Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Рабочие программы / "Қызықты математика әлемінде " сыныптан тыс шара

"Қызықты математика әлемінде " сыныптан тыс шара

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қызықты математика әлемінде

Сабақтың мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту, ұғымдылыққа, ұйымшылдыққа, іскерлікке баулу, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс сабақ

Көрнекілік: слайд, карточка.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру: оқушылармен амандасу, сабаққа даярлау, сабақтың мақсатын айту

ІІ. Таныстыру: әр топтың өзін-өзі таныстыруы

ІІI . “Танымдық” бөлімі. әрбір топқа жеке-жеке сұрақтар қойылады

  1. 1 тонна мақта ауыр ма, 1 тонна темір ауыр ма?

  2. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады?

  3. 100 жылдың басқа атауы?

  4. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды?

  5. Миллион” сөзін қазақ арасында жеткізуші?

  6. Тәуліктің 1/24 бөлігі?

  7. Жердің жасанды емес серігі?

  8. Транспортир” сөзінің мағынасы?

  9. Ноль қай елдің сөзі?

10.Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?

IV.“Біліктілік” бөлімі: әрбір команда ұпай саны көрсетілген сұрақтарды таңдау арқылы жауап береді. Соңғы сұраққа ( ұпай саны 50 болып келген) топтың басшысы жауап береді.

hello_html_m467d36f.gif

V. Математикалық жұмбақ: жұмбақтардың шешімін табады

  1. Жиырма төрт батыр,

Бірін-бірі жеп жатыр.


2. Екі аяқты бір ізді,

Үстіне адам мінгізді.


3. Жүз төрт түйме,

Он бір ине.

4. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай?


5. Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы.


6. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында.


VІ.Ойлан тап: логикалық есептің шешімін табады.

1) “Әкең нешеде?” - деп сұрағанда Азат:

Мен әкемнен 5есе кішімін, інімнен 5 жас үлкенмін, ал әкем мен інімнің жасын қосқанда 61-ге тең”- деп жауап береді. Азат нешеде?


2)Баласы 10 жаста. Әкесі 46-да. Неше жылдан кейін әкесі ұлынан 2 есе үлкен болады?


VІІ. Қорытынды: ұпай саны есептеліп, жеңіске жеткен команда анықталады. Белсене қатысып отырған көрермендерге мадақтама беріледі.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 14.05.2016
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров37
Номер материала ДБ-080892
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх