Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Как можно выучить язык быстро и с пользой

Как можно выучить язык быстро и с пользой

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тілді қалай тез арада үйренуге болады?



Бейнебаян көріңіз

YouTube-тан ағылшынша(өзге тілде) кинолар мен сериал, роликтерді көрер болсаңыз, онда уақыт алдында кінәлі болмайсыз. Және ағылшын (басқа) тілін үйреніп те қаласыз. House M.D. или Misfits сізге ағылшынды 100 пайыз үйретеді деп айта алмаймыз. Алайда, ағылшын (басқа) сөзіне құлағыңыз үйреніп, айтылуының дұрыс жолын, лексикасын біршама біліп қаласыз. Ол үшін субтитрі бар, көруге оңай кинолардан бастағаныңыз дұрыс болар. Сол арқылы күрделі киноларды көруге икемделіп, субтитрді қажет етпейтін де боласыз. Бұның бәрі жай айтыла салған сөз емес. Сондықтан күнде бір уақытта ағылшын тіліне көңіл бөліп тұрыңыз. BBC арнасының жаңалықтарымен басталған ағылшын (басқа) тілін үйрену ниетіңіз бірнеше ай уақыт көлемінде жақсы көрсеткіштерге жеткізуі әбден ықтимал.

Интернет желісінде жаңалықтар мен кинолардан басқа  ағылшын (басқа) тілін үйрену сабақтары бар. Аталған сабақтар жетіп артылып жатыр. Күніне қаншама ерікті адамдардың оқып үйренуі үшін  материалдар қосып, үсті-үстіне үстемелеп жатады. Солардың ең жақсыларын кіріп көріңіз. 

Кітап оқыңыз

Әйтсе де, көгілдір экран алдында отыруға ата-анаңыз рұқсат етпесе, онда сізге кітап көмектеседі. Кітап болғанда да тілі жеңіл, тұрмыстық кітапты айтып отырмыз. Бұндай кітаптардың пайдасы ағылшын тілін үйренушілерге аз тимепті. Оны санамалып жеткізе алмаймыз. Ең бастысы, сіз күніге таңғы салқын ауамен ерте тұрып кітап оқып, оны түсінуге зер қойсаңыз, алда-жалда арнайы курстарға барып жүргендерден де артық білім алуыңызға болады. Себебі, таңертең оқыған кітап басқа уақытта оқыған кітаптарға қарағанда өтімді болады. Түні бойы демалған ми клеткалары кез келген ақпаратты жинап алуға бейім тұрады. Оның үстіне көзқарасыңыз бір ғана дүниеге бағыт алады. Тағы бір ескертетін жағдай, өзіңізді қинап еш уақытта кітап оқымаңыз. Ол сіздің пайдаңызға емес, үлкен бір олқылыққа айналуы мүмкін.  Уақытыңыз бір мезетке босап қалса, қойын қалтадан кітапты суырып алып, оқыған дүниеңізді бір қарап шығуыңызға болады. Есіңізге барлық бұрынғы оқығандарыңыз қайта келіп, одан бетер жақсы сақтала түседі.

Демалыңыз

Шаршап келіп, төсекке жата тұрғыңыз келеді. Бір сәтке болса да тынығып алуды артық көрмейсіз. Алайда ұйықтап та қатырмайсыз. Себебі, жан-жағыңыз шулап жатқанда тынығу қайдан болсын. Бір сәт өткен күннің қызығы мен шыжығын өзіңізше бағамдап, ой-пікірлеріңізді бір арнаға жинастырып әуре боласыз. Және белгілі бір бағытқа ұзақ үңіліп кетесіз. Ал сол бағытта ағылшын сөздері (қазақшасымен) тұрса, не болар еді? Онда міндетті түрде оқисыз. Біздің психология солай құрылған. Тіпті, қарап жатып та жаттап аласыз. Ол үшін өзіңіз көп жүретін немесе тынығатын кереуеттің маңдайшасына, қабырғаның орта тұстарына, көзіңіз түсетін жердің бәріне де іліп тастаңыз. Соларды күнде қарап жүргенде, көзіңізге оттай басылып қалады. Әрине, бұл жерде көздің көп нәрсе атқарары белгілі. Өйткені, естігеннен гөрі, көзбен көрген дүниелер жадымызда жақсы сақталады.

Жұмыс жасаңыз

Ер баланың сыртта жүріп оқуға қолы тимейді. Ал қыз балаға үй ішінің жұмыстары бұйырады. Сондағы жұмыс: үй жинастыру, ыдыс-аяқ жуу, т.б. Оқуға үлкен мүмкіндік. Ыдыс-аяқ жуылатын жердегі қабырғаға ағылшын тілінің сөздерін іліп қойыңыз. Бір көзіңіз ыдыс-аяқта болған кезде, екінші көзіңіз бос қалмасын! Қалжың ғой. Мүмкіндіктің көп екенін айтып тұрмыз. Оның үстіне ыдыс-аяқ жуатын заттардың атауы да көбіне ағылшынша болып келеді. Соларды құрастырып көрсеңіз де болады. 

Өзіңіз қалай қабылдасаңыз, дүние солай қарай күрделене береді. Адам қолынан келмейтін дүние жоқ. Егер сіз үлкен арман мен таудай талаппен жүрер болсаңыз, бір тіл емес жүз тілді де үйреніп шығасыз. Сенбей отырған шығарсыз?! Онда сіз мына әңгімені естімепсіз ғой!

...Баяғыда бір баланың анасы әл үстінде жатыпты. Баласы болса, өлер алдындағы ана сөзін күтсе керек. Содан анасы баласына ештеңе айтпай жүріп кетіпті. Тек, баласына айтар өсиеті мен арман-тілегін бір кітапқа жазған екен. "Сол кітапты міндетті түрде оқып шық,"-депті. Ол кітапта  байлыққа жетудің ең қысқа жолдары да айтылыпты. Ал не керек, анасыз қалған қу жетім қайда бармақ?Әупірімдеп жүріп оқуға түскен. Әлгі өсиет жазылған кітапты оқуға ден қойған. Қолына алып отырып оқыған кітап оныншы бетке келгенде, басқа тілге ауысып сала берген. Ағылшын тілі екен. Ана сөзін жерге тастайтын бала болар ма екен, ағылшын тілін меңгерген. Ал енді  білдім-ау деп  келіп оқыса, он бетттен кейін басқа тіл шыққан. Сөйтсе, қытай тілі екен. Оны да меңгеріп алып келіп  оқыса, тағы он беттен кейін басқа тіл шыққан. Алма-кезек жалғаса берген. Күндердің күні көп тілде жазылған өсиет кітабын бала түгел оқып бітіпті. Көптеген тілді біліп алған баласы бақытты ғұмыр кешкен екен.



Ең әуелі, адам алдына нақты мақсат қою керек. Мақсат қоймасаңыз, тіл

үйренуге  талпынысыңыздан түк нәтиже болмайды. Мәселен шетел тілін

үйренетіндер көбінесе, ағылшын, (неміс, т.б.) міндетті түрде білуді талап

ететін, табысы жоғары ірі компанияларға қызметке орналасуды, немесе

мәртебесі биік жоғары оқу орынына түсуді, болмаса шетелдік біреуге

тұрмысқа шығуды, не шетелге саяхаттауды алдына мақсат етіп қояды. 

Өз мақсатына қарай нық қадам басқан адам, тілді де қоса қабат үйрене

бастайды. Әрі тілді ләззат ала, сүйсіне үйренбесе, бәрі құр әурешілік.

Негізі адам тек тіл үйренуде ғана емес, кез-келген жұмысты істегенде сүйсініп, рахаттанып орындаса ғана ісі алға басады ғой. «Оқу инемен құдық қазғандай» екені бәрімізге белгілі. Сондықтан маңдай теріңді төгіп, көз майыңды тауысып, байыпты түрде шұғылданбасаң, жан қинамай тіл үйрене салу деген - бос қиял. Қазір шетел тілдері заманауи технологиялардың көмегімен үйретілуде. Солар сияқты аудио, видео жазбаларды, онлайн сабақтар мен семинарларды қазақ тілін үйретуге қолданса, тамаша болар еді, мен сондықтан оны қос қолымды көтеріп, қолдаймын.
     Қазір тіл үйрететін бағдарламалар көп. Таңғажайып нәрселер тек ертегілерде ғана болатынын ұмытып, көбінесе, «25-кадр» дегендерге, не ұйықтап жатқан кезде гипнозбен тіл үйретуге болады дегендерге иланатын адамдар да болады. Бірақ, ағылшын тілін бір айдың ішінде, немесе 2 аптаның ішінде мүлтіксіз үйретеміз деп уәде беретін жарнамаларға қалай сенбесем, қазақ тілін де заманауи технологиялардың көмегімен, қысқа мерзімде тез үйретуге болады дегенге өз басым сене алмаймын. Ондайлардың тездетіп табыс табудан басқаны ойламайтын жандары екені, тек көкейлерін ақша тескені көрер көзге көрініп тұрады. Осыған абай болған жөн.

Анель Таскалиева

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

В моей статье рассматриваются по этап но как можно выучить язык быстро,удобно и с пользой! Советую для всех, тех кто хочет выучить язык! Я надеюсь что моя статья будет полезной для вас. Прежде чем писать эту статью я сперва сама попробовала все способы чтобы выучить язык, некоторые методы были хорошими, полезными. Некоторые нет. И я подобрала для учащийся иностранные языки,людям которые хотят но у них не получается выучить язык составить статью -помощник. Жду ваших комментариев и отзывов. Удачи,друзья!

Автор
Дата добавления 04.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров191
Номер материала 264061
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх