК

5) ТНАЛАТ АТЛАНТ

6) РААААКСДМГ МАДАГАСКАР



V. «Жеті жұмбақ» (Сайысымыздың бұл кезеңінде 9 ұяшық берілген, әр ұяшықтың ішінде география пәніне қатысты 1жұмбақ жасырылған. Топтар бір-біріне кезек бере отырып, 3 ұяшықтан таңдауға тиіс. Егер таңдаған топ жауабын білмесе, келесі топ жауап береді.)

1) Тұрғыны жоқ елдер

Үйі жоқ қалалар,

Ағашы жоқ ормандар

Суы жоқ теңіздер,

Бұл не?

ЖАУАБЫ: ГЕОГРАФИЯЛЫҚ КАРТА

2) Бар ма,жоқ па

Оны анық білмейсің.

Ол жоқ жерде

Өмір сүріп жүрмейсің

Жауабы: АУА

3) Бір нәрсе бетінде жоқ ой мен қыр,

Өзінің кіндігінен айналып жүр.

Өзіңе назар салып қарасаңыз

Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.

Жауабы: ГЛОБУС

4) Өркеші бар, түйе емес,

Не ақ отау – үй емес.

Бір орнында тұрғаны,

Не болады бұл, кәне?

Жауабы: ТАУ

5) Туған жердің белбеуі,

Шұбатылып қалыпты,

Керемет-ау кернеуі –

Тасты кесіп, жарыпты!

Жауабы: ӨЗЕН

6) Бір зат бар дүниеде құшағы кең,

Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.

Адамзат жан-жануар арасында,

Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген

Бұл не?


Жауабы: ЖЕР

7) Жер өзегі атанған,

Ең орталық бөлігі,

Бұл не?

Жауабы: ЯДРО

8) Сурет жұмбақ. Америка материгін ашқан саяхатшы? (Христофор Колумб)

9) Оңтүстік полюске алғаш жеткен саяхатшы? (Руаль Амундсен)


VІ. Ең, ең, ең....

1)Дүние жүзіндегі ең биік тау? (Гималай)

2)Дүние жүзіндегі ең үлкен арал? (Гренландия)

3)Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама? (Анхель)

4)Дүние жүзіндегі ең кіші материк? (Аустралия)

5)Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен? (Ніл)

6)Дүние жүзіндегі ең үлкен көл? (Каспий)

7)Дүние жүзіндегі ең терең көл? (Байкал)

8)Дүние жүзіндегі ең суық материк? (Антарктида)

9)Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма? (Мариан)

10)Дүние жүзіндегі ең үлкен ел? (Ресей)

11)Дүние жүзіндегі ең үлкен шөл? (Сахара)

12)Дүние жүзіндегі ең үлкен түбек? (Арабия)


VІІ. Елтану

1. Өзбекстанның астанасы? (Ташкент)

2. Қырғызстанның астанасы? (Бішкек)

3. Түркменстанның астанасы? (Ашхабад)

4. АҚШ астанасы? (Вашингтон )

5. Ұлыбританияның астанасы? (Лондон)

6. Ресейдің астанасы? (Мәскеу )

7. Үндістанның астанасы? ( Дели)

8. Жапонияның астанасы? (Токио )

9. Францияның астанасы? (Париж)

10. Қытайдың астанасы? (Пекин)

11. Италияның астанасы?( Рим)

12. Мексиканың астанасы? (Мехико)


Қорытындылау. Осымен «Қызықты география» сайысы да өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайсымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөзді сарапшы ұстаздарымызға береміз.

(Марапаттау рәсімі)

Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет. Сау болыңыздар!






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-068871

Похожие материалы