«Қызықты грамматика»
Сабақтың мақсаты:
1.
Сабақ үстінде алған
білімдерін грамматикадан ойын арқылы қайталап бекіте түсу.
2.
Ой - өрісін кеңейтіп,
логикалық ойлауды, тапқырлықты, шығармашылықты дамыту. Қабілетті балаларды
көрсете білу.
3.
Ақыл – ой тәрбиесін беру,
ұйымшылдыққа, озық болуға тәрбиелеу.
Технология: дамытпалы оқыту.
Көрнекілігі: әр топтың аты, эмблемасы, ұрандары,
сайыстың түрлері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Психологиялық дайындық.
2. Топтарды таныстыру.
(Тақтаға топтардың эмблемасы ілінеді)
Дауысты
Дауыссыз
дыбыстар дыбыстар
І топ: Дауыс
дыбыстар.
Ұраны: Тілде талай –
талай қызық бар.
1 – оқушы: Қазақ
тілінде 15 дауысты дыбыс бар.
2 – оқушы: Дауысты
дыбыстар созылып, әндетіп айтылады.
3 – оқушы: Олар буын
құрайды. Дауысты дыбыстар қанша болса, буын да сонша болады.
4 – оқушы: Дауысты
дыбыстар жуан және жіңішке болады.
5 – оқушы: Жуан
дауыстылар: а, о, ы, ұ.
6 – оқушы: Жіңішке
дауыстылар: ә, ө, і,ү, е.
ІІ топ: Дауссыз
дыбыстар.
Ұраны: Өнер алды –
қызыл тіл.
1 – оқушы: Қазақ
тілінде 25 дауыccыз дыбыс бар.
2 – оқушы: Дауыссыз
дыбыстар созылып, әндетіп айтуға келмейді.ауыз қуысында кедергіге ұшырап, қысқа
айтылады.
3 – оқушы: Олар өз
бетімен буын құрай алмайды.
4 – оқушы: Дауыссыз дыбыстар
3 топқа бөлінеді.
5 – оқушы: Қатаң
дауыссыздар: қ, к, т, с,п, ф,һ, х, щ,ш, ч,ц.
6 – оқушы: Ұяң
дауыссыздар: б,в,г,ғ,д,ж,з.
7 – оқушы: Үнді
дауыссыздар: л,м,н,ң,р,й,/у/.
І – топ хормен: Бүгінгі
жарыста
Алға шық қалыспа!
ІІ – топ хормен: Тілейміз
сәттілік,
Жеңіп шықсын бірлік.
Қонақтардың арасынан
әділқазылар алқасы сайланады.
ІІ. Сайыстың түрлері.
1 – сайыс: Әріпті
жұмбақтар.
Күнде бар, айда
жоқ. Аяқта бар, баста жоқ. Қызда бар, ұлда жоқ.
Түнде бар, таңда
жоқ. Таяқта бар, таста жоқ. Тұзда бар, ұнда жоқ.
(Ү )
(Я) (З)
Тәттіде жоқ Балжанда
бар, Алтында бар,
ашыда бар.
Айжанда жоқ, Күмісте жоқ.
Қаттыда жоқ, Бірлікте
бар, Тиында бар,
тұщыда бар. Тірлікте
жоқ. Теңгеде жоқ.
(Щ)
(Б) (Ы)
2 – сайыс: Сиқырлы
дыбыс.
- Қай дыбыс екі топқа
да ортақ дыбыс? (У)
- Оны қандай дыбыс
дейміз? (Сиқырлы)
- Ендеше сиқырлы
дыбысы бар сөздерді құрастырамыз.
І топ – У дауысты
дыбыс болу керек.
ІІ топ – У дауыссыз
дыбыс болу керек.
3 – сайыс: «Қызық
сөздер» бәйгесі.
Қызық сөзі несімен
қызық?
Тура оқысақ та, кері
оқысақ та бір сөз. Ендеше әріптері ауыспайтын қызық сөздерді жазамыз. Кім көп
біледі, сол топ бәйгеде жеңімпаз болады.
4 – сайыс: «Баспалдақ»
ойыны.
Қай топ сүрінбей,
жылдам баспалдақтан түседі?
І
топ ІІ топ
5 – сайыс: «Қызық
сөйлем» бәйгесі.
Әрбір сөзі бірдей
дыбыстардан басталатын сөйлем құрастыру.
Ітоп ІІ топ
А а а а
... Ж ж ж ж ...
О о о о
... С с с с ...
Ө ө ө ө
... Б б б б ...
6 – сайыс: «Кім
жылдам» ойыны.
Сөздердің бірінші
және соңғы әріптері бірдей дыбыстардан тұратын сөз жазу.
І топ
А
Ара, алма, алша,
астана, алабота, атамырза.
ІІ топ
К
Кек, киік, көкек, кірпік, көбелек, күнделік.
7 – сайыс: Капитандар
сайысы.
Біздің туып - өскен
жеріміз, кішкентай Отанымыз қалай аталады?
Қазақстан.
Ендеше Бір сөзден көп
сөз ойыны.
Қ А З А Қ С Т А Н
ІІІ. Қорытынды.
Жеңген топ таққа
отырғызылады. Олар Сөз тапқанға ... ойынына қатысады.
Ұшқыр ойға серік
болсын шеберлік,
Сөз кезегін Сөз
тапқанға берелік.
Арамызда тапқыр
достар көп екен,
Оларды енді
жарыстырып көрелік.
Таңдап алған әріптер:
А Б
Ж С О Қ
Сұрақтар.
Болашақта кім
боласыз?
Ауа райы қандай?
Сайысқа қайдан
келдіңіз?
Қандай жаман әдетіңіз
бар?
Жолда қалай жүру
керек?
Қай пәнді ұнатасыз?
Бос уақытыңызды не
істейсіз?
Отан үшін не
істейсіз?
Осы отырған
көпшілікке не тілейміз?
Осындай жақсы
тілектермен жарыс сабағымызды аяқтаймыз.
Степногор ауылының орта мектебі
Сыныптан тыс сабақ
Өткізген: Таңсықбаева А.Қ.
2015- 2016 оқу жылы
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.