Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Как сделать так, чтобы ребенок вообще не попал в детский дом – и так далее...

Как сделать так, чтобы ребенок вообще не попал в детский дом – и так далее...

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Эссе «Мені толғандыратын мәселе»

Нургазина Мадина

Қазақ мектеп-гимназиясының

11 «Ә» сынып оқушысы

Мұғалімі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Есенғалиева Айгүл Ерболқызы



«Жетім» деген сөз қазақ халқына жат, дегенмен қазіргі таңда қоғамдағы ең бір етек алып отырған өзекті мәселелердің бірі екендігі, әрине, ешкімге жасырын емес. Не себепті қоғамда жетім балалар көбеюде, осы жайында бір сәт толғанып көрейікші? Шынымен де, қазақ халқында «жетім көрсең жебей жүр»деген сөздеріне қарамастан қазіргі таңда жетім мәселесі күннен-күнге күрделеніп келе жатқаны шындық. Қой үстінде бозтарғай жұмыртқалаған заманда өзінің кім екенін, әке-шешесінің, туған-туысқандарының, әсіресе, жеті атасын білмей өсу, өмір сүру қандай қиын екен? Дүние есігін ашпай жатып, өмір сынымен арпалысып, тағдыр тауқыметін арқалаған бұл қаракөз балалардың қандай жазықтары бар десеңізші?

Өз басым сәбилер, жетімдер үйіне барып қайтқан уақытта олардың жанарларынан ата-анаға деген сағыныш сезімдерін байқадым. Тіпті, терезеге телміре қарап, көздері жәутеңдеп тұруларын көрген сәтте, көзіне еріксіз жас келеді. Бұл өмірде аяулы анамыздың ақ сүті мен асқар таудай әкеміздің мейіріміне не жетсін?! Тіпті, олардың еркелетіп «Балапаным, құлыным, ботақаным» деген сөздерін естіген кезде олардың мейірлене қараған жүздерін көрген сәтті байқау қандай бақыт. Ал, осындай ата-ана бақытын, олардың жан-жылуын сезінбей, ананың ақ сүтін ембеген баладан қандай мейірімділікті күтеміз.

Еліміздің басына қиын-қыстау күн туғанда, яғни, соғыс жылдарында жетім балаларды не туған-туысқандары, не ауыл халқы өз қамқорлықтарына алып, тәрбие беріп, ер жеткізген. Ал, қазіргі таңда біреудің баласы тұрмақ, өз туған баласында шеткері итеріп, кейбір ата-аналар қатыгездікке жол беріп жатады. Әрине, бір жағынан барлық жанды бірдей деп айтып, кінә тағу мүмкін емес. Белгілі бір себепке байланысты ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болуы жөнін ескеруіміз керек.

Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде тәрбиелік тұрғыдан көңіл бөліп, оларды тұлға етіп қалыптастыру бүгінгі күннің ең маңызды талабы. Шынымен де, кейбір жетім балалар өздерінің болашақтары үшін қара нан тауып еңбектенсе, ал енді біреулері қылмыстық іс жасауға бой алдырып жатады. Әрине, ата-ана мейірімін көрмей өскен бала қандай болмақ?! Өкінішке орай, бозторғайдай боздаған жетімектер кәмелет жасқа толғаннан кейін балалар үйінен шыққаннан соң тағдырдың талай тауқыметін тартатыны жасырын емес. Не тұруға баспана, не екі қолға бір күрек таба алмай теріс жолға түсіп кетіп жатқандары қаншама. Осындай жағдайларды қарап отырып, қазақ халқының қанша дегенмен де бойына сіңген мейірімділік, бауырмалдылық қасиеттерін өз көз алдымызда жоғалып, жолдан тайып бара жатқанын көру үйреншікті жағдай емес. Әрбір бала дүние есігін ашқан сәтте жетім болу үшін келмейді, барлық баланың терезесі тең. Сондықтан да ата-аналарға айтатыным осындай қатыгездікке жол бермей керісінше, әрбір баланың жеке тұлға болуы үшін үлкендей септігімізді тигізуіміз абзал!



Автор
Дата добавления 16.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров107
Номер материала ДВ-457961
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх