Инфоурок Начальные классы Научные работыКөбейту мен бөлуге берілген теңдеуді шешу 2 сынып

Көбейту мен бөлуге берілген теңдеуді шешу 2 сынып

Скачать материал

Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3С бөлім. Санды жəне əріпті өрнектер

Күні: 27.02.2020

Мектеп:  Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп

Мұғалімнің аты-жөні:  М. Сейтова

Сынып: 2 «В»

Қатысқандар саны: 21

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

№ 92   Көбейту мен   бөлуге берілген теңдеулерді шешу.

 Халық билері   62-63 бет

 жұмыс дәптері   55-56 бет

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.2.2. Көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді жəне х+(25-6)=38; (24-3)-х=8; а+6=7+80 түріндегі күрделі теңдеулерді шешу. х+(25-6) =38;    (24-3) -х=8; а+6=7+80

Сабақ мақсаттары

Барлығы: көбейту мен бөлудің белгісіз компонентін қалай табуды түсіндіреді

Бірқатар оқушылар: Көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді өздігінен құрастырады

Кейбір оқушылар: Теңдеулер шешуде қателерді (оқу тапсырмаларындағы, басқа

оқушылардың жұмыстарындағы) табады жəне түзетеді

 

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін атау

Пəндік лексика жəне терминология компонент умножения и деления:

Теңдеу, көбейту мен бөлу амалдарының компоненттері мен нəтижелері

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:  

Белгісіз компонентті қалай табуды түсіндіре аласың ба?

Неліктен бұл теңдеу қате шешілді (дұрыс). Қатені қалай түзетуге болады?

Жазу:Теңдеудің шешуін жазу

Бағалау критерийлері

- Көбейту жəне бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді  шешеді.

- Көбейту мен бөлудің белгісіз компоненттерін қалай табуды  түсіндіреді

- Көбейту мен бөлуге берілген теңдеулерді өздігінен  құрастырады жəне шешеді.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Музыка: халық билері

АКТ қолдану дағдылары

Компьютер, бейнежазба

Ресурстар

плакаттар

Бастапқы білім

Теңдеу, көбейту мен бөлу амалдарының компоненттері мен нəтижелері

Сабақ барысы

 

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар ескертпелерді жазыңыз

Ресурстар

Басы

3 минут

Ынталандыру.

         -Би туралы.

а ) Әр халықтың өзіне тән билері болады. Мысалы: Қазақ халқының ұлттық билері, орыс халқының ұлттық билері, тау халқының ұлттық билері және т. б. Жалпы би дегеніміз не?

Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер.
Бейнежазба көрсету
• Балалар осы би өнерін орындаушыларды кім деп атаймыз?
• Биші
• Әр ұлттың өз биі болса, әр  ұлттың өз бишісі болады.
Қазақ биінің негізін қалаушы, атақты би падишасы Шара Жиенқұлова.

Бейнежазба

 

Ортасы

 

4-37  минут

Өзектендіру

(Ұ) №1. Теңдеулерді шеш

х*5=10                у*3=15            х:2=6       

х=2                      у=5                  х=12                                      

Бағалау:  биші қыздар мен ұлдардың суреті арқылы бағалау

Дескриптор

-Бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді шеше аламын.

-Бөлу амалының белгісіз компоненттерін таба аламын.             

-Көбейтуге берілген қарапайым теңдеулерді шеше аламын   

-Көбейту  амалының белгісіз компоненттерін таба аламын             

(Ж) №2  Есептемей салыстыр. Бір-біріңді тексеріңдер. Екі өрнекті қалай салыстырғаныңды досыңа түсіндір.

48+12<48+15                41+4>41-4                  3*5<3*6

32-30<31-20                 20+49>20-1                 6*3<6*4

Бағалау: смайликпен  әткеншек әдісі арқылы бір-бірін бағалайды

 (Т)№3. Есептерді шығар

а)  қыз-12     20                       Шешуі: 20-12=8

     ұл-?                                    Жауабы: 8 ұл

 

ә)  республикалық-8                        Шешуі: 10+8=18                

     қалалық-10     24                           24-18=6

     аудандық жеңімпаз-?          Жауабы: аудандық    жеңімпаз

 

б)  жеңді-19                                       Шешуі: 19+6+15 =40              

     жеңілді-6       ?                              

     тең аяқтады-15                             Жауабы: 40 ойын

Бағалау: биші қыздар мен ұлдардың суреті арқылы бағалау

Дескриптор:

- есептің қысқаша шартын жазады;

- шешу жолында өрнек құрады;

  - өрнектің мәнін табады;

  - есептің жауабын жазады.

(Т)№4. Көбейтуді қосумен ауыстырып есепте

 31*2=31+31                 9*3=9+9+9                       25л*3=25л+25л+25л

42*2=42+42                 8*5=8+8+8+8+8                2 тг*8=2тг+2тг+2тг+2тг+2тг+2тг+2тг+2тг

Бағалау: биші қыздар мен ұлдардың суреті арқылы бағалау

 

Бөлінгіш

24

У

Бөлгіш

Х

3

Бөліндінің мәні

6

9

 

Бағалау критерийі:

* Бөлуге қарапайым теңдеулер құрастыра аламын

*Бөлуге берілген қарапайым теңдеулерді шеше аламын

*Бөлу амалының белгісіз компоненттерін таба аламын

Бағалау: критерий бойынша

биші қыздар мен ұлдардың суреті арқылы бағалау

Теңдеу жазылған плакат

 

 

 

 

Кеспе қағаздар

Оқулық, дәптер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кеспе қағаздар

 

 

Кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

3 мин

Үйге тапсырма: 63-бет, №6  тапсырма

Рефлексия.

Нысана (Мишень)

Белсенді қатыстым

Сабақ ұнады

Түсіндім

Жаңа мәлімет алдым.

Нысана

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жоғары деңгейдегі оқушыларға  ж.д. №3, о.№4  тапсырма

Орта деңгейдегі оқушыларға ж.д. №1 тапсырма ұсынамын.

Төмен деңгейдегі оқушыларға ж.д. №2 ұсынамын.

Топтық жұмыста барлық оқушының әрекетін бақылап, жұмыстары мен жауаптарын тыңдап бағалаймын.

Топпен, жұппен жұмыс орындау барысында мадақтау, смайлик, қазақ қызы мен жігіті суреті, арқылы бағалаймын., мишень әдісі арқылы нысанаға ату  арқылы

өз-өздерін бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 Қызылорда облысы, қазалы ауданы, Әйтеке би кенті. Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің бастауыш сынып мұғалімі    Сейтова Макбал Баекеевна

87016222330    makbal_bs@mail.ru

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні: 

Сайыстың тақырыбы: «Өнерлі өрге жүзер».

Сайыстың мақсаты:

1. Оқушылардың  білім туралы ойларын  кеңейте түсу, білімнің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы, білім, ғылым жаңалықтарымен таныстыру.
2. Оқушылардың ана  тілін сүюге, адамгершілік қасиетін қалыптастыру, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі – өнеге алуға баулу. Оқушылардың іскерлігін, икемділігін нығайту.

Көрнекілігі:  интерактивті тақта,  слайдтар, суреттер, нақыл сөздер, қоржын,  асықтар.

Түрі: Сайыс сабақ.

Барысы:

Талпынған әр шыңдарға жас таланттар
Білімнің ордасында ән қалықтар
Күтіп тұр арман қуған өрендерді
Шеберлікпен ойға толы сын сағаттар
- Армысыздар құрметті өнер сүйер қауым!

«Өнерлі өрге жүзер» атты сайысымзға қош келдіңіздер.

Барлығымыз бүгінгі кеште жеңімпаз өнерлі топты бірге анықтайық.
Жол сілтеген биіктерге ұстаздарым
Іштеріңнен шығар әлі жаңа дарын
Әділдікті тек алған мақсат еткен
Таныстырам әділқазы алқаларын
Бүгінгі кештің әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.
Ал енді алдарыңызға бүгінгі сайыскерлерді шақырамыз.

(Муызыка ойналады, қатысушылар ортаға шығады. Әрбір топты аттарымен таныстырып өткізу)
«Өнерлілер» тобы, «Шеберлер» тобы, «Іскерлер» тобы.
Сайыстың бағдарламасымен таныстыру.
1. Таныстыру.
2. «Тапқыр болсаң тауып көр!» викториналық сұрақтар сайысы
3. «Шебер қол ештеңені таңдамайды» бұл жерде ер балалар қыздардың, қыздар ер балалардың жұмыстарын орындайды.
4. «Жанкүйерлер жарысы» көрермендермен сайыс
5. «Сен көрікті»
І. ТАНЫСТЫРУ
Өнер қуып сайыскерлер өтсе дейміз
Бір басына өнерлеріне жетсе дейміз
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
(Әр топ өздерінің таныстыруларын орындайды)
ІІ. «ТАПҚЫР БОЛСАҢ ТАУЫП КӨР!
Білім сайысы
Шарты: Әр топқа 8 сұрақтан қойылады. Егерде сұрақ қойылған топ жауабын білмей, оның жауабын басқа беремін десе сұрақ алушы топтан нар тәуекел сұралады. Нар тәуекел сұраған топ сұрақтың жауабын дұрыс берсе ұпай соларға қосылады. Егер дұрыс жауап бере алмаса ұпайларынан 10 ұпай шегеріледі. Егер сұрақ қойылған топ нар тәуекел бермей өздері дұрыс жауап берсе қоржындарына 10 ұпай қосылады. Егер жауап бере алмаса қоржындағы ұпайдан 10 ұпай шегеріледі.
І топқа сұрақтар:
1. Қазақ тілінде неше дыбыс бар?

2. Үстеу дегеніміз не?

3.Оқушы сөзін жікте.

4. Дәптер сөзін жікте.

5. Әже сөзін септе.

6.Қандай ұлттық ойындарды білесің?

7.Ұлттық киімдер қандай стиль түріне жатады? (Фольклорлық)

8. Қалпақ, кимешек, шәлі, тұмақ бұлар қандай киімнің түріне жатады? (Бас киімдер)

9.Ұлттық ою-өрнектердің түрлері?

10. Атақты жазушылары?

 

ІІ топқа сұрақтар:
1.Тілімізде неше септік бар?

2. Сөз құрамын ата.

3. Жалғау дегеніміз не?

4. Жұрнақ дегеніміз не?

5. Тілімізде қанша сөз табы бар?

6. Сөйлем мүшелерін ата.

7.Сөз таптарын ата.

8.Қазақ хандары?

9.Атақты ғалымдары?

10.Абай Құнанбаевтың аудармаларын ата.

ІІІ топқа сұрақтар:
1.Тон, ішік, пальто бұлар қандай киім түріне жатады? (Сырт киімдер)
2. Отан, туған жер туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

3. Оқулықтағы «Екі бала» өлеңі кімнің шығармасы. (Крылов И.А.),

4. Бердібек Соқпақаевтың қандай шығармаларын білесің? (шал мен бала)

5. Шешендік сөз деген не?

6. Шығамын тірі болсам адам болып. Кімнің өлеңі?

7.С.Сейфулин туған жері?

8.Қазақ хандары?

9.Фариза Оңғарсынованың қандай шығармаларын білесің? (оюлар, шаңырақ)

10.Алдаркөсе жайлы бір әңгіме айт.

ІІІ. «ШЕБЕР ҚОЛ ЕШТЕҢЕНІ ТАҢДАМАЙДЫ»
Бұл сайыста балалар қағаздан әртүрлі суреттер салады немесе оригами

жасайды. Уақыт 10 минут
ІҮ. «ЖАНКҮЙЕРЛЕР ЖАРЫСЫ»
Шарты: Жанкүйерлерге сұрақтар қойылады. Жауабын тапса ұпайын қалаған тобына бере алады.
1. Оригами деген не? (жапонша – “бүктелген қағаз”) 

2. Ылғалды - жылумен өңдеу дегеніміз не? (Үтіктеу)
3. Юбканың қазақша атауы? (Белдемше)
4. Кестені, кілемді керіп қоятын арнаулы зат қалай аталады? (Кергіш)
5. Қандай түстерді араластыру арқылы ала алмаймыз? (қызыл, сары, көк)
7. Қазақтың ұлттық сүт тағамдарын ата? (айран, қаймақ, құрт, ірімшік, шұбат, қымыран, қымыз, уыз, қатық, ашыған көже)
8. Қазақ әйелдерінің, әжейлердің басты тұтас жауып тұратын бас кіиім қалай аталады? (Кимешек)
ҚОРЫТЫНДЫ. Сөз кезегі әділқазыларға беріліп, жеңімпаз топ және басқа да қатысқан топтар мақтау қағаздарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:

Кітап білім бұлағы.

 Кітап білімнің қайнар көзі. Онсыз, яғни кітапсыз өмір сүру XXI ғасырда мүмкін емес екендіге мәлім. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетеледі. Әр адам кітаптың беттің ашқан сайын оның әлемінің тылсым табиғаттын, жаңа құндылықтарды үйренеді . "Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол" деп текке айтылмаған. Кімде де болса білімділікке сәл-пәл болсада құштарлығын дамытуға көмектеседі. Кітап оқыған адамның шетте калмасы анық.

Қазіргі заманың техниканың дамуына байланысты "кітапханалардың болашағы жоқ" деген сөздің қисыны келмейді. Себебі, компьютер адамның денсаулығыны, әсіресе көзіне зиян. Егер кітапхана болмаса бізден көз қалама. Сондықтанда болашақ адамның өз қолында - кітапхананың әлі де болса маңызы бар екенің дәлелдейік.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.
Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Бала кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Ал ата – аналар тым жұмысбасты. Баланың теледидар қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл бөліп, қадағалап отыруға олар уақыт таппайды. Әрине, мұны жауап деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу.
Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша - мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет. Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету. Бірінші сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру. Мысалы: мектептегі бірінші сыныпта әліппе пәнін оқып бітіргеннен кейін кітапханашылар мұғалімдермен тығыз байланыстағы бағдарламаны жыл көлеміне ұйымдастырса. Алғашқы күннен бастап «Біздің кітапхана» деген балалар кітапханасында жыл көлемінде акция ұйымдастырылса.. Кітапханашыларға көмекші ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қойсақ. Барлық оқушы кезекпен кітапханашы болып шыққаны дұрыс. Акцияға кезекші баланың ата – анасының біреуі айына бір – рет баласының жұмысын кітапхана келіп көрсе, танысса. Мүмкін болған жағдайда бірге бір күн жұмыс жасасса. Ол апта сайын ауысып, кезек келе береді. Бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Олар өзімен бірге басқа оқушыларды тартары сөзсіз. Кітапханаға деген дұрыс көзқарасы қалыптасып өседі, кітапты ұқыптап ұстауына, уақытында алған кітапты қайтаруына, кітпаханашы маманыдығына деген үстірт ой, жаңсақ мінез қалыптаспауына болысады.
Сыныптың білім сапасы жоғарылайды, жолдастық сезімі оянады. Ата – ана жауапкершлігі артады. Қорытынды шығарылып «Кім көп кітап оқыды?», «Кім жылдам?» деген сайстар өткізу. Сайыста зейінді, жылдам, оқымысты, мәнерлеп оқитын, сауатты оқушыны аңғарып мадақтау. Басқа оқырмандар да соған ұқсау , не жаңаны ойлап табуы қалыптасады.
Кітап оқымайды деп байбалам салғанша жан – жақты болып қызмет жасауымыз керек. Оқырман мен кітап оқушы қоғамды қалыптастыру ата – ана, мектеп, кітапханашы қызметі жоғары дәрежеде болуы керек. Әрине сауалдар мен себептер көп. Одан қалды түрлі сылтауға кезігеді екенбіз. Ал ол себептердің ар жағынан әдеби кітаптың оқылуы үшін кім қандай күш жұмсауы тиіс деген қисынды сауал туады. Кітапханашылар жас ұрпақты әдебиеттен тыс елеңдететін ақпарат түрлері көп, қазақ тілінде балаларға арналған әдебиеттер тым аз деп шырылдайды. Әр баланың жасына сай, тіліне жатық, безендірілуі көркем орыс тілінде басылған кітаптар сияқты қазақ тіліндегі басылымдардың сапасы осындай болуын өтінеді.Әр түрлі саладағы баларға арналған ана тіліндегі энциклопедиялардың жоқтығы.
Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу.
2 сәуір – Халықаралық балалар кітаптарының күні күнделікті баланың өмірінің дағыдысына айналса игі ағайын.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Кәрішалова К. Кітапхана жаңа ғасыр мәденитетінде (балалар әдебиеті проблемалары)// Саясат. - №3. - 2006. - 28-29б.
2. Дүтбаева Н. Кітап неге оқылмайды: себеп пен салдар// Қазақ әдебиеті. - 2009. - 30 қаңтар. - 1-3б.

 

 

 

 

Күні:  

Тұңғыш Президент күні

Тәрбие сағатының мақсаты:

а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.

ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.

б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

ФОН: Күй

1-жүргізуші:

Армысыздар, қадірменді қонақтар,құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Бүгін 1-ші желтоқсан – Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні болып елімізде 2 ші жыл тойланып отыр.

2-жүргізуші:

Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет.

1-жүргізуші:

Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

2-жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-дей келе

1-жүргізуші:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді

2-жүргізуші:

Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік.

Өлең оқу: Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» «Мен Қазақпын» (Амангелді, Байбек)

Күй «Секіртпе» Айдар

 

1-жүргізуші:

Беу, Туған жер! Сен ыстықсың біздерге.

Мыңдаған дастан жатыр Халқым басқан іздерде.

Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай

Даналықтың жырын жастар іздер ме?

2-жүргізуші:

Жыр жазам деп талпынады жас балаң.

Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.

Жүрегінің түкпірінен шығарып

Әннен шашу болды оған міне бір арман – деп

 

1-жүргізуші:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.

2-жүргізуші

Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.

 «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

2-жүргізуші
Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп, 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады-ау кісілік!

1-жүргізуші

Қазақ халқымыздың сәндік колданбалы өнерлері мен ұлттық дәстүріміз ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де аса маңызды болғандықтан көненің көзі болған тарихи мұраларымызды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру баршамыздың парызымыз деп санай отыра, оқушыларының өз шығармашылықтарымен жасаған сәндік киім үлгісін тамашалаңыздар.

Төле би сөзімен бүгінгі күнгі іс-шарамызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім, 
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар, 
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар, 
Атадан қалған сара жолым бар.

2-жүргізуші
«Осындай тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

1-жүргізуші:

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!

БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!і





 

Күні:

Тақырыбы: Тәуелсіздік -тірегім, Қазақстан- жүрегім
Тәрбие сағатының мақсаты
: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.
 Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың  байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қазақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті.
Нақыл сөздер,Қазақстан туралы әндер.
Тәрбие сағатының барысы: 

Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім»

Мақсатын хабарлау.

Әнұран:

Оқушыларға сұрақтар.
Қазақстан туралы не білеміз? Оқушылар жауабы..
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық   тарихы бар.

Топқа бөлу І топ- Бірлік, ІІ Дарын тобы, ІІІ Қабілет тобы
1-топқа сұрақ: Қандай тарихи оқиғаларды білеміз?

1-оқушы:

Қазақ елі еркіндікке жету үшін қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар.

Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы —  Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды. Керей мен Жәнібек бастаған қалың қол елді жаудан қорғады.

2-оқушы.

Қазақ хандығы 1465-1847 ж. Аралығында өмір сүрген мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейін , Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын қамтыған. Қазақ хандығының тұңғыш ханы-Керей, соңғы ханы-Кенесары Қасымұлы

Мұғалім: Ал екінші дүниежүзілік соғыс туралы не білеміз?

3-оқушы:

1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді.

Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда Ұлы Жеңіспен аяқталды.

4-оқушы:

Міне, содан бері 70 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес.. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.

2-оқушы:

1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 70 жыл.

Мұғалім: Желтоқсан көтерілісі туралы не айтуға болады?

4-оқушы

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Оқушы:

1986жылы 16-желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай  толқу  басталды. Жастар алаңға  жинала бастады. Алаңда  «Біз  қазақ, ежелден  еркіндік аңсаған»,  «Әрбір ұлтты  өз көсемі  басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,-деген ұрандар  айтылды.

Алматы гарнизонын  жауынгерлік  дайындыққа  келтіріп, көп  күшпен  алаңдағы  жастарды  қоршап алды.  Алматыға  әр  аймақтардан әскердің  арнайы бөлімдері  жіберілді. Өз елінің  тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды.

 Көптеген  студент жастар түрмеге  қамалды, оқу  орнынан  шығарылды.  Тәуелсіздік жолында  Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат  Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира  тағы  басқалары  сияқты  қазақ жастары  желтоқсан  оқиғасы кезінде  қайсарлықпен  ерлік  көрсетіп құрбан  болды.

5-оқушы

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996 жылы 9-желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы»  атағы  беріліп, айрықша  ерекшелік белгісі мен «Алтын  жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа  желтоқсанға  қатысқан  жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы  берілді.

Оқушы:

Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі  туралы заң қабылданды.

Мұғалім: Тәуелсіз мемлекеттің рәміздеріне тоқталайық.

  ІІ топ Рәміздер

Оқушы: 1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері.Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.
7-оқушы
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді.
Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және

Н.Ә. Назарбаев.
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.

ӘН: Жаса Қазақстан

Рефлексия: « Үш ойлау жұлдызы» стратегиясы

Қорытынды: Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.
Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.
Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
«Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары «Қазақстан-2050» Стратегиясының түпқазығы етіп алдым».
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлде қайда қиын.
Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.
Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік
.

 

Күні:

«Аталар сөзі-тәрбие көзі»

Мақсаты: Оқушыларға ұлттық тәрбиенің маңыздылығын, оның ата ақылымен даритынын түсіндіру, сөз қорларын байыту. Нақыл сөздерді, кітаптарды насихаттау.

Көрнекілігі: Кітап көрмесі, нақыл сөздер.

Дәйек сөз: «Аталар сөзі-тәрбие көзі»,

«Алтын ұяң-Отан қымбат,

Құт берекең-атаң қымбат»

Барысы: Әр халықтың өзіне тән ұрпақ тәрбиелеу тәжрибиесі, өзіндік тәрбиелеу жолдары бар. Ата-бабамыз сөз қадірін білген және қастерлеген. Олар ұрпақтарына асыл мұра боларлықтай сөз маржанын үлгі-өнеге қылып қалдырған. Халық аузынан жеткен мақал-мәтел, шешендерден қалған нақыл сөздер осының айғағы. Бүгін өткізгелі отырған «Аталар сөзі-тәрбие көзі» атты іс-шарамыз ата-бабамыздан қалған нақыл сөздереге араналады.

Ата-бабалардан қалған мұраларға мақал-мәтелдерден басқа жұмбақтар мен ертегілер де жатады. Жұмбақтар мен ертегілер баланың ойлау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі, ой-өрісін кеңейтеді. Ал, енді пікір алмассақ.

І. Сөз мәйегі-мақал, ол не туралы болады? Бір мақал айтып, оның мағанасын түсіндіріп бере аласыңдар ма?

1. «Кітап-білім бұлағы,

Білім-өмір шырығы».

2. «Ата-баба дәстүрі -әдептілік негізі».

3. Білімнен қымбат досың жоқ, аурудан бетер қасың жоқ.

4. «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен»

5. «Ашу –дұшпан, ақыл –дос,

Ақылыңа ақыл қос».

 

ІІ. Жұмбақтар баланың ой-өрісінің дамуына, оны терең ойлауға тәрбиелейді. Енді жұмақ шешейік.

1.      Бесжанды бір жансызға мінгеседі,

Үстінен айтақырдың із кеседі. (бес саусақ, қалам)

2.      Өмір-өмір, өмірден, жаққан оты көмірден.

Зымыран деген бір құс бар, жұмыртқасы темірден. (мылтық)

3.      Құлағы мен көзі жоқ, жоқ тіпті қол мен аяғы.

Бірақ ғажап өнерпаз, мәнерлеп ою ояды. (аяз)

4.      Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (кітап)

5.      Оны күткен адамдар ұзақ өмір сүреді,

Қадірін білген жарандар,

«Байлық осы»- дер еді. (денсаулық)

 

ІІІ. Ертегі, аңыз, дастандар да, батырлардың ерлігін, даналардың сөздерін, еңбектерін баяндап, ұрпақтарға үлгі қылады.

Би-шешендер мен жыраулардың тапқырлық, даналық сөздері балаларды адалдық, мейірімділікке баулып, Отанына деген сүйіспеншілікке шақырып, адамгершілік, ар-ұятты сақтауды уағыздайды.

Аталы сөз қалдырған атларымыздан кімдерді білесіңдер?

Иә, еліміздің бірлігін сақтап, ұрпақтарына жол көрсетіп отырған үш биіміз.

Төле би:

«Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі.

Өзіне келер ұятын, өзі біліп тұса игі.

Жаудан бұққан немені, ортасынан қуса игі», -деген.

Қазыбек би: «Алтын ұяң-Отан қымбат, құт берекең-атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат, мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың-әкең қымбат, туып өскен елің қымбат.

Ұят пенен ар қымбат, өзің сүйген жар қымбат»,-деп Отан, туған жер,

Әйтеке би: «Ашу деген ағын су, алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген дария, алдын тоссаң тоқырар.

Кісіге біреу туыспау керек, туысқан соң сөз қуыспау керек.

Сөз қуған бәлеге жолығады, жол қуған олжаға жолығады»,- деп нақыл айтқан.

Бұл нақыл сөздің қандай астары бар екенін түсіндіре аласыңдар ма?

Адалдық дегенді қалай түсінесіңдер?

Отанына, халқына адалдық деген –адал еңбек, ету, елдің көркейуіне себебін тигізу. Отанын жаудан қорғау.

Досыңа адал болу деген –оған көмек көрсету, қиыншылықтан алып шығу.

Ата-анаға адалдық деген –ата-ана алдындағы борышыңды ақтау, ауырып-сырқаса жәрдем ету, қартайғанда қамқорлық жасау.

Бұл нақыл сөздердің бәрі жастарды адамгершілікке, отансүйгіштікке бауып, ата-ананы, үлкенді силауға, кішіге қамқор болып, жақсылардан үлгі алуға шақырады.

«Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітапта,

Ерінбей оқып көруге.» -деп Абай Құнанбаевтың өлең жолдарымен аяқтаймын.

Кітапханаға келіп, кітап оқып тұрыңыздар.

 

 

 





 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Көбейту мен бөлуге берілген теңдеуді шешу 2 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер-постановщик

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Математика пәнінен 2 сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 574 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.04.2021 1101
    • DOCX 46.8 кбайт
    • 23 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейтова Макбал Баекеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сейтова Макбал Баекеевна
    Сейтова Макбал Баекеевна
    • На сайте: 2 года и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1159
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 303 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 199 человек

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 206 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 437 человек

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе